Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы рет, атап айтқанда қылмыстық іс жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету - біздің мемлекетіміздің басым бағыты болды.
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік қызметті одан әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді заңдық шараларды қабылдау қажеттілігін белгілейді. Мысалы, Тұжырымдамада өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту бағытын жалғастыруға бағытталған ереже белгіленген [1, 19 б. ] .
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық саясат екі векторлы бағытта болу қажет: бір жағынан - қоғам мен мемлекет үшін аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықты қатаңдату және екінші вектор - бұл жеңілдету, қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстар үшін жазаны ізгілендіру, ауыр емес қылмыс жасаған адамдарға ізгілікпен қарау.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлы қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс делінген. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады. Тиісінше, мемлекеттің құқықтық саясаты өлім жазасын қолдану аясын кезең-кезеңмен тарылту бағытын жалғастыруға бағытталуға тиіс [2, 2 б. ] .
Қазақстан пенитенциарлық жүйені реформалауда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан еліне «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Жолдауында қылмыстық құқық аясын одан әрі ізгілендіру қажеттілігіне көңіл аударады.
Елбасының алға қойған маңызды міндеттерінің біріне өлім жазасын қолдануға мораторий енгізу үшін ұйымдық, материалдық және заңнамалық шарттарды жасауды жатқызуға болады [3, 2 б. ] . Президентпен қойылған міндеттерді орындау біздің елімізге Еуропа қауымдастығына толыққұқылы мүше ретінде кіруге мүмкіндік береді, өйткені өлім жазасын қолданудан бас тарту, осы беделді ұйымға қабылдаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осыған орай, Елбасының 2003 жылғы 17 №1251 Жарлығымен Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізілді [4, 1 б. ] . Осы жарлықтың негізінде Қылмыстық кодекстің уақытша тоқтатылып келген өмір бойы бас бостандығынан айыру жөніндегі қағидалары 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәжірибеге енгізілді. Осы жаза ғана өлім жазасына нақты балама ретінде танылды. Осыған деген сенімділік сот тәжірибесінің материалдарына да негізделген. Қылмыстық Кодексте қасақана адам өлтіру үшін екі жоғары жаза мөлшері 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал қылмыстардың жиынтығы бойынша - 25 жылға дейін көбейгеннен бері, өлім жазасы бойынша үкімдер екі есеге азайған Соттар ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасының қолданылуына басымдылық берді. Осыдан келіп, өмір бойы бас бостандығанан айыру институтының пайда болуы өлім жазасы туралы үкімдерді шығару жағдайларын азайтып, одан толық бас тарту үшін алғы шарттарды жасайды деуге негіз бар.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазаның ерекше түрін (өлім жазасын) біртіндеп ығыстыруға және алмастыруға қабілеті бар қорқытудың жеткілікті деңгейде жоғары потенциалына ие. Еуропаның барлық мемлекеттері өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастыра отырып, заңнамада және іс тәжірибеде жазаның жоғарғы түрінің сақталуы мен қоданылуынан бас тартып, осы жолмен келеді.
Мұндай қадам әлемдік тенденцияларға толық сәйкес келеді, бірақ өмір бойы бас бостандығынан айыру біздің республикамызда салыстырмалы түрде жаңа қылмыстық-құқықтық институт және құқыққолдану тәжірибесінде әзірге жүзеге асырылмаған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі өмір бойы бас бостандығынан айыруды орындаумен, сондай-ақ ұзақ мерзімге сотталғандармен айналысуға байланысты бірқатар мәселелерге тап болып отыр. Әдеттегідей, ұзақ мерзімге (мерзімсіз) бас бостандығынан айыруға сотталғандарға ұзақ уақыт бойы жалғыз қамалуына әкелетін ұстаудың қатаң жағдайларын тағайындауды (10 жыл) (ҚР ҚАК 123-бабы), бұл БҰҰ Нұсқауларына сәйкес келмейді. Сотталғандарды ұзақ уақыт бойы жеке ұстау қылмыскердің жеке тұлғасының кері кетуіне (деградациясына) әкеп соқтырады, бұл қылмыстық саясаттың ізгілікті үрдісіне және түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелеу процесіне сәйкес келмейді. Сол себептен бүгінгі таңда талқылауды қажет ететін маңызды мынадай мәселелер бар: заңдық базаны дайындау, бұл жаза түріне сотталған адамдармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, өмір бойы бас бостандығынан айыруда қылмыстық жазаның мақсаттарына етуге әсер ететін факторларды қарастыру.
Сонымен қатар, аталған институт кешенді әлеуметтік-құқықтық мәселе екендігін және оны шешуде өмір бойы бас бостандығынан айыру саяси-әлеуметтік, экономикалық, психологиялық-педагогикалық және құқықтық категория екендігін естен шығармау керек.
Аталған мән-жайлар диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің мақсаты - Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық аспектілеріне кешенді талдау жасай отырып, отандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды:
- өмір бойы бас бостандығынан айырудың ұғымы мен мәнін, сондай-ақ оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орнын анықтау;
- жекелеген шет мемлекеттерде өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау мен орындаудың құқықтық реттелуіне талдау жасау;
- өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау мен атқаруды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларының, халықаралық-құқықтық актілердің нормаларын зерттеп, отандық заңнамадағы олқылықтарды анықтау;
- өмір бойы бас бостандығынан айыруды орындаудың өзекті мәселелері мен ерекшеліктерін талдау: ұстау режимін, әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысы, мерзімінен бұрын-шартты түрде босату;
- өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану бойынша отандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру өзінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жазалар жүйесінде орын алуымен екі қарама-қайшы тенденцияны алға тартады - жазаны ізгілендіру және мемлекеттің жазалау саясатын күшейту: адамның өмірін сақтай отырып, қылмыстық жазаның ең қатаң шарасы болып табылады.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырудың бір түрі болып табылады. Осыған байланысты ҚР ҚК 39-бабы 1-бөлігінің «и» тармағына «белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген толықтырулар енгізіп, ҚР ҚК 49-бабына тиісті толықтырулар енгізу мақсатқа сәйкес деп білеміз.
3. Өмір бойы бас бостандығынан айыру - «Адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде адамдардың өлімімен ұштасқан террористік қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға заңмен анықталмаған мерзімге тағайындалатын, және сотталушыны айрықша режимдегі колонияға отырғызу жолымен оқшаулаудан тұратын жаза түрі».
4. Сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген құқық бұзбайтын мінез-құлқымен түзелгендігін дәлелдесе және кемінде жиырма жылдық жазасын өтесе, ондай адамға мерзімінен бұрын-шартты түрде босату қолданылғаны дұрыс. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 70-бабының 5-бөлігі мынадай мазмұнда ұсынылады:
5. Егер сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, құқықбұзбайтын мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін дәлелдесе және кемінде жиырма жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға жатады.
5. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаннан кейінгі уақытқа сынақ мерзімін белгілеу қажет. Сотталғандардың мұндай категориялары үшін сынақ мерзімі соттылықты жою шегінде болуы мүмкін, яғни 8 жыл. Осыған байланысты ҚР ҚК 70-бабының 5-бөлігін 2-бөлікпен мынадай редакцияда толықтыруды ұсынамыз: «Өмір бойы бас бостандығынан айырудан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдар үшін сынақ мерзімі 8 жылға белгіленеді».
6. Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеу жағдайларын одан әрі дифференциациялау бөлігіне қажетті өзгерістер енгізу керек (өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкімді қайта қарау және сотталғандарды басқа режим түріне ауыстыру, жазаны өтеудің басқа жағдайларына ауыстыру үшін жазаны өтеу мерзімін кеміту және мерзімінен бұрын босату) .
Бұл мақсаттарға орай өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды 5 жылдан кейін қатаң режимнен дағдылы немесе жазаны өтеудің жеңілдетілген түріне ауыстыру мүмкіндігін қарастырған жөн. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 123-бабының 3 және 4 тармақтарына келесідей түзету енгізу қажет:
3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына орналастырылады. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына көшіру жазаны өтеудің қатаң жағдайларында кемінде бес жылын өтеуі бойынша осы Кодекстің 120-бабының 5-тармағында аталған негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында кемінде бес жылын өтеуі бойынша осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында аталған негіздер бойынша жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.
1 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1. 1 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде өмір бойы (мерзімсіз) бас бостандығынан айыру тәрізді жазаның жаңа түрі енгізілді. Алайда, мұндай жаза біздің қылмыстық кодексімізде жазалар жүйесіне енгізілген жоқ.
Қазақстан Республикасында қылмыстық заңшығарушы, қылмыстық жазаның бір түрі ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды толық ресмилендіру қағидатынан бас тарта отырып, бұл жазаны ҚК-48 бабының 4-бөлігінде бас бостандығынан айырудың бір түрі ретінде қарастырып, басқа жолмен белгіледі. Көлемі бойынша үлкен (7-бөлік) 48-бап негізінен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрін реттеуге арналған. Сондықтан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалар жүйесінде бір-бірімен тиісінше бір бөлік және біртұтас ретінде арақатынасып мерзімді бас бостандығынан айырудың орнын басады. Сол себептен өмір бойы бас бостандығынан айыру Қылмыстық Кодекстің жеке бабымен реттелмеген. Заң шығарушының осындай логикасына сүйенсек, өмір бойы бас бостандығынан айыруды ҚК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес «жай» бас бостандығынан айыру сияқты негізгі жазалар категориясына жатқызу қажет.
Заң шығарушы өзінің құқықтық табиғаты және басқа да заңдық белгілері бойынша мерзімсіз бас бостандығынан айырудың оның мерзімсіз түрінен айырмашылығы жоқ деген пікірде болуы әбден мүмкін, бірақ мұндай позиция қылмыстық-құқықтық доктринада көп пікірталастар тудырады.
Бұрынғы (ресейлік те, қазақстандық та) заңнамаға белгісіз өмір бойы бас бостандығынан айыру бұрын өлім жазасы қолданылатын қылмыстардың құрамының елеулі түрде қысқаруына байланысты, сондай-ақ ең жоғары жаза түріне балама ретінде енгізілді. Бұл жаза түрі ең ауыр жазалар қатарына жатқызылуға тиіс болса да, белгілі мағынада бұл қылмыстық жауаптылықтың ізгілік шарасы ретінде де қарастырылуға тиіс: өмір бойы бас бостандығынан айыруды енгізу өлім жазасын қолдану жағдайларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Өмір бойы бас бостандығынан айыруды реттейтін (ҚК 48-бабының 4-бөлігі) құқықтық норма тек ізгілік және әділеттілік қағидаттары ғана емес, отандық қылмыстық кодекстің тағы бір қағидасы - қылмыскерді жазалауда жазалау құралдарын үнемді пайдалану (репрессияны үнемдеу) қағидасына да толық сәйкес келеді. Бұл қағидалар ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде тікелей белгіленбегенімен, олар оны құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығының мазмұнынан келіп шығады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚР ҚК мәтінінде жалпы өлімнің қылмыстық-құқықтық нормаларының диспозицияларында белгіленіп, Ерекше бөлімнің баптарының санкцияларында қарастырылады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚР ҚК мәтінінде ҚК Жалпы бөлімі қылмыстық-құқықтық нормаларының диспозицияларында бейнеленеді: 48-баптың 4-бөлігі; 48-баптың 5-бөлігінің «г»тармағы; 49-баптың 3-бөлігі; 58-баптың 4-бөлігі; 70-баптың 5-бөлігі; 75-баптың 4-бөлігі.
ҚК 48-баптың 4-бөлігі өмір бойы бас бостандығынан айыруды өлім жазасына тек балама ретінде ғана қолдануды қарастырады.
Демек, өлім жазасы сияқты адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ ҚК 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді.
Біздің Республикамыздың Қылмыстық Кодексі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚК Ерекше бөлімінің 17-бабымен қамтылған 18 қылмыс құрамы үшін тағайындалуы мүмкін: 96-баптың 2-бөлігі (адам өлтіру) ; 156-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу) ; 159-баптың 2-бөлігі (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану) ; 160-бап (геноцид) ; 162-баптың 4-бөлігі (жалдамалылық) ; 165-бап (мемлекеттік опасыздық) ; 167-бап (Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау) ; 171-бап (диверсия) ; 233-баптың 4-бөлігі (терроризм) ; 340-бап (сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу) ; 367-баптың 3-бөлігі (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау) ; 368-баптың 3, 4- бөліктері (бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету) ; 369-баптың 3-бөлігі (бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері) ; 373-баптың 3, 4-бөліктері (қашқындық) ; 374-баптың 3, 4-бөліктері (дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтік жалтару) ; 375-баптың 3-бөлігі (жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу) ; 380-баптың 3, 4-бөліктері (билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі) ; 383-бап (жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету) .
ҚК 48-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы ҚР ҚК 49-бабының 5-бөлігінде де айтылған: «Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін» [5, 17 б. ] .
ҚР ҚК «өмір бойы бас бостандығынан айыру» терминіне анықтама берілмегендігін айту қажет. Заңшығарушы тек белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ғана анықтама берген: «Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады» (ҚР ҚК 48-бабы) .
Ғылыми және заң әдебиеттерінде өмір бойына жазалаудың синонимі ретінде пайдаланылатын әр түрлі терминдерін кездестіруге болады, мысалы «өмір бойына қамау» [6, 15 б. ], өмір бойына (мерзімсіз) бас бостандығынан айыру [7, 6 б. ] .
Бірқатар авторлардың пікірінше, бұл онша дұрыс емес. С. И. Ожеговтың сөздігіне сәйкес: «Айыру» - бұл біреудің бір нәрсесін алу, мысалы, бостандығынан айыру. «Қамау» - бұл бостандығынан айырылған адамның жағдайы, мысалы, қамауда болу, өмір бойына қамауға алыну. Сондықтан орыс тілі тұрғысынан бас бостандығынан айыру мен қамауды синоним ретінде пайдалануға болады. Алайда «өмір бойына» және «мерзімсіз» сөздерінде әр түрлі мағына бар. «Өмір бойына» сөзі «өмірдің соңына дейін», ал «мерзімсіз» «мерзіммен шектелмеген» дегенді білдіреді [8, 49-50 бб. ] .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекс өмір бойы бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айыру жазасының бір түрі деп таниды. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы бойынша ол қылмыстық жазаның дербес түрі болып саналады (Мысалы, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 44-бабының «м» тармағы және 57-бабы, Беларуссияның Қылмыстық кодексінің 48-бабы 1-бөлігінің 10-тармағы, Өзбекістан Қылмыстық кодексінің 43-бабы, 1-бөлігінің «з» тармағы, Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 42-бабы, Арменияның Қылмыстық кодексінің 49-бабы) .
Өзінің мазмұны бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру сотталған адамды бостандық құқығынан айырудан тұрады және де қолданылуы мерзімсіз мерзімсіз бас бостандығынан айырудың ерекше түрі болып табылады [9, 128 б. ] .
Мысалы, О. В. Филимонов өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы жазады: «Белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырудан айырмашылығы - өмір бойы бас бостандығынан айыру алдымен, көп жағдайларда сотталған адамды босатылу мүмкіндігінен айыратындығында. Заңмен кемінде бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеуі бойынша сотталған адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босату белгіленгенімен, барлық сотталғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға үміттене алмайды. Оның үстіне бұл белгіленген мерзімді өтей салысымен автоматты түрде қолданылмайды, тек сот сотталған адам жазаны ары қарай өтеуінің қажеті жоқ деген қорытындыға келген жағдайда ғана қолданылады [10, 102 б. ] .
Р. Р. Галиакбаров «РФ ҚК 79-бабы өмір бойы бас бостандығынан айырудан мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігін қарастырғанмен, жазаның мәнісі өзгермейді, өйткені сотталған адам жазасын одан әрі өтеуді қажет етпейді деген қорытындыға келген жағдайда ғана осылайша босатуға негіз туындайды. Оның үстіне РФ ҚК 79-бабын қолдануға құқық беретін ұзақ 25 жылдық мерзімді сотталғандардың үлкен бөлігі өтей алмайды» [11, 318 б. ] .
ҚР ҚК сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде босату «автоматты түрде» сотталғандардың қайсібір категориясына қолданылмайды, ол әрдайым белгілі шарттармен байланысты екендігін айту керек.
ҚР ҚК 70-бабының 1-бөлігіне сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде мерзімді босатуға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өтеуі, сондай-ақ сотпен өзінің түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп танылған сотталған адамның мінез-құлқының болуы қажет [5, 70 б. ] .
Әрине, барлық өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілер 25 жылдық мерзімді өтегеннен соң босатылуға жатпайды, ал олардың ішінен тек түзелу жолына түскендері және қоғамға қауіптілік тудырмайтындары ғана босатылуға тиіс. «Өмір бойы жазасын өтеушілер» - аса қауіпті және қатыгез қылмыскерлердің категориясы екенін естен шығармау керек.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 48-бабы бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады деп белгілейді. ҚР ҚК 48-бабы 5-бөлігінің «г» тармағына сәйкес өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады. Сонымен, өмір бойы бас бостандығынан айырудың сапалық жағы - жазаны өтеу режимі, бас бостандығынан айыру режимі түрлерінің жүйесіне толық кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz