Түркілік дүниетанымында тәңір түсінігі


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Түркілік дүниетанымында тәңір түсінігі
- Тәңір және билік
- Көне түріктердіңдіні наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Тәңір-монотейстік сипаттағы діни жүйе. Ол бір құдайды мойындайды және орталықтанған қаған билігінің түрік империясының, кейіннен қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен. Тәңірге табынудың идеялық негізі-табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады. Тәңір сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Дүниенің барлық объектілері адам секілді оларға сезім мен сана тән.
Тәңірге табыну алғашында дін түрін де емес, космологиялық түсініктер мен идеялардың жиынтығы ретінде, табиғи құбылыстарға мінажат ету мен байланысты пайда болады. Тәңірге сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан бұрын пайда болған.
Тәңір бейнесі б. э. д. бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған Орталық Азиядағы ең көне мифологиялардан келіп шығады. «Тәңір» атауының шығу тегі ғұндардың «ченли» және қытайдың «тянь», тіпті шумерлік «дингир» сөздермен байланыстырыла қарастырылады. Бұл сөздердің бәрі бір ғана мағынаны аспан, мәңгі көк аспан дегенді білдіреді. Басқа құдайлардан айырмашылығы Тәңір материяланбаған, ол-рух, бүкіл тіршіліктің иесі. «Тәңір-құдай»- деп көрсетеді Ш. Уәлиханов. Ұлы Абай да Тәңір ұғымын «жаратушы» ретінде көп қолданған.
Тәңір «жаратушы» ұғымына айналуы VII-VIII ғасырларда Орталық Азияда Түрік қағанатының пайда болуымен тығыз байланысты. Тәңір идеясы Түрік қағанатының билігін уағыздап дәріптеді. Қоршаған орта, табиғат көшпелі түрік тайпаларының тұрмыс-тіршілігінің көзі ретінде маңызды рөл атқарады, бұған қоса олардың кәсіби қызметі, яғни малды күтіп бағу табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді болды. Сондықтан да көне түріктердің діни наным-сенімдері табиғатқа табынушылық сипат алды.
Тәңір-құдайдың пайда болған уақыты қай кез деген мәселе бойынша француз ғалымы Жан Поль Ру біздің заманымыздың өз алдында десе, қытайлық тарихшылар б. з. б. V-III 5. ғ. ғ. дейді, ал белгілі лингвист-ғалым О. Сүлейменов Шумер ескеткіштері негізінде б. з. б. IV мыңжылдықта пайда болған деген ойды ұсынады. Ол: Ғайса пайғамбар туғаннан 4 мың жыл бұрын философиялық ілім ретінде қалыптасып, жер бетіндегі ең ескі ілімдер-семит және үнді-иран діндерінің анасы болып, ежелден мысыр діндеріне елеулі әсерін тигізетін тәңір деп жазды. Әуелгі түрік дәуірінің өне бойында Тәңірге табынушылық бүкіл Евразия көшпелілері арасына тарайды.
«Биікте көк Тәңірі,
Төменде қара жер, жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы
Жаралған», - дейтін күлтегін жырының үлкен жазбасындағы жер жолдары және түріктердің Аспан және адам бір мезгілде жаралды деп түсінгендіктеріне меңзейді. Кеңістікті Жоғарғы, Орта және Төменгі әлем деп (жоғарыда-аспан, төменде-жер, екеуінің арасында адам) деп бөлу көрінісі байқалды. Көне түріктердің мифологиясындағы ең жоғарғы сатында бір объект-көк аспан және құдайды білдіретін Тәңір бар. Тәңірі құдай көне түріктер түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие:
а) жоғарғыны, яғни көкті көрсетеді;
ә) жаратушы қызметін атқарады;
б) жазалаушы қызметін де атқарады;
в) еркектік бастаумен байланысты қаралады. Осыған орай, күлтегіннің үлкен жазбасынан тағы да мысал:
«Түркі халқы»
«Қырылайық, жойылайық десті,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте түрік тәңірісі,
Түріктің қасиетті жері, суы
Былай депті:
«Түркі халқы жойылмасын», - дейді Орхон жазбалары мазмұны көрсеткендей. Тәңір халыққа шексіз билік жүргізеді. Оның жердегі әмірін жүргізуші қағанның іс-әрекеті де тікелей Тәңірінің тілегімен астасып жатады.
Түркі халықтарының атақ-даңқы
өшпесін деп,
әкем қағанды,
шешем қатынды
көтерген тәңірі,
Ел берген тәңірі
Түркі халқының атақ-даңқы
өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызып еді. Көп қолмен он екі жарық жасадым. Сөйтіп тәңірі жарылқады. Тәңірінің адамға қатысы Тоныкөк жырынан да байқалады:
Соғыстық,
Бізден екі-үш есе артық еді,
Көп деп біз қорықпадық
. . . жеңдік.
Өзінің мәні жағынан Тәңір монотейістік дінге жақын болды. Діни көзқарастардың дамуы барысында көк аспан сияқты Тәңір барынша күрделі құдай-космос-Тәңір- қаинат түсінігі алмастырады.
Мұндай ұғымдағы Тәңір өзіне космосты, оның көзге көрінетін бөлшектерін күді, айды, планетаны, жұлдызды, адамды, табиғат құбылыстарын, жан-жануарды, өсімдіктерді қамтиды. Енді табиғат культі және басқа культтер, наным-сенімдер, көзқарастар барынша күрделенген Тәңір туралы ұғымға айналды.
Көне түріктер дәуірінде «Тәңір» сөзі бірнеше мағынада қолданылады:
- аспан, дүние бөлігі ретінде
- құдай ретінде
- құдайланған адам ретінде
- әмір етуші, әмірші ретінде.
Осы политейістік мәнде Тәңір аспанда, жерде, суда, тау мен жануарлар әлемінде де болса керек. Қазақтарда «көк тәңірі», «жер тәңірі», «аң тәңірі», «су тәңірі», «құс тәңірі» деген ұғымдар сақталған, барлық сөз тіркестерінде «тәңір» сөзі «жаратушы», «құдай», «билеуші» деген мағынаны білдіреді.
Көне түріктердің түсінігі бойынша жердегі өмірмен байланысы бар көк аспанның негізгі атрибуттары бұлар күн мен ай болған. Енисейлік құлыптас ескерткіштерінде «көк аспандағы күн мен айды жоғалттым» деген сөздері жиі кездеседі. Орхон түріктері күнге қарап бағыт-бағдары айқындаған. Тәңір бейнесі түркі тілдес халықтарының ғана рухани мұрасы емес, ол орталық Азиядағы барлық халыққа ортақ дүние.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz