Педагогикалық қарым-қатынастар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1. Педагогикалық қарым-қатынас

1. 1 Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні

1. 2 Педагогикалық қарым-қатынас стильдері

1. 3 Педагогикалық қарым-қатынас құралдары

1. 4 Педагогикалық техниканың мәні

1. 5 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті

2. Педагогогикалық конфликт

2. 1 Педагогикалық конфликтінің мәні

2. 2 Педагогикалық конфликтінің түрлері мен құрылымы

2. 3 Педагогикалық конфликтінің өту кезеңдері

2. 4 Педагогикалық конфликтіні шешу жолдары

3. Педагогикалық этика

3. 1 Кәсіби мораль және этика

3. 2 Педагогикалық этиканың пәні мен міндеттері

3. 3 Кәсіби моральдың принциптері

3. 4 Педагогикалық этиканың категориялары мен мәні

4. Педагогикалық мәдениет

4. 1 Педагогикалық мәдениеттің мәні

4. 2 Педагогикалық мәдениеттің компоненттері:

а) Педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті

в) Педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті

с) Педагогикалық мәдениеттің эвристикалық компоненті

д) Педагогикалық мәдениеттің тұлғалық компоненті

5. Педагогикалық шеберлік

5. 1 Педагогикалық шеберліктің мәні мен маңызы

5. 2 Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері

5. 3 Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі

6. Сынып жетекшісі және оның атқаратын қызметі

6. 1 Сынып жетекшісі іс-әрекетінің мәні

6. 2 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері

6. 3 Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері

6. 4 Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жұмыс мазмұны

6. 5 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс-әрекеті

7. Педагогикалық іс-тәжірибенің мұғалім тұлғасын қалыптастырудағы орны

7. 1 Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

7. 2 Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері

7. 3 Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ГЛОССАРИЙ

1. 3 Педагогикалық қарым-қатынас құралдары

Педагогикалық қарым-қатынастың құралдары вебальды және вербальды емес құралдар болып екіге бөлінеді. Вербальды қарым-қатынас құралдары - сөз. Сөз арқылы мұғалім оқушыға білім беріп, оған тәрбиелік ықпал жасайды. Сөз мұғалімнің педагогикалық басты құралының бірі.

Қарым-қатынас барысында вербальды емес қарым-қатынас құралдары да маңызыды роль атақарады. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарына іс-әрекет, бет әлпет, дене, қол қозғалыстары жатады. Вербальды емес қарым-қатынас құраладры сөзді әрлендіріп, оның жылдам ұғынылуына, түсініктілігіне ықпал жасайды. Берілетін ақпараттың көп бөлігі шетелдік зерттеушілердің айтуынша осы вербальды емес қарым-қатынас арқылы жүзеге асады екен.

1. 5 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының тиіміді болуы мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне де байланысты. Мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасына әсер ететін екі бөлікті байқауға болады:

- біріншіден, бұл жалпы қарым-қатынас принциптері - ол қоғам дамуы барысында қалыптасқан қағидалар, яғни ғасырлар бойы мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі оқыту мен тәрбие мақсаттарын жүзеге асыратын құндылықтар;

- екіншіден, бұл қарым-қатынастың жекелеген принциптері - мұғалімнің өзіндік қарым-қатынас стилі - өзі қолданатын өзінің қабілеттері мен іскерліктері, білімі негізінде оқыту мен тәрбиелеудің нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын нақты тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Мұғалімнің іс-әрекеті барысында аталған бөліктерінің біреуінің болмауы мұғалімнің кәсібилігі мен кәсіби қарым-қатынас мәдениеті деңгейінің жеткіліксізідігін көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби қарым-қатынас мәдениеті - педагогикалық іс-әрекетте нақты міндеттерді жүзеге асырудағы мұғалімнің әлеуметтік маңызды қабілеттерінің, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы, оларды қабылдауы, түсінуі және өз ойларын, сезімдерін, ұмтылыстарын бере алу іскерліктерінің көрсеткіші.

Қарым-қатынас мәдениеті педагогикалық іс-әрекет барысында нақты бір міндеттерді жүзеге асыру барысында қалыптасады. Мұғалім қарым-қатынас барысында шығармашылық тұрғыда қолданатын тәсілдер мен құралдар түрлерінің көп болуы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтайды. Осылайша, қарым-қатынас мәдениеті - бұл өзара қарым-қатынас барысында оқыту мен тәрбиенің қойылған мақсаттарына жете алу іскерліктері.

Американдық зерттеуші Уильям Фолкнер сөйлеу адамның ойлауының негізгі тірегі деп көрсетіп, сөз сөйлеу арқылы жеке тұлғаның мінезінің негізгі бір бөлшегі білінеді деген. Сөз сөйлеу барысында адам өз сезімдерін білдіреді және өз ойларын ортаға салады.

Сөйлеудің негізгі функциясы - қарым-қатынас орнату. Қарым-қатынасты орнату үшін сөйлеуші өз сөзін мәнерлі, тыңдаушыға сәйкестендіріп айтуы қажет. Егер сөйлеуші айналада тірі адамдар және олардың өз ойлары, қажеттіліктері бар дегенді сезінбесе жанды сөздің мәнін түсінбейді деген сөз.

Сөйлеген сөз сенімді болуы үшін оны дайындау керек. Ерте заман адамдары «Ақын болып туады, шешен жүре пайда болады» деген.

Сөйлеуді төмендегідей жіктеуге болады (Н. М. Тимченко) :

- ақпараттық;

- сендіру;

- ынталандырушы

Ал Толь Сопер сөйлеуді жалпы мақсатына байланысты:

- ақпараттық;

- сендіруші;

- ынталандырушы;

- әрекетке жұмылдырушы;

- көңіл-көтерін сөйлеу деп жүйелейді.

Ақпараттық сөйлеудің мақсаты - білімді беру және байыту, пән туралы түсінік беру. Сондықтан, шешен сөздің ұтымды әрі логикалық ұйымдасқан түрде болуына өз зейінін аудару керек. Материалды ұтымды жеткізу үшін ол логикалық тұрғыда аргументацияланған, дәлелді болуы керек, себеп-салдарлы байланыстарды және шартты салдарлы өзара байланыстар ашылуы тиіс, әрі өз ойын бір ізді жетілдіруге назар аударуы тиіс.

Сендіру сөйлеуінің мақсаты - логикалық тұрғыда ұсынып оырған ойды дәлелдеу немесе жоққа шығару, тыңдаушыларда белгілі бір сезімдер тудыру. Сондықтан бұл сөйлеу түрінде эмоциональды аспектінің орны ерекше. Сөйлеген сөз дәлелді шешімді болуы керек, ол үшін шынайы даулы мәселелерді таңдау, мазмұнды мәселелерді қамту, қойып отырған мәселенің шешімі болуы керек.

Ынталандырушы сөйлеудің мақсаты - тыңдаушыларды ұжымның, қоғамның мүддесіне байланысты белгілі бір әркеттерге итермелеу, негізгі міндеті - тыңдаушының еркіне әсер етіп, пратикалық әрекеттерге дем беру. Бұл сөйлеу барысында қажетті фактілік мағлұматтар болуы, тыңдаушылардың психологиялық тұрғыдан қабылдаудың тууына әсер етуі, ынтымақтастыққа әкелуіне, ұсынылған істі жасауға қажеттілік тудыру сияқты әрекеттерге назар аудару керек.

Сөйлеудің тиімді болуы мынадай шарттарға байланысты:

- сөз мазмұнына, оның логикалық тұрғыда құрылуына;

- сөзді аудиторияға мәнерлі жеткізе алуына;

- тыңдаушылармен байланыс орната алуы;

- бет әлпет қозғалысының орнды болуы (мимикалардың орынды болуы) ;

- жесті дұрыс қолдана ауы;

- сөйлеушінің позасына (тұрған тұрысына) ;

- сөйлеушінің сыртқы бейнесіне және т. б. шарттар.

2. 1 Педагогикалық конфликтінің мәні

Мектеп - тәрбиелеуші институт ретінде әр түрлі тұлғааралық қарама-қайшылықтардың сәйкес келуімен ерекшеленетін орта болып табылады. Мұғалімге күрделі кәсіби қарым-қатынастар жүйесінен, ата-аналармен, әріптестермен, әкімшілікпен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Қарым-қатынас барысында туған қайшылықтар конфликтілерге әкеліп соқытыруы мүмкін.

“Конфликт” сөзі латын тілінен аударғанда “Conflkt’s” - қақтығысу мағынасын білдіреді.

Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиетерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л. Козер)

Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз қарама-қарсы қажеттіліктердің, мотивтердің, қызығушылықтардың, ойлардың, сезімдердің, мінез-құлық ерекшеліктерінің қарама-қайшы келуі. Конфликтінің қарама-қайшылықтардан айырмашылығы ол жоғары эмоциональды қысымның болуы. Ал қарам-қайшылықтар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ал ішкі және сыртқы қарма-қайшылықтарды жеңу диалектика заңына сйкес мұғалім мен оқушының дамуына жағдай жасайды.

Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:

• Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;

• Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік мәртебеге ие;

• Өмірлік тәжірибелері әр түрлі;

• Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;

• Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;

• Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.

Педагогикалық конфликт күрделі процесс, ол даму логикасының болуымен және объективті, субъективті факторлардың әсер етуімен ерекшеленеді. Сондықтан педагогикалық конфликтінің құрылымы да күрделі.

Педагогикалық конфликт құрылымы:

• Объектісі;

• Субъектілері;

• Пәні;

• Инцидент;

• Конфликтілік қарым-қатынастар;

• Мотивтері;

• Нәтижесі.

Объект - сыртқы әсерлер, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін. Субъект - конфликтіге қатысушылар, мысалы оқушы және мұғалім. Конфликтінің пәні ситуацияны және оппоненттің әрекеттерін тұлғалық қабылдауымен ерекшеленеді. Инцидент - бұл конфликтінің басталуына түрткі болған әрекеттер, жағдайлар. Конфликтілі қарым-қатынас - бұл субъектілердің конфликт кезіндегі қарым-қатынасы. Мотивтер - бұл конфликтіге түсушілердің түрткілері, себептері. Нәтиже - конфликтінің соңғы көрінісі, түйіні, шешімі.

2. 2 Педагогикалық конфликт түрлері

Әдебиеттерде педагогикалық конфликт түрлері өте көп аталады. Мысалы, конфликтіге түсуші субъектілерге байланысты педагогикалық конфликтінің төменедегідей түрлері кезедеседі.

Пратикада мұғалім-оқушы және оқушы-оқушы, мұғалім-ата-ана конфликтілері жиі кезедеседі.

Сызба 13. Педагогикалық конфликт түрлері

Тұлға ішілік конфликт - бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.

Тұлға аралық конфликт - бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсатттарды орындау барыснда іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.

Топаралық конфликт - бұл әлеуметтік топтар арсында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.

Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.

Конфликтінің туындау себептеріне байланысты конфликт түрлері(М. М. Рыбакова бойынша) :

• Іс-әрекет конфликтілері;

• Қарым-қатынас конфликтілері;

• Әрекет конфликтілері.

Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.

Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда тунындайды.

Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын-алу жеңіл.

Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда конфликтіден шығу жеңіл өтеді.

Қарым-қатынас конфликтілері - педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созлады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады

2. 3 Педагогикалық конфликтінің өту кезеңдері

Педагогикалық конфликт динамикалы түрде өтетін құбылыс болғандықтан оның дамуының кезеңдері де болады.

Педагогикалық конфликтінің кезеңдері:

1) қарама-қайшылықтардың пайда болуы;

2) оларды сезіну;

3) шиеленісуі;

4) шешу жолдарын іздестіру;

5) конфликтінің шешілуі.

Мұғалім үшін конфликтінің алғашқы белгілерін біліп, содан бастап оны шешуге тырысу маңызды болады. Бұл өте маңызды кезең, ол конфликтілі ситуацияның нағыз конфликтіге айналуына ықпал ететін, немесе жылдам шешілуіне әсер ететін кезең. Мұғалім конфликтінің аталған кезеңдерінің ерекшеліктерін біліп, оны тиімді басқаруға ұмтылуы тиіс.

Педагогикалық конфликтілерді басқару мүмкін болатын коммуникативті қиындықтардың алдын-алу, өз уақытында профилактикалық шараларды жүзеге асыру, тұлға аралық қарама-қайшылықтардың субъективті және объективті себептерін мақсатты түрде жою, оны конструктивті түрде шешуді талап етеді.

Конфликтінің алғашқы кезеңінде оны тиімді шешуге болады. Сондықтан мұғалім өз іскерліктерін шеберлікпен қолдана алуы тиіс.

Австралиялық ғалымдар - Х. Корнелиус және Ш. Фейр конфликтіні шешу мұғалімнің байқағыштығына байланысты дейді. Педагогтың кәсіби іскерлігі конфликтіні басып тастау немесе одан қашумен емес, конфликтілі жағадайды басқар алуымен сипатталады. Конфликтіні тиімді басқара алу адекватты басқару технологиясын, яғни стратегия мен тактиканы бірлестіре алуымен ерекшеленеді. Стратегия ұзақ мерзімді оқу-тәрбие мақсаттарын іске асырудағы мұғалімнің мінез-құлқын анықтайды. Тактика оның құрамдас бөлігі ретінде нақты бір конфликтілік жағдайдағы педагогикалық реакцияны таңдауға, тікелей өзара қарым-қатынас алгоритмін белгілейді.

Стратегия мен тактика қалыптасқан ситуацияны терең талдау негізінде және субъектілердің ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.

2. 4 Педагогикалық конфликтілерді шешу жолдары

Педагогикалық конфликтілерді басқару мүмкін болатын коммуникативті қиындықтардың алдын-алу, өз уақытында профилактикалық шараларды жүзеге асыру, тұлға аралық қарама-қайшылықтардың субъективті және объективті себептерін мақсатты түрде жою, оны конструктивті түрде шешу арқылы жүзеге асады.

Педагогикалық конфликтіні шешу мұғалімнің іскерлігі мен құзыреттілігін, оның басқару қабілетін көрсететін құбылыс болып табылады. Американ ғалымдары Р. Блейк және Д. Моутонның конфликтілі ситуацияларды басқару тұжырымдамасы өте қызықты. Олар тұлға аралық конфликтілерді басқарудың төмендегідей стратегияларын ұсынады: бейімделу, қашу, шегіну, келісімге келу, ынтымақтастық, басшылық жасау (доминирование) .

Байланыстарды орнату барысында мұғалімінің өз оқушыларының ерекшеліктеріне бейімделуқажеттілігі туындайды, осылайша, тұлға аралық үйлесімділік пен ынтымақтастықтың орнауын қамтамасыз етеді. Бұл стратегияның маңыздылығы сол, ол оқушы қандай сол күйінде қабыладуға мүмкіндік жасайды. Бейімделу стратегиясының мәні - қарым-қатынас ситуацияларында педагогтың көп жақты бағдарлануы және оқушылардың тұлғалық көріністеріне кешенді бейімделу.

Бейімделу стратегиясына ұқсас келесі стратегия - конфликтіден қашу стратегиясы. Бұл педагогтың конфликтіден саналы түрде бас тартуымен ерекшеленеді. Бұл ұсақ түсінбеушіліктер, жағымсыз көңіл-күй, ызақорлық, баланың шектен тыс агрессиясы сияқты жағдайларда қолданылады.

Бала дамуының белгілі бір кезеңдерінде дағдарысты бастан өткізеді. Бұл жағдайларды мұғалім үнемі ескере отырып, конфликтілі ситуациядан тиімді шыға алуы керек.

Бейімделу және қашу стратегияларын жиі-жиі қолдану оқушылардың өз іс-әрекеттері үшін жауапсыздығын және тым шолжаңдығына да әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да бұл стратегияларды ойланып қолдану қажет.

Шегіну стратегиясын қолданатын ситуацияларда болуы мүмкін. Кез-келген адам сияқты мұғалім өз шешімдерін қабылдауда, оқушының қызығушылықтары мен мінез-құлқын талқылауда қателесуі мүмкін. Мысалы, жасөспірімнің сыртқы тәртіпсіздігі оның өз-өзіне сенімсіздігі, қорқыныш негізінде болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім өзі таңдап алған ситуациядан бас тартатын жағдайлар да болады. Мұғалімнің өзі таңдап алған тактикасы дұрыс емес болған жағадайда оны мойындауы, одан бас тартуы оқушылардың тарапынан түсінушілікті қамтамасыз етеді. Мұғалім сондықтан да дер кезінде эмоционалды қысымды алып тастауға тырысуы керек.

Келісім стратегиясы екі жақты келісімге келу және шешімдерді бірлесіп қабылдау арқылы жүзеге асатын тактика. Бұл стратегия екі жақты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Оқушы тұлғасын құрметтеуге негізделген бұл стратегия жекелеген шығындар негізінде жеңіске жетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің жеке үлгісі негізінде оқушы дұрыс шешім қабыладуды және қажет жағдайларда өз ұстанымынан бас тарта алуын қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық старегиясы - бұл маңызды реттеуші және тәрбиелеуші мүмкінідіктерінің болуымен ерекшеленетін стратегия. Бұл тактика шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдауға, өзаражауапкершілікке негізделетін стратегия. Қарым-қатынастың демократиялық сипаты, пікірлермен ашық алмасу, әр түрлі көзқарастарды қарап көруге мүмкіндік береді, оқушылар арасында көп жақты пікір -плюрализмнің қалыптасуына және проблемалы ситауацияның көп жақты жауаптарын табуға ықпал жасайды.

Басшылық жасау стратегиясы - бұл мұғалімнің бір жақты өз позициясын қорғауға және барлық жауапкершілікті өзіне алуына негізделеген стратегия. Педагогикалық қарым-қатынас барысында осындай стратегияны қолдану қажеттілігі де туындайды. Бұл стратегияны тосын, күтпеген жағдайлар да, оқушының физикалық немесе психикалық денсаулығына қауіп төнгенде қолдануға болады. Немесе нақты бір шешім қабылдау қажеттігі туындайтын ситуацияларда қолданады. Басшылық жасау стратегиясы мұғалімдерді педагогикалық әсердің жылдамдылығымен қызықтырады. Мысалы, сабақ үстінде оқушы тәртіп бұзып отырса, оқушыға мұғалім ескерту жасау арқылы бұл жағдайдың ары қарай өрбуіне шектеу қояды.

Педагогикалық конфликтілерді тиімді шеше алу мұғалімнің іскерлігін, шығармашылығын қажет етеді. Сонымен бірге, конфликтілерді шешуге мынадай кешенді жағдайлар да әсер етеді:

1) тәрбиеленушінің жекелеген және жас ерекшеліктері, оның медениеттілік деңгейі;

2) эмоциональды жағдай, неврозды реакцияларға бейімділік;

3) қақтығыс мотивтері;

4) конфликт объектісі және оның өтуінің нақты жағдайлары (сабақта, үзілісте, сыныптастарымен бірге немесе мұғаліммен бірге өтуінде) ;

5) қалыптасқан қатынастың ұзақтығы және сипаты;

6) мұғалімнің тұлғалық психологиялық және кәсіби мүмкіндіктері және оның беделі.

Педагогикалық конфликтілерден тиімді шыға алу педагогикалық процестің тиімді, әрі сапалы болуының кепілі.

3. 1 Кәсіби мораль және этика

Этика - мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б. з. б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.

Этика - мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.

Моральдың мазмұны жүйе ретінде 4 компоненттен құралады:

• Адамгершілік қатынас;

• Адамгершілік мотивтер;

• Адамгершілік сезімдер;

• Моральдық сана

Моральдың атқаратын қызметі (Л. М. Архангельский бойынша) :

• Реттеуші;

• Тәрбиелеуші;

• Танымдық;

• Бағалау;

• Бағдарлаушылық;

• Мотивациялық;

• Коммуникативті

Педагогикалық моральдың атқаратын қызметтері:

• Педагогикалық коррекция;

• Диагностикалық және болжау функциясы;

• Моральдық білімдерді шығару;

• Моральға жат қылықтарға төтеп беруге дайындығын қалыптастыру;

• Моральдық өзін-өзі қорғау;

• Реттеуші;

• Тәрбиелеу;

• Бағалау-бағдарлаушылық.

Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады.

Кәсіби этика - еңбектік моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.

Кәсіби этиканың мәні мен маңызы - кәсіби міндеттерді сәтті орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.

Әдептілік - белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Т. А. Ильина «Педагогикалық әдеп - мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиетте оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең түсініп, білуге негіз болады», - деп көрсетеді. Айтмамбетова Б. Р., Бейсенбаева А. А. «Педагогтік әдеп, кең мағынасында педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа дейді.

Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі

1) Еңбек объектісі - адам;

2) Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте;

3) Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі;

4) Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік идеалы.

Кәсіби этика - ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.

Педагогикалық мораль - ұрпақтан ұрпаққа адамгершілік тәжірибені берудегі қоғамдық қажеттіліктермен негізделген педагогикалық ортада адамгершілік іс-әрекеттер мен адамгершілік қатынастарды реттеуші адамгершілік нормалар мен ережелер жиынтығы.

3. 2 Педагогикалық этиканың пәні мен міндеттері

Кәсіби этиканың зерттеу пәні - кәсіби мораль, оның ерекшеліктері, қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму заңдылықтары.

Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы адагершілік принциптерді нақтылайды.

Кәсіби этканың міндеттері:

Теориялық міндеттер - тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.

Практикалық міндеттер - моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі

Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын-алу жолдарымен қаруландырады

3. 3 Кәсіби мораль принциптері

Моральдық принциптер - адамгершілік сананың бір формасы, онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі. Нормалар адам әрекетінің қандай болу керектігін нақты талап етсе, моральдық сапалар тұлға мінез-құлқының жекелеген жақтарын сипаттайды.

Ал принциптер - белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді. Олар адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар береді және мінез-құлқының негізі болып табылады. Принциптер мораль құрылымының маңызды бөлігі, ол моральдың мәнін анықтайды.

Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

• Ізгілік принципі;

• Педагогикалық оптимизм;

• Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;

• Азаматтылық, патриотизм;

• Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;

• Профессионализм, шығармашылық;

• Сөз бен істің бірлігі

Кәсіби мораль - бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның адамгершілік міндеттері.

Мұғалімнің педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемедері төмендегілер негізінде анықталады:

а) өмірдің басты мазмұны ретінде;

б) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы ретінде;

в) іс-әрекет ретінде

Кәсіби моральдық принциптер педагогикалық процестің дұрыс ұйымдастырлуына және жағымды қарым-қатынастың орнауына негіз болатын бастау ережелер болып табылады. Ол мұғалім еңбегін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер
Қарым - қатынас түрлері
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Педагогикалық ұжымдағы қарым – қатынастардың әлеуметтік психологиясы
Мұғалімның кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар
Адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz