Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ережелі ойындарды пайдалану


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ережелі ойындарды пайдалану
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математика элементтерін оқыту ерекшеліктері
2. Ережелі ойындар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Мектепке дейінгі мекемелерде жүгізілетін қарпайым математика элементтерін бүгінгі күнгі инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы балалардың ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі өзектілігі болып айқындалады.
Қазіргі жас ұрпақты мәдениетті, ұшқыр қиялды, білімді, ұлтын сүйетін, нағыз қабілетті етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Өмір талабына сай жан-жақты бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттігі туындап отыр. Тәрбиеші мен баланың оқу-тәрбие процесінде әрқайсысының іс-әрекеттерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады. Алайда олар бөлінбестей байланыста бір тұтас оқу-тәрбие процесіне қатысады.
Сол міндеттердің негізгілерінің бірі болып саналатын баланың қарапайым түсінік-ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге, ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық ұғымдар туралы алғашқы мағұлұматтарды меңгерту ісіне ерекше назар аударып, алынған білімді бекітуге назар бөлінеді.
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке мейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғашқы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, бала бойынадарыту өзекті мәселерлердің бірі болып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның зор маңызы бар. Ойын олар үшін- сабақ, ойын олар үшін- еңбек, ойын- олар үшін тәрбиенің маңызды түрі.
Мектеп жасына дейінгілердің ойыны- айналадағы дүниені танып білудің тәсілі. Ол ойнап жүріп, заттың түсін, пішінін, материалдық қасиетін, кеңістік қатынастарды, сандық қатынастарды зерттеп үйренеді, өсімдіктерді, жануарларды зерттейді. Ойыншықтарды іріктеп ала білудің балабақшаларда айрықша маңызы бар.
Бір жерде әйнекке салып қоймайтындай болуы үшін, балалар сындырып аламын деп қорықпай ойнай алатындай болуы үшін қарапайым, әшекейсіз, арзан ойыншықтар беру керек. Балабақшаға қажетті ойыншықтардың минимумын белгілеп, оларға қалай пайдалануға арналған нұсқаулармен жабдықтау керек.
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері
Адамзат тарихының өткен барлық кезеңдеріне әрқашанда табиғат құпияларын танып білудің негізгі құралы. Математика болған, математика бізді айнала қоршаған сандар мен фигуралардан тұратын ерекше әлемнің құпия сырын ашып береді. Ежелгі гректер заманынан бастап-ақ математикамен шұғылдану адамды дұрыс және жүйелі түрде ойлауға, өз ойын тиянақты тұжырымдап айта білуге үйрететіндігі белгілі болған. Ол құрылыстарды тұрғызуға, жолдарды салуға және календарды жүргізуге, алыс құрлық жерге жетуде және теңіз саяхаттарын жасауға адамдарға көмектескен.
Балаларды алғашқы математикалық білім мен іскерлікке оқытудың міндеті-меңгеретін білімдер мен іскерліктердегі байланыстарды өз бетімен табу қабілетін жалпы дамытудағы қаматамасыз ететіндердің ішінен ең мәнділерін бөліп алу. Нәрселер мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін ашу, оларды әр түрлі өзара тәуелділікте көрсету үшін балаларды бір жалпы заңдылыққа алып келу керек.
Балаларды математикалық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді түсінуге, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қалай жеткізуге болады? Олар қашан және балалар дамуынының қай кезеңінде меңгерілуі мүмкін?
Қысқаша тарихи шолуда бала санды қалай қабылдайтыны және ол өз дамуының алғашқы кезеңінде санауды қалай игеретіні жөніндегі педагогтардың әр түрлі көзқарастары ашып көрсетілген болатын.
Туа біткен қабілет ретінде топты симультандық қабылдау жөнінде бұрын барынша кең тараған көзқарас өзін-өзі ақтамады. Егер топ көз алдында тура тұрса және қалыптасқан мөлшерде болса (екі көз, екі қол, екі аяқ, бес саусақ және т. б. ) онда бала шын мәнінде оны санамай-ақ танып біле алады. Алайда сол санмен берілген топ басқаша орналасқан кезде (мысалы, столдың үстінде тұрған бес қуыршақ, еденге түсіп кеткен екі кішкене қасық, бөлменің екі қабырғасына орнатылған екі терезе және т. б. ) балалар оны танып-білі алмайды.
Көріп отырғанымыздай, нәрселер тобын қабылдау теориясын жақтаушылар топқа, оны тануға көмектесетін, белгілі бір стандартты формалдағы топты (сандық фигураларды) беруге тырысты. Алайда, мұндай жағдайда сан емес, форма ғана танылады. Монографиялық методтың негізі болып табылған бұл психологиялық теория дұрыс боды ма, соны анықтау қажет етеді.
Санау теориясы деп аталған басқа фактілерді басшылыққа алды. Бұл теорияны жақтаушылардың байқауларына қарағанда балалар сан туралы ешқандай түсінігі болмаса да сан есім сөздерді, кейде тіпті көп көлемде рет-ретімен есте сақтап, айтып берген. Алайда, ауызша шапшаң «санай отырып», олар заттардың санын анықтай алмады. Осыдан балалар алдымен санды емес сандар ретінің мәнін игереді деген қорытынды шығарылады. Сондықтан сандарды атауды ретімен, ал сонан соң санның заттармен қатынасын үйрену керек.
Нәрселердің жиыны туралы және олардың жеке-жеке бөліктері туралы түсініктердің алғашқы қалыптасуы зат есімдер мен сын есімдердің жекеше әрі көпше түрлерін балалардың айыруы және бұ грамматикалық форманы тіл дамуы кезінде ертерек меңгеруі үшін негіз болады. Жиын ұғымына математикада мынадай анықтама беріледі: «Жиын-бұл бір тұтас алып қарастыралатын объектілердің жиынтығы». Жиындар шектеулі де шектеусіз түрде де қарастырылады. Кішкене балалр шектеулі жиынмен ғана танысады.
Бала жиын туралы түсініктің дамуы өзінің бірінші сатысында өте диффузиялық (аралас) күйде болады: оның айқын шекарасы болмайды және элементтері бірінен соң бірі қабылдана бермейді. Бұлай қабылдау құрылымдық бүтін бірлік түріндегі жиынды емес, қайта белгісіз жиынды емес, қайта белгісіз жиынды сипаттайды; оның сандық жағы да әлі дәл танылмайды. Мысалы, бала көптеген біркелкі кішкене қуыошақтарды немесе қораптағы әр түсті түймелерді көріп қуанады. Алайда, ол оның бірнешеуін қолына ұстап көрісімен, қалғандарын сол сәтте ұмытады. Кішкене балалар сондай-ақ, егер жиын элементтерінің саны азайса және олардың бір бөлігі көзден таса болса, оны байқамайды. Жиын туралы түсініктің осы деңгейі тілде сөздің жекеше және көпше жалғаулары пайдалануға сәйкес келеді: өйткені оларда нақты сандық құрам бейнеленбейді. Белгісіз жиын туралы түсінік екі жасқа дейінгі балаларға тән сипат. Бұған мынадай өмірлік мысаладардан оңай көз жеткізуге болады: балаға барлық кубиктерді қорапқа салуды немесе столдың үстіне барлық қасықты жинап, оларды күтушіге апарып беруді ұсынады. Бала бірнеше кубикті алып қоюмен немесе бірнеше қасықты апарумен ғана шектеледі және тапсырма орындалады деп есптейді (Сен кубиктің барлығын жинадың ба? Дегенде барлығын деп жауап береді. ) . Яғни «барлық» сөзі үлкендер үшін құрылымдық бүтін бірлік түріндегі жиынның жиынтығын білдіреді, ал барлық сөзі бала үшін бір белгісіз жиынды білдіреді.
Балалар 3 жаста жиынды көбінесе оның шекарасында қабылдайды, олар жиынның әрбір элементін бөлек-бөлек қарап отырмайды, сондықтан жиынның барлық элементін әлі анық қабылдамайды.
Осыдан бірінші қорытынды келіп шығады: кішкене балаларда құрылымдық-бүтін бірлік ретіндегі жиын туралы түсінік қалыптастыру және жиынның әрбір элементін көре білуге, айқын қабылдауға үйрету керек. Бұл үшін 3, 4 жасқа келген балалар топтарына оқыту сабқтарын арнау керек.
Алайда белгісіз жиынды қабылдаудан тұйық бүтін құрылым түріндегі жиынды қабылдауға көшу ұзақ процесс болып табылады және оның бірнеше кезеңі бар. Бұл кезеңдердің алғашқыларының бірі-шектеуцлі жиынның қалыптасуы. Бұл кезеңде баланың назары негізінен «жиынның шекарасына» топтастырылады. Мысалы, балаға қатар тұрған бес қуыршаққа олардың бәрін тамақтандыру үшін тарелкалар үлестіруді ұсынады. Бала біріншісімен бесіншісін тамақтандырады да олардың аралықтарындағы қуыршақтарға назар аудармайды. Алайда ол бәрін тамақтандырдым деп ойлайды.
Сонымен қатар балаға төрт саңырауқұлақтың суреті салынған карточканың үстіне саңырауқұлақтар қойып шығуды ұсынғанда да ол осылай істейді. Ол саңырауқұлақтармен шеткі карточкаларды: біріншісі мен төртіншісі ғана жабады, мұндайда бала өзіне берілген тапсырманы толығымен орындалды деп есептейді.
Мұндай фактілер бұл кезеңде балалар үшін ең бастысы жиынның шекараларын және оларды белгілеу әрекеттілігін қабылдау болып табылатынын дәлелдейді.
Баланың алдынан кездескен қиындықтың себебі неде? Мәселе мынада: жиынды қабылдағанда бала әрқашан қандай да бір нүктеден бастап есептеп шықты, мысалы, ортадан бастады да, нәрселерді оның екі жағына қойып шықты. Енді құрылымдық бүтін жиынды қабылдауда есептеп шығудың екі нүктесі пайда болды және баланың қолы мен көзінің қимылын қадағалау көрсетіп бергеніндей, оның әрекеті екі шеттен ортаға қарай өзгереді. Қозғалыс сипатының өзгеруі жиынды қабылдауды қайта құруды көрсетеді. Жиынның екі «шеткі нүктесін» қабылдау бала үшін басты әрі мәнді болып шықты.
Балалар назарының жиын шекараларына қатты аударылуы, әлбетте, элементтердің бүкіл құрамын қабылдауға көңіл қоюды әлсіретті: жиынның шеткі элементтерінен басқа элементтерін балалар байқамағандай сыңай танытты.
Осыдан мынадай қорытынды шығад: балалар жиынның шеткі элементтері аралығыдағылардың бәрін қабылдауы үшін ересек адам түрткі болуы қажет. Алайда мұны бұл бала бірден игеріп кете алмайды. әдетте қатарластыра қойылған суреттердің үстіне емес нәрселерді қойып шығу тапсырылған кезде бала әрбір нәрсені суреттің үстіне емес, нәрселерді бір-біріне тақастырып қоя отырып, шеткілерінің аралығындағы карточкалардың барлық бөлігін толтыра бастайды, яғни элемент санын санамайды, тек екі шеткі элементтің аралығындағы жерді жай толтырады. Көрсету де жиын элементтерін дәл қабылдауға әрқашан көмектесе бермейді. Бұл жиынның сандық құрамын қабылдау әлі де диффузиялық күйде болатынын дәлелдейді.
Бала ерте жастан бастап-ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әр түрлі анализаторлар арқылы (көру, есту және т. б. ) қабылдай отырып, олармен танысады бұл жиынтықтарды салыстырады, оларды бір-бірінен саны жағынан айырады. Оқу үдерісінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгереді, санды сандық сөзбен атауды үйренеді. Алдымен онда элементтердің белгісіз мөлшері туралы, ал срнан соң бүтін бір бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады. Осы негізде жиындарды салыстыруға және ондағы элементтердің санын барынша дәл анықтауға деген талпыныс өседі, бірте-бірте бала есептеуге дағдыланады және сан ұғымын меңгереді. Мұның бәрі ересектердің басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады.
Бала сондай-ақ нәрселерді, мөлшеріне, түсіне, формасына, кеңістікте орналасуына және басқа да белгілеріне қарай ерте ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестіріп, сонан соң көзмөлшермен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің көмегімен өлшейді.
Сонымен, балалар сезімге әсер ету арқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларды ғана танып-біліп қоймайды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп-аз(саны жағынан), кең-тар, биік-аласа, қалың-жұқа және т. б. осы сияқты сызықтық ауытқушылықты жалпы көлем ауытқушылығынан(артық-кем, үлкен-кіші) айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. Мұндай дифференциялау, Р. Л. Березина, В. К. Котырло, Т. В. Лаврентьева, З. Е. Лебедева, Е. В. Проскур және басқалардың зерттеулері көрсеткендей, ересектердің тиісті басшылығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар үшін толық жеткілікті.
Бала өз бетімен жүре бастасымен-ақ кеңістікпен және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен әсерлі түрде танысады: ол өзін қызықтырған затқа жақындай түседі, не одан аулақтай бастайды. Бір нәрсе баланың дәл алдында тұрса, басқалары оның артында немесе оң жағында не сол жағында тұрады. Оқыту баланың жақын-алыс және басқа сол сияқты сөздердің мағыналарын ерте меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды.
Біртіндеп балада әлі де өте нақты болмаса да жақын және алыс кеңістікте туралы қарапайым түсініктер пайда болады (ол өзі қыдырып жүрген бақ-жақын, ал папасының жұмысы-өте алыс) . Осы сияқты нақты түсініктерге сүйене отырып, өз тәжірибесі мен ересектердің оқытуы нәтижесінде бала бала біртіндеп кеңірек жалпылауға дейін келеді: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға кеңістіктің өлшемі уақыт бола бастайды.
Балалар мен ересектердің өмірінің бүкіл тәртібі балада уақытқа тән сезімдерді қалыптастыруғу және соған сәйкес кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдалана білуге алғы шарттар болып табылады. Уақытты білдіретін бұл сөздік сәби жастан мектеп жасына дейінгі аралықта баланың адамдармен қарым-қатынасы мен әрекеті процесінде күшті қарқынмен өседі. Бала кеше, бүгін, ертең деген сөздердің мәніне қызыға бастайды, мұның өзі ересек адамның балаға уақыттың өтпелілігін, ұзақтығын, кезеңділігін таныстыруға, яғни «уақытты сезіне білуді» дамытуға мүмкіндік берді.
Сонымен, қатар қарапайым математикалық түсініктің қайнар көзі баланың ересектермен тілдесуі мен олардың оқытушылық басшылығы бойынша өзінің әрекет ету процесінде таныған айналадағы нақты шындық болып табылады.
Көптеген фактілер мен құбылыстар, нәрселердің қасиеттері оқыту болмаса баланың назарынан, қабылдауынан тыс қалар еді. Алайда оқыту күнделікті өмірде эпизодтық сипатқа ие және ол барлық баланы бір мезетте қамти алмайды. Сол себепті ол алынатын білімді жүйеге келтіруді қамтамасыз ете алмайды. Бала матеметика жағынан жетілуі үшін, оның жиын мен сан жөніндегі, шама, форма, уақыт және кеңістік жөніндегі барлық түсініктері мен ұғымдары белгілі бір жүйеде, бірізділікте болуының маңызы өте зор.
Н. К. Крупская: «. . математика-бұл ұғымдар тізбегі: оның бір үзбесі түсіп қалса, одан арғысы түсініксіз болады», -деген. Сондықтан балалардың математика саласынан мектепке дейін алатын білімдері қаншалықты аз болғанымен, оны балалардың дамуының нақ осы кезеңінде не беруге болатынын есепке ала отырып, біртіндеп курделендіре беру керек.
Сондықтан сабақтарда оқыту балалардың математикалық түсініктерін жетілдірудің негізгі, жетекші формасы болып табылады. Реттелген түсініктер, дұрыс қалыптасқан алғашқы ұғымдар, дер кезінде жетілген ақыл-ой қабілеті сияқты, баланың мектепте одан әрі ойдағыдай оқып кетуіне кепілі ретінде қызмет етед.
2. Ережелі ойындар
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л. А. Венгер, О. М. Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т. Б. )
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А. Диваев), ойын сипатына (М. Гуннер, Е. Сағындықов, Б. Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М. Таникеев, Ж. Төлегенов, Т. Бекбатшаева, Т. Қуанышов) ; ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А. К. Айтпаева) сәйкес жасалады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер енмесе
оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық-оңай жолмен; қажеттілер-қызық жолмен беріледі;
2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюға ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнына ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы-олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Ал, «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы» ойын түрлерін мазмұнына қарай былай бөлінеді:
1. Сюжетті рөлді ойындар.
2. Құрылыс материалдарымен ойнау.
3. Қимылды ойындар.
4. Дидактикалық ойындар.
5. Драмалық ойындар.
6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Дидактикалық құрылыс ойыны- балалар әрекетнің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеку болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, циркет, т. б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйретететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Олар балалардың түсйсіну жіне қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтуына керекті барлық заттардың комплектілері болуы керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар, пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойындар қызықты болады. Оларда табиғат құбылыстары, транспорттың алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қызмет көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz