Ұйымның ішкі және сыртқы орталары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Бөлім
Ұйымның ішкі ортасы.
1.1. Басқару аппараттың атқаратын жұмысының тиімділігін бағалау ... ... ... ... .
1.2. Ішкі ортаны бағалау ... ... ... ... ...
1.3. Ішкі параметрлерінің мақсаттарының құрлымы және технологиясы ... ...
II. Бөлім.
Ұйымның сыртқы ортасы.
2.1. Менеджменттің сыртқы параметрлері, сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Заң, тұтынушылар және бәсекелестер
III. Бөлім.
Ішкі және сыртқы параметрлерді талдау
3.1. Ішкі параметрлерді талдау ... ... ... ... ... .
3.2. Сыртқы параметлерді талдау ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...
Қосымшалар
Менеджменттегі ең маңызды ұғымдардың бірі ұжым болып табылады. Әрбір ұжымның іс-әрекеттері тек қоршаған орта мүмкіншілігі қолайлы болған жағдайда ғана тиімді. "Тиімділік" деген ұғым шығындармен және нәтижелерді өзара салыстырғанды ұйғарады. Тиімділікті арттыру аз шығындармен көп және өте жақсы нәтижені алғанды көрсетеді. Ішкі параметрлер оның өзіндік күшінің негізі екендігі даусыз. Сыртқы параметрлер ұжымды қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін қайнар көз. Ұжым сыртқы ортамен тиянақты алмасу қалпында болып табылады. Сонымен қатар ол өз-өзін құтаю мүмкіндігімен қамтамасыздандырады.
Әрине, бұл құбылыс менеджерлердін айнымас ілтипатына бөлінуде. Сондықтан да, өзіндік жұмыстың мақсаты менеджментің тиімділігі және оның әрқашанда өзара байланыста болып табылатын ішкі және сыртқы параметрлерін сипапау. Және де әрітүрлі факторлар арқылы оны бағалап, талдау жасау.
I-ші тарауда басқару аппаратының атқаратын жұмысының тиімділігі және менеджменттің манызды құрамы ретінде сипатталатын: кадрлар, технология, кұрылым, мекеме мақсаттары, яғни, ішкі параметрлері қарастырылады. Барлық ұжымдық элементтердің қарым-қатынастары және оларға деген сыртқы параметрлердін әсері орын алады.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы.
Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
I. Бөлім
Ұйымның ішкі ортасы.
1.1. Басқару аппараттың атқаратын жұмысының тиімділігін
бағалау ... ... ... ... .
1.2. Ішкі ортаны бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.3. Ішкі параметрлерінің мақсаттарының құрлымы және технологиясы ... ...
II. Бөлім.
Ұйымның сыртқы ортасы.
2.1. Менеджменттің сыртқы параметрлері, сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Заң, тұтынушылар және бәсекелестер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III. Бөлім.
Ішкі және сыртқы параметрлерді талдау
3.1. Ішкі параметрлерді талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3.2. Сыртқы параметлерді талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Kipicпе.
Менеджменттегі ең маңызды ұғымдардың бірі ұжым болып табылады. Әрбір
ұжымның іс-әрекеттері тек қоршаған орта мүмкіншілігі қолайлы болған
жағдайда ғана тиімді. "Тиімділік" деген ұғым шығындармен және нәтижелерді
өзара салыстырғанды ұйғарады. Тиімділікті арттыру аз шығындармен көп және
өте жақсы нәтижені алғанды көрсетеді. Ішкі параметрлер оның өзіндік күшінің
негізі екендігі даусыз. Сыртқы параметрлер ұжымды қажетті ресурстармен
қамтамасыз ететін қайнар көз. Ұжым сыртқы ортамен тиянақты алмасу қалпында
болып табылады. Сонымен қатар ол өз-өзін құтаю мүмкіндігімен
қамтамасыздандырады.
Әрине, бұл құбылыс менеджерлердін айнымас ілтипатына бөлінуде.
Сондықтан да, өзіндік жұмыстың мақсаты менеджментің тиімділігі және оның
әрқашанда өзара байланыста болып табылатын ішкі және сыртқы параметрлерін
сипапау. Және де әрітүрлі факторлар арқылы оны бағалап, талдау жасау.
I-ші тарауда басқару аппаратының атқаратын жұмысының тиімділігі және
менеджменттің манызды құрамы ретінде сипатталатын: кадрлар, технология,
кұрылым, мекеме мақсаттары, яғни, ішкі параметрлері қарастырылады. Барлық
ұжымдық элементтердің қарым-қатынастары және оларға деген сыртқы
параметрлердін әсері орын алады.
Жоғарыда айтылғандай, менеджменттің дамуына бірқатар сыртқы факторлар
әсері етеді. Екінші тарауда сыртқы параметрлерлін өзара қарым-қатынасы мен
негізі айқындалады.
Соңғы тарауда стратегиялық жоспарлардың ең біp манызды элементі болып
табылатын ішкі және сыртқы параметрлерінің талдауы орын алады. Талдау
ұжымның тәртіптік стратегиясын анықтау және оны өмірде іске асыру үшін аса
қажет. Сонымен қатар, ұжымның жемісті дамуы үшін қажетті болып саналатын
менеджменттегі ішкі және сыртқы факторларды талқылау жұмыстың негізгі
мақсаты боп көзделеді.
Менеджмен теориясы секілді аталмыш тақырып қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі. Жаңа ғасырда мемлекетіміз нарықтық экономика негізі
болып табылатын заманда өмір сүре білуі қажет, ал оның маңызды серті -
жоғарыквалификациялы басқарушылар. Ал фирманың жемісті дамуының кепілі
сыртқы факторлар мен ұйым элементтерін белгілеп, талдай білу.

Басқару аппаратының атқаратын жұмысының тиімділігін бағалау.
Басқару аппараттың атқаратын жұмысының тиімділігін арттыру бірқатар
факторларға тәуелді, оларды әртүрлі белілермен бір жүйеге келтіруге болады.
Мазмұны бойынша ұйымдық факторлар белгілі - бұл аппаратының рационалды
кұрылымы, еңбектің айқын фунционалды бөлінісі және кадрларды дұрыс іріктеу
мен орналастыру, рациональды құжатайналымы, еңбек тәртібі.
Жеке жергілікті критериялар тобы:
* өнімді өндіруге немесе қызметті көрсетуге кеткен еңбектін ең аз шығыны;
материалдық ресурстардың ең аз шығыны;
* негізгі өндіріс қорлары (Н.Ө.Қ.) пайланаудың өте жоғары көрсеткіштері;
ең аз шығындар;
ең жоғары рентабельдік.
Сапалық критериялар тобы:
кәсіпорынның техникамен жабдықталуының жоғары деңгейі
* жұмыскерлердін куатын (шаруасын) азайтуға әкеліп отыратын олардың еңбек
жағдайы;
* қысқа мерзімде берілген норманың шегіндегі шығынымен тапсырмаларды,
келісім шарттарлы (немесе қызмет көрсетуді) орындау;
* берілген норманың шегіндегі тұрақты шығынмен көрсетілетін қызметтің
жоғары сапасы;
* беріліен барлық басқа көрсеткіштерді орындауда кызметкерлер кұрамының
тұрақтылығы;
экологиялық тазалық:
басқарудың тиімділігінің критериясы белгілі бір жағдайда өнімнің ең
көп шығарылуы немесе көрсетілетін қызметтің eң көптігі болуы мүмкін.
Басқару субъектің іс-қимыл жағынан, басқаша айтқанда басқарылатын
жүйелеріне қарай алғанда, экономикалық тиімді критериялары болып саналуы
мүмкін:
- басқару шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратт жинау;
- оңтайлы шешімді қысқа мерзімде қабылдау қабілеттілігі
шешімді орындаушыларға тез арада жеткізу;
шешімнің айқын орындалуын байқау үшін кешенді бақылау жүргізу;
Осы критериялардың барлыгы белгілі көрсеткіштер жүйесінде көрсетілуі
керек. Қысқасы басқару еңбектің тиімділігін бағалауда бұлардың бәрі жалпы
алғанда ұйымның атқаратын іс-кызмстінің түпкілікті нәтижелері арқылы
көрінісін табу керек.

Ішкі ортаны бағалау.
Фирманың ішкі мүмкіндіктерін игере алатындығын, ал сыртқы
мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын
айыра алуын анықтаудың зор манызы бар. Процестер көмегімен ішкі проблемалар
диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.
Басқарушының тексеруі мынадай қызметтерге жүргізіледі: маркетинг,
қаржылар, (бухгалтерлік есеп), операциялар (өндіріс). адам ресурстары,
сондай-ақ мәдениет пен корпорация бейнесі.
Маркетингті тексергенде мынадай факторлар қарастырылады:
нарық үлесі және бәсекелесу қабілеті.
Бұйым ассортиментінің алуан түрлілігі және сапасы.
Нарықтық демографиялық статистика.
4. Тауарды жұртшылыққа сатар алдында және сатқаннан кейінгі тексеру.
Нарықтық зерттеу және іздестіру.
Тиімді өткізу, жарнама және тауардың қозғалысы.
Пайдалар.
Қаржылар – бухгалтерлік есеп. Қаржы күйін талдау бәсекелесушілермен
салыстырғанда ұйымның алдағы ішкі мүмкіндіктері мен осал тұстарын
айқындауға мүмкіндік береді.
Операциялар. Фирманың ұзақ уақыт өмір сүруі үшін операцияларды
басқаруды үздіксіз тексерудің айрықша маңызы бар.
Мұнда мынадай сұрақтарға жауап берілуі тиіс:
1. Бәсекелесушілермен салыстырғанда тауар өндіруді немесе
қызмет көрсетуді неғұрлым төмен бағамен жүзеге асыруға бола ма? Егер
болмаса, себебі қандай?
Жаңа материалдарды алу мүмкіндігі қандай?
3. Біздің жабдықтар (қуаты) қазіргі талапқа сай келе ме және ол жақсы
жұмыс істей ме?
4. Сатып алу материалдар аумағының қорын және тапсырысты
(заказ) жүзеге асыру уақытын кемітуге есептелген бе?
5. Біздің өніміміз маусымдық сұраныстың ауытқуына ұшырады
ма, жұмыс істейтіндерді уақытша босатуға не себепші болады? Егер бұл
осылай болса, осы жағдайды қалай түзетуге болады?
1. Біздің бәсекелесушімізге кызмет көрсете алмайтын рынокка біз қызмет ете
аламыз ба?
Біз сапаны бақылау жүйесін тиімді, әрі нәтижелі жүргізе аламыз ба?
3. Біз өндіріс процесін қаншалықты тиімді жоспарладық және жобаладық?

Адам ресурстары. Адам ресурстары қызметтерін тексеруге бірқатар
мәселелер бар. Ұйымда кездесетін адам ресурстарына байланысты проблемалар
мына төмендегідей:
1. Қазіргі кезде бизнес саласында жұмыс істейтін қызметкерлер
типін Сіз қалай сипаттар едіңіз, болашаққа олардан не күтуге болады?
Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен әзірлігі қандай?
Бізде тиімді әрі бәсекелесуге қабілеті жүйе бар ма?
4. Біз басшы қызметкерлердің орнына адам белгілеу тәртібін жоспарлаймыз
ба?
5. Біз басшы қызметкерлерді даярлаулы және білімін жетілдіруді
тиімді пайдаланамыз ба?
6. Соңғы жылдары бізде жетекші мамандардан айырылып қалу болды ма? Егер
болса, себебі неде?
7. Біздің жүйедегі қызметшілердің іс-әрекетін бағалау мұқият талдау соңғы
рет қашан жүргізілді?
8. Сапа үйірмелерін пайдалану немесе жұмыскерлерлін басқаруға қатысуы
бойымнша біз ұйым санасы мен қызметкерлер жұмысын жақсарта аламыз ба?
Осы сұрақтардың әркайсысын мүқият қарастыру арқылы басшы
мүмкіндіктерді айқындап, тиісті өзгерту шараларын қолдана алалы. Егер
ұйымда білікті қызметкерлер мен іскер басшылар жеткілікті болса, онда алуан
түрлі балама стратегияларды қолдана алады.
Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар қызметінің ішкі
және сыртқы қалыпты күйін сақтай алатын факторларға толық жауап береді.
Бұған жататынлар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі (имидж).
Ұйымдағы қарым-қатынасты немесе хал-ахуалды корпорация мәдениеті деп
атайды. Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет-ғұрпын бейнелейді. Басшы
белгілі бір типтегі жұмыскерлерді ұйымға қабылдағанда және қолайлы мінез-
құлықты қалымтастырғанда осы мәдениетті пайдаланады.
Корпорацияның ұйым ішіндегі, сондай-ақ одан тысқары бейнесі
қызметкерлер, клиенттер және қоғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұның
өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен,
студенттердің қай колледжге немесе университетке көбірек ден қоятындығы осы
ұйымның бейнесіне имиджге байланысты.
Фирманың мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы-жаман атауына -
репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жетуі ойдағыдай ма? Мұны ол
өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы саладағы басқа
ұйымдармен салыстырғанда жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле
ме? Осындай сұрақтарға жауап беру мекеменің мәдениеті мен бейнесі қаншалық
екендігін көрсетеді?
Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет
ететін, қазірше қоя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап,
сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады.
Ішкі параметрлердің мақсаттары, кұрылымы және технологиясы.
Ұжым, демек, ортақ мақсатпен біріккен кем дегенде екі адам болып
саналады. Ұжым деп белгілі бір мақсат бойынша пайдаланылатын бір құрал деп
те тануға болады. Ол адамдардың жеке түрде жете алмаған мақсаттарын біріге
отырып қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Көптеген мекемелердін негізгі мақсатында табыс көзделеді. Ұйымның
табысқа деген бағдарының үш түрі бар:
оны барынша көбейту;
"қанағаттарлық" табыс көзіне жету;
ең аз шығындар.
Алайда, табыс барлық үйымдардың негізгі мақсаты емес. Олардың қатарына
коммерциялық емес ұйымдар, шіркеулер, қайырымдылық қорлар жатады. Сондай-
ақ, фирмалар тек табыс арқылы ғана түршілік ете алады. Тек табыс көзінің
барынша арттырудың орнына табыс нормаларының дамуы басқа көрсеткіштер
арқылы айқындалады:
тұтынушы немесе қызметті пайдаланушыны қанағатандыру:
1. нарыктық озықтыққа ықыластану мен байланысты нарықық
жағдай;
2. жұмыс жүргізушілердің жақсы тұрмыстық жағдайы және
персонал арасындағы жақсы қарым-қатынастарынын дамуы;
бұқаралық жауапкершілік және мекеме имиджі;
3. техникалық тиімділік, еңбек өнімінің жоғарғы денгейі, ғылыми
зерттеулерге аса назар аудару;
өнім шығындарының кемеюі.
Мекеме құрылымы ретінде ұжымның жеке бөлімшелерінің ерекшелігі,
олардың өзара қарым-қатынасы және бұл бөлімшелердің біртұтас болып
қаралады.
Мекеме құрылымы – көзделген мақсатқа тиімді қол жеткізу үшін белгілі
бір формада құрылған басқару деңгейлерінің логиқалық қарым-қатынасы.
Құрылымға қатысты ең маңызды концепиялардың бірі мамандандырылған
еңбек бөлісуі. Қазіргі заманда көптеген ұйымдарда еңбек бөлісуі ретінде тек
қана бар адамдар арасындағы жұмысты кездейсоқ бөлу деп қана қоймайды.
Сипатты ерекшелік болып мамандандырылған еңбек бөлінуі саналады. Яғни,
белгілі бір жұмысты ұйым көпшілігінің қөзкарасы бойынша кім ең жақсы
орындай алса (маман), соған жүктеледі. Мәселен, маркетинг, қаржы. өндіріс
эксперті ретінде сараптауға болады.
Қазіргі таңда барлық мекемелерде, он кішкентайларын санамағанда,
еңбекті мамандандыру бойынша жатысты бөлуі орын алуда. Егер мекеме
айтарлықтай үлкен болса, мамандар әдеттегідей қызметтеріне қарай
топтастырылады.
Еңбек бөлісудің тікеден-тік жасалуы да маңызды. Тікшіл еңбекті бөлу
түрі топтың жемісті жұмыс жасауы үшін қолайлы. Бұл түрдегі еңбек бөлісудің
ерекшеліп жеке адамдардың әр деңгейдегі формалдық бағынуы. Яғни ең жоғарғы
сатыда орналасқан адам қол астындағы бірнеше орта деңгейдегі жетекшілерге
бақылау жасаса сол жетекшілер де қарамағындағы қызметкерлерге с басшмлық
жасайды.
Ішкі параметрлердің факторы ретінде танылатын технология басқаларға
қарағанда өте маңызды болып саналады. Көптеген адамдар технология деп
машина немесе компьютер секілді жаңалықтарды таниды. Алайда, социолог
Чарльз Пэрроудың мәлімдеуіише технология, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризм нарығының ерекшелігі
Басқаруды құжатпен қамтудағы iс-әрекетi
ПР және маркетингтік коммуникация
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде
“Жергілікті есептеу желілерін жобалау”
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау
Ұйымның сыртқы ортасы және факторлары
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Пәндер