Үйлену тойының мәдениеті қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Үйлену тойының мәдениеті Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі

Үйлену тойы - екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты. Ол - үйлену арқылы харам болған нәрсені халал етіп, халал болған нәрсені харам етіп берген Аллаһтың нығметін паш ету тойы. Сондай-ақ, бұл үйлену - әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне халал болғанын, керісінше енесі күйеу баласына, атасы келініне харам болғанын (жұбайлық қарым-қатынаста) білдіреді.

Ер мен әйел - отбасының екі іргетасы. Ол үйленумен қаланады. Үлкен бір кедергілер болмай тұрмыс құрмағандар дербес әрі адамгершілік міндетінен қашқан болады. Себебі, адам баласы адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйлену арқылы берік қорғай алады. Ойшыл А. Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».

Қыз ұзату Үйленетін жігіттің ата-анасы болашақ келінінің

ата-анасының алдынан өтіп, құда түсіп, оған лайықты

сый-сияпатын жасап, салт-дәстүрлерді орындаған соң қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады:

1. Құдай жолы;
2. Кереге керер;
3. Шаңырақ көтерер;
4. Уық шаншар;
5. Туырлық жабар;
6. Түндік жабар;
7. Үзік жабар;
8. Бау-шу байлар;
9. Отау байғазысы;
10. Мойын ұсынар.

Отауға түсу Түн ортасы ауған кезде күйеу жігіт пен қалыңдық отауда оңаша кездеседі. Мұны «Отауға түсу» деп атайды. Қыз жеңешелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек дайындайды, көрпе үстіне ақ шүберек (неке жаулық) салады, тілеуін тілеп екі жасты бөлек қалдырады. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаған болып шықса, онда жеңгелері сүйінші сұрайды.

Тойға шақыру той басталардан екі күн
бұрын жан-жаққа шақыртушылар жіберіледі, алыстағы ағайынға екі-үш ай бұрын хабарлайды. Жастар қараңғы түсісімен киіз үйдің іргесіп түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып айтыс бастайды. Жеңілген жақ уақ-түйек пен бір тоғызға дейін тө-лейді.

Қыз ұзату тойы қалың- дықтың ата-анасы қалаған ойын-сауық, салт-дәстүр-мен өткізіледі. Тойдағы балуандар күресінің, көк-пардың, ат бәйгесінің түр-лі ойындардың өз жүлдесі болады. Ең үлкен жүлде ат бәйгесінікі: бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз, екінші бәйгеге ат бастатқан тоғыз беріледі.

Қыз жасауы
Қазақта ұзатылатын қызға жасау беріледі. Оны алдын-ала әзірлейді. Қыз жасауы тоғыз түрлі. Олар мынандай: Ақ отау. Екі үзік, екі туырлық, бір түндік. Ескерту: ақ отаудың шаңырағын, керегесін және жарты жабын киізін күйеу әкеледі.

Көрпе-төсек. Ағаш төсек, құс төсек, көрпе-жастық, төсеніш көрпе, құрақ көрпе, жүкаяқ, сандық, жағлан. Төсеніш. Бірнеше текемет, сырмақ, откиіз, 4-5 алаша, 2-3 кілем.
Киім-кешек. Әрқайсысы тоғыздан тон, ішік, көй- лек-көншек, шапан, қамзол, бешпент.
Ыдыс-аяқ. Қазан-ошақ, құман, саба, торсық, шара, шөміш, ожау, қасық, тос-таған, күбі, келі, кебеже, асадал, саптыаяқ, тегене.
Қару-жарақ. Ер-тұрман, садақ, берік сауыт, қалқан, берен қылыш.
Көлік және сауын ма-лы. Әр түлік бойынша бір-бір мал.
Сойыс малы. Сойыс ма-лы бір, бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі.
Құрал-жабдықтар. Балта, шот, балға, ара, егеу, ине, біз, үскі, талыс және т. б.

Келін түсіру
Жасаулы көшті қарсы алу. Ауыл әйелдері жасаулы көшті шашу шашып қарсы алады. Көш бастар түйенің бұйдасын жетектеп ауылға енген әйел «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алады.

Ақ отау тігу Ол күйеу жігіттің әкесінің үйінің оң жағына тігіледі. Шаңырақты жақсылықпен атағы жайылған ана көте-реді. Оны алдын-ала таңдап қояды. Отау тігілген соң жиһаздары жиналады. Ке-ліннің алдынан қыз-келіншектер шымылдық алып шығады.

Жас келінді қайын атасының үйіне кіргізу: ауыл шетінде күтіп тұрған жеңгелері жас келінді шы-мылдықпен бүркемелеп, қа-йын атасының үйіне алып келеді. Жас келін босағаны оң аяғымен аттайды; сонан соң тізесіп бүгіп, үш рет қайын атасына сәлем жасайды; атасы «көп жаса, бақытты бол» деп батасын береді; жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ төсенішке отырғызады. Мұнан соң отқа май құю рәсімі басталады.

«Отқа май құю»
Қазақтың әдет-ғұрыптары есте жоқ ерте замандағы дүниетанымынан бастау алып, кейін дәстүрлі құ-қықтық сана-сезіміне ұлас-қан. Отқа май құю-ежелгі қазақтардың аталар аруа-ғына, от құдіретіне бас июіне байланысты қалыптас-қан дәстүр. Бұл дәстүр күйеу жігіт алғаш рет ресми түрде қалыңдығына ұрын барғанында, одан кейін қа-лыңдығын алып қайтуға бар-ғанында, жаңа түскен келін қайын атасының шаңырағына алғаш келіп кіргенінде жасалады. Халық сенімінде отқа құйылған майдың қо-ңырсыған иісі екі жақтағы аруақтарды риза етеді, олар әрдәйім екі жасты желеп-жебеп жүретін болады.

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов үйлену тойында отқа май құю дәстүрі туралы былай деген: « . . . Қазақтар отты әулие санайды, осы әулие атаулармен мұсылман тақуаларын да атайды.
Сонымен бірге жаңа түскен келіннің жұмсақ, биязы болуын тілеп, отқа май құйып, еңкейтіп, тағзым еткізеді, жас нәресте дүниеге келгенде, баланы отқа жақындатып, жалбарынады; отқа тазалаушылық қасиеті бар деп аластайды. Отпен анттасып, өшіп қалған от болса да, оған түкіртпейді».
«Бір адамның жаққан отынан он адам жылынады» деп отты қастерлейтін қазақ халқы келін түсіргенде отқа май құяды, келіннің енесі осы отқа екі алақанын қыздырып, жаңа түскен келіннің екі бетінен сипап: «От - Ана, Ұмай - Ана, жарылқай гөр!», - деп тілек айтады. Қасындағы әйелдер де: «Оттай опалы бол!», - деп қолдарын от-қа қыздырып, жас келіннің маңдайына тигізеді.

Жас келінді ақ отауға әкелу
Атасынан бата алған жас келінді енді екі жасқа арнайы тігілген ақ отауға апарады. Оны күйеу жігіттің шешесі шашу шашып қарсы алады. Жас келін табалдырықтан оң аяғымен аттап ішке кіреді. Енесі жас келінді киіз үйдің сол жағына тігілген шымылдықтың ішіне әкеліп отырғызады. Еріп келген қыз-келіншектерге әртүрлі сыйлықтар үлестіріледі.
Жас келін мен күйеу жігіттің ата-анасы беташар жасап, той өткізуге әзірленеді.
Қол ұстасу Бұл - күйеу жігіттің қалыңдығын қолынан ұстап үйіне алып келуі. Ол - жұбайлық өмірдің басы. Ері ендігі жерде әйелі үшін жау-апты, некемен келер бар- лық жауапкершілікті мойнына алады. Қол ұстасу жы-ныстық қарым-қатынаста болуды да білдіреді. Ерлі- зайыптылар «алғашқы кездесуге» психологиялық тұр-ғыда дайын болуға тиісті. Олардың ақ некеден кейінгі жыныстық қарым-қатынасты - ұрпақ көбейтуге, зинадан аулақ болуға, нәпсіқұмар-лықтан ада болуға жасалған оң қадам деп қабылдағаны абзал.

Неке қию Ол екі түрлі. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру.

Қазақ салты бойынша, «неке оқылғаннан кейін жас жұбайлардың шымылдығына үкі тағылады. Үкі-күндіз жатып, тіршілігіне түнде кірісетін құс. Ата-ана ол балаларына бас-көз болсын деп ырымдайды. Екінші - үкінің қауырсыны сұлу, сәнге керек. Үшіншісі, үкі келіннің қыз күніндегі тақиясына тағылған, естелік ретінде бірге болуға тиіс. Сонан соң екі жастың пәк төсегін жақындарының ішіндегі ең көргенді, көп балалы келінге ырымдап салғызады. Сосын қыздың шешесі (енесі) дайындалған төсекке келіп аршаның түтінімен айнала түтіндейді. Мұнысы - біріншіден арша - қысы-жазы солмайтын, қурамайтын ағаш, анасының екі балам осы ағаштай өмір бойы қартай-масын дегені. Екіншіден, арша түтінінде тамаша иіс бар. Үшіншіден, арша қа-зақ ұғымында пәле-жаладан аластайды. Бұл тәртіп қыз ұзатылып барғаннан ке- йін күйеу жігіттің де үйінде қайталанады. Төсекті келіннің жеңгелері салады, бірақ мұнда қыздың пәктігі тексерілмейді».

Неке сақинасы Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлық- тар ойлап тапқан. Сақи-наның дөңгелек қалыбы (формасы) - мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

Той күні қонақтардың кү-йеу жігіт пен қалыңдық-қа жақындауы (қол тигізуі) бақыт әкеледі деген ырым бар. Өйткені, бұл күні қос аққудай болған жас жұбайлар Аллаһ Тағаланың шапағатына бөленеді.
Көп елдерде жас келіннің өз босағасын аттап кірерде құлап қалуы жаман ырым саналғандықтан, күйеу жігіттің қалыңдығын көте-ріп үйіне кіргізуі дәстүрге айналған.
Той өткізу бағдарламасы Қазір үйлену тойларының көбісі мейрамхана, дәмханаларда өткізіледі. На- маз оқитын мұсыл-мандар үшін үйлену тойын арақ-шараппен, еркектер мен әйелдердің араласып, жаншұшыра билеп өткізуі, оған қатысу харам санатында. Әрине, әдепсіз әндер болмаса, кілең әйелдер жиналса, олардың дауыстап ән айтуына болады.

Үйлену тойының мейрамханада қызықты, мазмұнды өткізілуі асабаларға байланысты. Алайда көп тойды өткізетіндер ортанқол асабалар. Әдебиеттен, өнерден, тарихтан, салт-дәстүрден ха- бары бар асабалар да болады. Кейбір үйлену тойларында белгілі өнер адамдары да асаба қызметін атқарады. Өйткені асаба болу - табыс көзі. Тек бір өкініштісі, той өткізудің үлгі алар ұлт- тық бағдарламасы (сценариі) жоқ. Әр асаба өзінше сценарий құрып, той өткізеді. Ал оның кемшіліктері, әдепсіз жағы өте көп. Кейбір тойлар жиналысқа айналады. Одан шаршап шығасың.

Асабаларға ортақ кемшіліктер * Олар айтатын сөздерін алдын-ала жаттап алады. Содан той жаттанды түрде жүргізіледі.
* Тілек кезегіндегі жаттанды өлеңдері ұйқаспай жатады. Кейбір асабалар аяқ астында суырып салып айтамын деп сөзін былықтырып, шатасып та қалады. Арақ-шарапқа қызғандар оны байқамайды.
* Асабалардың әрбір тойда айта-айта жауыр болған, құлаққа түрпідей тиетін 3-4 анекдоты бар. Олар «с картинками» деп орыстардың әдепсіз, боғауыз анекдоттарын да соғып жібереді. Оны кейде қазақшаға аударып тіпті ұялтады. * Асабалар тойда үлкен қариялардың, діндар адам- дардың, белгілі қоғам қай-раткерлерінің отырғанымен санаспайды. Қандай әзіл-қалжың мұндай ортада әдеп- сіз, ыңғайсыз, оған мән бермейді. Әйтеуір, жиналған жұрт күлсе болғаны.

* Асабалар құда-құдағи-ға, түрлі мамандық иелеріне қатысты әзіл-қалжыңдарды іздеп, тойға алдын-ала дайындалмайды.

* Той үстінде әкесіндей, шешесіндей адамға «сен» деп сөйлейтін, «Ой, қайда барасың, көзің қайда?», - деп айтатын, «көке, қыс-қа сөйлесеңші, жиналыста отырған жоқсың ғой», - деп ескерту жасайтын, тұрпайы мінез танытатын да асаба- лар көп.

* Көп асаба Төлеген Ай-бергеновтың «Бір тойым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз айту
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс
19-20 басындағы қарақалпақтардың отбасылық некелік қарым-қатынастарына байланысты әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері жүйесі
Оқушылардың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру жолдары
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Некеге тұру шарттары
ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ
Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz