Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс


Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қоғамдағы адамды оқыту және тәрбиелеу ісімен шұғылданатын әлеуметтік инстетуттардың ішінде отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Өйткені балалардың алғашқы дамуы, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдармен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты болуға тәрбиелейді.
Қазіргі кезде нарықтық экономика көптеген отбасының материиялдық жағдайына ауыр әсерін тигізіп, тұрмыстық деңгейі төмендеп, жат көріністер байқалып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан құндылықтар мен жақсы тұлғалық қасиеттерге нұқсан келіп, жалпы отбасының сипатын өзгнртті. Мұндай жағдайда материялдық қамтамасыз етілген, табысы жеткілікті отбасы да кедейленген, жоқшылық азабын күнде тартып отырғаны да балаларын оқытып тәрбиелеуде мұғалімнің, тәрбиешінің, психологтың жәрдеміне мұқтаж. Соған қарамастан отбасының атқаратын қызметі өз мәнін жойған жоқ. Олар мыналар:
1. Репродуктивті қызметі . Латын тілінен аударғанда ол “қайтадан жарату, көбейту” деген мағынаны білдіреді. Отбасына байланысты бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-қағу, балалы болу міндетін өтеу деууге болады. Демографиялық жағдайға қарасақ, қазіргі кезде әр отбасындағы өлім-жетім мың адамға шаққанда үш адамнан артық болады. Жастар арасында баласыз өмір сүру, не жалғыз, не екі балалы ғана болу туралы ойлар белең алуда. Жас жұбайлардың ата-енесінен бөлек отау құруды қалауы, отбасының бұзылып, ажырасудың көптігі, жалғыз бастылық, экономикалық және экологиялық ахуалдың нашарлығы, азық-түліктің нәрсіздігі, адам денсаулығының нашарлығы - осылардың барлығы отбасының үлкеюіне кері әсерін тигізуде.
2. Экономикалық және тұрмыс-тіршілік қызметі . Ерте заманнан-ақ отбасы адамның тұрмвс-тіршілік мекені болып келеді. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық, қол өнерімен шұғылдану, сауда-саттық- отбасының күн көруі және бар болуының басмты тірегі. Ерлі-зайыптылар азық-түлік даярлау, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, болашақтан күткен үміт, балаларды бағып-ұағу, тәрбиелеу, оқыту, қыз ұзатып ұл үйлендіру, керек-жарақ сатып алу секілді әрекетпен қашан да айналысып келген. Әсіресе қазіргі жағдайда байлыққа ұмтылу, жеке меншік обьектілеріне ие болу, біреуге бағынышты болмай, өз алдына күн көру отбасының экономикалық қызметін белгілейді.
3 . Әлеуметтендіру қызметі . Бала отбасында қоғамдық өміріне қажетті қасиеттерді, қарым-қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыстар орнату жолдарын іздестіреді. Әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп өмір сүру, оқып білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу сияқты әлеуметтенудің басты мақсаттарын меңгереді. Әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық қарым-қатынас нормаларын сақту мен өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық әдет-ғұрыптырды, мәдениетті танып-білу және меңгеру, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек.
4. Тәрбиелеу қызметі . Ата-ананың ең басты атқаратын міндеті- баланы тәрбиелеп, қатарға қосу. Баланы отбасында тәрбиелеу- әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ең мағыналы құрамдас бөлігі. Ата-ана баланың іс-әрекетін болашаққа бағыттап, келешегін ойлап, оқытып, денсаулығын қадағалап өсіреді. Кейде балаға тәрбие бере алмаған, ауру, не болмаса жүріс-тұрысы нашар ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың көмегі өте маңызды.
5 . Психотерапиялық қызметі . Бұл- баланың үйде емін-еркін де қолайлы сезініп, ата-анасының қасында жаны мен тәніне зиян келтіретін барлық жат қылықтардан қорғалып “отбасы-менің панам” дегенді жанымен түйсіну қызметі. Бала үшін отбасы мықты сүйеніш, әр түрлі сыртқы күштердің теріс ықпалынан сақтайтын қорған, ақыл-кеңес беретін, басына түскен қиыншылықтарды бірге көтеріп, одан шығарып алатын жәрдемшісі дегенді білдіреді. Отбасы бала үшін оқудан не жұмыстан үйіне келіп, дем алып ата-анасымен, бауырларымен бірге уақыт ткізіп, ертеңгі күнге даярланып, күш-жігер жинайтын жылулық мекені болуы тиіс. Бала отбасындағы осындай тәрбие үшін аса маңызды жылуды басқа ешбір мекеме, мұғалім не тәрбиеші толықтыра алмайды.
Отбасы осы келтірген қызметтердің барлығын толық не кейбірлерін ғана орындауы мүмкін. Бұл міндеттер орындалмаған не жартылай ғана іске асқан кейбір отбасында баланың отбасында алған қуаты, көрген тәрбиесі де жартылай. Осының салдарынан баланың жетілуі кешеуілдеп, тәрбиесі жеткіліксіз болып, рухани жан-дүниесіне, психикасына кейде денсаулығына да нұқсан келуі мүмкін. Осындай жағдайлардың иалдын алу үшінн ата-аналарға көмектесетін және оны ұйымдастыратын әлеуметтік педагог болып табылады. Өткен дәуірде бұл қызмет түрлерінің кейбірлерін мекткп мұғалімдері сынып жетекшілері, тәрбиешілер жүзеге асыратын еді. Бұлар қазіргі кезде әлеуметтік педагогтың қызметі болып саналады.
Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі.
Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселелерірнің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге тиесілі-күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсетркіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материяльдық қал-жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшелігі, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі кереке.
- толық, не толық емес отбасы;
- күн көру үшін жалған құрылған отбасы;
- отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері-жастар, ересектер, қарттар;
- нешінші рет құрылған отбасы(мысаоы, алғашқы не екінші, үшінші рет құрылған) ;
- балаларының санына қарай- көп балалы не жалғыз балалы отбасы;
- отбасында ұрпақ жалғасына қарай- бір не бірнеше буыннан құралған, мысалы, жас отбасымен әке шешесі, әже-атасы, қайын бике, қайын сіңілі, қайнысы т. б. тұра ма;
Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материялдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын қызметтері-әкелік балалық міндеті, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды.
Отбасының қызметі .
Отбасы үшін әлеуметтік бейімделудің ең маңыздысы- материялдық, кірістері, баспанасы, жиһаз бен керек-жарақ бұйымдары, жылжымайтын мүлікке иелігі, отбасы шаруашылығы т. б. Бұлар отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесін құрайды. Егер отбасында жұбайлардың табысы ең басты қажеттіліктерге жетпесе, мысал, азық-түлік, киім-кешек, төлемақылар т. б. ол отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен екенін көрсетеді.
Отбасының кірістері өмір сүрудің материялдық нормаларын қанағаттандырып, бірақ материялдық жақтан толық қамтамасыз ете алмаса, онда ондай отбасының әлеуметтік-экономикалық дәрежесі орта деңгейде деп бағаланады. Ал егер отбасының кірісі қажеттіліктерінен екі есе көп болса, артық қаражаты болса, онда олар байлар қатарына қосылып, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары делінеді.
Психологииялық ахуалы толық қалыптаспаған отбасында өзара қарым-қатынас нормалары бұзылып, мүшелерінің арасында қарама-қайшылықтар туындап, жекіп сөйлеу, тілазарлық, бірін-бірі тыңдамау секілді жат көріністер пайда болса онда мұндай отбасыларға психотерапиялық көмек ұйымдастыру қажет.
Әлеуметтік педагог әртүрлі типтегі отбасыларға назар аударуы керек. Өзара қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің арасында түсініспеушіліктер салдарынан ұрыс-жанжал туындайды. Негізгі әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайлардағы отбасы мүшелеріне бағытталуы кере.
Егер де ынтымақты отбасында аяқ-астынан бір қиын жағдай туа қалса, әлеуметтік педагог оны ушықтырмай дер екзінде ақыл-кеңес беріп, әңгімелесіп, шешу жолдарын нұсқайды. Осындай отбасылармен жұмыс аса қиындық туғызбайды.
Өзара қарым-қатынасы бұзылған, береке-бірлігі бұзылған отбасының әлеуметтік мәртебесі төмен болғандықтан онда тәлім-тәрбие мәселелері шешілмейді. Сондықтан әлеуметтік педагог төзімділік танытып, ұзақ мерзім көмек көрсетуі керек.
Әлеуметтік ахуалы төмен отбасы көбінесе өз күшімен еңбектеніп, балаларына тәлім-тәрбие беруге, басына түскен мәселелерді өздері шешуге ұмтылады. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагог оларға көңіл бөліп, бақылау жүргізіп, бір жағдай болып қалса, көмектесуге даяр болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz