Таным процесiнде категориялары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Таным процесі
  2. Күрделi құбылыстар жүйесі
  3. Таным процесiнде категориялары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Таным процесі

Кез-келген құбылыс, әрбiр объект егер белгiлi бiр тәсiлмен өзара байланысты және өзара әрекет етушi бөлiктерге, немесе жай жүйеге бөлiнсе, онда ол жүйе болып табылады. Жай жүйелер, өз кезегiнде екiншi деңгейдегi жай жүйеге бөлiнедi және т. б., осылайша өзара байланысты және өзара әрекет етушi элементтердiң деңгейiне жеткенге дейiн бөлуге болады. Осы жерде жаңа ұғымдардың артықшылығы байқалады. Бiрiншiден, “жүйе” ұғымында жай жүйелер мен элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердiң маңыздылығы айқын көрiнедi. Байланыстар мен өзара әрекеттер бүтiндi бөлiктерге механикалық түрде ыдыратқанда жойылып кеткен құпия “нәрсенiң” өзi едi. Шындығында, дәл осы байланыстар мен өзара әрекеттердi зерттеу ғана күрделi жүйелердiң құпиясын ашып бере алады екен. Байланысты танудың арқасында ғана адам тiрi ағзаның, адамзат қоғамының мәнiн, осы немесе өзге мәдениеттiң ерекшелiктерiн, ақырында ойлау процесiнiң өзiнiң мәнiн ұғына алады. Екiншiден, күрделi жүйенi бөлiктерге бөлiп, оларды ажыратып сипаттай отырып және сипаттамаларды жай ғана жинақтай отырып, бүтiн туралы дұрыс түсiнiк алу мүмкiн еместiгi белгiлi болды, өйткенi ондай жағдайда iшкi байланыстар мен өзара әрекеттер туралы ақпарат жоғалады. Үшiншiден, “элемент” және “элементарлық” деңгей ұғымдарын енгiзу маңызды жаңалық болды. Элемент ұғымы әлемнiң алуантүрлiлiгiн әкелiп тiрейтiн түпнегiздi белгiлеу үшiн ерте кезден-ақ қолданыла бастаған. Элемент қазiргi ұғымында абсолюттi нәрсе болып табылмайды. Ол тек берiлген жүйеде ғана бөлiнбейдi, берiлген талдау тәсiлiнде ғана пайдаланудың шетi, түбi болып табылады. Ал басқа жағдайда берiлген құбылыс (немесе процесс) элементарлық белгiлерiнен айрылады, өйткенi өзi күрделi жүйе болуы мүмкiн. Транспорттық тасымалдау жүйесiнде жеке автомобиль элемент ретiнде құрастырылады. Ал өз кезегiнде автомобильдiң өзi конструктор үшiн жүйе болады да, ал оның жекелеген блоктары мен бөлшектерi - элементтер болып табылады. Дәл осы сияқты атомдар немесе иондар молекуланың элементтерi ретiнде, ал молекулалар кристалдың элементтерi ретiнде қарастырыла алады. Алайда әлемдегi физикалық “майдаланудың” ең шеткi түпнегiздерi ретiнде ұзақ уақыт бойы қабылданылып келген элементарлық бөлшектердiң өзiнiң бүгiнгi күнi күрделi жүйе екендiгi белгiлi болды. Мұның бәрi бүтiн және бөлiктiң арасындағы немесе, дәлiрек айтқанда, жүйенiң, жай жүйенiң және элементтiң арасындағы шекара метафизиктер ойлағандай абсолюттi емес, керiсiнше шартты, салыстырмалы, қозғалмалы, диалектикалы екендiгiн дәлелдейдi. Ол объективтi өмiр сүредi, еркiн талдаудың немесе шешiмнiң нәтижесi болып табылмайды. Төртiншiден, бұл жаңа ұғымдардың маңызды жетiстiгi, оларды тек тұрақты және өзгермейтiн болмыстарға ғана емес, сонымен қатар қозғалмалы, өзгермелi құбылыстарға да қолдануға болатындығында.

Жүйенi негiзгi үш түрге бөлу қабылданған: тұрақты, қызметтiк және дамушы. Жүйенiң бiрiншi түрiнде жай жүйелер мен элементтерiнiң саны үнемi тұрақты болады, оларды бiрiктiретiн байланыстар тұрақты және уақыттың үлкен интервалдарында өзгермейдi. Мұндай жүйенiң мысал ретiнде тұрғын үйдi алуға болады. Оның жай жүйелерi қатарына пәтерлер, элементтерiне бөлмелер, технологиялық коммуникация және т. б. байланыстың тұрақты жиынтығын құрайтын нәрселер жатады. Екiншi түрдегi жүйелерге де жай жүйелер мен элементтердiң тұрақты жиынтығы тән, бiрақ олардың арасындағы байланыс пен өзара әрекет өзгерiп отырады, олардың өздерi қозғалыста болады, ал бұл қозғалыс циклдердiң қайталануы режимiнде жүзеге асады. Қызмет етушi жүйелерге мысал ретiнде қол сағаттарын, адамды, күнбағысты жатқызуға болады. Олардың органдары немесе жай жүйелерi бiр тәулiктiң iшiнде әртүрлi әрекет пен қозғалыс жасап келесi тәулiктiк циклдiң басына дейiн бастапқы жағдайына қайта оралады. Ал үшiншi түрi динамикалық жүйелер үнемi даму үстiнде болады, оның iшiнде жекелеген элементтер мен бүкiл жай жүйелер, әртүрлi байланыстар мен өзара әрекеттер жойылып кетiп, қайта пайда болып отырады. Олардың қатарына бiз бақылап отыратын Ғалам, Адамзат қоғамы, жекелеген халықтардың мәдениетi және тәулiктiк циклде емес, үлкен уақыт интервалында алғандағы әрбiр жеке адамды жатқызуға болады.

Күрделi құбылыстар жүйесі

Күрделi құбылыстар көбiне тұрақты да, қызмет етушi де, дамушы да жүйелердiң қасиеттерiне бiрдей ие бола алады. Кез-келген жануар өз өмiрiнiң ауқымында өседi. Түрiн өзгертедi, қартаяды, яғни динамикалық жүйе болып табылады; оның органдары тәулiктiк циклде өз функцияларын қайталайды (қызмет етушi жүйенiң белгiсi) ; ақырында, оның клеткаларында өмiр қамын реттеп және тұқым қуалаушылық белгiлердi жеткiзiп отыратын тұрақты, өзгерiске түсе қоймайтын ДНК молекулалары болады (тұрақты жүйе) .

Осылайша “жүйе” ұғымының “бүтiн” ұғымымен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар екенiн аңғаруға болады. Ол бөлiктермен қатар элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердi де қамтиды. Жүйелерде әртүрлi қозғалыстар, өзгерiстер, даму, жаңа элементтердiң, жай жүйелердiң және олардың арасындағы байланыстардың пайда болуы мен ескiлердiң өлуi жүзеге асып жатады. “Жүйе” ұғымы “бүтiн” ұғымының жалғасы және күрделiленуi болды. Жүйе ұғымы арнайы салаларда - техникада, математикада, механикада, биологияда пайда болып, тез арада жалпығылыми, кейiнiрек философиялық ұғымға, яғни категорияға айналды. Сонымен қатар ол зерттелетiн құбылыстар мен процестердiң iшiндегi өзара ауыс-түйiстердi, байланыстарды, өзара әрекеттердi зерттеудiң аса маңыздылығын бiлдiретiн ерекше методологиялық функцияны да атқарады. Оны табысты түрде Ғаламды және жекелеген микроорганизмдердi, физикалық атомдар мен адамзат қоғамын зерттеуге қолдануға болатыны анықталды.

Сонымен “жүйе”, “байланыс”, “элемент” ұғымдары алуан түрлi әлемнiң бiрлiгi туралы, олардың iшкi өзара байланысы мен өзара әрекеттерi туралы бiздiң көзқарасымызды тереңдетуге мүмкiндiк бередi, бiрақ бұл бағытта одан әрi қарай жүру үшiн “қатынас”, “құрылым”, “форма” және “мазмұн” категорияларын қарастыру қажет. Олар “жүйе” ұғымымен тығыз байланыста.

Кез келген жүйенi талдай отырып, олардың элементтерi мен жай жүйелерi арасында пайда болатын және өмiр сүретiн көп немесе аз тұрақты қатынастарды аңғаруға болады. Мысалы, қарапайым реттiк сандардың арасында “артық” немесе “кем” қатынастар болады - әрбiр кейiнгi сан алдындағысынан бiреуге артық, ал алдыңғы сан кейiнгiден бiреуге кем. Бойымен қатарға тұрған денешынықтырушылардың арасында “биiк” қатынасы, ал қатты заттардың арасында (алмаз, рубин, қорғасын, графит) “қатты” қатынасы болады. Мұндай қатынастар, олардың арасындағы ұқсас қасиеттерге қарамастан сандар, адамдар және минералдар жүйелерiне белгiлi бiр тәртiп енгiзедi. Сондықтан оларды реттiк қатынастар деп атайды. Өзге типтегi қатынастар да өмiр сүредi. Егер өзгерiстегi құбылысты қарастырар болсақ, онда оның әртүрлi сатыдағы жағдайларын сонымен қатар iлеспелi қатынастарын да байқауға болады. Өндiрiстiк ұжымдарда өзара көмек, бәсекелестiк және т. б. қатынастар болады. Таптық қоғамдарда таптар арасында белгiлi қатынастар орнайды. Әрбiр жүйеде тұрақсыз, тез алмасатын қатынастар да, сонымен қатар салыстырмалы тұрақты немесе үнемi қайталанатын қатынастар болады. Жекелеген жай жүйелер мен элементтердi қамтитын тұрақты, үнемi пайдаланатын қатынастардың жиынтығы жүйенiң құрылымын құрайды. Құрылым туралы элементтер мен жай жүйелер өзара әрекеттiң тұрақты қатынастарына енген кезде айту қабылданған. Басқаша айтқанда, құрылым жай жүйелердi немесе элементтердi қамтитын тұрақты қатынастардың бiрлiгiн бiлдiредi.

Таным процесiнде категориялары

Сәйкес элементтер мен жай жүйелерден қашық, үзiлген қатынастардың материалдық нақтылықта емес, қиялда, ойда өмiр сүре алатынын айта кетуiмiз қажет. Сонымен бiрге жай жүйелер мен элементтер белгiлi бiр қатынастармен бiрiктiрiлуi керек. Онсыз олар жүйе құра алмайды. Алайда әрекет пен таным процесiнде бiз бұл ажырамас тұтастықтың белгiлi бiр жағына ғана көңiл аударып, ал екiншi жағын көлеңкеде қалдырып қоя беремiз. Бұл мақсатта “форма” және “мазмұн” категорияларын қолдану қажет.

Форма - бұл берiлген құрылымның тұрақты қатынастарын олар қамтитын жай жүйелер мен элементтерден бөлек алып қарастыратын категория. Мысалы, ньютондық тартылыс заңы Ft = y (m 1 x m 2 ) /r 2 және кулондық электростат заңының Fe =K(g 1 x g 2 ) /r 2 құрылымдарын салыстырғанда олардың алгебралық формаларының ұқсас екендiгiн оңай байқауға болады (бұл, бiздi электр және гравитация күштерiнiң арасында қандай да бiр терең тұтастық бар деген ойға жетелейдi) .

Мазмұн - берiлген құрылымның құрамындағы элементтер мен жай жүйелердiң нақты жиынтығын бiлдiретiн категория. Мысалы, жоғарыда келтiрiлген құрылымдардың физикалық мазмұны аспан денелерi (Ньютон заңы үшiн) және электр зарядтары (Кулон заңы үшiн) болып табылады. Объективтi нақтылықта форма мен мазмұн бiр-бiрiнен ажырамайды. Оларды ажырату тек таным процесiнде ғана жүргiзiледi. Сондықтан да олар диалектикалық тұтастықта деп айтылады. Гегельдiң айтуынша, “мазмұн - форманың мазмұнға айналуы, ал форма - мазмұнның формаға айналуы”.

Форма мен мазмұнның тұтастығы, өзара байланысы туралы айтқанда, мазмұнның бұл тұтастықта жетекшi, анықтаушы қырымен көрiнетiнiн ескеру қажет. Тiрi ағзаны динамикалық және қызмет етушi жүйе ретiнде қарастыра отырып, оның әртүрлi органдары мен олардың функциялары - мазмұнды, ал олардың өзара байланысы мен бағыныштылығы - ағзаның формасын құрайды деп есептей аламыз. Екеуiнiң бiр-бiрiмен тұтастығына қарамастан, шешушi ықпалды мазмұн жасайды. Дәл осы мазмұнға форманың сипаты, яғни ағзаның iшкi және сыртқы байланыстары бағынышты. Сонымен бiрге форма да белсендi рөл атқарады - ол мазмұнға кедергi және ықпал ете алады, мазмұнға “көше алады”.

Өткен заманның философтары “форма” және “мазмұн” категорияларын әртүрлi түсiндi. Мысалы, Аристотель форманы барлық заттардың жетекшi, бастауы деп түсiндi. Материалдық мазмұн, мысалы, мыстың бiр бөлiгi, оның айтуынша пассивтi, формасыз. Алайда, мүсiншi мыстың бөлшегiнен статуя жасап, мазмұнға форма бередi. Аристотельдiң ойынша форманың белсендiлiгi осында. Ал Ф. Бэкон форманы құбылыстарға тән тұрақты iшкi байланыстар ретiнде түсiндi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу әдістері
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz