Қаржы нарығының құрылымы



Жоспар:

1. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
3. ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығың ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Қаржы нарығының қалыптасуы экономикалық қатынастардың, әлемдік ақша айналысының сондай-ақ, әр елдің қаржы ресурстарын дамытуда оң әсерін тигізді, яғни әлемдік қаржы қатынастарын дамытты деуге болады.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
• реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
• ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
• бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
• коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
• баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:
• үй шаруашылығы (жеке тұлға);
• меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
• мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика – өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы нарығы – ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам әл-ауқатының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер – қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы – бұл ең алдымен әр түрлі экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
• қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3. ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып
табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын
анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық
экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы нарығың ұғымы
қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының
өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Қаржы нарығының қалыптасуы экономикалық қатынастардың, әлемдік ақша
айналысының сондай-ақ, әр елдің қаржы ресурстарын дамытуда оң әсерін
тигізді, яғни әлемдік қаржы қатынастарын дамытты деуге болады.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының
қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша
қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын
қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы
қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді
қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей
байланысты орнатуға арналған.
Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі. Тәжірибеде ол
ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы
нарығының негізгі функциялары мыналар:
• реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және
өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге
асырылады;
• ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға
толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
• бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының
экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан
екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және
сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
• коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар
мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
• баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік
жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр
түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және
қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын
шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі
меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін
қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын
ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы
сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы
бар:
• үй шаруашылығы (жеке тұлға);
• меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
• мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған,
оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі
немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру
мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлуетті сатушылар
мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді
ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика – өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген
әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін
шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлуетті мүмкіндіктерін,
ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді
пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы
нарығы – ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам әл-
ауқатының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін
барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке
бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті
ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша
ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан
осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде
болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер – қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары
мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда
ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы – бұл ең алдымен әр түрлі
экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай
жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша
пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын
анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
• қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
• монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік
түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін
қамтамасыз ету;
• бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық
қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни
облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы
шешу;
• бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

2. Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы
нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-
экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған
кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының
құрылымы анықталады.
Г.С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық
ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара
байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан
тұрады.
1. Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары
(вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі
болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі
бір шектен аспаса, жағымды рөл ойнауы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын
5%-ға өсіп, ал айналыстағы ақша 6–7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-
нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл
сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса
немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалық процесті бұзатын
қарқынды инфляция орын алады.
2. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк
несиелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған
емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз
ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және
жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын
қарастырылатын) пайыз мөлшермесі бойынша алуға болады.
3. Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған
жоқ. Және 90-шы жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір
уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең
алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен)
және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей
байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін
эмиссиялық ақшалай белгілерді емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен,
мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам
жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:
әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос
ақша қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін пайдаланылуы
мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс
салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы
металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса – валютада, зейнетақы
мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне
салынатын ақшада.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығы – бұл еркін капиталдың көптеген қосымша
салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту)
үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді (1-сурет).
Қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір
сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді
ұйғарады.
Талдаудың мақсаттарына және қандай да бір елдің қаржы нарығындағы
жекелеген сегменттердің даму ерекшеліктеріне қарай қаржы нарықтарын
жіктейтін әр түрлі тәсілдер болады.
2-суретте С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының жіктеуі
келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама
берілген.

2-сурет. Қаржы нарығының типтік құрылымы
С. Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы – бұл валюталық
құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:
• шетелдік валюта (ақшалай белгілер – банкноттар, қазынашылық билеттер,
заңды төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын, бірақ
айырбастауға жататын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша
бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірліктеріндегі
шоттардағы құрал);
• бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облигациялар) және
басқа да қарыздық міндеттемелер;
• бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладия, иридия, родия,
рутения, осмия) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат,
сапфир, александрия, меруерт).
Банктер, биржалар, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қаржылық және
инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар валюта нарығының субъектілері
ретінде болады.
Алтын нарығы – бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында,
сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін
алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.
Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы
қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлайша бөліну осы нарықта сатылатын
тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылардың арасындағы және қаржы
құралдарының эмитенттері арасында қатынастардың сипатын білдіреді. Егер
қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл
қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл
несиелік қатынас күйінде қалады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы
шарттармен ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналыста болады. Ол
ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы қағаздар нарығын
(ол да ұзақ мерзімді) қамтиды.
Бағалы қағаздар нарығында жеке бағалы қағаздармен бірге оларды
алмастырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шығарылып айналыста
болады және өтелінеді.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары эмитенттер – қажетті ақша
қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар;
инвесторлар – табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу үшін
бағалы қағаздарды сатып алушы тұлғалар; делдалдар – эмитенттер мен
инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін
қызмет көрсетуші тұлғалар.
Әлемдегі экономистердің көбісі қаржы нарығының құрылымына сақтандыру
нарығын, зейнетақы және ипотека нарықтарын кіргізеді.
Сақтандыру полистері мен зейнетақы шоттарының нарықтары, ипотека
нарықтары бұлар қаржы құралдары мен институттарының келісім-шарты негізінде
әрекет ететін жинақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Ақша қаражаттар нарығы
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қаржы нарығы туралы
Қ.Р. қаржы нарығы
Қаржылық қатынас
Қаржы нарығының түсінігі
Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі
Корпоративті бағалы қағаздар
Пәндер