Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы


Жоспар
Кіріспе
Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
1. Қылмыстық іс-жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаудың маңызы және орны
2. Прокурор өкілеттігінің түсінігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан Республика-сындағы құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекеті-міздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының - заңдылықты сақтауға ерекше мән беріледі. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы “бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру” деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып саналады. Заңдылықты сақтаудағы басты талаптар құқық қорғау органдарына, әсіресе сот пен прокуратура органдарына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміз-де сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары дамуы және жетілдірілуі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекс-терін, Азaматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстерін, “Сот билігі туралы заңдардың қолданылуының кейбір мәселелері туралы” 14. 05. 98ж. №:1, “Қылмыстық жаза тағайындаудағы соттардың заңдылықты сақтауы туралы” 30. 04. 99ж. №:1 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулы-ларын қабылдауымен байланысты болды. Бұл нормативтік - құқықтық актілерді соттардың әлеуметтік әділеттілікті орнатуына, әділ сот төрелігін жүргізуді және қылмыстық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық процестің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне Сот төрелігін жүргізудегі прокурорлық қадағалаудың ролі мен маңызы Қазақстан Республикасы Президентінің“Прокуратура туралы” 1995 жыл 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығын қабылдаумен елеулі түрде өсті.
1. Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс - жүргізуінің негізін қылмыстарды анықтауға және ашуға, кінәлілерді анықтап және оларға әділ жаза тағайындауға бағытталған заң бйынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі құрайды.
Қылмыстық іс - жүргізушілік қызмет анықтау және алдын - ала тергеу органдарының, прокуратура және соттың лауазымды тұлғаларының тиісті түрде ұйымдастырылған, қатаң тәртіпке келтірілген және белгілі бір мақсатқа бағытталған, сондай-ақ іке қатысуға тартылатын жеке азаматтардың әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Қылмыстық іс-жүргізу қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінде айырмашылықтар болғандықтан, қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар туралы білім шығарылған. Қылмыстық іс - жүргізушілік функция - бұл қылмыстық іс - жүргізушілік қызметтің жеке тарабын және белгілі бір бағытты білдіреді. Қылмыстық іс - жүргізушілік функция ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтама берген. Мысалы: П. С. Элькиндтің ойынша, қылмыстық іс - жүргізушілік функция - бұл қылмыстық іс - жүргізушілік қызметтің түрі емес және оның бағытының өзі емес, ол қатысушылардың мұндай қызметтіңтиісті бағытындағы ролі мен бағытының көрінісі болып табылады. Ал, М. А. Чельцовтың ойынша, қылмыстық іс - жүргізушілік функция - бұл заң шығарушымен анықталатын тиісті органдардың немесе тұлғаның қызметінің бағыты болып табылады.
Қылмыстық іс - жүргізушілік қызмет бір-бірімен тығыз байланысты қылмыстық іс - жүргізудің үш негізгі функциясымен сипатталады: айыптау, қорғау және істі шешу. Бұл функциялар тергеу жүргізіліп және одан соң соттың қарауына жіберілетін барлық қылмыстық істерді болады. Алдын-ала тергеуде бұл функциялар бір тұлғаның - тергешінің қолында біріктіріледі. Ал, қылмыстық істі сотта қарауда бұл функциялар анқ көрінеді және сот талқылауының қатысушыларының арасында бөлінеді.
Сотта айыптауды (мемлекеттік айыптауды) прокурор жүзеге асырады. Прокурордың қолдауымен жүргізілетін айыптау - айыптудың негізгі және маңызды белгісі болып табылады. Прокурор арқылы мемлекет қылмыстық іс - әрекетпен құқық нормаларын бұзған тұлғаларға қытысты құдалау жүргізеді, мемлекет прокурорға анықтау және алдын-ала тергеу органдарының қылмыстылықпен күресуде күшейтуді координациялауды жүктейді. Айыптауды қылмыстық іс - жүргізушілік функция ретінде әрқашан белгілі бір тұлғаға бағытталған және ол міндетті түрде құдалауды білдіреді.
Қылмыстық іс-жүргізуде айыптауға қарсы әрқашан қорғау функциясы болады. Бұл екі функция дауласып жатқан тараптардың дәлелдеріне обьективті түрде құқықтық баға беруге және қылмыстық істің дұрыс шешілуіне мүмкіндік береді.
Айыптау іс - жүргізушілік функция ретінде, қылмыстық іс - жүргізушілік қызметтің түрі ретінде айыптау пәнімен өте тығыз байланысты, яғни, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің материалдық - құқықтық көрінісі. Айыптау материалдық - құқықтық тұрғыда қылмыстық жауапкершіліктің іс - жүргізушілік көрінісі болып табылады, дәлірек айтқанда, қылмыс құрамын білдіреді. Айыптау Қылмыстық кодекстің тиісті бабының диспозициясында көрсетілген қылмыстық барлық белгілерін, оның барлық элементтерін қамтиды. Айыптауды дәлелдеу функциясы және дәлелдеу пәні ретінде айыруға болады және айыру керек, бірақ оларды бір-бірінен бөліп тастауға болмайды. Алдын - ала құрылған айыптау қорытындысынсыз айыптауды дәлелдеу қызметі пәні мен мақсаты жоқ айыптауға айналады. Басқа жағынан алғанда, айыптау материалдық - құқықтық тұрғыдан бос декларацияға айналады. Айыптау пәні мен айыптау қызметінің арасындағы тығыз байланысты мына формуладан көруге болады: айыптаушы айыптауға міндетті, ал айыптау айыптушымен дәлелденуі тиіс.
Айыптаудың материалдық - құқықтық және іс - жүргізушілік тұрғыдан байланысын анықтау, айыптау функциясының пайда болу уақытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл функция іс жүргізуде алғаш рет тиісті түрде айыптау пәні (қылмыс жасады деп айыпталатын адамды, бұл қылмыстың жасалу жағдайлары және қылмыстық заң ) көрінгенде туындайды деп пайымдауға болады. Шындығында да солай болып келеді. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 206 және 207 - бабтарына сәйкес, қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы делелді қаулы шығарады. Осы уақыттан бастап іс жүргізу белгілі бір тұлғаға - айыпталушыға қарсы жүргізіледі. Басқаша айытқанда, айыптаудың қылмыстық іс - жүргізушілік функциясы жүзеге аса бастайды. Мемлекеттік айыптау сот отырысының айрықша жағдайларында жүргізілетін қылмыстық іс - жүргізушілік функция болып табылады. Мемлекеттік айыптаудың бастаулары сотталушы анықталған тергеу органдарының қызметінде жатыр. Бірақ, ол сотта материалдық - құқықтық тұрғыдан (айыптау қорытындысының тезисі толықтай өзгермеген жағдайдың өзінде) басқа әдіс тәсілдер арқылы өмірге келе бастайды. Сотта айыптау функциясын орындаудың сол әдістердің жиынтығы бір ұғыммен - “ мемлекеттік айыптауды қолдау” ұғымымен айтылады Осыған сәйкес, негізгі қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар ішінде айыптау функциясы маңызды роль атқарады. Айыптаусыз қылмыстық іс жүргізу мақсатсыз, пәнсіз және мүмкін емес болар еді. Алайда, мұны қылмыстық іс - жүргізушілік функциялардың ішіндегі орталық, басты функция ретінде санауға болмайды. Жоғарыда көрсетілген үш функция да негізгі және айырылмас бірлікте болады. Олардың кез-келгені басқа екі функцияның барлығын анықтайды. Қорғау функциясынсыз айыптаудың болуы сот өндірісінің бір бағыттылығын - айыптау бағытын көрсетер еді. Айыптаусыз қорғаудың болуы логикалық тұрғыдан мүмкін емес, ал істің дұрыс шешілуі тек жарыспалы іс жүргізуде мүмкін болады.
Мемлекеттік айыптаудың қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі орны туралы айтар болсақ, мен Кеңестік дәуірдің ғалым, заңгерлерінің М. С. Строговичтің, М. А. Чельцовтің, Н. Н. Полянскийлердің піәкірлеріне қосылам. Олардың пайымдауынша, мемлекеттік айыптау басқа іс жүргізушілік функциялардың туындауына және дамуына алғашқы импульс береді, айыптау арқылы сот машинасының күрделі механизімі қозғалысқа түседі. Сондықтан да, мемлекеттік айыптауды “Қылмыстық іс жүргізудің қозғалыс күші”, “ іс жүргізудің дамуына мүмкіндік беретін пружина”, “қылмыстық іс жүргізудің двигателі” деп атаған. 7
Алайда, даусыз болып көрінген бұл пікірлерге кейбір ғалымдар қарсы шыққан. Р. Д. Рахуновтың ойынша, қылмыстық іс жүргізудің қозғалыс және даму факторы айыптау емес, “ақиқатты орнатуға
2. Прокурор өкілеттігінің түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде прокурордың орны мен мәнділігі Қазақстан Республикасы Конститутциясының, қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күш бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған зандарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне прокуратураның прокурорлық қадаталаудың функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін өз билігінің бүкіл күшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Коңституциясының 83-бабының сәйкес прокуратураға Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалау жүктеледі. Конституциялық денгейде жалпы түрде тұжырымдалған қадағалау функциясы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығыңда жетілдіріліп, нақтыланған осы Жарлық бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі қадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:
1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау(34-36-баптар) ;
2) тергеу мен анықтаудың зандылығын қадағалау (37-39-баптар) ;
3) сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру (30-33-баптар) ;
4) орындалу ісінің зандылығын қадағалау (сот тағайындаған
жазаларды және өзге де мәжбүрлеу сипаты бар шараларды орындау кезінде ұсталғандар жататын орындарда, сондай-ақ алдын ала қамау орындарында заңдардың орындалуы) (43-44-баптар) .
Прокурорлық қадағалаудың нысаны, тәртібі, прокурор қатысушысы болып табылатын құқықтық қатыңастарды жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын құқықтық салдары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығыңда да, сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінде де реттелген.
Прокурор жағдайының ерекшелігі прокуратура органдарының көп қырлы функциясынан да көрінеді. Заңдылықты қадағалаумен қатар прокуратура органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысыңда талқылауға қатысады. мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады. Осы функцияларға өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтырып отыруы тән болып келеді. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру бір мезгілде қадағалау функциясының мақсаттарына қол жеткізудің құралы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Прокурордың қылмыс белгілерін тауып, ізін ала қылмыстық іс қозғауы шын мәнінде қадағалау функциясын жүзеге асыру болып табылады. Сонымен бірге прокуратура органдарының көп қырлы функциясы осы функшяны құрайтын міндеттерді дербес түрде жүзеге асыруды жоққа шығармайды. Заң шығарушының прокурорды өзінің құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларын да қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын лауазым иесі ретінде қарастыруы прокурордын іс жүргізу мәртебесінің біркелкі еместігі туралы куәландырады. Оның мәртебесі мемлекеттік айыптауды қолдау барысыңда айрықша сипаттарға ие болады. Прокурордын өкілеттігі іс жүргізудің кезеніне және өздері жүзеге асыратын нақты функцияның шегінде ұстанатын көзқарасына байланысты өзгеріп отырады.
Прокурордың құқықтық мәртебесі сот әділдігін атқару кезінде прокуратура органдары шешетін міндеттер жүйесімен тығыз байланысты. Мұндай міндеттерге мыналар жатады:
- әрбір істі жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп, қарау үшін занда көзделген шараларды колдану;
- айыпталушының қорғануға деген құқығын, оның жеке
және мүліктік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
- әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде
жазалануын және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамның сотталмауын қадағалап, қылмыстық ізге түсу мақсаттарына қол
жеткізу;
- азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік, қоғамдық және
жеке кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың заңды
мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз ету.
Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен де анықталады (83-бап), оған сәйкес прокуратура органдары өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана бағынады.
Қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор мәртебесінің мазмұны оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына байланысты мынадай жағдайлармен айқындалады.
1. Прокурор іс жүргізу аяқталған қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.
Іс жүргізудің кейбір сатыларында прокурордың белгілі бір мүддесі болады.
Бұл мүдде сот әділеттілігі міндеттерінің шегінен шықпайды. Және егер сот талқылауы барысында адамның кінәсіз екені айқындалса прокурор мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тарта алады. Мұндай бас тарту оның құқы емес, міндеті болып табылады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 317-бабында былай деп жазылған: "Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті".
2. Іс жүргізудің жекелеген сатыларында прокурордың істі шешу жөнінде ешқандай құқықтары болмайды, оның сондай-ақ қадағалау кызметінің мақсаттары мен міндеттерінің мазмұнына байланысты тікелей іс жүргізу мүддесі де болмайды.
Мәселен, кассациялық инстанция сотындағы істі қарау кезіндегі прокурордың қатысуы іс бойынша өзінің козқарасын білдірумен және қосымша материалдар берумен шектеледі (ҚІЖК-нің 430-бабының 5, 6-бөліктері) Жоғары тұрған сотта істі қарау кезінде қадағалау тәртібімен прокурордың қатысу сипаты өзінің қарсылығын білдірумен шектеледі (ҚІЖК-нің 467-бабы-ның 2-белігі) .
3. Қадағалау қызметінің нысандары іс бойынша белгілі бір
қатысушылардың функцияларымен қиылысуы мүмкін.
Істің мән-жайын тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және анықтау жүргізетін тұлғаға жүктеледі. Бірақ бұрын айтылғанындай, өзге де қылмыстық іс жүргізу функциясың жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, прокурор қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отарып, бір мезгілде заңдылықты сақтау, іс бойынша процессуалдық іс жүргізуді өткізу сияқты аралас екі функцияны да жүзеге асырады.
Қадағалау қызметінің өзге де дербес функциялармен қатар келуінің осындай нысандарының құқықтық негізі болады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасылық прокуратурасы туралы" Жарлығының 38, 46-баптарына сәйкес прокурордың:
- қылмыстық іс қозғалды немесе қылмыстық іс қозғауға
рұқсат беруден бас тартуға;
- анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті
органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді беруге;
- жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысуға;
- тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз
қаулыларының күшін жоюға;
- анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасаған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алуға;
- бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім жасалған адамдарды қамауда ұстаудын заңдарда белгіленген тәртібі
мен шартының сақталуын тексеруге;
- қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық
жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы
өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде
зандылықтың сақталуын тексеруге құқығы бар. Бұл құқығы прокурордың Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген өзге де өкілеттіктеріне қайшы келмейді. Мәселен, прокурор тергеушінің көзқарасына қарамастан, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдануға, қажетті жағдайларда оқиға болған орынды жеке тексеріп қарауға, сараптама тағайындауға құқылы.
4. Прокурор қылмыстық істі қозғауға құқығы болса да қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына қадағалау жүргізуге
міндетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz