Орталық жүйке жүйесінің жұмысы



1. Орталық жүйке жүйесі
2. Жүйке жүйесінің маңызы.
3. Қозу физиологиясы.
4. Нейронның құрылысы мен қызметі
5.Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы
6.Журек физиологиясы
Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады.
1. Физиология және мектеп гигиенасы
2. http://www.google.kz
3. http://kk.wikipedia.org/wiki
4. http://yandex.kz

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Орталық жүйке жүйесі
2. Жүйке жүйесінің маңызы.
3. Қозу физиологиясы.
4. Нейронның құрылысы мен қызметі
5.Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы
6.Журек физиологиясы

1. Орталық жүйке жүйесі

Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда
болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе
мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық
тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып,
демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі
ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және
ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі:
физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-
дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-
бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар
мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық
(тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті
ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары).
Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық
қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың
бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862
жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін
биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі
потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет
потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық
және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа,
салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың
физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің
өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық
құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді
фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв
талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол
изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы,
калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты
гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар
қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына
(бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке
әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып
бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және
тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және
селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді.
Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды
нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде
адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін
өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды.
Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп
отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми
қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан
кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан
жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі
динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап,
төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және
психикалық факторлар әсер етеді.

2. Жүйке жүйесінің маңызы.
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға
болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске
асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін
реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл
организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде
орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г.
жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып
омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол
жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді)
тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері.
Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне
айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе
қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған
бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен
шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының
еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін
нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте
күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған
нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға
жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда
аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв
әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын
өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға
нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв
импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса,
жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық,
тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің
эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен
орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса
маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты.
Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне
байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады
(жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан
12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның
еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін
мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV
шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X
кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.

3. Қозу физиологиясы.

Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық
тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп
организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін
босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің
тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару
т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың
клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта
жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе,
организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады.
Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті
бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық
белсенділік дейді.
Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер,
жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері
қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр
шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері
денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену
деп айтады.
Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі
орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан
белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі:
физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым
т.б) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және
бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар
және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық
қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі
заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз
қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің
әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш
ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар
тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың
қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық
қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді. Сыртқы ортаның
кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді
немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу
іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде
жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я
болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп
клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап,
сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан
жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске
асады.
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы
жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен
түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне
градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы
молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық
тартқыш - аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау
кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын
энергияны) жұмсайды.
Тьшыштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал
айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.
Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка
мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық
потенциалы 50-90 мВ-қа дейін болады.

4. Нейронның құрылысы мен қызметі

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе
нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар
қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв
клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы
қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан
анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де
кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың
үлесі көбейеді.
Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс
істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп
атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш
бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы
өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон
- тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды
(дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин -
ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп,
Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам организмі
Жүйке жүйесінің типтері
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Вегатативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы
Симпатикалық жүйке жүйесі
Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі
Жүйке жүйесінің дамуы
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау
Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Пәндер