Тәрбие жұмысы жүйесіндегі сенім



1 Тақырыбы: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕНІМ
2. Тақырыбы: Оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Лабораториялық сабақ №1. Тақырыбы: Мектептегі тәрбие процесі . динамикалық жүйе ретінде
Лабораториялық сабақ №2. Тақырыбы: Тәрбие процесінің ерекшеліктері, мәні мен мақсаты
Лабораториялық сабақ №3. Тақырыбы: Тәрбие жұмысын талдау
Лабораториялық сабақ №4. Тақырыбы: Тәрбие сағатын өткізу жолдары және тәрбие сағатының жоспарының үлгісі
Сенім және оның тәрбие процесіндегі орны. Сенім бұл тәрбиеленушінің игі қасиеттерін қалыптастыружәне жағымсыз қасиеттеріне жол бермеу мақсатымен олардың сана-сезіміне және ерік-жігеріне ықпал жасау. мұның өзі, әдетте, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, адамгершілік принциптерін түсіндіру арқылы жүзеге асырылды. Алайда мұғалім мұны тек ауызша түсіндірумен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Тәжірибе, практика, нақты істер де, айналадағы адамдардың және ең алдымен ұстаздардың, ата-аналардың жеке өнегесі де сендіреді. Бұл үшін кітаптар, кинофильмдер, телевизия және радио хабарлары пайдаланылады. Сенім арқылы тәрбиешілер шәкірттердің сана-сезіміне әсер етіп, олардың өз әрекеттері мен іс-қимылдарына деген жауапты.
Қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайды, өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастырады.
Сананы қалыптастырудың аса маңызды және қажеті қайнар көзі-жинақталған тәжірибе. Тұрмыстағы күнделікті мінез-құлық, сан алуан практика қызмет, әсіресе қоғамдық коммунистік тұрғыда өзгертуге белсене қатысу қажетті әдет дағдылар мен іскерлікті игеруге жағдай туғызып қана қоймай, сонымен бірге сананы, дүниетанымды қалыптастырады. Алайда Коммунистік идеялар мен көзқарасты меңгерудің коммунистік адамгершілік принциптері мен нормаларының мен мағынасын түсіндірудің, негізінде ғана коммунисттық сананы нысаналы және тұрақты түрде қалыптастыру мүмкін болады.
Сенімнің негізгі формалары мен тәсілдері. Тәрбиелеудің нақты міндеттері мен шарттарын ескере отырып, педагогтар мен оқушылар коллективтері шәкірттердің сана-сезіміне және тәртібіне әртүрлі ықпал жасауға ұмтылады. Сенімнің кейбір формалары мен тәсілдерін жалпылама түрде қарастырып көрейік.
Саяси хабарлама. Бұл-саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол советтік патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, социалистік елдердің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады.
Мектеп тәжірибесінде шолу, тақырыптық және жедел хабар қолданылады.
Саяси шолу хабарламасында ішкі және халықаралық өмірдің аса маңызды оқиғалары баяндалады. Тақырыптық саяси хабар белгілі бір саяси оқиғаға, мерекелік және даңқты күндерге, ғылымның, техниканың, өнердің аса жаңа жетістіктерін атап өтуге арналады.
Саяси хабарламаны өткізу методикасында ағымдағы оқиғалар туралы қысқа, әсерліжәне бейнелі әңгімелер және сұрақтарға жауап беру көзделеді. Кейде әңгімеден кейін әңгімелесу өткізіледі. Мұның өзі саяси хабарламаны жандандырып, оған деген ынтаны арттыра түседі. Егер оқушылар хабарламаға жақсы әзірленсе, олар құлшына сұрақ қойып, хабарламаны талқылауға белсене қатысады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
7- лекция. Тақырыбы: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕНІМ

Жоспары:
1. Сенім және оның тәрбие процесіндегі орны.
2. Сенімнің негізгі формалары мен тәсілдері.

Лекция мақсаты: Студенттерге сенім және оның тәрбие процесіндегі орнын
түсіндіру..
Сенімнің негізгі формалары мен тәсілдерімен таныса отырып, оқушылар
өміріндегі сенімнің формаларының рөлі туралы білу

Лекция мәтіні
1. Сенім және оның тәрбие процесіндегі орны. Сенім бұл тәрбиеленушінің игі
қасиеттерін қалыптастыружәне жағымсыз қасиеттеріне жол бермеу мақсатымен
олардың сана-сезіміне және ерік-жігеріне ықпал жасау. мұның өзі, әдетте,
мінез-құлық нормалары мен ережелерін, адамгершілік принциптерін түсіндіру
арқылы жүзеге асырылды. Алайда мұғалім мұны тек ауызша түсіндірумен ғана
шектеліп қалмауы тиіс. Тәжірибе, практика, нақты істер де, айналадағы
адамдардың және ең алдымен ұстаздардың, ата-аналардың жеке өнегесі де
сендіреді. Бұл үшін кітаптар, кинофильмдер, телевизия және радио хабарлары
пайдаланылады. Сенім арқылы тәрбиешілер шәкірттердің сана-сезіміне әсер
етіп, олардың өз әрекеттері мен іс-қимылдарына деген жауапты.
Қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайды, өмірге деген дұрыс
көзқарастарын қалыптастырады.
Сананы қалыптастырудың аса маңызды және қажеті қайнар көзі-
жинақталған тәжірибе. Тұрмыстағы күнделікті мінез-құлық, сан алуан
практика қызмет, әсіресе қоғамдық коммунистік тұрғыда өзгертуге белсене
қатысу қажетті әдет дағдылар мен іскерлікті игеруге жағдай туғызып қана
қоймай, сонымен бірге сананы, дүниетанымды қалыптастырады. Алайда
Коммунистік идеялар мен көзқарасты меңгерудің коммунистік адамгершілік
принциптері мен нормаларының мен мағынасын түсіндірудің, негізінде ғана
коммунисттық сананы нысаналы және тұрақты түрде қалыптастыру мүмкін болады.
Сенімнің негізгі формалары мен тәсілдері. Тәрбиелеудің нақты
міндеттері мен шарттарын ескере отырып, педагогтар мен оқушылар
коллективтері шәкірттердің сана-сезіміне және тәртібіне әртүрлі ықпал
жасауға ұмтылады. Сенімнің кейбір формалары мен тәсілдерін жалпылама түрде
қарастырып көрейік.
Саяси хабарлама. Бұл-саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған
формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды
саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол советтік
патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, социалистік
елдердің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге
жағдай туғызады.
Мектеп тәжірибесінде шолу, тақырыптық және жедел хабар қолданылады.
Саяси шолу хабарламасында ішкі және халықаралық өмірдің аса маңызды
оқиғалары баяндалады. Тақырыптық саяси хабар белгілі бір саяси оқиғаға,
мерекелік және даңқты күндерге, ғылымның, техниканың, өнердің аса жаңа
жетістіктерін атап өтуге арналады.
Саяси хабарламаны өткізу методикасында ағымдағы оқиғалар туралы қысқа,
әсерліжәне бейнелі әңгімелер және сұрақтарға жауап беру көзделеді. Кейде
әңгімеден кейін әңгімелесу өткізіледі. Мұның өзі саяси хабарламаны
жандандырып, оған деген ынтаны арттыра түседі. Егер оқушылар хабарламаға
жақсы әзірленсе, олар құлшына сұрақ қойып, хабарламаны талқылауға белсене
қатысады.
Жоғары класс оқушыларының бірі, мысалы, өз еліміздегі оқиғалар туралы
әңгімелейді, екіншісі шет елдегі оқиғаларды баяндайды, үшіншісі өз
ауданындағы, қаласындағы, селосындағы ең елеулі оқиғалар туралы хабарлайды.
Саяси хабарлама өткізуге ұстаздардың бірі, көбінесе класс жетекшісі
жауапты болады. Ол кіріспе сөз сөйлеп, оқушылардың пікір алысуын
ұйымдастырады, қорытынды жасайды.
Саяси хабарламадан кейін оқушылардың альбом, плакаттар дайындап,
таблицалар жасағаны жақсы. Ағымдағы хабарлар витринасына, халықаралық
өмірдегі және еліміздің ішкі өміріндегі аса маңызды оқиғалар туралы газет
қиындылары ілінеді. Мұның бәрін кейін сабақ кезінде және бос уақыттан тыс
тәрбие жұмысында пайдалануға болады.
Саяси хабарламаның ауызекі журнал, дөңгелек стол басындағы әңгіме,
баспасөз конференциям, саяси радио хабары тәрізді түрлері де кеңінен қанат
жайып келеді.
Саяси хабарламадан дайындау және өткізу кезінде түрлі мәліметтерді-
газет-журналдардың, радио хабарлардың материалдарын, мектеп, класс,
пионер отрядының өмірінен мейлінше қызықты фактілерді пайдалану қажет.
Саяси хабарламаның нақты материалдармен толыға түсуі ағымдағы оқиғаларды
ұғынбай, үстірт және енжар қабылдауға жол бермейді. Көрнекі құралдарды
(географиялық карталар, портреттер, схемалар, диаграммалар, карикатуралар)
пайдалану да аса маңызды. Мұның бәрі саяси хабарламаны түсінікті етіп, оның
әсерлілігін арттырады.
Саяси хабарламаны өткізуге партия қызметкерлерін, үгіт-насихат жұмысын
жүргізуге дағдыланған ата-аналарды тартқан жөн. Мысалы, бір мектептің класс
жетекшілері мұнай өңдеу заводы мен химия комбинатының цех басшыларын
атақты жұмысшыларын, Еңбек Ерлерін оқушылар алдында сөз сөйлеуге шақырған.
Олар кәсіпорынның еңбектегі өнегелі істері туралы социалистік жарыстағы
табыстары туралы жарқын да тартымды әңгімелеп берді. Бұдан кейін
экскурсиялар, өндіріс озаттарымен кездесулер, техника кештері
ұйымдастырылды. Сөйтіп, саяси хабарламаны өткізу тәрбиенің өзге
формаларымен ұштастырады.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге жазғы
демалыс кезінде де-оқушылардың өндірістік бригадаларында, денсаулық түзеу-
спорт және пионер лагерлерінде өткізіледі. Оқушыларды тәрбиелеуде каникул,
үзіліс жасауға болмайды.
Саяси үйірмелер мен клубтар. Мектептерде ағымдағы саясат үйірмелері
кеңінен қанат жайып отыр. Бұлардағы сабақтар оқу үстінде, саяси хабарлама
кезінде, газеттерде, радио және телевизия хабарларынан алынған саяси
білімді игеруге, кеңейтуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйірмелердегі саяси сабақтарды өткізу методикасы алуан түрлі. Бір
жағдайда жаңа тақырыпты оқып үйрену ұстаздың-үйірме жетекшісінің
әңгімесінен басталады. Осында өздігінен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
беріледі. Келесі сабақта тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша әңгімелесу
өткізіледі. Басқа бір жағдайда сабақ кезінде тыңдаушылардың алдын-ала
берілген сұрақтар бойынша дайындаған қысқа баяндамалары тыңдалады.
Баяндамадан кейін әңгімелесу өткізіледі. Кейде аса күрделі тақырыптар
бойынша мұғалімдер, партия және совет қызметкерлері Білім қоғамының
лекторлары лекция оқиды. Үйірмелердегі сабақтарды өткізу методикасын
таңдау ең алдымен тақырыптың күрделілігіне, тыңдаушылардың құрамына,
олардың білім дәрежесіне байланысты.
Ұзартылған күн мектептері мен топтарының кеңеюуіне байланысты үйірме
жұмыстарын сабақтан тыс уақытта жүргізуге қолайлы жағдай туады. Ұзартылған
күн кластары мен топтары қазір төменгі класс оқушыларын ғана емес,
сонымен бірге ортаншы,ал кейде жоғары кластағыларды да қамтиды.
Үйірмелер саяси білім берудің жалғыз ғана формасы емес. Соңғы жылдарда
Отан, Факел, Прюметей саячси клубтары кең тарап отыр. Мұнда саяси
білім беру, оны кеңейтіп, тереңдете түсу жөнінде сан алуан жұмыстар
жүргізіледі. Клубтардағы жұмыстың формалары мен тәсілдері әртүрлі. Мұнда
лекциялар мен баяндамалар оқылады, пікір алысулар мен теориялық
конференциялар өткізіледі. Жоғары класс оқушыларының маркстік-лениндік
теорияны игеру жөніндегі өзіндік жұмыстары елеулі орын алады.
Интернационалдық достық клубтары халықтар достығы фестивальдарын
өткізеді. Оқушылар одақтас республикалар мен шет елдер халықтарының
өмірімен және тұрмысымен алдын ала танысады, осы елдердің тарихы мен
географиясы, экономикасы мен мәдениеті жөнінде материалдар жинайды. Одақтас
республикаларға сапарлар ұйымдастырылады, басқа елдердің оқушыларымен хат
алысады. Клуб мүшелері Отаным менің кең байтақ тақырыбы бойынша
конкурстарға қатысады.
Мектептерде әскери-патриоттық клубтар құрылады. Оқушылар мұнда әскери
антпен, әскердің алуан түрлерімен танысады, азамат және Ұлы Отан
соғыстарына қатысушылармен кездеседі.
Бірқатар мектептерде жас атеистер клубтары құрылған. Олар атеистік
хабарларды, лекция мен баяндамалар оқуды ұйымдастырады. Мектептерде
атеистік кештер, экскурсиялар өткізіледі, дінге қарсы кинофильмдер
көрсетіледі, діннен қол үзген бұрынғы дін қызметкерлерімен кездесулер
ұйымдастырылады. Мұның бәрі атеистер тәрбиелеуге көмектеседі.
Қаласындағы мектептердің бірінде Арманшылдар университеті. Мұнда үш
факультет: табиғаттану білімдері, саяси білімдер мен эстетика факультеті
бар. Университетке қабылдау үшін белгілі бір жұмыс саласын таңдап, алып
ғылыми баяндама жасау қажет. Осының негізінде Ғылыми совет университеттің
толық мүшесі атағын береді.
Мектептерде саяси білімдерді оқып үйрену және насихаттау жөніндегі
ғылыми қоғамдар да құрылады. Мәселен, Арзамас қаласындағы № 2 орта
мектепте Жас марксист қоғамы ұйымдастырылған. Ол ХІІІ-Х кластың
оқушыларын біріктіреді. Оның негізгі міндеттері-қоғамның мүшелерінің саяси
білім алуына және кеңейте түсуіне көмектесу, ағымдағы оқиғаларға дұрыс
баға беру және осы білімдерді оқушыларға жеткізе білу шеберлігін шыңдау.
Қоғам мүшелері саяси хабарламалар мен теориялық конференциялар өткізеді.
Мақалалар мен хаттарын оқып үйренгеннен кейін жоғары класс оқушыларының
конференциясы өткізіледі. Негізгі баяндамашылар-қоғам мүшелері. Н.Д.
Крупскаяның өмірі мен қызметі туралы материалдарды оқып үйренудің негізінде
оның юбилейіне байланысты теориялық конференция өткізілді. Мұның өзі
Надежда Константиновна Крупскаяның өмірімен және қызметімен, сондай-ақ оның
жаңа адамды тәрбиелеу жөніндегі шығармаларымен танысуға көмектесті.
Жоғары кластағы оқушы комсомолецтердің есепке қатысуы өз білімін
көтеру жөніндегі тұрақты жұмыстың жеке комплексті жоспарын жасауды
көздейді. Бұл жоспарларда әдетте Лениннің теориялық мұрасын, партия
съездерінің материалдарын оқып, үйрену, тұрақты және уақытша қоғамдық
тапсырмаларды орындау, мектепке және тұрған жері бойынша практикалық қызмет
ету, өзін-өзі тәрбиелеу және қызметтің басқа да түрлері қарастырылады.
Есептің қорытындылары комсомол жиналыстарында шығарылады. Мұнда әрбір
комсомолдың оқуға және қоғамдық тапсырмаларға деген қарым-қатынасын
айқындауға ерекше көңіл бөлінеді, әрбір комсомолдың лениндік ұраны қалай
оқып, үйренетіні, өз комсомол ұйымының қызметін жандандыруға қандай үлес
қосатыны анықталады.
Әрбір кезеңнің соңында ұйымы мен әрбір комсомолец қызметінің
қорытындысышығарылады. Оның басты сипаты-оқушы білімінің жоғары сапасы мен
қоғамдық белсенділігіне жету. Есептің барысында мектеп комсомол ұйымдары
тәрбиелік қызметінің қорытындылары талданады, әр комсомолецтің идеялық-
саяси тәрбиесінің дәрежесі тексеріледі. Лениндік есеп-мектептегі комсомол
жұмысының, ұстаздар мен оқушылар коллективтерінің күш-жігерін үйлестіру
жөніндегі комплексті формалардың бірі.
Әңгімелесулер. Әңгімелесулерді өткізу әдетте мерекелер мен даңқты
күндерге үйлестіріледі.
Мектеп тәжірибесінде адамгершілік мораль мәселелері бойынша немесе
әдетте аталып жүргендей, этика мәселелері бойынша әңгімелесулер
өткізіледі. Олар адамгершілік принциптерін оңтайлы формада түсіндіруге,
адамгершілік тәжірибесін ұғынуға және жинақтауға көмектеседі. Мұндай
әңгімелесулер үшін мектеп, сынып өмірінен, газет пен журналдардан, көркем
әдебиет шығармаларынан алынған фактілер құнды материал болып табылады.
Оқушылардың өздерін материал жинауға қатыстырған жөн. Мысалы,
еңбексүйгіштік туралы немесе шыншылдық пен адалдық туралы мақал-мәтелдерді
жинауды тапсыруға, содан кейін оларды әңгімелесу кезінде пайдалануға
болады. Әсіресе еңбекке көзқарастың, адамдардың коллективте өмір сүріп,
еңбек ете білу көріністерін, еңбексүйгіштік пен ұқыптылық туралы,
мейірімділік, мейірбандық пен қарапайымдылық турады, адалдық пен сертінде
тұру туралы, Әділдік туралы, Үлкендерге, кішілерге және өз құрдастарына
деген қарым-қатынас туралы, жамандық пен селқостыққа ымырасыздық туралы,
ІҮ-ҮІ кластан-мектепте оқушы тәртібінің ережесі не үшін керек, саналы
тәртіп туралы, коммуниста қоғам адамы қандай болуы керек, тәртіп мәдениеті
туралы, достық туралы, менікі және біздікі.
ҮІІ-ҮІІІ сыныптар-құрылысшының адамгершілік принциптері, комсомолдың
моральдық бейнесі, совет оқушысының, борышы мен намысы туралы, ұлы
адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі туралы, менің Отаным-халықтардың
ынтымақты семьясында, пролетарлық интернационализм туралы ерік-жігерді
тәрбиелеу, қарапайымдылық пен менмендік туралы, адамдармен өзара қарым-
қатынастағы ақ жарқындық пен сезімталдық. Шындық бәрінен де қымбат,
мақсаткерлік туралы, ата-анаға деген құрмет туралы, еңбекке деген
коммунистік көзқарас туралы.
Жоғары (ІХ-Х) кластарда коммунистік мораль мәселелері бойынша әдетте
лекция оқылады және диспуттар, оқырмандар конференциялары өткізіледі.
Оқушыларға экономикалық білім беру және тәрбиелеу мақсатында мына
тақырыптарға әңгіме өткізу ұсынылады: І-ІІІ кластар мұны совет халқы
тұрғызып жатыр; Бәрі де адам игілігі үшін, Біз мектеп иесіміз, Тегін
дегеннің өзі қанша тұрады? ІҮ-ҮІІІ кластар-еңбек біртұтас, еңбегіне қарай
құрмет; еңбек адамы-ел иесі, бүкіл еліміз-құрылыс алаңы, еңбегіміз –
Отанға, материалдық байлыққа ұқыпты қарау-совет адамдары өмірі мен
еңбегінің заңы, өз уақытыңды жоспарлай біл. ҮІІІ-ІХ-Х кластар-экономика –
коммунизм жолындағы күрестің шешуші учаскелерінің бірі; жастардың
энтузиазмы мен творчествосы-тиімділік пен сапа бесжылдығына, коллектив
құрметіне ие болатындай еңбек етейік, өз еңбегіңді құрметтеу, тамаша еңбек
ету, елеміздің байлығын шебер және іскерлікпен пайдаланайық, жұмысшының
арнамысы-өнім сапасының басты бақылаушысы, ауыл шаруашылығын көтеру-бүкіл
хлықтық іс, баршаның ортақ қам-қарекеті, жаныңда бірде-бір артта қалушының
болмауы-коллективтік еңбектің ұраны, комсомол- ұлы құрылыстардың сенімді
қамқоршысы, қырсыздық пен ысырапқорлыққа-ымырасыз күрес, экономикалық
дайындық-әр жұмысшының, колхозшының, маманның білгірлігінің міндетті,
маңызды қыры. Жарқын фактілеріне, борышты саналы түрде, тапсырылған істі
зор жауапкершілікпен атқарудың фактілеріне ерекше назар аудару керек.
Этика жөніндегі әңгімелесулердің тақырыбы кластың, мектептің өмірімен
байланысты болуы маңызды.
Этика жөніндегі әңгімелесулердің жүйесі мынадай: оқушының өмірінен
алынған оның мінез-құлқы туралы фактілерді хабарлау немесе көркем
шығармадан әсерлі үзінділер келтіру; келтірілген фактілерді түсіндіру және
оларды оқушылардың белсенді қатысуымен талдау, шиеленісті жағдайларды
талқылау, адамгершілік қасиеттерінің неғұрлым мәнді белгілерін жинақтау
және оларды бұрын қалыптасқан мораль туралы ұғымдармен салыстыр,
адамгершілік ережелерін түсіндіру және айқындау, меңгерілген ұғымдарды
өзінің іс-қимылы мен басқа адамдардың, іс-қимылын бағалау кезінде қолану.
Қорытындысында этика жөніндегі әңгімелесулердің нәтижесін нақты іс жүзінде
нығайта түсу үшін түрлі тапсырмалар беріледі. Этика жөніндегі әңгімелесулер
барлық жағдайда мұндай жүйеде бола бермейді.
ІҮ-Ү кластарда әдетте, индуктивті жол басым болады. Нақты фактілерді
талдап,оларға баға беру арқылы балалар қорытынды жасап, өзіндік пікір
түйіндеуге үйренеді. ҮІ-ҮІІ және бұдан да жоғары кластарда әңгімелесуді
адамгершілік ережесін, принциптерін айқындаудан бастауға және оны көрнекі
ету үшін өмір мен әдебиеттен нақты материал қолдануға болады.
Этика жөніндегі әңгімелесуді өткізу кезінде бұрын белгілі емес мораль
нормалары мен ережелері түсіндіріледі немесе коммунистік дамгершілік
нормалары мен ережелері туралы алынған білім жүйеге түсіріледі. Этика
жөніндегі әңгімелесуге арналған материалда біздің бүгінгі өміріміз,
коммунизм құрыпжатқан адамдардың нақтылы қарым-қатынастары бейнеленгені
маңызды. Ұстаздікі, оқушыларды ашық жарқын болуға, тәрбиешілерге деген
дардың жоғары идеялық-адамгершілік дәрежесі, олардың идеялық-педагогикалық
сенімі және материалды түсіндірудегі әсершіл-сенімін қалыптастыру шеберлігі
этика жөніндегі әңгімелесулердің тиімділігін арттыруға жағдайтуғызады. А.С.
Макаренко адамгершілік білімін беруге көп көңіл аударды, ол мораль
теориясының бастамаларын игеруге көмектесетін шәкірттер мен этика
жөніндегі әңгімелесулердің конспектісін талдап жасады.
Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұнында мынадай тақырыптар бойынша
әңгімелер өткізу ұсынылған: І-ІІІ кластар-Біздің Отанымыз туралы;
Жолдастық, достық және коллективизм туралы.
Бұл тақырыпқа арналған әңгімелер экономикалық қана емес, сонымен бірге
қоғамдық-саяси, адамгершілік,еңбек тәрбиесінің мәселелерін де ашып
көрсетуді көздейді.
Әңгіменің мазмұны мен өткізудің методикасы көп ретте оқушылардың
жасына байланысты болады. Мәселен, бастауыш кластардағы әңгімелерде
мәселелелердің түсінікті шағын тобы ғана қозғалады, көркем әдебиеттен,
көрген кинофильмдерден, айналадағы өмірден алынған жарқын мысалдар
келтіріледі.
Мұғалімнің немесе класс жетекшісінің жоспарында алдын-ала ескерілмеген
тәрбиелік сипаттағы бірді-екілі әңгімелер де өткізіледі. Олар әдетте
оқушының тәртібін талқылаумен байланысты және лайықсыз мінез көрсеткен
класпен немесе жеке оқушымен өткізіледі. Оларды өткізген кезде оқушылар
коллективінің талаптарына сүйенген маңызды. А.С. Макаренко сенім істі
талдау кезінде айтылған коллективтік пікір формасында көрінуі тиіс деп атап
көрсетті. Мұның өзі тәртіп бұзушыға жеке арналмай, коллективке бағытталған
формада болуы тиіс.
Әңгімелер көбіне оқушылардың мінез-құлқына деген негізгі талаптар
тұжырымдалып, оқушыларға арналған ережелерді түсіндіруге бағытталады.
Бұларды оқушылардың бір-біріне деген, сайып келгенде өзіне деген талапқа
айналдыруға қолжеткізу аса маңызды. Мұның өзі Ережелерді түсіндіру жолымен
ғана емес, сонымен бірге оларды орындауға үйрету арқылы жүзеге асады.
Көптеген мектептерде оқушыларға арналғанЕрежелерді түсіндіру әр түрлі
қызмет процесінде оларды пайдалану жөніндегі жаттығулармен ұштастырылады.
Ережелерді орындауға үйрету көбіне педагогикалық коллективтен барлық
мүшелерінің тарапынан болатын педагогикалық талаптардың біртұтастығына
байланысты. Мектеп пен семьяның оқушыларғадеген талаптарының біртұтас
болуының да елеулі маңызы бар. Мұның ең алдымен оқушылардың күй режимін
ұйымдастыруға, мінез-құлық нормаларын мектеп пен үйде ғана емес, көшеде,
қоғамдық орындарда да сақтануына қатысы бар.
Үгіт коллективтері. Олар мектептерде кең өріс алып отыр және жоғары
кластың таңдаулы комсомолец оқушыларын біріктіреді. Мұнда жас үгітшілерге
саяси білім беруге, олардың көзқарасын кеңейтуге көп көңіл бөлінеді. үгіт
коллективтерінің сабақтарында ағымдағы оқиғалар туралв хабарлар тыңдалады,
әңгімелесулер, диспуттар өткізіледі. Үгіт коллективтерінің басшылары
үгітшілерді қандай саяси әдебиетті оқу және қалай оқу, сөздіктермен және
анықтамалармен қалай жұмыс істеу, әңгімеге немесе лекцияыға дайындалу керек
екенін үйретеді.
Жоғары клас оқушыларына арналған лекциялар шамамен мына тақырыптарға
арналады: Жауынгерлік жолы; Біздің қаламыздың (селомыздың) өткені мен
бүгіні; Адам космоста, құрылысының табыстары мен болашағы; Планета жастары
бейбітшілік пен социализм жолындағы күресте; ғылымының жетістіктері;
Бүгінгі және келешектің техникасы, Біз таңдап алатын жолдар (мамандық
таңдау туралы); Болашақ бүгіннен басталады, Жаңа құрылыстар қаһармандары;
Адам мәдениеті неге байланысты; Еңбек-өмір негізі; Қоғамдық борыш сезімі
туралы. Жоғары класс оқушыларының мінез-құлық мәдениеті;Өзін-өзі
тәрбиелеумен қалай айналысу керек, Оқу-ең жақсы ілім; Кім және қандай адам
болу керек. Адам өз еңбегі көрікті әрі даңқты, Біздің мұратымыз қандай,
Адам адамға дос, жолдас және бауыр, Қарапайымдылық пен менмендік туралы.
Мұғалімдер, ата-аналар, Білім қоғамының лекторлары ғана емес,
оқушылардың өздері де лекторлар ретінде сөз сөйлейді. Лекцияларды дайындау
үшін мектептерде лекторлар тобын немесе коллективтерін құрған дұрыс.
Оларға неғұрлым белсенді кластағы комсомолецтерді біріктіруге болады.
Лекторлар мүшелері теориялық дайындықпен қатар насихат жұмысының
шеберліктері мен әдіт-дағдыларын игереді. Олардың әрқайсысы жыл бойына бір
немесе екі лекция дайындайды. Мұның өзі де көтерілетін мәселелерді барынша
терең және жан-жақты зерттеуге, әдебиетпен тыңғылықты танысуға, қажет
болса, көрнекі құралдар дайындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, саяси білімді насихаттауға қатыса отырып, оқушылар
өзкөзқарастары мен сенімдерін қорғауға, идеялық хабарларды өз жолдастарымен
ортаға салуға үйренеді. Коммунистік идеяларды насихаттай отырып, олар
өздерінің идеялық дәрежелерін арттырады, берік идеялық-адамгершілік
сенімдерін қалыптастырады.
Диспуттар. Бұл-қоғамдық-саяси және адамгершілік тәрбиенің күрделі,
сонымен бірге аса пәрменді әрі тиімді формасы. Айтыстар мен
дискуссияларсыз, күрделі идеологиялық мәселелерді жан-жақты талқыламайынша
коммунистік сенімділікті тәрбиелеу, дамыту, адамгершілік принциптерін
санаға жеткізу өте қиын.
Диспуттар шамамен мына тақырыптар бойынша өткізіледі. Армандау қажет
пе; Нағыз және жалған романтика туралы; Заманмен қалай тең болу керек;
Азамат болу міндетін; Әсемдік және сиықсыздық туралы; Жауынгер және
тоғышар; Қызықты және тартымсыз еңбек турады; Адам аталу оңай, нағыз адам
болу қиын; Бақыт дегеніміз не; Сенің адамгершілік мұратың; Жеке және ортақ
дүние; Батылдық пен қорқақтық туралы; Табандылық пен қыңырлық туралы; Сөз
бен іс туралы; Сараңдық пен ұқыптылық; Қарапайымдылық-адам көркі деп
неге айтылады; Жас жігіттер мен қыздардың достығы туралы; Класс мен мектеп
намысы деген не; Жаңа атаулының бәрі озық па?; Бүгінгі күні революционер
болу деген нені білдіреді?; Жақсы және жаман талғам туралы; Қалай нағыз
адам болуға болады; Өз мінезіңді өтгертуге бола ма?; Осы тақырыптардың,
аттарынан көрініп тұрғандай, айтыс сипаты бар.
Оқушыларды диспут жүргізудің ережелерімен алдын ала таныстырған
пайдалы. Мысалы, бір мектепте мынадай ережелер жасалып, қабылданған:
Айтыста бәрі тең және ешкім ақыл айтып, үйретпейді. Диспутта бақылаушылар
жоқ, әркім әңгімеге белсене қатысады. Айтыстардан бұрын не туралы
айтысатыныңды ойлан. Адал және бүкпесіз айтыс, өз жолдастарыңның ойлары
мен сөздерін бұрмалама. Айтыса бастағанда өзің қорғап, дәлелдемек болған
тұжырымдарыңды айқын және дәл айт. Дәлелдей және бекерге шығара отырып
түсінікті, ойыңды айқын, қарапайым әрі дәл айт. Өз сөзіңмен айтуға тырыс.
Егер сенің пікіріңнің қате екенін дәлелдей берсе өз қарсыласыңның
дұрыстығын мойындай біл. Сөзіңді аяқтай келе оны жинақтап, қысқаша
қорытынды жаса.
Диспуттарға дайындық есебінде кейде оған қатысушылардың арасында
диспут тақырыбы бойынша анкета жүргізіледі. Мәселен, мектептердің бірінде
Сенің кім болғың және қандай болғың келеді? тақырыбына арналған диспутқа
дайындық кезінде оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылған: 1.
Өмірдің мән-мағынасы неде деп білесің? 2. Идеал ұғымынан қандай мағына
көресің? 3. Өз идеалынан үйренесің бе? Нені және қалай үйренесің? 4. Сен
адамдардың қандай кемшіліктерін ерекше ұнатпайсың? Неге? 5. Кім болғың
келеді? Неге? 6. Сенің мамандық таңдауыңа кім көмектесті (мектеп, ата-анам,
кітап). Мұндай сұрақтарға жауап беру; талқыланатын проблемалар жөнінде
байыппен ойлануға және талқылауға жақсы дайындалуға мәжбүр етеді. Сонымен
бірге анкеталық сұраудың нәтижелері диспут жетекшіснің кіріспе және
қорытынды сөзі үшін құнды материал береді.
Диспутты жүргізу кейбір бір оқушыға емес, барынша-жақсы дайындалған
екі оқушыға тапсырылады. Мұны класс жетекшісі атқарады. Жоғары класс
оқушыларын өз ойларын батыл және қысылмай айтатындай, үлкендердің айтуымен
жатталған тексті судыратып оқып шықпайтындай етіп-дайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаты оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Тәрбие жұмысын талдау түрлері мен деңгейлері
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің қызметі
Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Пәндер