Сертификаттаудың маңызды мәселелері


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Нарыққа ұсынылған тауарлардың көпшілігі міндетті түрде орауышталған болуы керек. Орауыш арзан темір-терсек бұйымдары үшін елеусіз роль атқарса, косметика үшін өте маңызды роль атқарады. Орауыштың, кока-кола шишаларының не "Ляггс" колготкасының қорабтары сияқты түрлері дүние жүзіне белгілі. Нарықтың көптеген қайраткерлері орауышты тауарға, бағаға тарату әдістеріне және ынталаңдыруға қосымша маркетингтің бесінші айнымалысы деп санайды. Дегенмен, сатушылардың көпшілігі орауышқа тауар саясатының бір элементі деген көзқараста.

Орауыш тауардың не сыртқы қабатын жасау немесе орналасатын орнын

дайындау.

Ыдысты орын не сырт қабық үш қабаттан құралатын орауыштың әртүрлі варианттары. Ішкі орауыш тауар тікелей орналасқан ыдыс. Қырынғаннан кейін пайдаланылатын "Олд спайс" лосьоны үшін ішкі орауыш - ол құйылған шиша болады. Сыртқы орауыш деп ішкі орауышты қорғайтын және тауарды пайдаланар кезде алып тасталынатын материалды айтады. Лосьон құйылған шишаның сыртқы орауышына картон қорабы жатады. Ол әрі қосымша қорғауыш және өндірушіге өткізуді ынталандыру мақсатында пайдалануға мүмкіншілік береді. Көлік орауышы деп сақтауға идентификациялауға не тасымалдауға қажетті ыдысты айтады. "Олд спайс" лосьоны үшін тасымал орауышы ретінде гофр картонынан жасалған 72 шиша сиятын жәшік саналынады. Орауыштың бөлінбейтін бөлігіне маркировка және орауыштың сыртына жазылған не ішіне салынған тауар туралы ақпарат жатады. Орауыш ерте заманда пайда болған. Алғашқы қоғам адамдары ормандағы жабайы жидектерді және жемістерді өз үңгірлеріне тасу үшін аң терілерінен не шөптерден тоқылған корзиналарды пайдаланған. Қытайлықтар 8 мың жыл бұрын қатты және сұйық заттарды сақтауға арналған әртүрлі саздан ыдыстар жасаған. Ежелгі египеттіктер сұйық заттарды сақтау үшін шыны ыдыстарды жасаған. Орта ғасырдың басыңда орауыш материалдары қатарында былғары, мата, ағаш, тас, керамика және шыны болған. Көп ғасырлар бойы орауыштар сақтау, қорғау және тасымалдау міндеттерін атқарады.

Соңғы уакыттарда орауыш маркетингтің өтімді құралының біріне айналып отыр. Жақсы жобаланған орауыш тұтынушыға қосымша қолайлылық әкелсе, ал өндірушіге тауарды өткізуді ынталандырудың қосымша құралы болып саналады. Орауышты маркетингтің құралы ретінде пайдалануда, кеңейтуге әртүрлі факторлар ықпалын тигізеді.

  1. Сауда да өзіне өзі қызмет жасау. Универсамдарда және төмен бағалы дүкендерде өзіне өзі қызмет жасау әдісімен сатылатын тауарлар саны өсе түсуде. Мұндай жағдайларда орауыш сатушының көптеген функцияларын атқаруға міндетті, ол тауарға назар аударту, оның қасиеттерін суреттеу, тұтынушыға осы тауар туралы сенім беру және жалпы қолайлы пікір туғызу.
  2. Тұтынушылар тұрмысының жақсаруы. Тұрмысы жақсара бастаған тұтынушы өзіне жасалған қолайлылық, тауардың сырт түрі, сенімділігі және мәртебелілігі үшін қосымша ақы төлеуге дайын.
  3. Фирма бейнесі және марка бейнесі. Фирмалар жақсы жобаланған орауыштың тұтынушыларға көмекші және фирма маркасының атын тез шығаруда қуатты күш екенін ұғынады. Кез келген пленка сатып алушы сары қорабты "Кодак" пленкасы екенің бірден біледі.
  4. Жаңашылдық мүмкіншіліктері. Орауыш жасаудағы жаңашылдық өндірушіге көп пайда келтіруі мүмкін. 1899 ж. жасалған орауыш (картон ішінде орайтын және сыртынан оралатын) "Унида" печеньесін, бұрынғы уақыттардағы жай қораптар мен бөшке сияқтыыдыстарды сақталуымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы сақтайтын болып шықты. "Крафт" фирмасы ерітілген сырды қаңылтыр банкіге салу арқылы, оның дүкендегі сақталу уақытын өсіру нәтижесінде, сенімді өндірушілік беделін көтерген. Бүгінде "Крафт" фирмасы үйреншікті қаңылтыр банкілерді алмастыру үшін, ыстыққа төзімді, герметикаланған фольга және пластмассадан жасалған пакеттер мен контейнерлерді сынақтан өткізуде. Өзінің алкогольсіз сусындарын бірінші болып қақпағында жұлынатын сегменті бар банкілерде ұсынған және тозаңдатылатын сұйықтарды аэрозольды орауыштарда ұсынған фирмалар өз тауарларына көптеген тұтынушылардың назарын аударған. Бүгіндері қақпағында жұлынатын сегменті бар банкілерді және "картондағы пакет" түрлес орауыштарды шарап жасаушылар сынағынан өткізуде.

Жаңа тауарға тиімді орауыш дайындау көптеген шешімдер қабылдауды талап етеді. Ең алдымен, орауыш тұжырымдамасын дайындау керек. Орауыш тұжырымдамасы -орауыш қандай болуы және ол нақтылы тауар үшін қандай роль атқаруы керек деген қағидатты анықтау. Орауыштың негізгі функциясы тауарды сенімді түрде қорғау; таратудың не құюдың жаңа әдісін ұсыну; тауардың не фирманың сапалық сипаттамаларын, не т. б. анықтамалық ақпараттарын жеткізу.

"Дженерал фудз" корпорациясы иттерге ет фаршынан брикет түрінде жаңа жем дайындаған. Корпорация басқарушылары айрықша және төбетті брикетиктер максималъды түрде көрінуі тауар түріңде болуы керек деген шешімге келген. Орауыш тұжырымдамасының негізіне нақ шолыну позициялық тұжырымдамасы алынып, соның варианттары қарастырылған. Ақырыңда үсті мөлдір пленкамен қапталған лотоққа тоқталған.

Одан кейін орауыш конструкциясының басқа құрамдары туралы оның мөлшері, формасы, материалы, түсі, жазулармен безендірілуі, маркалық белгісі туралы шешімдер қабылдануы керек. Текстің қай шамада болу керектігін аз не көп, қандай материалды целлофанды не басқа мөлдір пленканы пайдалануды, лотокты неден жасау керек екенін пластиктен бе не ламинирланган материалдан ба, т. б., әртүрлі элементтнр бір-бірімен байланыстырылуы керек. Орауыштың, мөлшері оны дайындауға керекті материал және түсі, т. б. туралы бірқатар жорамалдар жасауға мүмкіншілік береді. Орауыштың құрамы баға саясатымен жарнамамен және тағы басқа маркетинг элементтерімен байланыстырылуы керек.

Орауыштың конструкциясы даярланғаннан кейін, оны сериялы сынақтардан өткізу керек. Техникалық сынақ орауыштың әдеттегі пайдалану талаптарына сай екендігін куәлендіруі керек: шолушылық және сыртқы пішін сынақтары текстердің қалай оқылатынын, түстердің бір-бірімен жарасатындығын анықтауы керек. Дилерлік сынақтар орауыштың дилерлерге ұнау-ұнамайтындығын, жүкті аударламалауға ыңғайлылығын белгілеуі керек, ақырында болатын тұтынушылар сынағы олардың жаңалықты қандай ұнамды түрде қабылдағанын көрсетуі керек.

Осындай сақтанушылықтың бәріне қарамастан, уақыт өткен сайын орауыш конструкциясындағы үлкен кемшіліктер ашылып отырады.

"Хьюблин" фирмасы ұсынған "Сиззи-Спрей" сусыны нарықта сынақтау кезінде, оның аэрозольды орауышына байланысты, елеулі сәтсіздікке ұшырайтындығы анықталған. "Біздер үшін жақсы банка дайындалған сияқты болып көрінген, бірақ, құдайға шүкір, біздер тауар сынағын Техас және Калифорния сынау нарықтарының дүкеңдерінде өткізген болдық. Осы кезде қыздырылған банкалар өзінен-өзі жарылатындығы анықталды. Бірақ біздер тауарды бүкіл ұлттық деңгейде таратуға кіріспегендіктен, шығын бірнеше миллионның орнына, тек 150. мың доллармен шектелді" .

Жаңа тауарға тиімді орауышты дайындау фирмаға бірнеше жүз мыңдаған долларға түсіп, бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Орауыштың тұтынушылар назарын аударуы және оларды қанағаттандыруы сияқты функцияларын ескеретін болсақ, оған маңызды баға беру артық болмайды.

Орауыш және қоғамдық мемлекеттік саясат

Орауыш проблемалары бірте-бірте қоғамның назарын көбірек аударуда. Орауышқа қатынасты шешімдер қабылдарда нарық қайраткерлері мынадай жағдайларды ескеруі керек:

  1. Орауыш және маркировка шындықты көрсетуі керек. Көпшілікқоғам орауыштарда және маркировкаларда өтірік не адастырушымәліметтер болуы мүмкін деп беймазаланады. 1914 ж. федеральды саудакомиссиясын құру туралы қабылданған заң бойынша өтірік, жаңылысуғажетелейтін не алдамшы ярлықтар мен этикеткалар және де осы сияқтыорауыштар қараниетті бәсекелестік әдістер деп саналады. Тұтынушылардыадасу, жаңылысуларга жетелейтін, бағаларын салыстыруды қиындататын -мөлшерінің және формасының әртүрліліктері де мазаландырады. 1966 ж. конгресс орауышта және маркировкада шындықтың көрсетілуі туралы заңқабылдаған. Ол заңда маркировкаға қойылатын міндетті талаптар туралыайтылуымен қатар, жұмыстар салалары шегінде өз еркімен бірқалыптыорауыштар дайындауды мадақтаумен қатар, үкіметтің өндірістің әртүрлі салаларында тауарларды орауыштаутуралы жарлық беру жүктелген. Тамақ өнімдерінің, медикаменттердіңжәне косметика заттарының сапасын бақылайтын басқарма технологиялықөндеуден өткізілген тамақ өнімдерін шығарушылардан маркировкада осыөнімдердің қоректілік құндылығын, олардың құрамындағы белоктың, майдың, көміртегілер мөлшерін тура көрсетуді және әрбір тауар бірлігіндекалорияның, витаминдердің, минерал заттарының организмге қажеттітәуліктік мөлшерін пайызды түрде көрсетуді талап етеді. қосымша заңдылық талаптар кою үшін күресуде. Олартауарды пайдаланудың жарамды уақытын көрсетуді (оның жаңалықдәрежесін), тауар бірлігінің бағасын (көлем не салмақ стандарттыбірлігінің есепті бағасы бойынша), сортталуын (көпшілік тұтынутауарларының бірқатарлары үшін пайдаланылатын А, Б және В сападеңгейлері бойынша) және пайыздық кұрамын көрсету үшін күресуде.
  2. Орауыштың өте жоғарғы күні. Сынаушылар орауыштарды өтеартықшылық және олардың пікірі бойынша орауыштар тауардың кұнынжоғарылатады деп санайды. Олар бір - ақ peт пайдаланып лақтырыптасталынатын «сыртқы орауыштардың» тұтынушыларға дегенқұндылығына назар аударуды талап етеді. Мысалға, «Эвиан» дымдаушы -аэрозольдік орауышталған 5 унций табиғи бұлақ суы. Ал оның кұны5, 5 долл. нарық қайраткерлері мұндай сындарға, олар орауыштың барлықфункцияларын түсінбейді және біздер оған деген шығындарды қысқартуғатырысудамыз деп жауап береді.
  3. Дефицитті ресурстарды пайдалану. Қағаздың, алюминидің жәнебасқа материалдың жетіспеуі туралы қам жеудің өсе түсуі күн тәртібінеөндіріс тарапынан орауыш материалдарын үнемдеу туралы қосымшаәрекеттерді талап етіп отыр. Мысалға, қайтара айналымда болмайтын, қайтарылмайтын шишалардың кең таралуы, қайтарылып алынатынбөтелкелермен салыстырғанда шыны шығынының 17 есе өскенінкөрсетеді. Бірақ peт пайдаланылатын шишалар - бұл басқалармен өнімсіз шығындау болып саналады, демек, қымбат заманында мұндай ауыртпалықты көтеру үлкен жанұялар, жоғары деңгейлі табысты және жоғары білімді екенін көрсетеді.

Олардың орташа жасы 35-45 аралығында. Сатып алушы бес адамның төртеуі төмен бағаны жарнамалық және орауыштық шығындардың қысқаруынан деп санайды. Ал бестің бірі ғана төмен баға сапаның төмендігінен деп санайды. Бұл жағдайда сапаның төмендігі негізгі факторлардың бірі ғой. Мысалға, қағаз салфеткаларының гифоскопиялылығы төменірек болуы, ал жуу ұнтағында ароматизатор болмауы мүмкін. Бірақ бұған қарамай, тұтынушылар үнемдеудің күшті ықпалында, сонымен бірге қағаз бұйымдары, жаңғақ пастасы, варенье, көкөніс консервілері және томат өнімдері сияқты тауарлар олардың көңілінен шыққан. Ең шамалы әсерді маркасыз тауарларға жуу заттары, маталарды жұмсартатындар, сұйық ағартушылар сияқты шаруашылық тауарлары жатады.

Маркасыз тауарлар сапасы нашар маркалы тауарларды бүкіл ұлттық масштабта таратушы фирмалар үшін өте қауіптілік туғызып отыр. Шынында да, не үшін маркалы тауарға 30% артық төлеу керек, егер оның

сапасы маркасыз туысқанынан онша айырмашылықта болмаса.

Сертификаттаудың маңызды мәселелері

Өнімдерді сертификаттау

Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық өнімдерге де/ бекітілген.

Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.

Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жургізілуін және оның маңызын анықтайды.

Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.

Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты /параметрлері/ мына нышандарға қарай таңдап алынады:

  • өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі /белгілі-бір өндіріс партиясына жатады/;
  • тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;
  • алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялықөнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толықжәне шын анықталуы;
  • заң актілеріне сәйкес, міңдетті сертификаттауда, басқаталаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.

Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынактың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау кұрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады.

Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алыл сертификаттау органына ұсынады.

Өнімді сертификаттау тәртібі

1. Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жургізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.

2. Үлгі aлy, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталган сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойынша сақталады.

3. Өндірісті бағалау: Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе caпа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.

4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа кұжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар /санитарлық, ветеринарлық т. б. / қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы сертификаты /гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т. б. / болса ғана беріледі.

Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірак 3 жылдан көп болмауы керек.

5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттау органынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады.

6. Инспекциялы бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.

Тауарды тегін сертификаттау

Тауардың тегінің сертификаты - аталған тауардың өндірілген елін көрсететін құжат.

Тегінің сертификаты кедендік территориядан шығару үшін емес ол:

-кіретін кедендік салықты төмендету үшін қажет;

-тауар шындық түрде аталған елге өндірілгені туралы куәләндіру үшін қажет.

Тегінің сертификатын жасау үшін - Қазақстан Республикасының өкілетті органдары ғана тауардың осы елде өндірілетін растауы. Қазақстан территориясында тіркелген фирмада шығарылғаны және Қазастан территориясынан тікелей жөнелтілгені туралы құжаттар қажет. Тегі туралы сертификат бір шетке шығарушының жіберген тауардың бір партиясына, бір тауар-тасымалдау және бір есеп-фактура құжаттарына беріледі. Жарамдылық мерзімі 10 ай. Әрбір сертификат сараптау актысымен негізделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Кәсiпорын өнiмiнiң сапасын стандарттау және сертификаттау
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Сәйкестік сертификаты
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Сертификаттау туралы түсінік
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы ақпарат
Қызмет етуді сертификаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz