Адамдардың жануарларға тигізетін әсері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Табиғатқа жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен коректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл ғазымен байытады, топырақты қилармен тыңайтады, өсімдіктерді тозандандырады (насекомдар, кейбір құстар) және өсімдіктердің бір ауданнанекінші ауданға таралуына көмектеседі. Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар адам баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы да басқа шикізаттар береді. Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі 3 млн. тоннаға жетеді. Бұл 15 млн. тонна ет деген сөз. Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар барлық және аңшылық шаруашылықтарының жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар. Оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады. Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі - жануарла дүниесі. Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектін шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстан балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт-көректілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ да жеткілікті. Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Республикамызда тек соңғы бес жылда 16, 5 млн. сомға аңдардың бағалы терілері дайындалып, мемлекетке өткізілді. Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда 1 млн. 850 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23-25 мың тонна ет, 35-40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудын алынған өнімдері өткізуден мемлекетке 23, 5-24 млн. тонна со ақша түсті. Біздің өңірде дәмді еті және құнды терісі үшін аңдардын 60 -тан астам түрі ауланады. Олардың ішіндегі бастылары - ақ тиын, сусар, бұлғын, ондатра, суыр, дала күзені, түлкі, зорман, ақбөкен, елік т. б. . Халқымыздың өскелең тілегі -аңшылық шаруашылығы мен бұл саладағы ғылыми институттар алдында терісі аса құнды аңдар қорын молайтуға шаралар қолдануды міндеттейді. Мамандар жануарлар сиректеу қоныстаған ормандарға, жасыл кілем жамылған өзен-көлдерге аңдардың жаңа түрлерін жерсіндіру мәселесімен шұғылдана бастады Сонымен қатар, Қазақстанда аса құнды кейбір аңдарды фермаларда өсіру кең етек жайып келеді. Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұнын, бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайынын, ландшафтың өзгеруінен және өз-ара тіршілік үшін күрестің нәтижесінде пайда болған кұбылыс. Д. Фишердің (1976) есебі бойынша Жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін құстардың тіршілік ету ұзактығы шамамен 2 миллион жыл, сүтқоректілерідің өмірі - шамамен 600 мың жыл болған. Әрине, адам қөптеген түрлердің жойылып кетуіне себепкер болған бұл процесті де тездетті. Бұл әсер бұдан 250 мың жыл бұрын басталған. Бұлардың бірінші құрбаны ең ipі жануарлар болған. Европада осыдан 100 мың жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың, орман пілініі, алып бұғынык, жүнді мүйіз тұмсықтық және мамботтың құрып кетуіне тікелей қатынасты. Солтүстік Америкада шамамен 3 мың жыл бұрын адамдардыд қатысуымен мастодонт, алып лама, үлкен ләйлік және т. б. хайуанаттар құрып кегті. Бұрын Қазакстанды мекендеген жабайы түйе, жабайы сиыр, жолбарыс, солтүстік бұғысы, құтан сияқты аңдарды бұл күндері кездестіру қиын. Оған мынадай деректі мысал келтіруге болады. Кейінгі 2000 жыл ішінде жер бетінен жануарлардың 110 түрі жойылып кеггі. Енді осы құрып кеткен жануарлырды уакыт өлшемімен салыстырып, кай кезенде калай өткендігін айта кетейік, 110 түрдің үштен бірі (38) XVIII ғасыр-уакыт ішінде құрып кетті, келесі үштен бірі (35) тек өткен бір ғасырда ғана жойылып кеткен. Ал калған үштен бірі (35) соңғы елу жыл ішінде құрып отыр.

Жер бетінде хайуанаттар түрлерінің жойылып кетуін 1600 жылдан бері нақтылы деректермен дәлелдеп тіркеп келеді. Сол уақыттан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағының деректері бойынша (МСОПу Жер бетінен құстың 94 түрі (1, 09%) және сүтқоректілердің 63 түрі (1, 48%) құрып кеткен. Д. Фишердің (1978) мәліметі бойынша осылардын ішінен құстардаді 86%-і, сүтқоректілердің 75% адамдардың тікелей қызметінің нәтижесінде жойылған.

Адамдардын. Шаруашылық қызметі жануарлар дүниесіне күшті әсерін тигізеді. Сонын нәтижесінде хайуанаттардың біреулерінің саны өседі, екіншілерінің саны азаяды, ал үшіншілері тіпті жойылып та кетеді.

Адамдардың жануарларға тигізетін әсерін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады.

Тікелей әсер етуге жануарларды куалау, кұртып жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік мақызы үшін ауланатындары. Оларды терісі, еті, майы т. б. шикізаттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олардын саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді.

Адамдардын жануарларға тигізетін жанама әсері техникалық прогреске тікелей байланысты. Өзендерде тоғандардың салынуы, ағаштарды кесу, тың жерлерді жырту, батпақты кептіру, калаларды, жолдарды салу, ауаны, топырақты, суды ластау т. б. Miнe жоғарыда айтылғандардың бәрі кәдімгі табиғи ландшафты және жануарлардың тіршілік жағдайын өзгертеді.

Жануарлардың кейбір турлері өзгерген ортаға бейімделіп саны көбейіп, жан-жаққа тарала береді. Көгершіндер, қала торғайы, ала қарға және тағы баскалары.

Қаланың өсуі жануарлар өмірін тубірімен өзгертеді көпшілік ірі сүткоректілер құрып кетеді.

Адам шаруашылығы қызметінің әсерінен өзіндік ерекше жануарлары бар жаңа антропогенді ландшафтар пайда болды. Кейбір жануарлар сол антропогенді ландшафтардан өздеріне қолайлы жағдай тапқан. Мысалы үй және дала торғайы, ауыл және кала қарлығашы, ақтұмсық карғаны, қара қарғаны, кептерді, егеу-құйрықты, насекомдардың кейбір түрлерін тек кана сол жерлерден кездестіресін. Антропогенді ландшафтың жануарлары түр жағынан санаулы ғана болғанымен, сан жағынан өте көп

Қосмекенділер - табиғаттың көне дәуірінің тамаша туындысы. Олар жер бетінде осыдан 300 миллион жыл бұрын шыққан. Қосмекенділердің құрлыққа шығуын жануарлар дүниесінің дамуындағы үлкен бетбұрыс деп қарау керек. Біздің елімізде олар өте аз кездеседі, бірақ олардың табиғи биоценоздағы манызы зор. КСРО да қосмекенділердің 33 түрі кездессе, оның 12 түрі Қазақстанда таралған, ал қазірде жер шарында шамамен

2500 түрі бар. Олардың ішінде кұйрықсыз, құйрықты және аяқсыз қосмекенділер кездеседі.

Біздің реслубликаның территориясында кұйрықты қосмекенділердің үш түрі мекендейді. Сібір бұрыш тістілері (Сибирские углозубы ), Жетісу бақатісі (Семиреченский лягушко зуб ), кәдімгі тритон (обыкновенный тритон) . Оның дүние жүзінде 280 түрі бар.

Құйрықсыз қосмекенділердің дуние жүзінде 800-дей түрі кездессе, оның 8-і біздің республика территориясында таралған. Қызыл бауыр шубар бақа (жерлянка ), кәдімгі тарбақа (обыкновенная чесночная ), жасыл құрбақа (зеленая жаба), көлбақа, шөпбақа, қызылаяқ бақа, кәдімггі құрбақа, бізтумсық бака (остромордая лягушка ) .

Аяқсыздардың шамамен 55 түрі, негізінен тропиқалык аймақта жер астында тіршілік етуге бейімделген.

Бақаларды тәжірибе үшін пайдаланады. Медицина ен биологиядағы тәжірибелер, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде бұл максаттар үшін жылына бірнеше мың бакалар пайдаланылады. Мысалы, біздің елімізде жылына 1 миллион қосмекенділер даиндалады. Сондықтан да бірқатар елдерде онын саны азайып кеткендіктен қорғауға алынған. АҚПІ-та оның зны 50%-ке төмендеген. Англия, Германия, Полышада бақалар қорыққа алынып, аулауға тыйым салынған. Қосмекенділердің уылдырық шашатын жерлерін ауыл шаруашылығынан, ластанудан корғайды. КСРО-нын Қызыл кітабына» қосмекенділердің 9 түрі, оның ішіндегі 1 түрі Қазақстанда кездесетін жетісу бакатісі жазылған.

Қазіргі кезде жер жүзінде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6 мың түрі белгілі. ҚСРО-да олардың 125 түрі кездесетін болса, онық 49 түрі Қазақстанда таралған. Денесінін сыртқы көрінісіне қарай олар: жылан, кесіртке және тасбақа тәрізділер болып бөлінеді.

Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар. ҚСРО-да 56, Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 4 улы қалғаны усыз жыландар. Улы жыландар: кәдімгі сұр жылан (обыкновенная гадюка), дала сұр жыланы (степная гадюка), боз жылан (щитомордник ), қара жылан (гюрза ) . Усыз жыландарға: оқ жылан, қара шұбар жылан, су жыланы (уж), құм жыланы (удавчик ) т. б.

Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте кауіпті де қатерлі болып келді. Жылан биологиясын білмейтін кез келген адам оны көрген бетте сескеніп қалады да, дереу өлтіруді ойлайды. Сонымен бірге олар батпақты ылғалды жерлерді құрғатқаннан, өсімдіктердің езгеруінен, жыландардын негізгі корегі ұсақ кеміргіштерді 9лы химикаттармен өлтіруінен көп азап шегіп, жылдан-жылға саны азаюда. Соңғы жылдары, ғалымдардын, зерттеуі бойынша, жылан уының медицина үшін пайдасы зор екені аныкталды. Олардан бірнеше рет у алу үшін арнайы жасалған серпентарилерде ( пи-томниктерде ұстайды)

Құстардың адамның рухани өміріне алатын орны зор. Адам құстарды клеткаларда ұстап өзіне жақындатуға тырысады. Отанын есте сақтау үшін басқа елде жүргенде өзімен бірге ала кетеді. Құстардың мәдени-эстетикалық маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге және жан - жануарларға сынақтардың әсері
Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Қоршаған ортаның және адамның табиғатқа тигізетін зияны мен факторлары
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Автокөлік құралын басқару
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Жануарларды қорғаудағы «Қызыл кітаптың» маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz