Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері



Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән – дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр:тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі мына заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесі болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Бала өмірінің алғашқы күннен бастап ата–ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмыстарын атқарады. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы негізгі ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы, балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Баланың дамуы мен қалыптасуына да отбасынның рөлі ерекше. Отбасында тұрмыстық белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Бала жақсы адам болып қалыптасуы үшін отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым–қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата–анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көрумен қатар олар бір–біріне де сондай қамқоршы, сүйеніш екенін сезіну керек. Отбасы шын мәнінде тату–тәтті, өзара түсінікте болса, онда адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қамқорлығының және ата – ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттер негізінен отбасы – ошақ қасында қалыптасады.
Жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден – бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күннен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теоориялардың пайда болуына алып келеді. Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцар педагогы И.Г.Пестолоцци, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқа да педагогтар өз үлестерін қосты.
1. А.А.Жұмадуллаева «Отбасы – некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж
2. Ә.З.Әбілова «Этнопедагогика» Алматы 1997ж
3. С.С.Қоңырбаева «Отбасы: Бала мен Ата –ана» Алматы 2006ж
4. Н.Байбахов, Тілекеева «Социология» Түркістан 2005ж
5. Қ.Р. Неке және отбасы туралы заңы
6. Қ.Р. Білім туралы заңы
7. Қ.Р. Конституциясы
8. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Алматы 1997ж
9. І.Сманов, А.Оңғарбай, Б.Оразымбетова «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы»
10. Ә.Табылдиев «Халық тағылымы» 1992ж
11. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев «Қазақ тәлімдік ой – пікір онтологиясы»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен
жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән –
дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының
тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік
қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі
жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде
болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы
– бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-
жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты
да дәл тұжырымға келіп отыр:тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен
отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды
келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі
де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі мына
заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесі болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де отбасыдағы
бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Бала өмірінің
алғашқы күннен бастап ата–ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие
жұмыстарын атқарады. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы негізгі
ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс
ұйымдастырылуы, балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік
сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің
қалыптасуына мүмкіндік береді. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы,
қоғамға енуі отбасынан басталады. Баланың дамуы мен қалыптасуына да
отбасынның рөлі ерекше. Отбасында тұрмыстық белгілі жағдайлары жасалады,
мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Бала жақсы адам болып қалыптасуы үшін отбасы мүшелері арасындағы ең
жарасымды, ең әділетті қарым–қатынастардың куәсі болуы керек. Ол
ата–анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көрумен қатар олар бір–біріне де
сондай қамқоршы, сүйеніш екенін сезіну керек. Отбасы шын мәнінде
тату–тәтті, өзара түсінікте болса, онда адамгершілік пен әділеттің көрінісі
айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы
адамдардың бір – біріне деген қамқорлығының және ата – ананың сезімін
терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен
нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету.
Бұл қасиеттер негізінен отбасы – ошақ қасында қалыптасады.
Жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден – бір
формасы болып келеді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге
келген күннен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі
ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі
көптеген педагогикалық теоориялардың пайда болуына алып келеді.
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан,
педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж
Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцар педагогы И.Г.Пестолоцци, орыс
педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары
Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және
басқа да педагогтар өз үлестерін қосты.
А.С.Макаренконың 1937жылы жарыққа шыққан Ата-аналар кітабын қызыға
зор қуаныш сезіммен қарсы алуы міне осыдан еді. Отбасы тәрбиесі жөнінен
ата–аналарға көмектесуге тырысты. Макаренко өзінің бала тәрбиесі жөніндегі
педагогикалық тәжірибесін ортаға салуға тырысты.Бұл өте жауапты іс.
Баланы тәрбиелеудің сәттілігі көбіне мектеп пен отбасындағы тәрбие
жазушысының ынтымақты жүргізілуіне байланысты болады.
Кейбір ата–ана отбасының міндеті баланың қарнын аштырмау, киімін
бүтін етіп, бар керекті заттармен қамтамасыз ету деп санайды. Ал белгілі
бір қасиеттерге тәрбиелеу мектептің тағы сол сияқты тәрбиелеу орындарының
міндеті деп ойлайды да, кездескен қиыншылықтардың себебін түсіне алмай
киімі бүтін, тамағы тоқ, ұйқысы тыныш, бар керекті заты түгел, басқа не
керек, не дейді бізге?! – деп таң қалады.
Сондықтан әке – шеше және басқа да ересектер жеткіншектерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Отбасылық тәрбие
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Отбасы тәрбиесі
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Пәндер