Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар



Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар
Қазақстанның кызыл кітабы
Олар тіршілік тізбегінің бір сатысында елеулі орын алады. Сон-дықтан да табиғаттағы барлық түрлерді ерекше қорғау қажет. Ал кәсіптік мәні бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтап қалу және олардың соның молайту ең алдымен әрбір мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Сирек кездесетік және құрып кетуге айналған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау бүкіл дүние-жүзілік шараларды да камтиды. 1948 жылдан бері қарай табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудын халықаралық одағы (МСОП) — мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын бір-бірімен үйлестіріп жүргізуге бағыт беріп отырады, оның құрамында бірнеше тұрақты комиссиялар жұмыс істейді, соның бірі — түрлерді сактап қалу комиссиясы деп аталады. Бұл комиссия дүние жүзінің барлық аймақтарында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер жөнінде деректер жинастырып, "Қызыл кітап" шығарады. Бұл кітапқа тіркелген түрлер саннның аздығына, тез қарқынмен азаюына, т. б. байланысты әр түрлі топқа жіктеліп беріледі. Мысалы, жойылып кету қаупі тенген түрлер қызыл түсті параққа, сирек кездесетіндері сары түсті, тіршілігі әлі толық зерттелмеген түрлер сүр түсті, ал саны қалпына келтірілген түрлер жасыл түсті парақтарға тіркеледі. Ал Қазақстан Республикасының Қызыл кітабында (1978) тек сирек кездесетін және жойылып кету қаупі тенген түрлер деп 2 топқа бөлініп берілген. Қызыл кітапқа тіркелген әрбір топқа жататын өсімдіктер мен жануарларды қорғау шаралары да нақты атап көрсетілгеи. Мысалы, жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін арнайы шаралар (қолдан өсіріп көбейту, қорықтар ұйымдастыру, т. б.) белгіленген.
Қазіргі кезде халықаралық, әрбір тәуелсіз республикалардың және жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық керуде. Жалпы Қызыл кітапқа тіркелген түрлер ерекше қорғауға алынады және оларды рұқсатсыз қырып жойғаны үшін алынатын айып салық 2 есе көп мөлшерде өндіріледі.
Қорықтар жүйесін дамыту арқылы сол кездерде саны азайған зубр, құлан, құндыз, бұлғын, қарақүйрық, жұпартышқан, жолбарыс, ілбіс, ақ аю, қоқиқаз, ақтырна, гага, т. б. көптеген аң-құстар қорғауға алынып, саны молая түсті. Сонымен қатар, ондай сирек кездесетін аң-құстарды аулауға мүлде тиым салынды немесе аулау мерзімдері шектелді. Кейбір саны азайған жануарлар түрлерін өздерінің қоныс еткен жерлеріне қайта жерсіндіру жұмыстары да қолға алынады. Міне, осындай игілікті істерді жедел қолға алуға байланысты ондай түрлердің саны бірте-бірте кебейе түсті. Соған қарамастан, адамның іс-әрекеті көптеген түрлердің мекен ететін орта жағдайларын өзгертуіне байланысты, олардың сан мөлшері әлі де болса көбеймей отыр. Мысалы, тоғай бұғысы, құлан, жолбарыс, қабылан, жұпартышқан, ақтырна, т. б.

1. Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар.
