Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал


Булгакова Д. А. Истаев А. Ж.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы
Оку-эдістемелік құрал
Алматы 2004
ББК 66. 1+67. 3я73 Б 83
Экономика және құқық академиясының Ғылыми Кеңесі ұсынған
РЕЦЕНЗЕНТТЕР: з. ғ. д., профессор З. Ж. Кенжалиев з. ғ. д., профессор Б. Ж. Қуандықов
Б 83 Булгакова Д. А., Истаев А. Ж.
Жалпы тарих (оқу-әдістемелік құрал) . - Алматы: Заң әдебиеті, 2004. - 222 бет.
ISBN 9965-620-34-2
Оқу-әдістемелік құрал «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған және Ежелгі әлемнің, орта ғасырлардың, Жаңа және қазіргі заманның мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің пайда болу, даму, қызмет етуінің кезектілігін сақтай отырып жазылған.
Құрал заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттерінің сырттай бөлімдерінің және заң колледж-дерінің студенттеріне арналған.
ББК 66. 1+67. 3я73
1202
Б 00(05) - 04 © Булгакова Д. А., 2004.
© Истаев А. Ж., 2004. © Заң әдебиеті, 2004.
ISBN 9965-620-34-2
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет және құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым әрі тарихи, әрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму және қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет және құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сәтінен бастап қана зерттейді.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні болып белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдай-лардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы, әрі арнайы заңды-лықтары табылады. Бұл пәнді зерттеуде төмендегідей әдістер қолданылады:
- тарихи әдіс, мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді; салыстырмалы - тарихи әдіс, анықталған тарихи факті-лерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік бере-
ді;
- жүйелік-құрылымдық әдіс, элементтердің құрылымда-рын, оларға тән ішкі байланыстарды зерттеуді және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды біл-
діреді;
- статистикалық әдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тән болған кезде қолданылады.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоға-ры кәсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет және құқық тарихын зерттеу студенттерде мемле-кеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми әдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылы-сын олардың қалыптасу, даму алғышарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу барысында қандай кезеңдерден өткені және қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.
Бұл оқу құралы негізінен сырттай білім беру бөлімдерінің студенттеріне арналған. Мұнда негізгі төрт кезеңнің шегіндегі жекеленген елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарының хронологиялық тәртіптегі тарихы қысқаша берілген, ол кезең-дер: Ежелгі элем, орта ғасырлар, жаңа дәуір және қазіргі заман.
Бұл оқу құралының шеңберінде зерттеліп отырған мемле-кеттердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамтып өту мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық құ-рылым», «мемлекеттік құрылым» түсініктері арқылы ашыла-тын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару ныса-ны, мемлекеттік құрылым нысаны, билік пен басқарудың орталық жэне жергілікті органдарының құрылымы, өкілеттік-тері, олардың өзара қарым-қатынастары) мен «құқық» түсіні-гінің негізгі аспектілері (құқықтың қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, отбасылық-некелік құқық жэне мұрагерлік құқық, қылмыс пен жаза, сот процесі) қарастырылып өтті.
Бұл оқу құралын дайындауда К. И. Батыр, П. Н. Галанза, Н. А. Крашенникова сияқты ірі мемлекеттанушылардың еңбек-тері жэне төмендегідей эдебиеттер қолданылды: «Мемлекет жэне құқықтың жалпы тарихы», К. И. Батырдың редакциясы (1998 ж. ) ; «Шетелдердің мемлекет жэне құқық тарихы» Н. А. Крашенникова мен О. А. Жидковтың редакциясы (1998 ж. 1, 2 томдар) ; «Мемлекет жэне құқықтың жалпы тарихы», О. А. Омельченко (1998 ж. 1, 2 томдар) ; «Мемлекет жэне құқық-тың жалпы тарихы» З. М. Черниловский (1996 ж. ) ; «Мемлекет жэне құқықтың тарихы» П. Н. Галанза мен Б. С. Громаковтың редакциясы (1990 ж. ) ; «Орта ғасырлардың тарихы» Н. Ф. Колес-ницкийдің жалпы редакциялығымен (1980) .
1, 2-тараудың В-бөлігінің 1, 2-бөлімдері жэне 2-пунктін Булгакова Д. А. дайындаған. 2-тараудың В-бөлігінің 3, 4, 5, 6-бөлімдері мен 1, 3, 4-пункттерін Истаев А. Ж. дайындаған. Түсіндірмелік сөздікті, барлық тарауларға арналған кестелерді жэне негізгі заң құжаттарының хронологиялық кестесін Истаев А. Ж. дайындады.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК Ежелгі Египет
Кенбет - 30 судьядан құралған Жаңа патшалық кезеңіндегі орталық сот.
Ном - экімшілік-аумақтық бірлік.
Номарх - номның басшысы, перғауынға тэуелді лауазым-ды тұлға.
Патша-перғауын - Египеттегі мемлекет басшысы. Ежелгі Вавилон
Авилум - тура мағынада «күйеу», «адам» - еркін халық-тың жоғарғы тобы.
Мушкенум - еркін халықтың төменгі бөлігі.
Нубанда - жоғарғы патша шенеунігі - патша сарайын басқарушы.
Рабианум - қауымдық кеңестің басшысы.
Энси - қала-мемлекеттің билеушісі.
Ежелгі Үндістан
Ахармадъякша - сот істері бойынша жоғарғы шенеунік.
Веда - діни кітап.
Вишас - селолық қауымдастық.
Варна - каста - қоғамның жабық элеуметтік бөлігі. Брахмандар варнасы - абыздар. Кшатрийлер варнасы - эскерилер мен билеушілер. Вайшалар варнасы - жер өңдеушілер. Шудралар варнасы - қаналушы батырақтар. Гана - төменгі аумақтық бірлік, қауымдастық. . Дхармашастра - діни-құқықтық ережелердің жиынтығы. Пурохита - патшаның басты кеңесшісі жэне абызы. Сенапати - эскер қолбасшысы.
Чандал - шудра мен брахман эйелдің некесінен туған, қо-ғамнан аластатылған тұлға.
Ван - билеуші, артықшылықтарды иеленген топ. Гун - патшаның басты кеңесшісі.
Тайвэй - империяның қарулы күштерінің қолбасшысы. Чжухоу - көсем-билеуші.
Юйши дафу - бүкіл мемлекеттік аппараттың басшысы. Ежелгі Греция
Спарта
Апелла - халық жиналысы. Базилевс (Архагеттер) - патша. Герусия - ақсақалдар кеңесі.
Илот - жаулап алынған аумақтардың бағындырылған тұрғыны.
Оба - спартиаттардың рулық бөлімшесі.
Периэк - жеке бас бостандығы бар, алайда, саяси құқық-тарды иеленбеген тұрғын.
Ретра - заң актісінің атауы.
Спартиат - толық құқылы азамат.
Фила - спартиаттардың ірі рулық бөлімшесі.
Эфорат - герусия мен архагеттерге бақылау жасайтын, бес адамнан құралған комиссия.
Афины
Архонт - сайланбалы лауазымды тұлға.
Архонт - эпоним - архонттар алқасын басқарушы.
Архонт-базилевс - абыздық функцияларды жүзеге асырған лауазымды тұлға.
Архонт-полемарх - эскери басшылықты жүзеге асырған архонт.
Архонт-фесмофет - сот эділдігін жүзеге асырған архонт. Ареопаг - жоғарғы сот жэне бақылаушылық орган (кеңе-сулер өткен Арес тауының атауы бойынша) . Геомор - жер өңдеуші. Гелиэя - жоғарғы сот органы. Демиург - қолөнерші. Демос - қолөнершілер жэне шаруалар.
Метэктер - Афиныда өмір сүруші шетелдіктер. Навкрарий - округ, елдің округтық бөлінісі бойынша. Остракизм - адамды мемлекеттен қуу. Сисахфия - қарыздық құлдықты жою бойынша реформа. Фет - кедей.
Эвпатрид - Афиныдың еркін халқы. Ежелгі Рим
Авгурлар - жануарлардың эрекеттері, табиғат құбылыста-ры негізінде адамдардың жүріс-тұрыстары туралы өз қоры-тындыларын беретін дін қызметкерлері.
Диоцез - империялық кезеңдегі ірі экімшілік-аумақтық бірлік.
Доминат - шексіз монархия режимі. Деликт - құқықбұзушылық.
Курия - Курион басқарған, 10 рудан құрылған эскери жэ-не діни бірлік.
Квестор - консулдың арнайы өкілеттіктерге ие емес кө-мекшісі.
Конкубинат - некеден тыс бірге өмір сүру. Магистратура - басқару мен сот өндіріс органы. Төменгі магистрат - қылмыстарды тергеумен айналысты. Патрицийлер - римдік қалалық қауымның толыққұқылы азаматтары.
Понтификтер - халықтық дэстүрлерді түсіндіруші жэне сақтаушы.
Претор - консулдың көмекшісі, лауазымды тұлға. Плебейлік трибуналар - плебейлердің мүдделерін қорға-ған трибун.
Принцепс - өмір бойғы жэне төтенше билікке ие жоғарғы республикалық магистрат.
Префектура - диоцезамен салыстырғанда империялық кезеңдегі кішкентай экімшілік-аумақтық бірлік.
Сенат - эртүрлі кезеңдерде Ақсақалдар кеңесі, заңшығару-шы жэне кеңесуші орган.
Триба - 10 куриядан құрылған тайпа.
Фециалдар - соғыс жариялау эрекеттерін жүзеге асырды.
Центуриаттық комициялар - халық жиналыстарының түрі.
Цензорлар - азаматтарды трибаларға, разрядтарға, центу-рияларға бөлу мақсатында олар үшін ценздер орнықтыратын лауазымды тұлғалар.
Эдил - полициялық міндеттерді жүзеге асырушы лауазым-ды тұлға.
Франктардың мемлекеті және құқығы
Аллод - мұрагерлік бойынша берілетін жерге жеке меншік құқығы.
Бенефиций - жерді әскери қызметі үшін шартты түрде өмір бойғы иелену, кейін жер иелену мұрагерлікке берілетін болды, ол феод деген атқа ие болды.
Коммендация - өзін феодалдың қамқоршылығына беру.
Майордом - патша сарайын басқарушы.
Маршал - атты әскердің қолбасшысы.
Министериал - патша сарайын басқарушы лауазымды тұлға.
Прекарий - шаруаға белгілі бір міндеттерді орындағаны үшін жерді пайдалануға беру.
Пага - округтың атауы.
Патронат - ақсүйектердің шаруаларға қамқоршылығы. Пфальцграф - алғашқыда құлдарға қараушы, кейін патша сотын басқарушы.
Тезаурарий - қазына мен байлықтарды сақтаушы.
Францияның мемлекеті мен құқығы
Бальяж - патша доменінің әкімшілік бірлігі, оны балья басқаратын.
Вилландар - жеке бас бостандыққа ие, өз парцеллаларын сатуға құқығы бар шаруалар, олар феодалдық міндеттерден босатылды.
Домен - патша иеліктері.
Канцлер - басқа лауазымды тұлғалардың жұмысын бақы-лап отырған лауазымды тұлға.
Коннетабль - патша әскерінің қолбасышысы. Кутюмдар - әдет-ғұрыптар.
Камерарий - патша қазынасын басқарушы.
Легисттер - рим құқығын білетін заңгерлер.
Сюзеренитет - вассалитет қатынастары - сеньор мен вассалдың арасында қалыптасқан қатынастар (қожайын - құл сипатындағы) .
Ордонанс, эдикт - патша билігінің актілері.
Парцелла - шаруалардың иелігіндегі немесе пайдалануын-дағы қожайын жерінің бөлігі.
Превотаж - прево басқаратын округтар, олар патша доме-нін құрады.
Палатиндар - патша кеңесшілері.
Сервалар - жеке және мұрагерлік тәуелді шарулар (жағ-дайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсады) . Цензива - мұрагерлік жер үлесі. Цензитарий - цензиваның иесі.
Англияның мемлекеті мен құқығы
Ассиздер - патшаның нормативтік актілері.
Витанагемот (Уитанагемот) - Кемеңгерлер кеңесі, ертефе-одалдық монархия кезеңіндегі атқарушы орган.
Джентри - ұсақ жэне орта феодалдардан құралған жаңа дворяндар (жағдайы бойынша буржуазияға ұқсас болып келді) .
Керлдар - шаруалар-қауым мүшелері.
Камерарий - мүлік пен қаржы үшін жауап беретін лау-азымды тұлға.
Капеллан - патша кеңсесін меңгеруші.
Копигольдерлер - басыбайлы шаруалардың ұрпақтары, ақшалай жэне заттай сипаттағы міндеттерді иеленді.
Лэттер - бағындырылған кельт тайпаларының жартылай тэуелді халқы.
Маршал - атты эскердің қолбасшысы.
Мисдиминор - теріс қылық.
«Жалпы құқық» - Вестминстерлік патша соттарының сот тэжірибесінен туындаған құқық.
«Әділдік құқығы» - канцлерлік сот қызметінің нэтиже-сінде туындаған сот.
Тэндар - қызмет етуші ақсүйектер.
Тризна - мемлекетке немесе патшаға сатқындық (аса ауыр қылмыс) .
Фригольдерлер - жерлердің еркін иелері. Фелония - ауыр қылмыс.
Эрлдар - ағылшын-саксондардың рулық-тайпалық ақсүйектері. Юстициарий - патшаның көмекшісі.
Ортағасырлық Германияның мемлекеті және құқығы
Курфюрст - ірі князь.
Рейхстаг - империялық сейм, өкілдік орган. Чиншевик - ол үшін чинш (оброк) төлейтін бөтен жерді пайдаланушы.
Византия
Квестор - Мемлекеттік Кеңестің төрағасы.
Консисторий - Мемлекеттік кеңес, мемлекеттік басқару-дың орталық органы.
Колонат - белгілі бір салықтарды төлегені үшін жэне міндеттерді атқарғаны үшін шартты жер пайдалану жүйесі.
Колон - өзінің жер учаскесі бар жер өңдеуші.
Преторий префекті - Византияның екі бөлігінің бірінің би-леушісі.
Протовестиарий - лауазымды тұлғалардың бірі, сарай қыз-меткерлері туралы істерді қарастыратын.
Параталассит - саудагерлер мен кеме иелеріне қатысты сот функцияларын атқаратын қаржылық ведомство шенеунігі.
Сенаторлар - ірі жер иеленушілер.
Болгарияның мемлекеті және құқығы
Ұлы логофет - болгар патшасының бірінші министрі. Дука - облыс басшысы.
Отроктар - басыбайлы шаруалардың төменгі санаты. Париктар - феодалдарға жеке тэуелді шаруалар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді) . Протовестиарий - қаржы министрі.
Протостратор - Болгар патшалығының жоғарғы эскери шендерінің бірі.
Технатарийлер - қолөнершілер.
Сербияның мемлекеті және құқығы
Властелдер - ірі рулық-тайпалық ақсүйектер.
Властеличтер - властелдердің вассалдары.
Влахтар - таулықтар, халықтың мал шаруашылығымен айналысатын бөлігі.
Жупа - бірнеше тайпалардың бірлестігі, оның басшысы жупан деп аталатын.
Задруга - үлкен патриархалдық отбасы.
Меропхалар - басыбайлы шаруалар.
Отроктар - үй шаруашылығында пайдаланылатын басы-байлы шаруалар.
Польшаның мемлекеті және құқығы
Воеводство - экімшілік-аумақтық бірлік.
Коморник - патша сарайын қамтамасыз ету үшін жауап беретін лауазымды тұлға.
Каштеляндар - округтарды басқарған лауазымды тұлғалар.
Можновладец-нобилдер - ірі феодалдар.
Маршалек - патша мен оның жанындағылардың қауіп-сіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға.
Подскарбий - мемлекеттің қаржыларын басқаратын лау-азымды тұлға.
Скарбник - эскерді қамтамасыз ету жэне тиын шығару үшін жауап беретін лауазымды тұлға.
Смердтар (Кметтар) - еркін шаруалар - қауым мүшелері, кейін феодалдық-тэуелді шаруаларға айналды.
Шляхта - орта жэне ұсақ дворяндар (бұрын - рыцарьлар сословиесі) .
Чехияның мемлекеті және құқығы
Владыкалар - қызмет етуші сословиеден шыққан феодал-
дар.
Владырь - княздық иеліктерін басқарушы. Гость - салық төлей алмағаны үшін тэуелділерге айналған еркін шаруалар.
Дедина - жер учаскесі.
Дедич - мұрагерлік бойынша берілетін дединаны иеленген жеке басы тэуелді шаруа.
Жупа - экімшілік-аумақтық бірлік.
Жупан - князь өкілдері. .
Коморник - жоғарғы қазынаны басқарушы.
Каштелян - қала мен облысқа басшылық жасаған князь өкілі.
Ловчий - князь аңшылығын басқарушы. Сарайлық жупан - князь сарайын басқарушы. Пандар - ірі жер иеленушілер. Рада - Кеңес, князьдың жанындағы кеңесуші орган.
Араб халифаты
Әдет - эдет құқығы.
Бэдэуиндер - мал асыраушы көшпенділер. Вакуф (вакф) - діни ұйымдардың жерлері. Диун - ведомство. Имамат - халифтің діни билігі. Икта - жерді эскери қызметі үшін шартты иелену. Иджтихад - соттың шешім шығарудағы өзінің еркін қа-лауы.
Иджма - мұсылман құқығының басқа қайнар көздерімен реттелмеген мэселелер бойынша беделді ислам заңгерлері шы-ғарған шешімдер.
Құран - діни-моральдық сипаттағы ережелерден тұратын мұсалмандардың қасиетті кітабы.
Мүлік - жеке меншік құқығы негізіндегі мұсылмандардың жер иеліктері.
Сеид - тайпалық көсем.
Сүннет - Мұххамед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистер жинағы.
Фетва - қоғамдық өмірдің жекелеген мэселелеріне байланысты мемлекеттік билік шешімі бойынша жоғарғы бе-делді діни қызметкерлердің жазбаша қорытындысы.
Хиджаз - Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген, ерекше құ-қықтық режимдегі жерлер.
Шейх - тайпа басшысы.
Шариғат - мұсылмандардың діни-құқықтық жүйесі. Әмірлік - халифтің мемлекеттік билігі. Ортағасырлық кезеңдегі Үндістанның мемлекеті және құқығы
Үнділік князьдықтар
Вишая - округ.
Деша (бухти) - провинция.
Махараджа - басты князьдар.
Монтри-паришад - махараджаның кеңесшілері.
Дели сұлтандығы
Вакуф (вакф) - Дели сұлтандығындағы діни ұйымдарға ти-есілі меншік.
Заминдарлар - мұсылмандарға бағынған үндістік феодал-
дар.
Икта - Дели сұлтандығындағы феодалдық жер иеленуші-лер - иктадарлардың жерлері.
Мүлік - Дели сұлтандығындағы феодал ақсүйектердің меншігі. .
Паргана - Дели сұлтандығындағы экімшілік-аумақтық бірлік (аудан) .
Упарика - патшаның өкілі.
Халиса - Дели сұлтандығындағы мемлекеттік жерлер. Шика - Дели сұлтандығындағы экімшілік-аумақтық бірлік (облыс) .
Ұлы Моғолдар Империясы
Гомашт - салық жинаумен айналысатын шенеунік. Джагира - Ұлы Моғолдар Империясында шартты түрдегі феодалға тиесілі эскери жалақы. Котвал - қала басшысы.
Мир-Бакши - эскери ведомствоның басшысы.
Мирсаман - шеберханалар мен қоймаларды қарайтын ла-уазымды тұлға.
Падишах - мемлекет басшысының титулы.
Садр-уссудар - діни жэне сот басқармасының басшысы.
Суюргаль - Ұлы Моғолдар Империясындағы жеке мен-шіктегі жерлер.
Фоуджи-дар - эскери қолбасшы, ол облыста хакімнен тэуелсіз тағайындалатын.
Халиса - мемлекет жерлері.
Хаким - падишахтың өкілі, облыс басшысы.
Ортағасырлық Қытайдың мемлекеті мен құқығы
Богдыхан - маньчжурлық Цин династиясы император-ларының титулы.
Цзайсян - императордың көмекшісі.
Ортағасырлық Жапонияның мемлекеті мен құқығы
Бушидо (бусидо) - самурайлардың абырой кодексі, жүріс-тұрыс ережелері мен өмір салтын көрсетті, самурайлардың қылықтарына, эрекеттеріне өлшем болып табылды.
Синтоизм - Жапонияның мемлекеттік діні, ата-бабаларға жэне табиғат күштеріне табыну.
Сёгун - император эскерінің бас қолбасшысы.
Самурайлар - эскери-дворяндық сословие.
Жаңа дәуірдегі мемлекет және құқықтың тарихы (бур-жуазиялық мемлекет және құқық)
Жаңа дәуірдегі Ұлыбритания
Виги - өнеркэсіптік буржуазияның мүдделерін білдірген саяси партия, кейін либералдық партияға айналды.
Гомрул (автономия) - кейін заң жобасында көрініс тапқан Ирландияның автономиясы туралы идея.
Индепенденттік - пуританизмның радикалдық қанаты, орта буржуазия мен джентридің мүдделерін білдірді. .
Контрасигнатура - патша жарлығына сәйкес министр қол қойғаннан кейін ғана заңды күшіне енетінін білдіретін ереже.
Протестантизм - хритсиан дінінің басты үш бағытта-рының бірі, ол Реформация дәуірінде 16 ғ. бірінші жартысында пайда болды (16 ғ. Еуропадағы католик дініне қарсы қозғалыс) .
Петиция - патша билігіне белгілі бір талаптарды қоя отырып, өтініш түрінде жазылатын құжат.
Пуританизм - Англиядағы антиабсолютистік сипатты иеленген кальвинистік қозғалыс.
Пресвитерианство - ірі буржуазия мен жер иеленуші ақсүйектердің мүдделерін білдірді, конституциялық монархия-ны жақтады.
Тори - помещиктер мен қаржылық буржуазияның мүд-делерін білдірген саяси партия, кейін консервативтік партияға айналды.
Жаңа дәуірдегі Германия
Бундесрат - одақтық кеңес, герман мемлекеттерінің өкіл-дік органы.
Ландтаг - герман мемлекеттерінің заңшығарушы орган-дары.
Рейхстаг - германдық империялық парламенттің төменгі палатасы.
Жаңа дәуірдегі Франция
Жирондистер - провинциялық сауда-өнеркәсіптік буржу-азияның мүдделерін білдірген саяси қозғалыс (оның көптеген басшылары Жирондэ провинциясының депутаттары болып табылды) .
Фельяндар (фейяндар) - конституциялық-монархиялық буржуазия мен либералдық дворяндардың мүдделерін білдір-ген саяси қозғалыс.
Якобиндер - ұсақ, жартылай орта буржуазияның, қолөнер-шілердің, шаруалардың мүдделерін білдірген саяси қозғалыс
(Қасиетті Якоба монастырының кітапханасының атауымен, бұл жерде олардың жиналысы өтетін) .
Жаңа дәуірдегі Қытай
Синьхай революциясы - ескі қытайлық Синь Хай күнтіз-бесіндегі жыл - 1911 ж. бойынша.
Тяньван - тайпин мемлекетінің басшысының титулы.
Жаңа дәуірдегі Жапония
Мэйдзи революциясы - жапон тарихында Мэйдзи Рес-таврациясы деген атқа ие (Мэйдзи - император Муцухитоның билік ету кезеңі) .
Латын Америкасының мемлекеті және құқығының тарихы
Асьенда - жеке жер иелену нысаны, асьендаларда баты-рақтардың еңбегі қолданылатын.
Каудильо - әскери диктатор.
Креолдар - ақ (испан) колонистерінің ұрпақтары.
Метистер - ақ (испан) колонистер мен үндістердің аралас некесінен туған ұрпақтар.
Пеон - басыбайлы шаруа.
Пеонаж - басыбайлы тәуелділік жүйесі.
Жаңа дәуірдегі құқықтың негізгі сипаттары Ұлыбританияның құқығы
Сот прецеденті - қазіргі кездегі ұқсас сот шешімі (әрекеті) үшін үлгі болып табылатын бұрынғы сот шешімі немесе әре-кеті.
Траст (трэст) - сенімгерлік меншік институты, бір тұлға (сенімгерлік меншік иесі) оған үшінші тұлғаның (бенефциант) пайдасына екінші тұлға (құрылтайшы) берген мүлікке билік ететін және басқаратын меншік нысаны. Мүлікті пайдалану-дың мақсаттары мен табыстарын құрылтайшы анықтайтын.
Жариялық құқық - билік және басқару органдарының ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды және бүкіл қоғам мен мемлекетті әртүрлі қолсұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Жеке құқық - жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың) мүд-делерін мемлекет пен басқа тұлғалардың тарапынан қол сұғу-дан қорғауды қамтамасыз етеді.
Германияның құқығы
Кодекстің (ереженің) құрылымының «пандекттік» жүйесі - бұл жағдайда осы сала үшін ортақ институттардың нормалары жалпы бөлімде көрініс табады.
«Каучуктық» параграфтар - кеңейтілген түсіндіруді көз-дейтін параграфтар
Қазіргі замандағы мемлекет және құқықтың тарихы
Қазіргі замандағы Жапония
Дзайбацу - ірі өнеркәсіптік концерндер. Қазіргі замандағы Италия
Дуче - көсем, диктатор.
Подеста - фашистік партияның өкілі болып табылатын жергілікті әкімшілік старостасы.
Фашизм - аса реакциялық саяси қозғалыс, ал билік нысаны бойынша - сыртқы саясаттағы жаулап алушылық стратегияны ұстанған ашық террористік әскери-полициялық диктатура.
Қазіргі замандағы Германия
Рейхсрат (империялық кеңес) - герман мемлекеттерінің өкілдік органы.
... жалғасыФюрер - халық (ұлт) көсемі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz