Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары



Кіріспе
Негізгі бөлім
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
1. Түйсік пен қабылдау
2. Ойлаудың бұзылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қабылдау – бұл заттың, көріністің қасиеттерін бөлшектерінің жиынтығын көрсететін психикалық процесс. Сезіну сияқты қабылдау да сыртқы дүниені сезім мүшелерінің қабылдауы сияқты жүреді. Бұл жағдайда назар, ес, эмоция, интелект қалыптасады. Қабылдау адамның өмірлік ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері:
1. заттылық және бүтінділік – бұл қабылдаудың негізгі қасиеті, себебі, біз затты бүін образ ретінде қабылдаймыз.
2. контрастылық – бұл форма, түс, заттың үлкендігі және басқа параметрлерін қабылдау.
3. тандамалылық – қарау арқылы фоннан заттың фигурасын ажырату
4. қабылдаудың мағынасы – қабылдаудың ой, интелектпен байланысын көрсетеді. Қабылдаудың образы белгілі бір мағынаға ие болады.
5. қабылдаудың апперцепциясы – тұлғалылықпен, адамның тәжірибесімен байланысты.
Ажыратылады:
1. кеңістікті қабылдау – айналадағы заттардың көлемін, формасын, ортақ орнын қабылдау.
2. уақытты қабылдау – объективті ақиқаттың уақтын және жылдамдығын қабылдау. Ол туа пайда болмайды, тәжірибе жинағанда пайда болады.
3. қозғалысты қабылдау әртүрлі объекттердің уақыт аралығында кеңістікте өзгеруі. Ол әртүрлі анализаторлардың байланысына тәуелді. Мысалы: көру, кинестетикалық анализаторлар.
Елестету – ішкі көру, есту, сезінудің бір түрі. Елестету сезіну мен қабылдаудан пайда болады. Елестету арқылы фантазия және басқа шығармашылық процесстер жүзеге асады.
1. Психические болезни с курсом наркологии /под редакцией проф. В.Д. Менделевича. М.: Академия 2004.240 с.
2. Меделевич Д.М. Вербальный галлюциноз. — Казань, 1980. — 246 с.
3. Руководство по психиатрии / Под ред. А. В.Снежневского. Т. 12 М.: Медицина, 1983.
4. Ясперс К. Общая психопатология: Пер. с нем. — М.: Практика,
1997. 1056 с.
5.Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия. М.: Медицина, 2000 – 540 с.
6.Психиатрия. Учебное пособие для студентов медицинских ВУЗов , под редакцией В.П. Самохвалова – Ростов на Дону: Феникс 2002
7.Рыбальский М.И. Иллюзии и галлюцинации. Баку, 1983., 304 с
8.Попов Ю. В., Вид В. Д. Клиническая психиатрия. СПб, 1996.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
1. Түйсік пен қабылдау
2. Ойлаудың бұзылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қабылдаудың жалпы сипаттамасы.

Қабылдау – бұл заттың, көріністің қасиеттерін бөлшектерінің жиынтығын
көрсететін психикалық процесс. Сезіну сияқты қабылдау да сыртқы дүниені
сезім мүшелерінің қабылдауы сияқты жүреді. Бұл жағдайда назар, ес, эмоция,
интелект қалыптасады. Қабылдау адамның өмірлік ерекшеліктеріне байланысты
әртүрлі болады.
Қабылдаудың негізгі қасиеттері:
1. заттылық және бүтінділік – бұл қабылдаудың негізгі қасиеті, себебі,
біз затты бүін образ ретінде қабылдаймыз.
2. контрастылық – бұл форма, түс, заттың үлкендігі және басқа
параметрлерін қабылдау.
3. тандамалылық – қарау арқылы фоннан заттың фигурасын ажырату
4. қабылдаудың мағынасы – қабылдаудың ой, интелектпен байланысын
көрсетеді. Қабылдаудың образы белгілі бір мағынаға ие болады.
5. қабылдаудың апперцепциясы – тұлғалылықпен, адамның тәжірибесімен
байланысты.
Ажыратылады:
1. кеңістікті қабылдау – айналадағы заттардың көлемін, формасын, ортақ
орнын қабылдау.
2. уақытты қабылдау – объективті ақиқаттың уақтын және жылдамдығын
қабылдау. Ол туа пайда болмайды, тәжірибе жинағанда пайда болады.
3. қозғалысты қабылдау әртүрлі объекттердің уақыт аралығында кеңістікте
өзгеруі. Ол әртүрлі анализаторлардың байланысына тәуелді. Мысалы:
көру, кинестетикалық анализаторлар.
Елестету – ішкі көру, есту, сезінудің бір түрі. Елестету сезіну мен
қабылдаудан пайда болады. Елестету арқылы фантазия және басқа шығармашылық
процесстер жүзеге асады.

Қабылдау патологиясы.

Оның 2 тобы бар:
Психосенсорлы бұзылыстар – қабылдаған объектіні тану сақтауымен қабылдаудың
бұзылуы: иллюзия – ақиқатты объектті қабылдаудың бұзылуы. Иллюзияда
субъективті образ реальді образға сәйкес келмейді.
Психосенсорлы функцияға сыртқы дене, оның көлемі, формасы, контрасттылығ
сияқты қасиеттері мен сапасы жатады. Оның бұзылуының 2 түрі бар:
1. метоморфопсия – сыртқы өмірдегі бір немеес бірнеше объекттің
қабылдаудың бұзылысы
2. дене схемасының қабылдауының бұзылысы өзіндік дене мен физикалық
денелік Меннің қабылдаудың бұзылысы.

Макропсия – заттар, объекттер үлкейіп көріну. Форманың бұзылысында
(дисмегалопсия) заттар сынған, айналған, қисық болып көрінеді.
- кеңістікті параметрлер, орналасуы бұзылады, парапсияда заттар алыс
немесе жақын, созылған немесе ығысқан болып көрінеді.
- Уақыт ағымының бұзылысы – оқиғалардың кезектігі бұзылады, тахихронияда
– уақыт жылдамдайды, брадихронияда – уақыт ұзарады.
- Ақиқат сезімнің бұзылысы – дереализация – шын өмір өлі бөтен, өтірік
сияқты көрінеді.
Галепория – жарық пен айқындылық өте жоғары болады.
Ксантопсия – барлық нәрсе сарғыш болып көрінеді.
Эритропсия – қызыл болып көрінеді.
Психосенсорлық бұзылыстар әдетте дизлептиктерді, ЛСД25 қолданғанда,
токсикомания, абстинентті синдромдарда, ПАЗды қолданғанда жиі кездеседі.
Қабылдаудың келесі бұзылысы – иллюзия. Иллюзия жиі аффективті
парейдоликалық және вербальді бұзылыстарда жиі кездеседі. Аффективті
иллюзия айқын аффектте (қорқыныш, үрей, экзальтацияда, экстазда,
депрессияда) байқалады. Олардың пайда болуында нервпсихикалық тонустың
өзгеруі, қабылдаудың қалыпты процессінің өзгеруі жатады.
Аффективті иллюзия – интоксикациялық делирияның бастапқы этабының дамуы,
жедел үрейлі – депрессивтік жағдайдың бір белгісі болып табылады.
Вербальді иллюзия жедел алкогольді галлюциноз және басқа галлюцинаторлы –
параноидты синдромдарда кездеседі.
Парейдолия – нервті – психикалық тонустың бұзылысынан дамитын көрермен
иллюзия болып табылады.
Парейдолия жиі делирияның екінші стадиясында, наркотикалық мастықтың
кейбір жағдайында кездеседі (мескалин, марихуанна, анаша, гашиш, ЛСД25).
Галлюцинациялар – елестетудің патологиясы болып табылады. Оның бірнеше
анықтамасы бар:
Галлюцинация – реальді зат немесе объектті қабылдаудың патологиялық
процесске дейін аппараттың сезімтал айқын елестетулер.
Галлюцинация – ішкі және сыртқы проекциялар мен өзіндік қабылдау
қасиеттерінің елестету арқылы ауырсынусыз сезімдердің тууы.
Галлюцинацияның негізгі белгілері:
- ауырсынатын галлюцинаторлы күйзелістердің науқасқа реальді объект
немесе көрініске айналуы мүмкін.
- Галлюцинация – анализатордың әкелуші және рецептивті зонамен
шақырылады.
Галлюцинацияны бөледі:
А) анализатор бойынша: есту, көру, дәм, иіс сезу, кинестатикалық – моторлы,
висцеральді, интрорецептивті.
Б) образ ақиқат пен идентификациялауы бойынша:
шынайы
Жалған
В) смазмұны бойынша:
гемианоптикалық – анализаторлық қыртысты орталығының зақымдауында
кездеседі (ісік, жарақат, тамырлық зақымданулар).

ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Адамның дүниетану процесі нақты қарапайым пайымдаудан біртебірте
дерексіз ойлауға көшіп отырады. Адам тек түйсікпен, қабылдау арқылы дүниені
толық тани алмайды. Өйткені мұндайда заттар мен болмыстардың нақты
мазмұнынан аспай олардың бірбірімен қатынасын, байланысын біле алмайтын
болады. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойға көшу керек. Адамның
ойы ақиқаттықты тануға болмыстың өзара байланыстарын, қарымқатынастарын
ашуға бағытталған. В. И. Лениннің айтуынша, ой нақты нәрселерден дерексіз
нәрселерге көшкенмен, егер ол ой дұрыс болса, ақиқаттан қашықтамайды, қайта
оған жақындайды. Ойлау процесінДе адам айналасындағы дүниені дұрысырақ,
толығырақ, тереңірек танып, жанжақты сәулелендіреді.
Дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жекедара ұшырамайды. олар
бірбірімен тығыз қарымқатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы
байланыс, қарымқатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында
сәулелене бермейді. Егер адамның қабылдауы дүниедегі жекежеке нақты
заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас,
байланыстарды таныпбілуі керек. Сөйтіп ойлау деп ақиқат дүниені өзара
барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық процесті
айтады.,, Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы
айналасындағы дүниені сәулелендіруде қателесіп отырады, Ақиқаттық дүниені
объективтік түрде дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай
ойды диалектикалық ой деп атайды. Диалектикалық ой —ойлаудың ең жоғарғы
формасы. Адам ойының қандай категориясын, қандай операциясын алсақ та,
түбінде олар обьективтік дүниемен байланысып отырады, не болмаса сол
дүниені қайта құруға, өңдеуге жұмсалады.
Диалектикалық ой дүниедегі заттарды, құбылыстарды жекежеке алмай,
оларды барлық байланыстармен жанжақтап, жалпылап танып отырады.
Диалектикалық ой дүниедегі заттарды болмыстарды, бір орында тұратын деп
санамайды, дүниедегі құбылыстарды дамуы^мен өздігінен болатын қимылдармен
бірге алып қарайды. Дүниедегі даму бір қалыпта, біркелкі жайбарақат
эволюциялық жолмен ғана дамып отырмайды, даму жолында біртұтас заттың да
ішкі күресі болады. Дамуда сандық белгілері жиналып, барабара жаңа
сапаларға көшеді, ескі жойылады, оның орнына жаңа сапалар пайда болады.
Диалектикалық ой дамудың осындай ерекшеліктерін сәулелендіріп отырады.
Диалектикалық ой жай дүниені жай ғана сәулелендірумен тынбайды, сонымен
бірге сол дүниені өзгертуге, қайта жасауға әрекет етіп отырады. Міне,
осылар болғанда ғана, ой диалектикалық ой болып табылады.

ОЙДЫҢ АЙРЫҚША СИПАТТАРЫ
Ой әр уақытта алға мәселе қойып, соны шешуге бағытталады. Басқа
психикалық функциялармен салыстырғанда, адамның ойы ерекше, белсенді
процесс. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жагдайлармен байланысты:
1) ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ездігінен пайда
болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сүраққа жауап беру, мәселені
шешу; 2) алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.
Алға мақсат қоюмен ғана тынбай, ол мақсатты қандай жолдармен жүзеге асырьш,
мәселенің шешуге болатындығын ерте бастан белгілеп отыру; 3)
мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның жорамалын
(гипотезасын) белгілеу; 4) ойдың дүрысбұрыстығын тәжірибеде сынап
көру; Адам ойдың дұрыс, я бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен
шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы
айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен
үйлеспесе, ондай ой керексіз, қүрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған
уақытта оны жеті рет елшеп, бір рет кескені абзал. Егер адам
мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе,
онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды.
Ой адамның түйсік және қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай
қорытып, жанама түрде сәулелендіріп отырады. Егер түйсік қабылдау арқылы
адам жеке заттармен, кұбылыстарды бейнелесе, ой арқылы адам бірнеше аталас
заттарды, құбылыстарды бірбіріне қосып, топтастырып, жалпылап
сәулелендіреді. Егер түйсік пен қабылдау адамға дұрыс мағлұмат бермесе,
адамның ойы дұрыс болып шықпауы мүмкін.
Адамның ой процесінде елестеулердің маңызы зор. Олар адамның ойын
жеңілдетіп және тездетіп, ойдың әрекет етуіне қажетті материал беріп
отырады. Егер ес пен елестерден жеткілікті мағлұмат берілмесе де ойлауға
керекті материалдар жеткіліксіз болар еді. Адам білімді болса, оны миына
жақсылап тоқи алса, оның ойы да бай болады. Ойдың байлығы білімнің
байлығымен байланысты. Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы
дүниеге қайтаратын жағымды не жағымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек,
толығырақ, тереңірек тану үшін ондағы заттардыц, болмыстардың өсіпдаму
заңдарын білу үшін керек. Заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін,
олар женінде ғылыми білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабардар
болуы тиіс. Адамның ойы көбінесе сөз арқылы әрекет етеді. Сез ойдың әрекет
ету кұралы, аспабы болып табылады, сез арқылы адамның ойы жеткізіліп
отырады.

ОЙДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ойды байқау және эксперимент әдістермен зерттеуге болады. Адам қалайша
ойлайды, ұғымдар қандай жолмен жасалады, міне осылардың қайқайсысын да
зерттеуге болады. Ойды зерттеуде ақылой оның нәтижесіне ерекше көңіл
бөлінеді. Мәселен, жазушының, ғалымның творчествосын, сөз өрнегін,
суретшілер мен сәулетшілердің ой түйіндерін зерттеу барысында көптеген
мағлұматтар алуға болады. Ой мен сөздің даму жолын зерттеуде психолог Л. С.
Выготскийдің методикасын басшылыққа алған дұрыс.

ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Ғалымдар арасында ой туралы бірнеше теориялар бар. Ассоциациялық
эмпирикалық психология адамның ойын елестеулерге теңейді, ойлау елестердің
жай ғана қосындысы, шумағы, ойлау да елестеулер секілді ассоциация заңдары
бойынша жасалып отырады дейді. Теорияда ойды өте күрделі диалектикалық
жолмен өсіп, дамып отыратын процесс екендігін ескертпейді. Оларды ойды жеке
элементтер мен бөлшектерге бөліп, оны сол элементтердің жай ғана жиынтығы
деп қарайды.
Вюрцбург мектебінің психологтары (0. Қюльпе, К Бюлер, Н. Ах т. б.) ой —
таза рухани әрекет, ол логиканың заңдарына, ассоциациялық байланыстарға,
сезімдік қабылдауға қатысы жоқ сананың таптаза қасиеті есебінде пайда
болады. Ойлау сыртқы дүниенің бейнесі емес, ол түрлі тәсілдерді, алмастырып
отыруы дейді. Ойды елестеулермен байланыстырмайды таза ой концепциясын
олар ұсынып, ойлау үшін қабылдау мен елестердің ролі қажетсіз деп теріс
қорытынды жасайды, Бұл теориялар ете қате субьективтік, идеалистік теория
болып табылады.
Биховцористер ой мен ішкі сейлеудің ешбір айырмашылығы жоқ дегенді айтады.
Бұлардың айтуынша, ол дыбыссыз сөз болып табылады. Әрине бұл да қате, ой
мен сөз екі басқа процесс, екеуінің арасында айырмашылықтар бар, бірақ
үнемі бірлікте болып келеді. Сөз ойды
материалдандырып отырады, К. Маркс айтқандай, ой шындығы ылғи да сөз
арқылы көрініп отырады.

ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ (ТӘСІЛДЕРІ)
Адамның ақылой процесі өте бай, күрделі болып келеді. Адамның ойы бір
жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей — бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет
етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау,
нақтылау, жүйелеу, топтастыру т. б. өніп отырады.
Анализ деп бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажыратуды айтады. Адам өзінің
күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап
отырады. Бұл күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (эмоция, ерік және қозғалыс бұзылыстары)
Психологиядан дәрістер жайлы
Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
Дәрігерлік емдеу мекемедегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен тиімділігі
Сана бұзылуының критерийлері
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС
Пациентті тексеру әдістері
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары
Пәндер