Олар тіршілік тізбегінің бір сатысында елеулі орын алады. Сон-дықтан
да табиғаттағы барлық түрлерді ерекше қорғау қажет. Ал кәсіптік мәні бар
өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтап қалу және олардың соның молайту ең
алдымен әрбір мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Сирек
кездесетік және құрып кетуге айналған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін
қорғау бүкіл дүние-жүзілік шараларды да камтиды. 1948 жылдан бері қарай
табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудын халықаралық
одағы (МСОП) — мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың
жұмыстарын бір-бірімен үйлестіріп жүргізуге бағыт беріп отырады, оның
құрамында бірнеше тұрақты комиссиялар жұмыс істейді, соның бірі —
түрлерді сактап қалу комиссиясы деп аталады. Бұл комиссия дүние жүзінің
барлық аймақтарында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер
жөнінде деректер жинастырып, "Қызыл кітап" шығарады. Бұл кітапқа тіркелген
түрлер саннның аздығына, тез қарқынмен азаюына, т. б. байланысты әр
түрлі топқа жіктеліп беріледі. Мысалы, жойылып кету қаупі тенген түрлер
қызыл түсті параққа, сирек кездесетіндері сары түсті, тіршілігі әлі
толық зерттелмеген түрлер сүр түсті, ал саны қалпына келтірілген түрлер
жасыл түсті парақтарға тіркеледі. Ал Қазақстан Республикасының Қызыл
кітабында (1978) тек сирек кездесетін және жойылып кету қаупі тенген
түрлер деп 2 топқа бөлініп берілген. Қызыл кітапқа тіркелген әрбір топқа
жататын өсімдіктер мен жануарларды қорғау шаралары да нақты атап
көрсетілгеи. Мысалы, жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін
арнайы шаралар (қолдан өсіріп көбейту, қорықтар ұйымдастыру, т. б.)
белгіленген.
Қазіргі кезде халықаралық, әрбір тәуелсіз республикалардың және жеке
облыстардың Қызыл кітаптары жарық керуде. Жалпы Қызыл кітапқа тіркелген
түрлер ерекше қорғауға алынады және оларды рұқсатсыз қырып жойғаны үшін
алынатын айып салық 2 есе көп мөлшерде өндіріледі.
Қорықтар жүйесін дамыту арқылы сол кездерде саны азайған зубр, құлан,
құндыз, бұлғын, қарақүйрық, жұпартышқан, жолбарыс, ілбіс, ақ аю, қоқиқаз,
ақтырна, гага, т. б. көптеген аң-құстар қорғауға алынып, саны молая түсті.
Сонымен қатар, ондай сирек кездесетін аң-құстарды аулауға мүлде тиым
салынды немесе аулау мерзімдері шектелді. Кейбір саны азайған жануарлар
түрлерін өздерінің қоныс еткен жерлеріне қайта жерсіндіру жұмыстары да
қолға алынады. Міне, осындай игілікті істерді жедел қолға алуға байланысты
ондай түрлердің саны бірте-бірте кебейе түсті. Соған қарамастан, адамның іс-
әрекеті көптеген түрлердің мекен ететін орта жағдайларын өзгертуіне
байланысты, олардың сан мөлшері әлі де болса көбеймей отыр. Мысалы, тоғай
бұғысы, құлан, жолбарыс, қабылан, жұпартышқан, ақтырна, т. б.
Саны азайып кеткен түрлерді қорғауда елімізде қорықтар маңызды рөл
атқарады. Қорық деп белгіленген жерлерде табиғат байлықтары толығымен
қоршалады және қорық жерінде ешқандай шаруашылық жұмыстарын жүргізуге
рұқсат етілмейді. Қорықтар, негізінен, ғылыми мекемелер қатарына
жататындықтан, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіледі.
Қазақстандағы Барсакелмес қорығына 1953 жылы Түркменстандағы
Бадхыз қорығынан құлаңдар әкелініп жерсіндірілді. Ақсу — Жабағалы мен
Алматы қорықтары қоңыр аюды, ілбісті, арқарды, т. б. жануарларды қорғауда
өз үлестерін қосып отыр.
Сирек кездесетін түрлерді қорғауда арнайы қорықшалар да
ұйымдастырылады. Оларда жеке бір түрді қорғауға ерекше мән беріледі.
Сондықтан да қорықшалар қорғайтын табиғат туындыларына байланысты
ботаникалық, зоологиялық, палеонтологиялық, ландшафтылық және геологиялық
деп ажыратылады. Қазақстан Республикасында маңызы бар осындай 62 шағын
қорықша бар, соның 42-сі зоологиялық, 18-і ботаникалық, 1— геологиялық, әрі
ботаникалық деп аталады. Талдықорған облысындағы "Реликті шағала"
қорықшасында өте сирек кездесетін қарамойнақ шағаласы қорғалады, ал Жамбыл
облысындағы Андасай қорықшасында құлан қайта жерсіндірілді.
Түрлерді қорғау үшін ұлттық тыньшбақтар ұйымдастырылуда. Мұңда
көбінесе табиғат қорғауды насихаттау ісіне көбірек көңіл бөлінеді. Осыңдай
мақсатпен 1984 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл, ал 1991 жылы Талдықорған
облысында "Алтынемел" табиғат тынымбағы ұйымдастырылды, т. б.
Сирек кездесетін түрлердің санын сақтап, молайтуда ботаникалық
және зоологиялық бақтар да өз үлестерін қосады. Алматы, Қарағанды, Шымкент
хайуанаттар бағыңда кейбір жаяуарлардың түрлері қолда көбеюде. Алматының
Бас ботаника бағында. Маңғыстау өңіріндегі (Ақтау қаласында), Алтай
аймағыңдағы (Лениногорсіс) және Қарағанды ботаника бақтарында да сирек
кездесетін өсімдік түрлері өсіріледі.
Ұлттық табиғат тынымбақтары мен өсімдіктер және хайуанаттар бағында
негізінен көпшілікке экологиялық білімді насихаттау, адамдардың табиғат
алдыңдағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге айрықша азар аударылады.
Түрлерді ұтымды пайдалану үшін олардың жылдық өсімталдығы, тіршілік
ортасының қолайлылығы ескеріле отырылып, популяцияның сан мөлшерін реттеу
шараларды қарастырылады. Түрлерді қорғау үшін айналадағы ортаны ластанудан
сақтау ісіне көңіл бөлінеді. Сол арқылы ауаны, суды және топырақты таза
сақтауға, әрі ондағы тіршілік ететін түрлер санының өсуіне, молаюына
мүмкіндік туады.
Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгеңде табиғатқа зиянды
әсері болмайтын биологиялық әдістерді кеңінен қолдану жұмыстарын жүргізудің
маңызы зор. Ұлы химикаттарды пайдаланудың жалпы тіршілік атаулыға зиянды
әсер ететінін ескере отырып, олардан бас тарту қажет. Қорыта айтқанда,
қазіргі таңның әлемдік мәселелерінің бірі табиғат байлықтарын ұқыпты
пайдалану, оны үнемі қалпына келтіріп көркейту сол арқылы табиғатта болатын
экологиялық тепе-теңдікті сақтай білу және экологиялық дағдарысты болдырмау
және олардың әсерін жою бүкіл адамзат алдында тұрған басты мәселе болып
отыр.
ҚЫЗЫЛ КІТАП (Red Data Вооk), халыкаралық табиғат корғау одағ ы н ы
ң (ХТҚО) "Қ ы з ы л к і т а б ы " — халықаралық дәрежедегі кұжат. Қ. к-кд
сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да
айрықша корғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдік-тердің түрлері
тіркеледі. Жануарларды халықар. дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғ-дың бас
кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қ-нда алғаш рет Құстарды қорғаудың
халықар конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықар.
табиғат қорғау одағы ұйымдас-тырылды. ХТҚО-ның Қ к-бы 1966 ж. тұңғыш рет 2
том болып шықты. Оның 1-томында сүт қоректілердің 211 түрі, 2-томына
құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары
тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж.
Қ. к-ка тір-келетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-
басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том бо-
лып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің
226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында кұстардың 181 түрі мен 77 түр
тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105
түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары
сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары
бұрынғы томдар негізінде "Қызыл кітап" қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан
Қ. к-та омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі
төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоол. парктерде қолдан өсіріп,
көбейту шаралары қолға алынған. Сонын нәтижесінде соңғы Қ. к-ка тіркелген
сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен
жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүз. зоол. парктерде қолдан кебейтілген. ХТҚО-
ның Қ. к-бын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықар. кеңес, Су
құстарын зерттейтін халықар. бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіл
әлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қ. к. табиғат қорғаудың негізгі
ір-гетасы, экол. білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады; қ.
"Қазақстанның кызыл кітабы".
ҚЫЗҒАЛДАҚ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық
шөптесін пиязшықты өсімдіктер. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі
кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі — Қазақстанның эндемигі болып
саналады. Бұлардың биікт. 3 — 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен
жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, кызыл не сары. Жемісі —
кауашақ. Қ-тың пиязшығын
лалагүлдер күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде
сақтап, көктемде егеді. Қ. әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін
өсіріледі. Қ-тың ете сирек кездесетін 13 түрі (Алъберт қызғапдағы, Борщов
қызғалдағы, Грейг кызғалдағы, Кауфман Қ-ғы, Шренк Қ-ғы, т.б.) корғауға
алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
4. ҚЫЗЫЛҚҰМ АРҚАРЫ (Ovisammon severtzovi) — қуысмүійізділер тұқымдасына
жататын аша тұяқты аң. Құлжасының дене тұрқы 130 см-дей, шоқтығының биікт.
80 см, салм. 70 — 125 кг. Негізгі

Қызылқұм арқары
қорегі — астық тұқымдастар (бетеге, қау, бидайық т.б.). күрделі гүлділер
(жусан, көбенкұйрық, т.б.) және әр түрлі шөптесін өсімдіктер (таспа,
қазжуа). Жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Қазанның аяғы желтоксанның
басында күйлеп, сәуір — мамырда аналығы жалқы (кейде екі) қозықа табады. Қ.
а. — өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда 20 ғ-дың ортасына дейін Сырдария
мен Қуандария өзендерінің сағаларының аралығын мекендеген. Қазір
Қазақстанда Қ. а. кездеспейді. Қ. а. қорғауға алынып, "Жойылып кету қаупі
бар жабайы жануарлар мен өсімдіктерді сату туралы халықаралық
конвенциясына" және Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
5. ҚЫЗЫЛ ҚАСҚЫР (Cuon alpinus) — қасқыр туқымдасына жататын жыртқыш
аң. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене
тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұз. 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек.
Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қ. қ. жаз айларында
алып және субальпі белдеулерінде 2500 - 4000 м биіктікте, таутеке мен
арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде
түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады.
Көбеюім жөнінде деректер аз. Мыс, Пекин хайуанаттар паркінде Қ. к-дың
қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны
анықталған. Көбею кезінде үйірі-мен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қ. қ. —
терісі бағалы аң. Саны өте аз, сонғы 40 жылда Қазақстанда Қ. к-дың
кездескені туралы дерек жоқ. Қ. қ. Халықар. табиғат қорғау одағы мен
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
6. ҚЫЛЖЕМСАУЛЫ ҚАРАШАҚАЗ (Rufibrenta ruficollis) — қазтәрізділер отряды,
үйрек тұқымдасына жататын құс Қазақстанның солт. және батыс бөлігіндегі
көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты
ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала ақ қауыр

Лама (Lama) – сүтқоректілер классы, к-н табандылар отрядына
жататын, күйіс қайтаратын жануар, Л-ның түйелерден айырмшылығы -
өркеші болмайды. Дене тұрқы 120-175 см, шоқтығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты, тұрақсыз биоценоз
Түрдің анықтамалар
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
IUCN Қызыл кітабы
Өсімдіктерді интродукциялау
Өсімдіктер бірлестігі
Түр концепциялары
Экологияның абиотикалық факторлары
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Түр және түр түзілу процесі
Пәндер