Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ СЕЗІМДЕРІНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ СЕЗІМДЕРІНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу жұмысы Республиканың білім беру жүйесінің мектепке дейінгі мекемелерде балалардың тәрбие мәселесіне, атап айтқанда елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға мақсатталған.
Мектепке дейінгі мекеменің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен баланың қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Ұлттық мәдениетке, ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде халқымыздың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жазба мұралары, ауыз әдебиеті негізінде жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды, ауыз әдебиетін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды имандылық идеялармен таныстыру қажеттігі арта түсуде. Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегілер. Ертегілер негізінен кіші балаларға арналған, әсіресе мектепке дейінгі мекеме балаларын елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мүмкіндігі мол.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев “…қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние” [1] деп, атап көрсетуі өте орынды. Өткенді зерттеу тарихи шындықты қалпына келтіріп қайта жаңғырту - қазіргі уақыт талабы.
Себебі, елжандылық идеялары арқылы болашақ ел иелерінің рухани ішкі дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың тұлғалық және сапалық, яғни елжандылық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етуге болады.
Адамзат дамуының философиялық, психологиялық заңдылықтарына сүйенсек, жеке тұлғаның рухани дамуына жазба мұралар, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады.
Бүгінгі таңда жастарды бір сөзбен айтқанда болашақ Қазақстан Республикасының иелерін биік адамгершілік, әдептілік, елжандылыққа ерте бастан баулып даярлау ісі бірыңғай педагогикалық мәселенің шеңберінен шығып, халықтық, әлеуметтік сипатқа ие бола бастағаны күмәнсіз. Оның үстіне ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі істер атқарып жатқанын айта кету керек.
Педагогикалық технология мектепке дейінгі сатыда баланың эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып қисынды ойлауын дамыту көзделеді.
Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім мазмұндағы эмпирикалық және ғылыми ұғымдардың арақатынасын дұрыс анықтап жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүзеге асатынын атап көрсеткен жөн.
Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, бала адамгершілігін, иманжүзділігін, эстетикалық талғамын, экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін қоғам талабына сай ақпаратты қабылдау және оны қолдану негізіндегі ұстанымдарды басшылыққа алады.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде //Алматы ақшамы. -1998. -19 маусым.
2. ҚР Білім туралы Заңы. Астана, 1999.
3. ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 26
тамыз, 1994
4. Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы. - Астана: //Егеменді Қазақстан, Ақорда, 2007.07.27. Б. 5-6-7.
5. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика. Алматы. Рауан. 1992
6. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп.1982.133-150 б.
7. Основы дошкольной педагогики /Под ред.А.Запорожца, Т.А.Маркова.–М., Педагогика. 1980.
8. Балбөбек бағдарламасы – Алматы – Шартарап. 2000.
9. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-А: Әлем,1998ж.
10. Атемова К.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.-А.2002
11. Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. А., Рауан, 1990.
12. ҚР этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы. А., 1996.
13. Хмель Н.Д. Педагогический процесс как обьект деятельности учителя. А., Мектеп, 1978.
14. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.
15. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А., Мектеп, 1989.
16. Меңжанов А. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің актуальды проблемалары. А., Білім, 1954.
17. Сарманова К. Экологиялық білім беру бағдарламасы. Қаз. мектебі, №8, 1993.
18. Табылдиев Ә. Тәрбие өрнектері. А., Мектеп, 1989.
19. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. Шығ. Жинағы 5-том. А., 1977.
20. Сухомлинский В.А.Коллективтің құдіретті күші. А., 1971.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің
педагогикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 10
II Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеудің әдістемесі
2.1 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
IV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу жұмысы Республиканың білім беру
жүйесінің мектепке дейінгі мекемелерде балалардың тәрбие мәселесіне, атап
айтқанда елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға мақсатталған.
Мектепке дейінгі мекеменің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім
беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең
алдымен баланың қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды
қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Ұлттық мәдениетке, ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде халқымыздың өзіне тән
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жазба мұралары, ауыз әдебиеті негізінде
жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан жазба мұраларды, ауыз әдебиетін жинақтап зерделеудің,
оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды имандылық
идеялармен таныстыру қажеттігі арта түсуде. Ауыз әдебиетінің бір саласы
ертегілер. Ертегілер негізінен кіші балаларға арналған, әсіресе мектепке
дейінгі мекеме балаларын елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде
мүмкіндігі мол.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев “...қазақтардың қайталанбас этикалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние”
[1] деп, атап көрсетуі өте орынды. Өткенді зерттеу тарихи шындықты қалпына
келтіріп қайта жаңғырту - қазіргі уақыт талабы.
Себебі, елжандылық идеялары арқылы болашақ ел иелерінің рухани ішкі
дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың тұлғалық және сапалық, яғни
елжандылық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етуге болады.
Адамзат дамуының философиялық, психологиялық заңдылықтарына сүйенсек, жеке
тұлғаның рухани дамуына жазба мұралар, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және
мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады.
Бүгінгі таңда жастарды бір сөзбен айтқанда болашақ Қазақстан
Республикасының иелерін биік адамгершілік, әдептілік, елжандылыққа ерте
бастан баулып даярлау ісі бірыңғай педагогикалық мәселенің шеңберінен
шығып, халықтық, әлеуметтік сипатқа ие бола бастағаны күмәнсіз. Оның үстіне
ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін
қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі
істер атқарып жатқанын айта кету керек.
Педагогикалық технология мектепке дейінгі сатыда баланың эмпирикалық
(көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары
болса, осыны тірек ете отырып қисынды ойлауын дамыту көзделеді.
Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім
мазмұндағы эмпирикалық және ғылыми ұғымдардың арақатынасын дұрыс анықтап
жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүзеге
асатынын атап көрсеткен жөн.
Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы
айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз
ету, бала адамгершілігін, иманжүзділігін, эстетикалық талғамын,
экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін қоғам талабына сай ақпаратты
қабылдау және оны қолдану негізіндегі ұстанымдарды басшылыққа алады.
Зерттеу нысаны:мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық
сезімдерін дамыту .
Зерттеу мақсаты: қазақ халық ертегілері арқылы елжандылыққа
тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және тәрбиелік- білім беру
үдерісінде қолданудың әдістемесін жасау, елжандылық қасиеттерінің
қалыптасуын тәжірибеде тексеріп, нәтижесін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық
сезімдеріне тәрбиелеу;
2. Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеу;
3. Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұнын ашу;
4. Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде
елжандылыққа тәрбиелеудің әдістерін қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялык,
психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасау;тәрбиешілердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорыту,
бакылау, ертеңгіліктер ұйымдастыру.

1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде
елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық негіздері.
Балаларды, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа
тәрбиелеудің тиімді жолы, құралдарының бірі де ертегілер. Ертегілерде
белгілі бір халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері,
адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлық ережелері, бақыт үшін
күрестері, өздеріне тән жақсы қасиеттері: еңбек сүйгіштігі, адалдық, өз
халқына, Отанға, туып-өскен жеріне, табиғатқа, ата-анасына, туған-
туыстарына және т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленіп, әділ шешімі
көрсетіледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеу
мәселесін, алдымен берілетін білім мазмұнына тоқтала отырып талдау керек
деп ойлаймыз.
Әрине, бір тұжырымдамада дамыта оқыту идеясының барлық аспектілерін
ашып, дәлелдеу, нақтылап, талдау мүмкін емес. Бұны білім беру жүйесін
жетілдіру шараларына әлеуметтік түрғыдан қарап, халықтың рухани байлығын
арттыруға себеп болатын негізгі проблема деп қарастырған дұрыс.
Білім беру ісі қай кезде болсын ұлы ғалымдардың, ойшылдардың, философ,
педагог, психологтардың ерекше назарында болған. Мысалға, педагогиканың
тарихына үңілсек ХҮІ ғасыр мен ХҮІІ ғасырдың аралығында чех халқының ұлы
педагогы Ян Амос Коменский Ұлы дидактика, Әлемді суреттеп бейнелеу,
Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары, Жастарға арналған мінез-құлық
ережелері деген еңбектерінде балаларға жаппай білім берудің мазмұнын,
оқытуды ұйымдастырудың ережелері мен қағидаларын, әдістері мен формалары
туралы ой- пікірін білдіріп, тұжырымдаған. [1]
Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі педагогика ғылымының және
орыс халық мектебінің негізін қалаушы К.Д.Ушинский Балалар әлемі, Ана
тілі, Педагогикалық антропология еңбектері негізінде балалар мен
тәрбиешілерге арналған оқулықтар шығарып, білім көлемін өзіндік тұрғыдан
таңдаған.
Л.Н.Толстой болса, К.Д.Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдай отырып,
бастауыш білім берудің әдістемесін ұсынған. Л.Н.Толстой өзінің Азбука,
Жаңа азбука оқулықтары арқылы бастауыш мектеп оқулықтарының қандай болуы
керектігіне кеңестер берген.
Қазақ тарихын түңғыш зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық
сезімін: "Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір
сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз
отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ. ел-жұртым,
руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын
қадірлеймін - деген екен . Қазақта ең алғаш қазақ батырлары үшін халық
мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып,
оқулык жазған Ы.Алтынсарин болды . Ол көшпенді елдің баласына дүнияуи ғылым-
білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ балаларды ерлік
рухта, елжандылыққа баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның "Адамзаттың бәрін сүй бауырым -
деп" деген сөзі, барша жұршылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен,
тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен
ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек
бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау
адамгершілік, адал шыншыл, өз Отанының патриоты болуға үндегенін байқаймыз.
Бүл бүгігі Қазақстанның, Ел басымыз Н.Назарбаевтың "әр этностың ұлттық
сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау" деген бағытымен
үндесіп жатыр .
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда
қайраткерлері А.Байтүрсынов , М.Дулатов , М.Жұмабаев , С.Торайғыров,
Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов , М.Шоқай т.б. еңбектерінен де кездестіреміз.
А-Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзінді оянып ... - десе, М.Дулатов: - "Көзіңді аш, оян, қазақ,
көтер басты" — дейді. Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? — деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа
талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.
Алаштың осы біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға
тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз
иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. [2]
Кеңес заманында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы қатаң идеологиялық,
саяси бағыттарды ұстанды. Еліміз бен партия бейбіт революциялық идеяны
ұстана отырып, барлық елдердегі коммунистік қозғалыстарды қолдап, қуаттап
отырды. Жалпы 20-шы жылдардағы ғылыми педагогикалық еңбектердің
творчсстволық ізденіс үстінде болғаны байқалады.
Бұл кезеңде белгілі педагогтар А.ВЛуначарский, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, М.И.Калинин, С.Т.Шацский т.б. әскери-патриоттық тәрбиенің
мәселесіне, жас ұрпақты өз Отанын қорғау ісіне дайындауға аса көңіл бөлді.
Н.К.Крупскаяның еңбектерінде елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі ақыл-ой,
еңбек, адамгершілік және дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылып,
совет балалары, совет халқы тек бейбітшілікті жақтайды деген пікірде
болған.
А.В.Луначарскидің ой пікірі де осы бағытта болып, ол педагогика
ғылымының дамуына, оқушы жастарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеуге
көп үлес қосты.
М.И.Калинин жас ұрпақты өткен ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлері
арқылы тәрбиелеу патриотизмге тәрбиелеудің ең негізгі факторларының бірі
деп санаған. Ол: "Советтік патриотизм халықтың өткені мен тарихымен
байланысты үзбеуі керек. Ол сол халықтың мақтаныштары, ерлік істерімен
толықтырылып отыруы қажет" - деген ойлары бүгінгі күні де өз мағынасын жоя
қойған жоқ деген ойдамыз. Өйткені тарихты, өткенімізді біліп, соны қадір-
қасиет тұтпай тұрып біз ешқандайда Отаншылдык сезім тәрбиелей алмаймыз.
А.С.Макаренконың пайымдауынша жасөспірімдердің бойында патриоттық тәрбие
рух пен дінді жойған кезде және тек ұжым арқылы ғана қалыптасады деген.
Бірақ бұл ойлардың жаңсақ екені ұлттық рух болмаса, діни наным-сенім
болмаса, адамзат бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімнің болуы да
күмәнді нәрсе екені қазіргі кезде байқалуда.
Ал, енді осы елжандылық қасиеттерін ертегілер негізінде мектепке
дейінгі мекемелерде балалардың бойына сіңіру мәселесіне мән берсек,
алдыңғы қатарлы орыс педагогтары барлық уақытта халық ертегілері тәрбие
және білім беруде маңызды атқарғанына тоқталып, педагогикалық үдерісте
кеңінен қолдану қажетті деп санаған. Мысалы, К.Д.Ушинскийдің орыс халық
ертегілерін халықтық педагогикасының алғашқы құнды бөлігі деп сипаттаған.
Ол ертегілерге халық педагогикасының ескерткіштерідей келе, өмірде көп
нәрселер халық педагогикасымен теңесе алмайды деген. Ертегі көркем әдебиет
шығармасы болғанымен, білім салаларының теориялары айқын көрініс береді.
Яғни, ертегілер — халық педагогикасының қайнар көзі болып табылады. [3]
Ертек – ол сиқырлы фантастикалық күштердің қалыптасуымен ойдан
шығарылған адамдар және құбылыстар жайлы және көбінесе халықтың поэтикалық
шығармасы.
Демек, барлық елдің ертегілеріне тән – ол ертегінің ойдан
шығарылғандығы. Дәл осы ғажайып ерекшелігі ертегіні ирреалды ауыз
беллетристикасы деп анықтатқызды. Бірақ ертегінің ирреалды фантастикалық
шынайлықпен шарттылығы жоққа шығарып қана қоймай шынайлыққа бет бұрып, оған
әсер етуге тырысады. Сондықтан ертек өмірімен тығыз байланысты. Осыдан
ертегінің тәрбиелік функциясы шығады, жақсылық, әділеттілік, ақиқаттын
пропагандасы шығады. Баланың тұлға ретінде қалыптасуында ертегінің ролі
маңызды, ертек өзінің танымдық функциясын баланың интеллектісіне шабуылшы
процесс ретінде емес, ол эмоционалды - сезімдік құрлымы арқылы жүреді.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзінде
шығуы 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте
Ш.Уәлиханов , Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваев т.б. ғалымдардың айрықша
еңбек сіңіргендігін айта кетуіміз керек. Сол сияқты А.Алекторов,
А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев, Т.Сейфуллин, О.Әлжанов, Ж.Айманов,
М.Ибрагимов және т.б. зерттеушілер қазақ халқының ертегілерін жинап, сол
кездегі баспасөз беттерінде үзбей жариялап тұрды деп көрсеткен зерттеуші
Қазыбекова Г.Қ [4].
А.Васильев қазақ ертегілерін жинауды 1890 жылдары бастады. Ол көбінесе
ертегілерді Торғай облысында тұратын қазақтардан жазып алады. Кейін қызмет
бабында ел аралаған кезінде көптеген ертегілерді қағазға түсіріп отырған.
Соларды жинақтай келіп 1898 жылы жарық көрген Образцы киргизской народной
словесности деп аталатын кітабына тек қана қазақ ертегілерін кіргізген.
А.Васильев 1906 жылы Ы.Алтынсаринның Қазақ хрестоматиясынан қайта
шығарған кезде ағартушының өзі қалдырып кеткен жазбалардан деп Қара
батыр, Алтын Айдар, Тазша бала ертегілерін қосқан. Бұл нұсқалардың
соңғы екеуі Васильевтің 1898 жылғы өз кітабынан алынған үлгілер болады.
Сөйтіп жинаушы барлығы 23 ертегі жазып алып, жариялағаны белгілі болып
отыр. Қазірде осы үлгілердің 13-і қазақ ертегілері жинағына кіріп, рухани
айналымға қосылған.
А.Васильев жариялаған ертегілерді жинау әдісіндегі кемшілік – олардың
кімнен, қай жерде жазып алынғанын көрсетілмеген. Сол себепті айтылмыш
ертегілерді айтушыларды анықтау, нұсқалардың таралу аймағын белгілеу қиынға
түсіп отыр. Дегенімен, мұның өзі Васильев жариялаған ертегі нұсқаларының
бағасын кеміт алмаса керек. Бұл үлгілер көптомдық Ертегілер жинағына
енген 372 қазақ ертегісінің сапында ұлттық рухани дүниеміздің алтын қорын
құрап отыр.[5]
Ертегілер арқылы балалардың адамгершілік және елжандылық тәлім
тәрбиесінің дамуына ықпал жасады. Баланы мұратқа жеңіске, жетістікке жету
жолында белсенділікке, әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді. Өмірде
кездесетін жайттардың, яғни жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен
қатыгездіктің, шындық пен өтіріктін, әділіттілік пен әділетсіздіктің,
әдемілік пен ұсқынсыздықтың, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б. ара
жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.
Ертегі – тәрбие құралы. Қазақ халқының өз ұрпағын жақсыдан үйреніп,
жаманнан жирендіретін, балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілері
мол.
Қазақ ертегілері не үшін қажет екенін әдебиет зерттеуші ғалым
А.Байтұрсынов: Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, кезектігіне қарай
жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі
тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор
керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен
керегі бар нәрсе - деп айтқан болатын.
Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке
үйретеді. Жамандықтан, құлықтан, өтіріктен, зұлымдылықтан аулақ болуға
тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .
Қай елдің ауызша шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық
шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында
ертегі деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына
арналған жыйнақты атауға болады. Жалпы барлық ертегілерге ортақ ерекшелік:
бұлар қара сөзбен айтылытын оқиғалы, көркем мәнін. Ертегілер негізінде
шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты боп
келеді. Осы аталған қызығықты әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне
қосылады.
Белинский былай деген халық шығармасы Халық жанының айнасы.
Добролюбов та ертегілер жайлы сөз қылғанда ең алдымен, сол ертегілердің
халық ортасында сақталу, айтылу жағдайларын сипаттау керек дейді. Сонымен
қатар ертегіге халықтың өзінің қандай екенін ашуды шарт етеді. Добролюбов:
Ертегі бізге ең алдымен халықтың мінездейтін материал есебінде қажет
деген. [5]
Қазақ ертегілерінің жеке түрлерін тексеруден бұрын бұл уақытқа шейін
сол қазақ ертегісін зерттеуде істелген еңбектер жайын қысқаша шолып өту
қажет. Жалпы алғанда қазақ ертегілері, негізінде орыс оқымыстыларының
еңбегімен жиналып зерттелініп басталынған. Бұл жай, әсіресе 19 ғасырдағы
және 20 ғасыр басындағы, революциядан бұрынғы жайларды еске алсақ айқын
көрінеді.
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілерді жинап
жариялаудан басталады. Бұл жөнінде бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін
қазақ айтушылардың ауызынан қазақша жазып алып, жинап бастырған. Ал тағы
бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін орысшаға аударып, орыс тілінде
жариялайды. Бұл салада еңбек еткендер В.В.Радлов, А.Диваев сияқты кісілер.
Екінші түрде орыс тілінде қазақ ертегілерін, аңыздарын мол жариялаған
адамдар -А.Алекторов, Г.Н.Потанин, А.Диваев және басқа бір неше жинаушылар
бар. Орыс тіліне аударып, қазақ ертегілерін, аңыздарын көп таратқан
бірталай баспа орындары да бар: Шоқан қазақ ертегілерінің көпшілігінде
Афанасьев жариялаған орыс ертгісіне ұқсас әңгімелер көп екенін айтады. Бұл
пікірді Алекторов да қостайды. Ол қазақ ертегілерінің көбінде Солтүстік
елдер ертегісімен ұқсастық бар екенін айтады.
Қазақ ертегісінің, өзге халықтық ауыз әдебиет үлгілеріндей, ең мол
жайылып, ретті түрде жазылып, топталып зерттелуі және жариялану кезі Ұлы
Қазан төңкерістен кейін ерекше дами түсті.
М.О.Әуезов қазақ халық ертегілерін үш үлкен дәуірге бөледі .
Бірінші дәуірі - есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың
60 – шы жылдарына дейін созылған Қазақстандағы, феодализм дәуірімен
байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілер 60 - шы жылдарғы
Россиядан және Қазақстанда болған реформалардан соңғы тарихи дәуірдің
шаруашылық – қоғамдық, тарихтық ерекшеліктерімен байланысты болған
ертегілер тобы. Үшінші топ социализм дәуірінің ертегілері.

педагогикалық сипаттамасы
Бүгінгі күнге дейінгі зерттеу еңбектерде қазақ ертегілері бірқатар
жіктемелер бойынша сұрыптала қарастырылуда:
Мысалы, В. В. Радлов ертегілерді былайша жіктемелейді:
1. Батырлар туралы ертегілер;
2. Қиял-ғажайып ертегілер деп жіктесе,
Г.Н.Потанин ертегілерді жеті түрге топтастырған, яғни:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер;
2. Қиял ертегілер;
3. Қиял-ғажайып ертегілер;
4. Батырлар туралы ертегілер;
5. Тұрмыстық-новеллистикалық ертегілер;
6. Тұрмыстық-ғибратты ертегілер;
7. Сатиралық ертегілер .
Ал, А.Диваев ертегілердің тақырыптық жіктеуін ұсынады және осы
жанрда бейнеленген өмірлік құбылыстарды түсінуге мән беретіндігін
сипаттайды.А.Диваев ертегілерді:
1.Ақыл мен тапқырлық туралы;
2.Әйел туралы;
3.Шындық пен әділеттілік туралы;
4.Сараңдық пен жомарттық;
5. Кедейлік және байлық туралы,-деп бөліп қарастырған.
Біздің ойымызша жалпы ертегілерді: Кеңес дәуіріне дейінгі; Кеңес
дәуіріндегі және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі деп тарихи жүйе бойынша
бөліп қарастыруға болады. Өзіміз көріп отырғандай жоғарыда көрсетілген
жіктеменің кейбірінің бір-біріне ұқсастығы мен қатар өзіндік ерекшелігі бар
екенін көреміз, әрине олардың белгілі бір көзқарасқа сүйенгенімен қатар,
олардың бірімен келісіп, екіншісімен келіспеуге де болады. Дегенмен бұл
ретте авторлардың зерттеу еңбектерінің жазылуы өздері өмір сүрген
кезеңдердегі әлеуметтік-идеологиялық жағдайларға сай жазылғандығы анық
байқалады. [7]
Т.Д.Зинкевич–Евстигнеева халық ертегілердің сюжеттерді бірнеше топқа
бөледі:
– Жануарлар туралы ертегілер – адамдар мен жануарлар арасындағы өзара
әрекеттесу туралы. Бес жасқа дейінгі балалар өздерін жануарлармен
теңестіріп, оларға ұқсағысы келеді. Сондықтан жануарлар туралы
ертегілер балаларға жақсырақ өмірлік тәжірибені береді.
– Тұрмыстық ертегілер отбасы өмірдің қызықтары туралы айтады,
конфликтілі жағдайларды шешу жолдарын көрсетеді, қиыншылықтарға әзіл
сезімін, дұрыс позицияны қалыптастырады.
– Қорқынышты ертегілер үрейлік жағдайды уайымдау, оған реакция
білдірудің жаңа амалдарын үйретеді.
– Сиқырлы ертегілер адамның бейсанасына өмірлік даналықтын
“концентраты” және адамның рухани дамуы туралы ақпарат түседі.
Авторлық ертегілер көбінесе жазған адамның индивидуалды–психологиялық
қырларды, проекциясын көрсетеді .
Кейбір авторлық ертегілер жағымсыз өмірлік сценарийлерге ие. Жағымсыз
өмірлік сценарийлердің қалыптасу себебі философиялық, рухани мәнге ие
болмағандықтан.
Дидактикалық ертегілер педагогтармен оқыту материалын игеру үшін
құралынады. Мұнда абстрактілі символдар (цифрлар, әріптер, дыбыстар,
арифметикалық әрекеттер және т.б.) тірілініп, тіршілік етіп жатқан әлемнің
ертегілік бейнесін құралынады. Дидактикалық ертегілер белгілі білімнің
маңыздылығын және мәнін ашады.
Мінез–құлықтың моралды–этикалық нормаларын игеру. Ертегілер моралды
таңдау жағдайларға толы. Бала ертегі арқылы не жаман, не жақсы екенін
түсінеді.
Баланың эмоционалды–тұлғалық мәселелерді шешу оның уникалдылығын
алыптастау арқылы жүреді. Ертегідегі кейіпкерлер әр дайым сыннан өтеді,
бірақ үнемі жеңіп шығады, бала сол сезімдердің бәрін өз басынан өтейді.
Ертегі арқылы жаңа тәжірибені игеру. Ертегі балаға әр түрлі мінез–құлық
модельдерін ұсынады. Ертегі арқылы бала күрделі мәселелерді шешу үшін
керекті қасиеттерді игереді. Әр ертегіде қарама-қайшылық, жақсы мен
жаманның бастаулары бар. Жағдайдан шығу амалы әр түрлі ресурстарды
қолдануға байланысты.
Ертегі арқылы жас ерекшелік мәселелерді шешу. Әр жас өзінің
психологиялық міндеттерге ие. Сондықтан да әр жастың өзінің ертегілері
болады. Әр ертегінің құрылымында адамның өмірлік жағдайын бейнелейтін
міндет болады.
Сиқырлы ертегінің сюжетінің дамуында белгілі заңдылықтар болады. Адам
тұлғасының қалыптасуымен ұштасатын сиқырлы ертегілердің дамуының жеті
кезеңдерін табуға болады.
Бірінші кезең – ол кезеңнің дамуы өзінің үйінде жүреді. Одан басты
кейіпкер ғана емес әр адам одан өтеді. Бұл кезеңнің барысында адам ата–ана
тәжірибесін игеріп өмірге деген көзқарасын қалыптастырады; болашақ өмірде
тірек бола алатындай ата–ана махаббат қуатын өзіне жинайды. Бұл кезең
туылғаннан 11–14 жасқа дейін созылады. Бұл кезең әлемге деген сенімі мен өз
күшіне деген сенімді жинау кезеңі.
Әр ертегіде барлық кейіпкерлер ата–анасының үйінен кетеді. Екінші
кезеңнің міндеті – ол өзін бөлек дербес тұлға ретінде бөліп шығару. 11 – 18
жас аралығында адам ата–анасынан психологиялық тұрғыда бөлініп, Әлемге
деген дербес көз қарасын қалыптастырады.
Келесі міндет қай жолды таңдау (үшінші кезең). Ертегіде басты кейіпкер
ең күрделі жолды таңдайды және дәл сол жол оны сәттіліке алып келеді.
Жолжөнекей кейіпкер әр түрлі адамдарды, жануарларды, жәндіктерді кездеседі
бұл жерде кейіпкердің көмектесуі – ол оның мейрімді жүрегіне сын деп
танылады. Адамның өмірінде – бұл кезең өмірде өз орнын анықтау мен өмір
мағынасы түсіну кезеңі. [7]
Күрес және жеңіс – ол ертегінің кульминациясы (төртінші кезең).
Кейіпкер өз жолының мақсатына жетіп персонификацияланған жаман күштермен
күреске түседі. Әр түрлі амалдар арқылы ол жеңіп шығады.
Бесінші кезеңде кейіпкер жаңа тәжірибе көз қарасынан міндеттерді шешу
керек. Ертегінің үйрететіні: сақ бол – негізгі жамандық сен күтпеген
жағдайда келеді. Негізгі міндет бұл жерде жамандықты, зұлымдылықты жеңу
емес, ол адамның өзгерген өмірінде осынын бәрін дұрыс, дер кезінде қолдана
алу.
Алтыншы кезеңде кейіпкердің үйге оралуы, бұл жерде ең бастысы игерген
мүмкіншілікті қолдана алу, яғни кейіпкер – бала өзінің есейгенін көрсете
алуы, өйткені үйде оны әлі кішкентай бала деп есептейді.
Жетінші кезең кейіпкеріміз патша болады, үйлену тоймен аяқталынады.
Үйлену ол бір процестің аяқталуы, қосылу, бір тұтастылықа келу символы
ретінде қарастырылу мүмкін.
Сонымен осы барлық кезеңдерді адам өмір барысында бірнеше рет өтеді.
Тұлғаның қалыптасуы – мазмұны және құрлымы бойынша күрделі процесс.
Ақпараттық (білім беру), операционалды (оқыту) және құндылыққа бағдарланған
(тәрбие) сияқты үш бөлек және үш деңгейлі әрекетте құрлымда көрінетін
мағыналы және универсалды механизм ертегіде ерекше орын алады. Аталынып
кеткен деңгейлер тұлғаның мәдени жағының мазмұнды үш бөлікті құрайды.
Ертегінің тәрбиелік процессін қолдануда айтылып кеткен механизмнің үш
құрастырушының белсенді көрінуі байқалады.
Өзінің универсалды дәстүрлі ертегілік формасы (сюжет, композиция,
құрылым, кейіпкер, эмоционалды фон) арқасында барлық уақытта және
халықтарға бір қалыпты болып қала береді, және де эффективті механизм
ретінде баланы мәдениет әлеміне еңгіздіреді, әсіресе алғашқы әлеуметтену
кезеңінде. Баланың субмәденитінде маңызды роль атқара отырып ертегі өз
кезегінде көп функционалды – ол баланы өзін түсінуе, сріктестіктен өзін
қуанышты сезінуге, өзінің уникалдылығын көрсетуге көмектеседі. Ол баланы
индивидуалды және ұжымдық творчествосының субъектісіне қаратқызады:
ертегідегі бар адамзаттық бай әлеуметтік тәжірибесіне сіңіп өзінің
творчестволық потенциалын байытады. Филлипова Ю.В. және Кольцова И.Н.
бойынша ертегінің ең маңызды әлеуметтік мәдени функциясы ретінде келесіні
бөліп шығарады: бірлестік (со-единство), сенімділік (со-довери), қайғыру
(со-страдание) және серіктестік (со-трудничество) сезімдері балада
қалыптасады. Ертегі ол мінез-құлықтың мотивін өзгертетін мықты детерминанта
ғана емес, ол адамзат қоғамын біріктіретін әлеуметтік күші ретінде
келісушілік зонасы болады. Ертегінің әлеуметтік маңызды, алғашқы
механизмі ретінде айтқанда көп деген авторлар балаларға білім беруші
мүмкіншілік ретінде оның танымдық қабілеттеріне толық бағалай алмай,
ертегінің мақсаты – ол сезімдерді көрсететін образын беру ғана дейді, ал
мифтің танымдық функциясы терең когнитивті эпистемиологиялық мәні бар.
Ертегі кейіпкерлерінен халықтың моральдық келбеті мен поэтикалық
бейнелеу сипаты көрінеді олардың баяндалуынан әлеуметтік қатынастар
сипатталады.
Қазақ фольклорын революцияға дейінгі зерттеушілердің бірі академик
В.В.Радлов Батырлар туралы ертегілер, Ертегілер жинақтарында
ертегілерді батырлық ертегілер және өзіндік ертегілер(сиқырлы) деп бөлген.
Зерттеушілердің айқындауынша, В.В.Радлов қазақ ертегілерін орыс әрпімен
баса отырып,ертегінің барлық стильдік, лексикалық және поэтикалық
ерекшеліктерін сақтаған.
Қазақ ертегілері туралы алғашқы басылым ХІХ ғасырдың 20-жылдары
жарық көрді. Профессор П.А.Фалевтің Түрік филологиясына кіріспе (1922ж
және М.О.Әуезовтың Әдебиет тарихы (1927ж) еңбектері арқылы жарияланған.
Авторлар зерттеу мәселелерін әр түрлі аспектіде қарастырған.
П.А.Фалевті қазақ ертегілерінің сюжеттік құрылуы мен сюжеттік
құрамы қызықтырса, М.О.Әуезов жалпы ертегілердің жанрлық табиғатын нысанаға
алған. Ертегілерден шынайылықтың көптеген қырының бейнесін таптық, деп
айқындайды. Бұл ойы оның қазақ ертегілерін төмендегідей жіктеуге негіз
болған:
а)ежелгі адамдардың түсінігін сақтап қалған аңыз ертегілер.
б)салт немесе үлгі ертегісі.
Мұндай ертегілерге М.О.Әуезов ежелгі өмір сүру үлгісін бейнелейтін
және жақсылық пен жамандықтың күресі жүріп жататын ертегілерді жатқызады.
Олар, зерттеушінің пікірінше, ең ежелгі немесе онда алғашқы қауымдық
аңшылық өмір сүру үлгісі бейнеленген.Бұл категорияға ол Құла Мерген
ертегісін жатқызады.
в)Мысқыл мазақ ертегілері (жақсылық пен жамандықтың, дұрыс пен бұрыстың
күресін баяндайтын мысқыл ертегілер)
г)Мазмұны эпос кейіпкерлері туралы баяндауды құрайтын болымды ертегілер.
д)Өтірік өлеңдер,қызық пен көңіл көтеру үшін айтылады.
Бұл қазақ халық ертегілерін жіктеудің алғашқы ұмтылысы болды.
ХІХ ғ. 30-жылдарының аяғы мен 40-жылдардың басында қазақ
ертегілерін Е.Смаилов пен Б.Кенжебаев зерттеген. Олар алдыңғыларға
қарағанда ертегілерді зерттеу тәсілдерімен ерекшеленді. Е.Смаилов сиқырлы
ертегілердің сюжеттік құрамын анықтаған болса, Б.Кенжебаев тұрмыстық
ертегілерді зерттеу көзі етіп алған. [8]
Х.Жұмалиев пен Ә.Марғұлан ертегілердің тақырыптық идеялық
мазмұнын мән берген. Олардың пікірінше Қазақ ертегілерінің негізгі
тақырыбы мал шаруашылығына, аңшылыққа, адамдарға зиянкестік, қастық
жасаушылармен, табиғаттың дүлей күштерімен күрес жүргізуге арналған. Ал,
идеясы әділеттің өмірде жеңіске жеткізетініне, сенімге,оптимизмге
негізделген.
Халық ертегілерін жанры бойынша жіктеп,талдау - авторлардың
зерттеу тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан,халық ауыз шығармашылығын
өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік сапасына тәрбиелейді және мәнін
анықтай отырып,сюжеттік тақырыптық принципіне сүйенеді.
Ертегілердің мазмұны ауыз әдебиеттерінің поэтикалық шығармашылығы
тәрізді алуан түрлі. Бірақ ертегінің негізгі ойын оның пәктік тазалық
идеалдарын оң кейіпкер арқылы білдіргісі келді.
Біз мәселенің жіктемелерін талдай келе ұлттық ертегілерді
педагогикалық мүмкіншілігі бойынша мектепке дейінгі мекемеде қолдануды
кесте арқылы ұсынуы жөн көрдік, оны 1 кестеден көруге болады.Қазақ ұлттық
ертегілерді педагогикалық мүмкіншілігі бойынша мектепке дейінгі мекемеде
қолдану.
Тәрбиенің негізгі Қазақ ұлттық ертегілерді Қазақ ұлттық ертегілері
компоненттері оқу кезінде қалыптасатын
тұлғаның қасиеттері
Басқа адамға Адамдарға адамгершілік Күн астындағы Күнекей
қатысты тұлғаның қарым-қатынас,ата-анаға,туқыз, Ер-төстік, алтын
қасиеттері. ыстарға деген махаббат, тоқпақ, Әуез ханның 40
ізет және құрмет көрсету. баласы, Үш әпке, Хан
және уәзір, Уәзір қызы,
Мәңгі су, Даршы
мергеннің балалары.
Ұжымға қатысты Өзара сыйластық , достық Хан және Жиренше, Арам
қасиеттер және адалдық сезімі, борышбай және Алдар-көсе,
және зайырлы сезімі, Алдар-көсе және егінші,
жауапкершілік Қожа және еріншек, Қожа
насыр және молда, Аңдар
таласы, Қозы және ессіз
қасқыр, Қой және қозы,
Арам түлкі және ессіз
қасқыр
Отанға, қоғамға Патриотизм, батырлық, Ер төстік, Алып
қатысты қасиеттер қайратты, Алпамыс, Батыр Ақжан,
интернационализм, өз Батыр Әлібек, Батыр
отанына деген Тотан, Еркем-Айдар,
сүйіспеншілік, басқа ұлт Нан-батыр, Батыр Асан,
өкілдеріне және мемлекеткеҚұланай жарқын, Батыр
сүйіспеншілік; Тұмарлас, Керғұла атты
Кендебай .
Еңбекке қатысты Еңбекке деген Білікті бала, Етікші
қасиеттер жауапкершілік сезімі, және хан, Екі ағайынды,
қоршаған орта үшін еңбек Жайық және Еділ, Батыр
ету, өз еңбек Науша, Байғыз және
қорытындысына қарға, Өнер күші, Дана
жауапкершілік; Жиренше және Қарашаш сұлу.
Жүріс-тұрысты Адалдық, шыншылдық , Алып Алпамыс,
моральдық шынайылылық, моральды, Ермағамбет, Дана қыз,
қадағалауға пәктік, ашық мінезді Түлкі, сауысқан және
байланысты қарға, Қадыр қуанышы,
қасиеттер Арам хан, Уәзір қызы,
Кептер кеңесі, Ақыл
сатушы, Хан және бүркіт,
Үш әпке.
Құндылықтарды Тепе-теңдік, адалдық және Ер төстік, Алып
бөлуге байланысты объектвті көзқарас Алпамыс, Сақыпжамал,
қасиеттер Ғажайып бақ, Батыр
Асан, Саяхатшы және
еріншек, Дана Аяз.
Бірінші топта : Ертеден қазақ отбасында балаларды тәрбиелеуде
ата- анаға , туыс-бауырларға , аға-інілерге құрмет , кішілерге ізет
көрсетіп отырған.
Екінші топта: адамның бойындағы сыйластық, достық, басқалардың
алдындағыж жауапкершілік сияқты қасиеттерді көрсетеді. Бұл топқа тұрмыстық
өмірді сипаттайтын (Алдар Көсе, Жиренше туралы ертегілер), жануарлар туралы
ертегілер жатады.
Үшінші топта: Ертегілер мен аңыз-әңгімелердің үлкен бөлігі адам
бойындағы – отансүйгіштік, ерлік пен батылдық сияқты қасиеттерді дәріптеуге
арналған. Көптеген зерттеушілердің айтуынша қазақтың ертегілік дәстүріне
батырлар жыры тән.
Төртінші топта: Еңбексүйгіштік, адал маңдай терімен жасалған еңбек
те өте құнды қасиеттер.
Еңбек халық санасындағы ең жоғары бағаланатын құндылықтардың бірі. Көптеген
аңыз-әңгімелер осы тақырыпқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz