Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІСТАН - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ: ТҮРКІСТАН - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ
:
ТҮРКІСТАН - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ: V ғасырда көшпенділер мен отырықшы халықтың шекарасы түйісетін тұста бой көтерген Түркістан екі жақтың да өркениеті мен мәдениетінің орталығы болған. Сол күйінен бүгін де танған жоқ. Қазір бүкіл түркі әлемі Түркістанды рухани орталығы санайды.
Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен Түркістан қаласы ықылым заманнан мәдени, саяси шаралар өткізілетін әрі сауда-саттықтың орталығы болған. Мұнда түрлі дін тоғысып, халықтың дүниетанымына орай бірін бірі алмастырып отырды. Эллиниз, тәңірге табыну, зороастризм, буддизм мен конфуциандық, христиан мен ең соңғысы ислам діні. Шығыс пен Батыстан ағылған керуендер өңірдің тек эконикалық жағынан ғана емес мәдени өркендеуіне ықпал етті.
Асма Қалыбекова, педагогика ғылымдарының докторы:
- Иран, Сирия, Пәкістан бәрі бізді біледі, Түркістанды, оның қасиетін. Солар келген ғой Жібек жолымен, өзінің товарларын әкелді. Тек товарларын ғана емес, мәдениетін де әкелді. Сол араласқанда бәрі бізде қалды. Қайда қалды дейсіз, осы Түркістанда қалды.
ХІІ ғасырдан бастап Түркістан Орталық Азияның рухани, саяси және идеологиялық мекеніне айналды. Қазақ хандары астанасын осында орналастырды. Есімханның кезінде өзінің теңгесі басып шығарылған. Ал Абылайды халық ақ киізге отырғызып 3 жүздің ханы етіп көтерді. Қазақтың біртуар азаматтары өзін Түркістанға жерлеуді аманат еткен.
Байдулла Қонысбек, Қазақстанның құрметті журналисі:
- Абылай хан осында жатыр, Есім хан осында жатыр, Қазбек би де осында. Қаншама басқа хандар соында жерленген. Міне, осы жағынан алып қарағанда біздің Түркістан шын мәнінде қазақ үшін ең қасиетті қала екендігі, тек қазақтар үшін емес, түркі тілдес азаматтар үшін де осындай қасиетті екендігі айдан анық.
Түркістанның рухани астанаға айналуына ислам дінін уағыздаушылардың бірі Қожа Ахмет Яассауидің орны бөлек. Оның хикметтері, пәлсапалық шығармалары адамзат ойының жауһары саналады. Бүгінде Түркістанға келген адам бір сәт күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, тарих қойнауына бойлайды, рухани байыйды.
Асма Қалыбекова, педагогика ғылымдарының докторы:
- Егер өзіміздің түбімізді білсек, өзіміздің тарихымызды, рухани байлығымызды, оның қасиетін балаларымызға үйретуіміз керек. Бұрын бізді айтушы еді, ойбуй, көшіп-қонып жүрген халықтың қандай мәдениеті бар дейсің, қандай рухани байлығы бар дейсің деп. Ал енді аузымыз қаймаққа жетіп, тәуелсіздік алған кезде, осының бәрін зерттеп жатырмыз. Қазір өзіміз, мына ғалымдар таң қалып зерттеп жатырмыз.
Қазір Түркістан жасарған қала. Мұнда Қожа Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Ғалымдар бұлақ көзін ашып, келешек ұрпаққа рухани құндылықтарымызды жеткізу үшін зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Түркiстан-Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмiрiнде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бiрi. Оныншы ғасыр жазбаларында "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болып кеткен қаламыз кейiннен "Түркiстан" деп аталыпты. "Түрiк" сөзi түпкi мағынасы-"батылдық", "ер жүректi" дегендi бiлдiредi екен. Ал "стан"- ел, халықтық атаулары жалғасып келетiн парсы тiлiнен келген қосымша. Сонда "Түркiстан" атауы- "Батырлар елi" ұғымын меншiктейдi. Тарихи деректерге жүгiнсек, сонау сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершiлiк заманда бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде орталығы (астанасы) болып келген. Тым алысқа бармай-ақ, өзiмiзге кiшкене болса да жақындатып қарастырсақ. Есiм хан (1598-1628жж) Түркiстан қаласын Қазақ хандығының астанасы етiп бекiтiп, өз билiгiнiң тәуелсiз екендiгiн көрсету үшiн ақша соқтырған. Мiне, сол уақыттан ХIХ ғасырға дейiн Түркiстан Қазақ хандығының экономикалық орталықтарының бiрi және ресми әкiмшiлiк орыны ретiнде қызмет еттi. Әсiресе ХVI-XVII ғасырларда Түркiстан Қазақ хандығының аса әйгiлi қаласына айналып, қөршiлес жатқан Орыс мемлекетiмен саяси қарым-қатынастар орната бастайды. Сол кезден бастап Түркiстан туралы деректер орыс жазбаларында да жиi жазылып отырған. Сан ғасырлық тарихты барынша қысқарта қайырса, 1598 жылы Қазақ хандығының қолына өткен Түркiстанды 1815 жылы Қоқан хандығы жаулап алады. Елу жылдан кейiн, 1864 жылы Ресейдiң қол астына өтедi. Ал 1872 жылы қала Түркiстан уезiнiң орталығы болады. Кеңес Одағы кезiнде, 1928 жылдан аудан орталығы саналады.
"Түркiстан" десе елең етпейтiн мұсылман қауымы жоқ. Өзiнiң "Даналық Кiтабымен" әлемге танылған әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидiң есiмiн Түркiстаннан немесе керiсiнше Түркiстанды Ясауи атынан ажыратып қарау да мүмкiн емес. Сонау 1103 жылы дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи Түркiстанға тоқтап, сопылық идеяларын уағыздаған ислам дiнiнiң өкiлi. Ақынды рухани басшы, "Әулие" санаған мұсылмандар тоғыз жүз жылдан берi оның iлiмiмен бiрге жасап келедi. Бүкiл Шығысқа өмiрiн жүргiзген қолбасшыАқсақ Темiрдiң, ақынның қайтыс болғанына 200 жыл өткенде, қирап бiтуге таянған кiшкене ғана

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласындағы туризмінің дамуы
Туған жерім - Түркістан
Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер
Қазақстан Республикасындағы дін социологиясы
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
DALA animation (Тарихи-мәдени туризмді дамытуда анимациялық бағдарлама)
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz