Семинар практикумның ерекшеліктері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Семинар практикумның ерекшеліктері
2. Әдіскердің және педагогикалық ұжымның даярлығы
3. Семинар өткізуде қолданылатын әдістер мен тәсілдер
4. Семинар тақырыбының таңдалуы және оған бөлінтін сағат саны
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халықына Жолдауында былай делінген: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек».
Он екі жылдық білім беруге көшуде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түпкілікті өзгерістер, біздің мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан, біздің міндетіміз балалардың толыққанды білім алуын қамтамасыз ету.
1. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
6. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.

5. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.

4. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы 2000 ж.
5. «Отбасы және балабақша» журналы., №3 2001 ж
6. «Отбасы және балабақша» журналы., №3 2001 ж
7. «Отбасы және балабақша» журналы., №3 2001 ж
8. «Отбасы және балабақша» журналы., №3 2001 ж
9. «Бастауыш мектеп» журналы, 2005 жыл, №1
10. «Бастауыш мектеп» журналы, 2008 жыл, №11
11. «Қазақстан мектебі» журналы, 2008 жыл, №10

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Семинар практикумның ерекшеліктері
2. Әдіскердің және педагогикалық ұжымның даярлығы
3. Семинар өткізуде қолданылатын әдістер мен тәсілдер
4. Семинар тақырыбының таңдалуы және оған бөлінтін сағат саны
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
   Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан 
халықына Жолдауында былай делінген: Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге  нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса
маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан
он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алуы үшін 
жағдай туғызуымыз керек.
Он екі жылдық білім беруге көшуде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені республиканың қоғамдық-саяси
және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түпкілікті өзгерістер, біздің
мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті
қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық
сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан, біздің міндетіміз балалардың
толыққанды білім алуын қамтамасыз ету.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Семинар практикумның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі мекеме жүйесін жетілдіру
стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты
қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз
байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамыс бөлігі болып
табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық
кадрларға қойылатын талаптармен олардың біліктілігін арттырып және
қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз
етеді.
Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін білмей оны
тәрбиелеуге болмайды, - деп В.И.Сухомлинский атап көрсеткендей,
педагог өз білімін балалардың ерекшеліктерін, отбасының мәдени
дәстүрін, құндылықтарын есепке ала отырып, әр баланың айрықша
қабілеттерін ашуға және дамытуға пайдаланған жағдайда ғана баланың
даму деңгейі негізінде өзін-өзі дұрыс бағалауын жетілдіруге
көмектеседі.
Семинар – практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс
тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының
жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып
талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғылым саласының әдістемесін
меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша
баяндауға, өз қорытындыларын дәлел уәжбен қорғауға, пікір таластыруға
машықтанады. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған бұл оқыту
түрі қазіргі оқу орындарында да қолданылады.
Семинар практикумын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның
теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай
ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады.
Семинар практикумының ерекшеліктері оқытудың тармағы ретіндегі
инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын
белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдауының
практикалық негізі болып табылады.
Семинар практикумы оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы
маңызды және қажетті байланыстарпды бейнелейді, ал олардың негізінде
анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы
стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал –
оқыту мен тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.
Семинар практикум бойыншы жүргізілген тұжырымдар ерекше заңдарға
мән береді:
- мақсат, мазмұн және семинар әдістерінің әлеуметтік шарттылығы заңы;
- тәрбиелеу және дамыта оқыту заңы;
- оқыту мен тәрбиенің баланың іс-әрекеті сипатымен байланыстылығы
заңы;
- оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланыстылығы
заңы;
- танымдық іс-әрекетін жекелеген және ұжымдық ұйымдастырудың бірлігі
мен өзара байланыстылығы заңы;
Семинар практикумның негізгі мақсаттары:
- баланың даму деңгейі мен қарқынына;
- баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне;
- теориялық ұғыну мен практикасының даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне
байланысты
Семинар практикум мазмұнының заңдылығы:
- бала қажеттіліктері мен оқыту мақсаттарына;
- әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресс қарқынына;
- балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне;
- теория мен практиканың даму деңгейіне;
- балабақшаның материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне
байланысты.

2. Әдіскердің және педагогикалық ұжымның даярлығы
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне
тікелей байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи-
әлуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, тәрбиеленуіне
жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына
балаларды және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың
психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді.
Стандарт педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін береді, оның
қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды, мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктерімен қарым-қатынасын
реттейді.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Мектепте білім
берудің негізгі ұстанымдарына балалар енді жан-жақты дайындықпен келуі
қажет дегенді білдіреді.
Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды
мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы
және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі
болады.
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы" білім беру жуйесіне үлкен жаңалық және салмақты
жауапкершілік әкелді. Онда "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның
ұсынымдарына сәйкес атауы - бастауышқа дейінгі білім беру) - баланың
жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толлыққанды
қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы
деңгейін" құру талабы алдымызда тұр.
Осы тұжырымдәмаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке
дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:
- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз
ету;
- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының
үйлесімділігін қамтамасыз ету;
- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды
даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл
тәсілдерді пайдалануды;
- Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен спасын іріктеуге
қойылатын талаптарды регламенттеуді;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды
даярдық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен оның
физикалық дамуын сақтауға бағдарлауды;
- Баланың дамуын әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске
асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
- Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде бірыңғай білім
беру кеңістыгын сақтауды;
- Мектепке дейін тәрбиелеу меноқыту ұйымдары және бастауыш мектеп
арасында сабақтас байланысты ретттеуді;
- Отбасы әлеуметін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды
дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту
ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланады;
- Әлеуметтік-мәдени міндеттерді шешу – мектеп жасына дейінгі
балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік ортаның
бірігуін;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне
инклюзивті білім беруді еңгізуді болжайды.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін - үздіксіз білім беру
жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші.
Тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де тәрбиеші.
Ы.Алтынсарин "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім -
мектептің журегі" деп бекер айтпаған. А.Байтұрсынов өзінің "Мектеп
керектері" еңбегінде былай деп жазды; ...мұғалім қандай болса, мектеп һәм
сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек
білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді,
педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім деп жазса, ал
балабақшада - тәрбиеші.
Тәрбиеші - арнайы дайындығы бар жене педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби
айналысатын адам. Оның негізгі функциясы - оқыту, тәрбиелеу, дамыту,
қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы мұғалімнің (тәрбиешілердің) кәсіби
даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық (Ш.А.
Амонашвили, В.С. Мухина, А.А. Люблинскзя, Б. Баймұратова, Қ. Меңдаяқова,
М.С.Сәтімбекова, Р. Аралбаева, А.К. Меңжанова, Ф. Жұмабекова, Р.М.
Жұмағожина және т.б.), болашақ мұғалімдерді (тәрбиешілерді) даярлау
мәселесі қарастырылып, онда кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар
жүйеленген.
Осыған сәйкес, қазіргі кезде жалпы ұстаздардың педагогикалық
қабілеттеріне төмендегі талаптар:
- ұйымдастырушылық;
- дидактикалық;
- перцептивтік;
- комммуникативтік;
- суггестивтік;
- ізденушілік;
- ғылыми-танымдық қойылады:
Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай
әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін
көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын
зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін
көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары
мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін
меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар,
мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік
оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда
жинақталған тәжірибеге арқа сүйейді. Бүгінгі күннің талабы - баланы жан-
жақты тәрбиелеу. Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік
қолтаңбасы бар шығармашыл педагог-тәрбиеші қажет.
Ал сол тәрбиешілерді даярлайтын жоғары және арнайы оқу орындары бүгін,
аталмыш мамандық профильдерін өзгертіп жібергені кімді болса да алаңдатады.
1994 жылдан 1998 жылдар аралығында біздің еліміздегі балабақшалар саны және
ондағы балалар саны қысқару тенденциясына ұшырады. Оның себептері баршаға
белгілі: коммерциялық құрылымдарға балабақшалардың ғимараттарының берілуі;
республикада нарықтық экономикаға кешумен (1991-1998) балабақшалардың
қаржыландырылмауы мен қысқаруы; балаларға төленетін ақының жоғарылылығы;
өндірістердің жабылуына байланысты ата-аналардың жұмыс орнынан қысқаруы,
еріксіз үйде отыруы, және т.б.
Мектепалды қызметін талдау бірқатар мәселелердің бетін ашты:
- мектепке дейінгі дамыту бағдарламаларын жан-жақты қаржыландырудың
болмауы, тек бюджеттен ғана қаржыландыру;
- мектепалды дайындықтарын ақпа-раттандыру процесінің баяу дамуы;
- вариативтік білім беру бағдарламасына бірқатар педагогикалық кадрлардың
дайындығының болмауынан тәрбиешілерді мұғалімдермен ауыстыру жағдайлары
кептеп кездесіп қалады;
- мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктерінде кемшіліктер және артта
қалушылықтары бар балалар арнайы мекемелердің аздығынан қажетті көмек ала
алмай отыр.
Балабақшада тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.
Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне тәрбиешіге
тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл тәрбиешіні даярлауға қойылатын
талаптар студенттерді - ертеңгі тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен
қаруландыра отырып, қазіргі уақыттзғы балабақша талабына сай кәсіптік
дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді кездейді.
Қорыта келгенде, болашақ тәрбиешілерді кәсіби әрекетке даярлау аса
кекейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.

3. Семинар өткізуде қолданылатын әдістер мен тәсілдер
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие саласында әлемдік білім кеңістігіне
бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын
ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді,
жаңартуды талап етеді. Осының ішінде семинар әдісі оқытудың негізгі бір
құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің
metotos деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым – белгілі ақиқатқа,
шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Әдіс –
дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру
тәсілдері.
Балабақшада әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылғандығынан,
тәрбиешілер жоспарда көрсете отырып, семинар сабақтарын қызықты, ұтымды
өткізіп, балалардың тілін, ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамытуда.
Семинар сабақтар әртүрлі әдістерден тұрады: әңгімелеу, көрсету, кітаппен
жұмыс әдістері, сөздік әдістері, практикалық, проблемалық, көрнекілік,
көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдістері т.б. пайдалануда
әдістемелік әдіс түрлерінен Монтессори, Глен Домана, Никитин, Зайцев,
Глюшинский, Тюленева, Воскабович, Санатал сияқты ұлы әдіскерлердің
әдістерін атап айтсақ:
Монтессори – саусақ санау арқылы, моншақтарды тізу, орналастыру, саусақ
қимылдарын дамыту;
Глен Домана – жан-жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын, сөздік
қорын дамыту;
Никитин – тапсырмаларды алдын ала дайындау.
Зайцер - әртүрлі фигураларды саусақ қимылдарын келтіре отырып, дыбыс
шығару, саусақ қимылдарын дмыту;
Бұл әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге
жеделдетіп үйретуге арналған, мұның тиімділігі баланың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруі. Әдістеме әрбір баланың жеке
ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қабілеттерін
ескеруге көзделген. Зайцев әдістемесі бойынша бала 2-3 жастан үйренеді.
Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді.
Глюшинский – еңбекке, суретке бейімдеу, қылқаламды дұрыс үстауға үйретеді;
Тюленева – бала өзінің жеткен жетістігін сезіну, табиғат құбылыстарын
белгілеуге үйрету;
Воскабович – кубиктерді санау, фигураларды білу;
Санатал - өлең айту, ырғақты қимыл көрсету.
Көрнекілік әдісін алғаш зерттеп , оған мәнді үлес қосқан
Я.А.Коменский , К.Д.Ушинский т.б. Осы әдіс негізінде алғашқы оқытудың
әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайында ілімді дамыта келіп , көрнекілік-
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар
заттардың, пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Семинар кезінде сөз бен іс , теория мен практика өзара
байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде
сабақ әрі түсінікті әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары
сыныптарды сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижлі
болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы,
Электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы
нәтиже береді.
Сонымен көрнекілік әдісінің оқыту материалдарын, әсіресе,
теотиялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны
ерекше.
Көрнекілік түрлері:
1. Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер,
хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б.
жатады.
2. Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж геометриялық
фигура, макет, парттрет, архитектура, кескіндеме жіне
мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.
3. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар,
схемалар, диограммалар, кестелер жатады.Мысалы кестенің
бірнеше түрлері бар: Хронологиялық, синхрондық, тақырыптық,
графикалық кестелер.
4. Экранды динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді.
Олар: диопозитивтер, диофилъмдер , эпипроекциялар, оқу киносы,
оқу теледидары.
5. Дыбысты техникалық көрнекілікке граммпластинкалар,
магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
6. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық
ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін
қолданылады.

4. Семинар тақырыбының таңдалуы және оған бөлінтін сағат саны
Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей
өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастыратыны орынды. Алуан түрлі
қоғамдардың дамуына ықпалын тигізген әртүрлі бағыттағы ілімдердің өзі адам
мен табиғат болмысының терең талдануына мүмкіндік берген.
Адам шыққан тіршілік көзінің ғымырына жарты миллиондай уақыт өтіпті.
Осындай уақыт мұнараларын басып өткен тіршілік өзгерістерін адамға тән
құрылысындағы жаратылыстардың жұмбақ сырларын ұғынуға ерекше мән бермесе
болмайды.
Ата-бабалармыздың ұрпағына - тәлім ретінде өз мерзіміндегі (өз
уақытында) ұсынып отырған бағдарламасының сырын ашатын және адам мен оның
айналасын қоршаған тірі табиғаттың тетігі бар екенін бұлтартпайтын мына бір
ғылыми дәлелге көңіл бөлейік:
- Адам ұрығы өзінің ана құрсағындағы даму кезеңінде, сонау 500 мил-лион
жылды басып өткен тіршілік әлемінің сатыларын түгелдей қабылдап шығады
екен. Алғашқы пайда болғанда сәтінен бір клеткалық тірі белоктың сипатын
танытса, одан кейін қарапайым тіршілік иелерін бейнелейді, ал мөлшермен
жарты айдан кейін (15 күннен асса) балық шабақтарына ұқсап оның желбезекке
ұқсас саңылаулары көрініп, қол аяқтары орнында буынды қанаттар жетіледі.
Осыдан кейін ана құрсағында мүлде басқа сипатқа ауысып, қос мекенді бақаның
қалпына, содан соң балық, қос мекенді кесірткіге ұқсайды. Ана құрсағында
бір жарым айдай жатқанда ол кәдімгі маймыл қалпына келеді. Сондықтанда
адамның осы заманда (әрине үнемі емес) кейде құйрықты бала, жүнді адам тууы
заңды құбылыс.
Ұлы Әл-Фараби: "Адам пайда болғанда оның бойына ең алдымен бітетін
нәрсе - күш (яғни қабілет), ол - осы күш арқылы қоректенеді. Қоректендіргіш
күш бір үстем күштен және қызмет ететін күштерден құралады. Күш атаулы
мүшеде болады, сондықтан оның қызметі тәннің қызметімен қатар жүреді.
Мүшелері ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін - ми, содан соң
- бауыр, одан кейін -көк бауыр, содан кейін басқалары пайда болады. Бәрінен
соң барып жыныс мүшелері. Жүрек - басты мүше, мұны тәннің басқа ешқандай
мүшесі билей алмайды. Одан кейін - ми келеді, бұл да басты мүше. Жүрекке,
күллі мүшелер оған қызмет етеді" - деп адам тәрбиесіне қатысты ғажайып
сырдың кілтін ашады.
Біз адамның адам денесінде (ана құрсағында) пайда болған күнінен бастап
ғылыми медициналық, физиологиялық, биологиялық, химиялық өзгерістерді
зерттесек нақты даму заңдылықтарын меңгере, түсіне аламыз.
Біздің зерттеу мақсатымыз мектепке дейінгі кезеңдері "еңбек тәрбиесі"
болғандықтан осы кезеңдегі бала тәрбиесімен ұрпаққа деген қамқорлық. Ғылыми
дәлелдерге қарағанда бала дүниеге келгеннен кейін, анасының бақылауында
бағуында болатыны анық. Оны емізеді (ол табиғи инстинкт), жуындырады,
киімін ауыстырады, қол аяғын созады, мұның бәрі табиғи құбылыс. Керек
нәрсе. Осы кезде немесе бала төрт айдан асқан соң, қозғалысқа келе
бастайды, аунайды, ал бес айлығында шалқасынан жатқызса аунап түседі,
қолына берген зат түсіп келсе оны іздейді, алты айлығында аунау
мүмкіндігіне ие болады. Тіпті еркін қозғалысқа келіп талпынады. (Әрине бұл
қозғалыс әлтерпес).
Бала төрт айлығында-ақ қолына ұстаған ойыншықтарының түрі мен түсін
ажырата алатын қалге жетеді. (Оған көптеген адамдар сенбеуі де мүмкін.
Бірақ солай). Ол өзіне ұнаған ойыншыққа көзінің қиығын (қиығын деген жету
бағытына қарай қарау) салып қолымен ұстауда тырысады, оны ұстай-ды, қолымен
аузына апарады, жалайды да. Одан кейін тастай салуы да мүмкін.
Ғылыми деректерге сүйенсек ана құрсағында жақсы дамыған, қозғалысқа
келген, ананың көңіл-күйі жоғары болып туған балаларда ерте қозғалады, ата-
аналарына өздерінің сезімдерін байқатады. Өздері қозғалысқа келе бастады.
(Бұл алты ай мерзімде байқалатын белгілер).
Біздің мақсатымыз мектепке дейінгі баланың даму, жетілу, қозғалу
ерекшелігін зерттеу болғандықтан (баланың жеті айлығынан бастап дыбыс
шығаруы, тіл шығару әрекеті байқалады). Ал - 9-10 айлығында бала жеке
сөздерді "апа", "ата", "ат", "дала", "мам" деген сөздерді анық айта
бастайды. Содан келіп бала мен ата-ана арасындағы қарапайым қатынас-
қозғалыстарды бастайды. Оны тек жақсылық деу керек. Қолындағы ойыншыққа
қызығады, көзін шұқиды, аузын сипайды, лақтырады, қайта алады.
Осы кезден бастап баланың ойын ойлауға, сөйлеуге, еңбектенуге деген
талпыныс деп атауға болады. Ойыншықтармен күрделі ойын ойнауы, қозғалуы,
лақтыруы, сындыруы әдепке айналуы да мүмкін, кейде оны әдейі сындыруы да
мүмкін (әзіл ғой).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фронтальды зертханалық жұмыстардың жіктелуі
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
“Зоология” курсының кіріспесі
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Физикадан факультативтік курстар
Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Практикалық психология және практик психологтың қызметі
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Пәндер