Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы


КІРІСПЕ
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан практикалық сабақтар студенттерге аймақтық география бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік мәселелерді меңгеруге көмектеседі.
Бұл сабақтардың мақсаты - студенттерді картографиялық және графикалық материалдарды талдай білуге, табиғат компоненттері арасындағы байланыстарды анықтауға, ландшафттардың генетикалық ерекшеліктерін, олардың кеңістіктегі таралуын зерттеуге үйрету. Практикалық сабақтарда студенттер тақырыптық карталарды оқи білуге, олардан алынған ақпараттардан кестелер, графиктер, схемалар, кешенді физикалық-географиялық сипаттамалар құрастыруға дағдыланады.
Практикалық жұмыстардың ішінде топтық жұмыстармен бірге жеке тапсырмалар да бар. Ол жұмыстар көбінесе студенттердің дайындық деңгейі мен қызығушылықтарына қарай бөлініп беріледі. Жеке тапсырмалардың көпшілігі аудиториялық сабақтан тыс уақыттарда, монографияларды, мерзімдік баспасөз материалдарын, атластар мен карталарды пайдалана отырып, орындауға арналған.
Жалпы оқу құралында берілген тапсырмаларды орындау түрлері әр алуан: географиялық заңдылықтарды анықтау үшін карталарға, атластарға, кестелер мен графиктерге талдау жасау, карта-схемалар мен қималар салу, семинар сабақтары.
Қолданылып жүрген практикумдарда (Ерамов Р. А. Практикум по физической географии материков. - М. : Просвещение, 1987; Власова Т. В., Велеско М. В. Практикум по физической географии материков. - М. : Просвещение, 1978 т. б. ) практикалық жұмыстар тек материктерге ғана арналған, мұхиттар бойынша тапсырмалар жоқ.
Сонымен қатар, бұл ұсынылып отырған «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы бойынша практикалық жұмыстар» оқу-әдістемелік құралы мемлекеттік тілде оқитын студенттер үшін өте қажетті құрал болып табылады.
Оқу-әдістемелік құрал Мемлекттік білім беру стандартына сәйкес,
Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінде жарық көрген типтік бағдарлама негізінде жазылды.
Қосымша ретінде «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнінен курстық жұмыстар тақырыптары мен қажетті әдебиеттер тізбесі, географиялық номенклатура және практикалық сабақтарға қажетті кестелер мен анықтамалар берілген.
Автор әдістемелік құралды жазу барысында берілген ақыл-кеңестерге алғысын білдіреді.
ЕВРАЗИЯ
Қысқаша анықтама
Евразия біздің планетамыздағы ең үлкен материк. Жердің құрылық бөлігінің 1/3 бөлігін құрайды. Бұл материкте жер шары халқының 3/4 бөлігі мекендейді.
Евразия - ежелгі өркениеттің бесігі. Мұнда Жердің ең биік шыңы-Джомолунгма (8848м), құрылықтың ең төменгі ойысы - Өлі теңіз (400 м) орналасқан. Сонымен қатар Евразияда халқының саны ең көп мемлекет-Қытай (1, 2 млрд. адам) және жер көлемі ең үлкен мемлекет - Ресей (17 млн шаршы метр) орналасқан.
Евразия арктикалық белдеуден экваторлық белдеуге дейінгі барлық климаттық белдеулерде орналасқан жалғыз материк.
Географиялық орны және оның географиялық салдарлары
географиялық карталарға талдау жасау арқылы, Евразияның географиялық жағдайының, ауданы мен сыртқы бейнесінің, оның табиғатының қалыптасуы мен табиғи территориялық кешендерінің әр алуан болуына әсерін анықтау.
Жер бедері мен тектоникалық құрылымының негізгі ерекшеліктері.
1. Евразияның ірі жазықтары мен тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктерін, олардың табиғи-территориялық кешендердің басқа құрамдас бөліктерінің кеңістікте таралып орналасуына тигізетін әсерін анықтау.
2. Евразияның тектоникалық, геологиялық, физикалық карталарын салыстыра отырып, оның тектоникалық құрылымы және жер бедерін қалыптастырушы ролін оқып-зерттеу.
ә) Евразиядағы «географиялық тосқауыл» ролін атқаратын қандай таулар? Оларды тақырыптық карталар арқылы дәлелде.
б) Евразиядағы негізгі өзен ағыстарының Солтүстік Мұзды мұхитқа бағытталуы неліктен?
в) Евразияның Дүниежүзілік мұхитқа құятын өзен ағысы жоқ аудандарын ата, ол жерлердің жер бедері қандай?
2-тапсырма. Евразияның тектоникалық құрылымы
1. Евразияның тектоникалық, геологиялық, физикалық карталарына біртұтас шолу жасау: ежелгі платформалары, жас (палеозой фундаменттері) платформалар, палеозой, мезозой, кайнозой тау жасалу құрылымдары, Альпі- Гималай белдеуі. Оларды құрайтын тау жыныстарын анықтау.
2. Контур картаға Евразияның оротектоникалық схемасын түсіру.
Батыс Европаның оротектоникалық сызбасы.
1. Европаның контур картасына ежелгі Шығыс Европа платформасын түсіру, платформа аумағында Фенно- Скандинавия және Украин қалқандарын көрсету.
2. Каледондық тау жүйелерін түсіру(Рz 1 ) :
а) Скандинавия таулары;
б) Шотландия таулары қыраты;
в) Пеннин таулары
г) Кембрий таулары
е) Данегол
3. Герциндік тау жүйелерін түсіру(Рz 2 ) :
а) Керри таулары;
б) Корнуэлл, Бретань, Нормандия түбектерінің таулы қыраттары;
в) Арден таулары
г) Гарц, Тюрингия орманы, Шумава, Чех орманы, Кенді таулар, Судет, Вогез, Шварцвальд таулары;
д) Орталық француз массиві
ж) Кантабрия таулары;
з) Сьерра- Морена, Орталық Кордильер
4. Альпілік тау жүйелерін түсіру(Кz) :
а) Андалуз таулары
б) Каталон, Иберия, Пиреней, Юра таулары
в) Альпі, Карпат таулары
г) Стара- Планина, Родоп, Динар, Пинд, Апеннин таулары.
Азияның оротектоникалық сызбасы
- Азияның контур картасына ежелгі платформаларды түсіру:
а) Аравия
б) Үнді
в) Қытай
г) Сібір платформалары
Қытай платформасының бөліктері:
а) Ордос
б) Тарим массиві
в) Тибет массиві
г) Корей- Шандунь массиві
д) Қытай платформасының негізгі бөлігі,
е) Индо-Синий массиві.
- Байкалдық тау жүйелерін түсіру:
а) Янь-Шань
б) Инь- шань
в) Бэйшань
г) Алтынтаг тауларының солтүстік бөлігі.
- Каледондық тау жүйелерін түсіру(Рz1)
а) Танну-Ола
б) Хангай
в) Джиде тау жотасы
г) Нань- Шань
д) Нань- Линь
е) Алтынгаг (оңтүстік бөлігі) .
4. Герциндік-каледондық тау жүйелерін түсіру( Рz 1 +Рz 2 )
а) Тянь- Шань
б) Моңғол Алтайы
5. Герциндік тау жүйелерін түсіру;
а) Кунь-Лунь
б) Цинь- Линь
в) Үлкен және Кіші Хинган таулары
г) Хэнпэй
д) Гоби Алтайы
6. Мезозойлық тау жүйелерін түсіру:
а) Трансгималай таулары
б) Кукушили
в) Орыс географиялық қоғамы жотасы
г) Баян- Хара- Ула
д) Тибет таулары
е) Шань тау жотасы
ж) Аннам тауларының солтүстік бөлігі
з) Тайлында
7. Альпілік тау жүйелерін түсіру
а) Понтий таулары
б) Эльбурс, Түркімен- Хорасан таулары;
в) Парапамиз, Гиндукуш, Қарақорым таулары;
г) Тавр таулары
д) Загрос, Макран; Сүлеймен таулары
е) Гималай таулары
ж) Аракан, Пегу таулары.
Әдістемелік нұсқау:
Оротектоникалық сызбаны контур картаға түсірген кезде әрбір тектоникалық құрылымдар мен тау жасалу жүйелері белгілі бір бояу түстерімен түсіріледі:
- Ежелгі платформалар шекаралары- қызғылт бояумен;
- Қалқандар- ашық қызыл;
- Байкалдық тау жүйелері- сұр;
- Каледондық тау жүйелері - күлгін;
- Герциндік тау жүйелері - қоңыр
- Мезозойлық тау жүйелері - жасыл, немесе көк;
- Альпілік тау жүйелері - сары түспен.
Евразияның оротектоникалық сызбасына талдау жасау.
3-тапсырма. Шетелдік Евразияны морфологиялық аудандастыру.
Контур картаға Евразияның морфологиялық құрылымдарын штриховкалық шартты белгілермен түсіру.
Негізгі морфоқұрылымдар:
- Жазық Фенноскандия
- Орта европа жазығы
- Фенноскандия және Британ аралдары таулары
- Исландия
- Герциндік Европаның орта биіктікті таулары мен жазықтары.
- Альпі- Гималай тау белдеулері
- Тибет тау жоталары
- Жазық Орталық Азия
- Таулы Орталық Азия
- Материктік Шығыс Азия
- Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияның таулы аралдық доғалары.
- Үндістанның таулары мен жазықтары
- Аравияның жазықтары мен таулары
Жеке тапсырмалар:
1-тапсырма. Шетелдік Евразия территориясы бойынша геоморфологиялық қима тұрғызу және оған талдау жасау.
1. Берілген аудан бойынша физикалық және тектоникалық карталардың көмегімен негізгі орографиялық бірліктерді қиып өтетіндей етіп геоморфологиялық қиманың бағытын анықтау.
2. Берілген бағытта бойынша көлденең және тігінен масштабтарды анықтап алып, гипсометриялық қима сызу. Қима сызығы кесіп өтетін орографиялық бірліктер мен өзендердің аттарын жазу.
3. Гипсометриялық қима бойында ол кесіп өтетін морфоқұрылымдар мен тектоникалық құрылымдарды түстермен көрсету.
Мына аудандар бойынша гипсометриялық қималар түсіруге болады:
Фенноскандия, Пиреней түбегі, Орта Европа жазығы, Иран таулы қыраты, Тибет, Аравия түбегі, Үнді- Ганг ойпаты, Үндіқытай түбегі.
2. Контур картаға атластың пайдалы қазбалар картасын пайдалана отырып отын- энергетика, металл, бейнеметалл, минералдық ресурстарының ең ірі кен орындарын түсіру.
3-тақырып. Евразияның климаты
Сабақтың мақсаты: Материк аумағындағы климаттық жағдайлар мен климат ерекшеліктерінің қалыптасу заңдылықтарын анықтау; тақырыптық климатологиялық карталармен, кестелермен, диаграммалар мен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Қолданылатын құралдар.
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М. : ГУГК, 1980-1986.
- Дүние жүзінің физикалық географиялық атласы. - М. : ГУГК, 1964.
- Власова Т. В. Физическая география материков . М. :Просвещение, 1986. - 1-2 том.
- Физическая география материков и океанов. Под ряд. А. М. Рябчикова. - М. : Высшая школа, 1988.
1-тапсырма. Атластардағы тақырыптық климаттық карталарды пайдалана отырып, Евразия климатының қалыптасу ерекшеліктеріне, климаттың құрамдас бөліктерінің жылдық және маусымдық көрсеткіштеріне талдау жасау.
- Климаттық белдеулер бойынша радиациялық баланстың өзгеруі мен өзгеріс бағыттарына талдау жасау.
- Қысқы және жазғы маусымдардағы атмосфералық қысым өзгерісін анықтау. Жыл маусымдары бойынша қалыптасатын жоғары және төменгі қысым орталықтарының әсерін зерттеу.
- Маусымдық жауын-шашынның таралу картасы бойынша материктегі жауын-шашынның әр аймақтар бойынша жылдық орташа көрсеткіштерін анықтау.
- Атлант мұхиты жағалауы, материктің ішкі бөлігі және Тынық мұхит жағалауы бойынша тропиктік және қоңыржай белдеулердегі орташа температураның өзгерісіне талдау жасау.
2-тапсырма. Евразияның контур картасында климаттық белдеулер мен облыстардың шекараларын көрсету. Климаттық белдеулер мен облыстар картасының мазмұнын ашып көрсету мақсатында материктің климаттық кестесін құрастыру. Кесте құрамына мынандай бағандар енгізу қажет: 1- климаттық белдеудің атауы; 2-жылдық радиациялық баланс; 3-жазғы және қысқы маусымдардағы негізгі ауа массалары; 4-жаз айларының орташа температурасы; 5- қыс айларының орташа температурасы; 6- жылдық жауын- шашын мөлшері; 7- жылдық булану мөлшері; 8- аязсыз күндер саны; 9- климаттық белдеулер аумағындағы климат типтері.
Жеке тапсырмалар:
- Төмендегі метеостанциялардың климаттық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасау: Берген, Париж, Лиссабон, Куопио, Варшава, Афины, Абасири, Харбин, Нанкин, Ханой, Джакарта.
- Мына бағыттардың бірі бойынша климаттық қима түсіру: 900ш. б. меридианы, Париж- Варшава- Москва; Ұлан- Батор- Харбин- Абасири.
Бұл тапсырманы орындаған кезде алдымен берілген бағыт бойынша горизонтальдық және вертикалдық масштабтарды анықтап алып, гипсометриялық қима түсіру қажет. Гипсометриялық қиманың үстіңгі жағына қызыл түспен шілденің, көк түспен қаңтардың орташа температурасын көрсететін сызықтар салынады. Оның үстіне изогиеталар бойынша жылдық жауын-шашын мөлшерін көрсететін сызық жүргізіледі. Қима бойында климаттық белдеулер мен облыстарды көрсету керек.
- Төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар даярлау:
а) Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияның муссондық климат типтері.
б) Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияның тайфундары.
в) Евразияның құрғақшылық аудандарының климаты.
г) Евразияның биік таулары аймақтарындағы климат типтері.
д) Евразия материгінің агро климаттық ресурстары.
4-тақырып. Евразияның ішкі сулары
Сабақтың мақсаты: Евразияның өзен жүйелерінің гидрологиялық режимінің табиғи жағдайларға байланыстылығын анықтау; көл қазаншұңқырларын генетикалық классификациялау және ірі көлдерге сипаттама беру;
Қолданылатын құралдар:
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М. : ГУГК, 1980-1986.
- Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины. - М. : Советская энциклопедия, 1988.
- Дүние жүзінің физикалық географиялық атласы. - М. : ГУГК, 1964.
1 тапсырма. Евразияның контур картасына ішкі ағыс бассейндерін, континеттік су айрық жоталарын түсіру. Евразияның физикалық картасы бойынша өзен торы жиі және сирек аймақтарды анықтап, олардың себептерін түсіндіру.
2-тапсырма. Евразияның ірі өзендерінің кестесін құрастыру. Кестедегі бағандар: 1) өзеннің аты; 2) км. алынған ұзындығы; 3) өзен бассейнінің ауданы; 4) бастауы; 5) құяр сағасы; 6) негізгі салалары; 7) орташа жылдық су шығыны; 8) гидротехникалық құрылыстар; 9) өзен бойындағы негізгі елді мекендер.
Кестеге мына өзендерді енгізуге болады: Янцызы, Хуанхэ, Меконг, Инд, Брахмапутра, Дунай, Ганг, Евфрат, Иравади, Тарим, Тигр, Годовари, Ляохэ, Рейн, Эльба, Висла, Тахо.
3-тапсырма.
Евразияның ірі көлдерінің кестесін құрастыру. Кестеге мынандай бағандар енгізіледі: 1) көлдің атауы; 2) орналасқан жері; 3) теңіз деңгейінен биіктігі; 4) ауданы; 5) ең үлкен тереңдегі; 6) суының тұздылығы
7) шаруашылықтағы маңызы; 8) маңындағы негізгі елді мекендер.
Кестедегі мына көлдерді енгізу қажет: Дунтинху, Урмия, Венерн, Кукунор, Ван, Поянху, Хубсугул, Тұз, Веттерн, Сайма, Меларен, Инари, Өлі теңіз.
4-тапсырма. Физикалық картаны пайдаланып, контур картаға шетелдік Евразиядағы ірі мұздықтарды түсіру. (көк сызықтармен) . . . Кестені пайдаланып контур картаға тау жоталары мен олардағы мұздықтардың атауларын жазу.
1-кесте
Шет елдік Евразиядағы тау жүйелерінде орналасқан мұздықтар
Каракорум
Кунь-Лунь
Тибет тау жоталары
16, 3
11, 6
32, 1
5. Жеке тапсырмалар:
- Шетелдік Евразияның өзендерінің біріне сипаттама құрастыру. Сипаттамаға мына пункттер енгізіледі: географиялық жағдайы мен бассейн ауданы; негізгі салалары, бассейнінің әр бөліктеріндегі климаттық жағдай, қоректену көздері мен ағыс мөлшері, өзен бойындағы гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары., Шаруашылықта пайдалану, елді мекендер.
- Шет елдік Евразияның көлдерінің біріне сипаттама құрастыру. Сипаттамаға мынандай мәліметтерді енгізу; көлдің географиялық орыны, жағалау сызықтарының сипаты; өзен қазаншұңқырының генезисі мен сыртқы бейнесі, ең үлкен тереңдігі; көлдің ағындылығы мен қоректенуі, көлдегі су балансы, жылдық су деңгейінің өзгерісі, шаруашылық маңызы. Сипаттама беру үшін мына көлдерді алуға болады: Женева, Охрид, Балатон, Ван, Өлі теңіз, Кукунор.
- Өзендер және көлдер бойынша библиография құрастыру.
5-тақырып . Шет елдік Евразияның өсімдігі және топырағы
Сабақтың мақсаты: Евразиядағы топырақтар мен өсімдіктердің зоналық типтерінің таралу заңдылықтарын анықтау; олардың жылу мен ылғалдылыққа тәуелділігін түсіндіру
Қолданылатын құралдар:
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М. : ГУГК, 1980-1986.
- Власова Т. В. Физическая география материков. - М. : Просвещение, 1986. - ч. 1. 2
- Воронова А. Г., Дроздов Н. Н., Мяло Е. Г. Биогеография мира. - М. : Высшая. школа, 1985
- Кари- Линдал К. Европа. - М. : Прогресс, 1981
- Пфеффер П. Азия. - М. : Прогресс, 1982.
1-тапсырма. Географиялық атластағы өсімдік картасы бойынша Евразия территориясындағы өсімдіктердің таралу заңдылықтарына талдау жасау.
2-тапсырма. Жер бетін биогеографиялық аудандастыру картасы бойынша Евразияның ондағы орынын анықтау. Өсімдіктердің таралуындағы зоналық заңдылықтар Евразияның қай бөлігінде анық байқалатындығын, керісінше, жергілікті факторларға байланысты (мысалы, жер бедері) қай жерлерде мұндай заңдылықтар сақталмайтындығын анықтау.
3-тапсырма. Қосымшада берілген «Өсімдік жамылғысы сипатының ылғалдану дәрежесіне байланыстылығы» (Н. Н. Иванов бойынша) және «Географиялық зоналық» (А. А. Григорьев, М. И. Будыко бойынша) кестелеріне талдау жасау.
4 тапсырма. Арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық климаттық белдеулердегі негізгі топырақ түрлерінің территориялық таралу сипаттамасын беру.
Бұл жұмысты мынандай кесте түрінде орындауға болады:
2-кесте
6-тақырып. Географиялық белдеулер мен зоналар
Сабақтың мақсаты: Евразиядағы ендік зоналылығы мен биіктік белдеулігінің қалыптасу заңдылықтарын, географиялық белдеулер құрылымын анықтау.
Қолданылатын көрнекіліктер:
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М. : ГУГК, 1980-1986.
- Дүние жүзінің физикалық-географиялық атласы. - М. : ГУГК, 1964.
- Воронова А. Г., Дроздов Н. Н., Мяло Е. Г. Биография мира. - М. : Высшая школа, 1985.
- Ерамов Р. А. Физическая география зарубежной Европы. - М, Мысль, 1973
- Пфеффер П. Азия. - М. : Прогресс, 1982
1-тапсырма. Географиялық атластардағы географиялық белдеулер мен зоналар картасына талдау жасау.
Қосымшадан берілген «Жер құрылығындағы географиялық белдеулері мен зоналардың ауданы» кестесіндегі мәліметтерді пайдаланып, бағандық немесе шеңберлік диаграмма сызу. Диаграммаға талдау жасау.
2-тапсырма. Евразия материгіндегі таулардың биіктік белдеулік құрылымындағы айырмашылықтарды анықтау. Мысал ретінде Скандинавия, Альпі, Загрос, Кавказ, Тянь- Шань, Гималай тауларын алуға болады. Әрбір тау жүйелерінің биіктік белдеулер спектрін атап, олардың мазмұнына сипаттама беру.
3-тапсырма. Евразияның географиялық зоналарының сипаттамасын таблица түрінде беру. Бұл таблицаға мынындай мәліметтер енгізуге болады: география белдеу атауы; географиялық зона атауы; зонаның климаты; геоморфологиялық процестер мен морфомүсіндер, өзен жүйелерінің қоректену мен режимі; негізгі өсімдіктер түрлері; жануарлар дүниесі; зонаның ауылшаруашылығында пайдаланылуы.
7-тақырып. Евразия материгін физикалық-географиялық аудандастыру.
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі табиғи факторлардың Евразия табиғатының кеңістікте таралуындағы ролін анықтау; материктің физикалық-географиялық аудандастыру картасын оқып-үйрену; жекелеген физикалық-географиялық аудандарға сипаттама беру.
Қолданылатын құралдар:
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М. : ГУГК, 1980-1986.
- Дүниежүзінің физикалық-географиялық атласы. - М. : ГУГК, 1964 (76, 96, 116-беттер) .
- Страны и народы в 20 томах. - М. : Мысль, 1976-1985.
- Физическая география материков и океанов. Под общей редакцией А. М. Рябчикова. - М. Высшая школа, 1989.
- Власова Т. В. Физическая география материков. - М. : Просвещение, 1986. -ч1 и 2.
1-тапсырма. Евразия табиғатының кеңістіктегі таралуы Т. В. Власованың «Физическая география материков» оқулығындағы Евразия территориясын физикалық-географиялық аудандастыру картасына талдау жасау:
а) Евразия табиғатының кеңістікте таралуындағы жер бедерінің ролі;
б) Евразия ірі табиғи аудандарға бөлінуіне биоклиматтық факторлардың әсері;
в) Евразия территориясындағы субконтиненттер мен физикалық географиялық аудандардың шекарасы қандай факторларға байланысты жүргізілген?
2-тапсырма. Евразияны физикалық-географиялық аудандастыру
- Материктің контур картасына Евразияның физикалық-географиялық субконтинентінің шекарасын қызыл сызықтармен түсіру. Әрбір физикалық- географиялық субконтиненттің аумағына оның индексін, физикалық географиялық формуласын қызыл түспен жазу.
- Аудандастыру картасына физикалық-географиялық формулалардың мәнін жазу арқылы түсіндірме даярлау. Мысалы:
- А - Фенноскандия - формуласы, мәні
Жеке тапсырмалар.
Евразияның жеке субконтинеттеріне кешенді физикалық-географиялық сиаттамалар құрастыру.
Субконтинеттер:
Исландия, Ренноскандия, Герциндік Европа және Британ аралдары, Жерортатеңіздік Европа, Альпі- Карпат, Иран таулы қыраты, Гималай, Аравия түбегі, Үндістан, Үндіқытай, Малай-Филиппин архипелагы, Жапон аралдары, Орталық Азия, Шығыс Қытай т. б.
Физикалық-географиялық сипаттамада: материктің аумағындағы географиялық жағдайы; территориялық құрамы мен шекаралары; субконтиненттің табиғи бірлігін сақтайтын факторлар; геологиялық құрылымы мен жер бедерінің ерекшеліктері; климаты; ішкі сулары; өсімдік және топырақ жамылғылары; жануарлар дүниесі; табиғи ресурстары және экологиялық мәселелері беріледі.
СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Қысқаша анықтама
Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Евразия мен Африкадан кейінгі 3-материк, жалпы жер көлемі 24, 2 млн км 2 . Халқының саны 380 милионнан астам, оның 20 милиондайын жергілікті халықтар - үндістер құрайды. Материк табиғатына өзіндік сипат беретін жағдайлар - оның батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай биік Кордильер тау жоталарының созылып жатуы, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде жазықтар мен қыраттардың, аласа таулардың орналасуы.
Солтүстік Америка табиғатындағы негізгі ерекшеліктің бірі - табиғат зоналарының меридиан бойымен бағытталып келуі.
8-тақырып. Солтүстік Американың Евразия материгімен салыстыра алғандағы географиялық жағдайы.
Сабақтың мақсаты. Солтүстік жарты шардағы материктердің географиялық жағдайларының ұқсастықтарын және Солтүстік Американың өзіндік ерекшеліктерін анықтау
Қолданылатын құралдар:
- Географиялық атлас (орта мектеп мұғалімдеріне арналған) . - М., ГУГК, 1980-1986.
- Дүние жүзінің физикалық географиялық атласы. - М. : ГУГК, 1964.
3. Будникова Т. И., Науменко А. А. Природа Северной Америки. Методическая разработка. - Алматы, КазГУ, 1997.
1-тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша Солтүстік Америка материгінің географиялық жағдайына ауызша немесе жазбаша сипаттама беру:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz