Валюта нарығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

жОСПАР:

1. Валюта нарыҒыныҢ ҰҒымы жӘне оныҢ ҚҰрылымы

2. ВалюталыҚ операциЯлар жӘне олардыҢ сипаттамалары

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

1. Валюта нарығы негізінде күрделі әлемдік қаржылық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ел арасында валюталардың сату және сатып алу қызметтерінде көрініс табады.

Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:

  • бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клиентпен сату-сатып алу барысында өзара тікелей әрекеттеседі;
  • банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекеттеседі, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Мәселен, несие беруші банк бос ресурстарды ссудаға өзінің табыстылығын қажетті деңгейде ұстап тұру мақсатында немесе басқа банктермен корреспонденттік қатынасты қамтамасыз ету үшін береді. Дамудың бастапқы сатысында тұрған жас банктер салыстырмалы түрде артық ресурстарға оларды жұмсаудың игерілген сенімді және табысты салаларының жоқтығынан ие болуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті олар өз мүдделерінде пайдаланады. Олар банкаралық нарыққа шығып, оны басқа банктерге ұсынады.

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді. Оны мынадай негізгі элементтер сипаттайды:

  • ұлттық валюта бірлігі;
  • ресми алтын валюта резервінің құрамы;
  • валюталардың бірдейлігі (паритет валюты) және валюта бағамын қалыптастырудың механизмі;
  • валюталарды қайта қалпына келтірудің шарты және валюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;
  • елдің сыртқы есеп айрысу тәртібі;
  • Ұлттық валюта нарығының және алтын нарығының режимі, елдің валюта қатынасын реттейтін ұлттық мекемелердің мәртебесі.

Мұндай жүйенің ерекшеліктері ел экономикасының даму шарттарымен және деңгейімен, сондай-ақ, оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықталады. Халықаралық сауда-саттық мәмілелері екі және одан да көп ұлттық нарықтардың арасында жүзеге асады. Онда әр түрлі сауда орталықтарының банктері бір-бірімен өзара әрекетеседі. Олар екі немесе бірнеше нарықтардағы арбитраждық операцияларды қамтиды.

Валюта - кез-келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражаттының, және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары - шетелдік валюта мәніндегі кез келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген.

Валюталық айырбас - бұл бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысушылары - банктер, экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкімет агенттіктері, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Валюта нарығында ашық ұстанымды хеджерлеудің, әлемнің әр түрлі аудандарына қаражатты инвестициялаудың қажеттіліктерін және сатып алу қабілетін бір елден екіншісіне табыстаудың мүмкіндіктерін қоса алғанда қатысушылардың әр түрлі қажеттіліктері болады.

Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымы, хеджерлеу, клиринг және несие секілді функцияларды жүзеге асырады. Олардың ішіндегі ең жай операцияға ақша аударымын жатқызуға болады. Хеджерлеу барысында валюта нарығының қатысушылары әлуетті залал шектіруі ықтимал валюталық ұстанымдардан қорғануға ұмтылады. Мұндағы әлуетті залалға, мәселен, мынаны жатқызуға болады: долларға қатысты теңге бағамы өсуі мүмкін және осыған байланысты тауардың долларлық құны артады. Бұл жағдайда валюта нарығының қатысушысы теңгені сатып алу арқылы хеджерлеуді жүргізуі мүмкін. Теңгені осылайша форвардтық тұрғыдан сатып алу арқылы тауардың долларлық құнын бекітеді (тұрақтандырады) әрі валюта бағамының өзгерісі барысында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Валюта нарығы басқа қаржы орталықтарында орналасқан корреспонденттік банкте сақтаулы шетелдік валютадағы депозиттер айналымы арқылы әрекет ететін халықаралық төлемдерді жүргізу барысында клиринг механизмін қамтамасыз етеді.

Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:

  • мерзімі шектелмеген салым ақша (талап етілгенге дейінгі депозит) қаражатының телеграфтық немесе электрондық аударымдарын;
  • ұсынушының банктік векселдерін;
  • коммерциялық тратталарды.

Кез келген елдің ішкі ақша айналымында валюта ақшаның барлық функциясын орындау тұрғысынан ғана емес, бұдан әлдеқайда кең аспектіде - халықаралық экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы ретінде алға шыққанда ғана валюта болып табылады.

Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда, ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т. б. жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.

Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп көрсетіледі:

  • жалпы ұлттық өнім;
  • сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы;
  • пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
  • инфляция;
  • өнеркәсіп өндірісінің индексі;
  • жұмыссыздық.

Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы ретінде тұлғаланады.

Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады: (4-кесте) .

4. Валютаның жіктелінуі 1

Негізгі сипаттамалары
Валюта түрлері
Негізгі сипаттамалары: Валюта мәртебесі
Валюта түрлері:
  • ұлттық
  • шетелдік
  • резервтік
Негізгі сипаттамалары: Заттай формасы
Валюта түрлері:
  • қолма-қол ақша
  • қолма-қолсыз ақша
Негізгі сипаттамалары: Өзара қайтымдылық режимі
Валюта түрлері:
  • еркін айырбасталатын
  • ішінара айырбасталатын
  • айырбасталмайтын (жабық)
Негізгі сипаттамалары: Валюта бағамының режимі
Валюта түрлері:
  • оның валюталық бірдейлігі арқылы бекітілген (тіркелген) бағам
  • өзгермелі бағам
  • тұрақты немесе тұрақсыз валюта

Кез келген мемлекетте “валюта” ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былайша жіктелінеді:

  • ұлттық валюта - мемлекеттің ақша бірлігі.
  • шетелдік валюта - шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі.
  • резервтік - халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

Төлем құралы ретінде ұлттық валютаның қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен дереу әрі ең аз шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында және айырбасталатындығында. Осы критерий (өлшем) бойынша барлық валютаның жіктелінуін үш топқа бөлуге болады:

  • еркін айырбасталатын;
  • ішінара айырбасталатын;
  • айырбасталмайтын (жабық) .

Резиденттердің де, резидент еместердің де кез келген операция түрі бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіңдегі еркін валюта айырбасы еркін айырбасталатын валютаны белгілеу барысында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шектеу қойылған елдің валютасын жатқызуға болады.

Валюта нарығының қатысушылары арасында валюта айырбасы болмаса және қандай да бір ел валютасының басқа елдің валютасына пропорционалды байланысы анықталмаса, валюталық операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай механизмді валютаның құнын белгілеу арқылы жүзеге асыруға болады.

Валютаның құнын белгілеу - елдер арасындағы валютаның бағамдарын анықтау, осының негізінде айырбасқа ұсынылған олардың ақша бірліктерінің арақатынасы белгіленеді. Бұл арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай ұдайы өзгеріп отырады.

Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:

  • оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген) бағам;
  • өзгермелі бағам;
  • тұрақты немесе жұмсақ валюта.

Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы “тіркеу” сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағамға тоқталатын болсақ, ол валюта биржаларындағы сауда-саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс-тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде-бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар.

Қазақстандағы валюта нарығы құралдарының құрылымын былайша көрсетуге болады (16-сурет) :

16-сурет. Қазақстан валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығы тұрақты түрде қолданылатын әрі ақша-қаражаттың қажетті шоғырландырушысы болып табылады. Ол қандай да бір нақты орында шектеліп қалмайды, керісінше, байланыс құралдарының күрделі жүйесімен, атап айтқанда, телефондық, телекстік, тіпті электрондық жүйелері арқылы байланысқан операциялық залдардың желісін білдіреді.

2. валюталық операциялар валюталық қатынастардың бір бөлігі ретінде қарастырылады, себебі, валюталық операциялармен ел ішінде емес, сондай-ақ ел банкі мен шетел банкілері немесе валюта нарықтары арасында жүзеге асырылады.

Валюталық операциялар - бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. ҚР аумағында валюталық операцияларды өкілетті банктер мен банктік резиденттер де, емес қаржы ұйымдары арқылы резиденттер еместер де, сондай-ақ олардың айырбас пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Осы аталған ҚР мекемелерінсіз шетелдік валюталарды сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынған.

Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:

1) объектісі бойынша:

  • шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар;
  • шетелдік валютадағы бағалы қағаздармен операциялар;
  • қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;

2) субъектісі бойынша:

  • жеке және заңды тұлғалардың операциялары;
  • мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық және муниципалды құрылымдардың операциялары;
  • шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың операциялары;
  1. жүзеге асырудың режимі бойынша:
  • әмбебап операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болмайды;
  • жекеленген операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болады;
  1. жүзеге асырудың аумағы бойынша:
  • ішкі;
  • шетелдік;
  1. валюталық операцияларды жүргізудің құқықтық қатынас түрлері бойынша:
  • қаржылық-құқықтық - салықтық төлемдерді өтеуге аудару;
  • әкімшілік-құқықтық - айыппұлды шетелдік валютада төлеу;
  • азаматтық-құқықтық - көлікпен тасымалдауды ұйымдастырып беруші резиденттің пайдасына аударылатын, аударылым келісім-шарты негізіндегі импорттаушы резиденттің валюталық төлемі;
  • халықаралық жеке-құқықтық - экспорттық-импорттық сыртқы сауда келісім-шарты бойынша резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлейтін валюталық төлемі;
  • халықаралық жариялы-құқықтық - халықаралық ұйымдардың пайдасына аударылатын валюталық аударым.

Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:

1) меншік құқығының және басқа құқықтардың валюталық құндылыққа өтуімен байланысты операциялар;

2) валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен ҚР-на әкелу және салып жіберу, ҚР-нан әкету және салып жіберу. Валюталық құндылық - бұл номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары (атаулы құны) шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

ҚР “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес валюталық операциялар екі санатқа бөлінеді:

  • ағымдағы операциялар;
  • капитал қозғалысымен байланысты операциялар.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

  • төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес мерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
  • несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ішінде алу;
  • салым ақша, инвестиция, қарыз және басқа операциялар бойынша дивидендті, сыйақыны, басқадай табысты аудару және алу;
  • гранттарды, мұра сомасының аударымын, еңбекақыны, зейнетақыны, алиментті және т. б. қоса алғанда саудалық сипаты жоқ аударымдар.

Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және валюта нарықтары негізгі мәліметтер және қор биржасы
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Қаржы валюта нарығы
Қаржы деревативалардың нарығы
Қаржы және валюта нарығы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Валюта нарығы туралы түсінік
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz