Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал



Жоспар

І. Кіріспе

І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер.

І.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз.
І.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер және олардың қоғамдағы
алатын орны мен қызметілігі.
І.3. Қазақстандағы мұсылманшылықтың тарихы, жағдайы,
ролі.

ІІ. Тарау. Қоғамның даму заңдылықтары негізіндегі діни
институттар қызметтілігі.

ІІ.1 Қазақстан Республикасындағы миссионерлік
ұйымдардың қызметтілігі: саясаттанулық негіз.

ІІ.2. Қазақстандағы дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен
ұйымдардың қоғамдағы ролі: салыстырмалы талдау.

ІІ.3. Дін бостандық: категориялық талдау.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %./1/
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері, мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60 жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық мәселелердің қатарында.
КСРО құрамында болған Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге үлкен соққы берген. Кеңестік атеистік идеология ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың көпшілігінің жоюлуына алып келді. Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа діни ағымдар таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін басқаша түсіндіретін діни ағымдар көбейіп кетті.
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент Н.Назарбаев басшылығымен діни экстремизімге және ұлтааралық және діни қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының бір-бірінің діни сенімдерін құрметтеуге уағыздап, Қазақстанды гүлдендіруге шешуші көмек беруде. Осы шарттар Қазақстан Республикасының саясаты негізіне қойылып, ұлтааралық бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың қыркүйекте әледмік және дәстүрлі діндер лидерлерінің түрлі діни конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы дінаралық диалог болып, дүние жүзі Қазақстанның діни татулық бойынша үлгілі мемлекет екендігіне көзі жетті. Үш жыл өткен соң әледмік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезі Астанада қайта болып өтіп, әлемдегі дінге қатысты мәселелер тағы талқыланды.
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде бірқатар діни экстремистік ұйымдардың қызметтерінің күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген түрлі діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр.
Көп ұлтты қоғамдағы рухани келісім, ұлыстардың өзаралық қарым-қатынасы, достығы бүгінгі күннің мәселесі. Себебі, олардың ұлттық және діни ынтымағы қоғамдағы басты проблема. Діни экстремизмның бүгінгі күні тудырып отырған кертартпа әрекеттері этносаралық кикілжің тудырып отыр. Бұл шиеленістер бүкіл дүниежүзі халықтары үшін, бақытсыздық тудырады. Сол себепті алдын алып тосқауыл қоя білуіміз қажет. Біздің көп ұлтты мемлекетіміз үшін ұлттық салт-дәстүрді және діни сенімді тарату басты мәселе.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал:
қатынастар мен үрдістер.

І.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз.
І.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер және олардың қоғамдағы
алатын орны мен қызметілігі.
І.3. Қазақстандағы мұсылманшылықтың тарихы, жағдайы,
ролі.

ІІ. Тарау. Қоғамның даму заңдылықтары негізіндегі діни
институттар қызметтілігі.

ІІ.1 Қазақстан Республикасындағы миссионерлік
ұйымдардың қызметтілігі: саясаттанулық негіз.

ІІ.2. Қазақстандағы дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен
ұйымдардың қоғамдағы ролі: салыстырмалы талдау.

ІІ.3. Дін бостандық: категориялық талдау.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт
ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда
түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы
өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700
діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни
бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса,
1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік
христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық
шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар,
православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %,
басқалары – 0,01 %.1
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты.
КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған
дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және
полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген
діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда,
түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни
жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни
келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат
ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас
принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам
зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері,
мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60
жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен
еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік
жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық
мәселелердің қатарында.
КСРО құрамында болған Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы
болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге үлкен соққы берген. Кеңестік
атеистік идеология ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың
көпшілігінің жоюлуына алып келді. Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін
Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа діни ағымдар
таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін басқаша түсіндіретін діни ағымдар
көбейіп кетті.
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни
экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент
Н.Назарбаев басшылығымен діни экстремизімге және ұлтааралық және діни
қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау
арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының бір-бірінің діни сенімдерін
құрметтеуге уағыздап, Қазақстанды гүлдендіруге шешуші көмек беруде. Осы
шарттар Қазақстан Республикасының саясаты негізіне қойылып, ұлтааралық
бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың қыркүйекте әледмік және дәстүрлі діндер лидерлерінің түрлі
діни конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы
дінаралық диалог болып, дүние жүзі Қазақстанның діни татулық бойынша үлгілі
мемлекет екендігіне көзі жетті. Үш жыл өткен соң әледмік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің екінші съезі Астанада қайта болып өтіп, әлемдегі дінге
қатысты мәселелер тағы талқыланды.
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде бірқатар діни экстремистік
ұйымдардың қызметтерінің күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік
өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын
жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген
түрлі діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға
ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр.
Көп ұлтты қоғамдағы рухани келісім, ұлыстардың өзаралық қарым-қатынасы,
достығы бүгінгі күннің мәселесі. Себебі, олардың ұлттық және діни ынтымағы
қоғамдағы басты проблема. Діни экстремизмның бүгінгі күні тудырып отырған
кертартпа әрекеттері этносаралық кикілжің тудырып отыр. Бұл шиеленістер
бүкіл дүниежүзі халықтары үшін, бақытсыздық тудырады. Сол себепті алдын
алып тосқауыл қоя білуіміз қажет. Біздің көп ұлтты мемлекетіміз үшін ұлттық
салт-дәстүрді және діни сенімді тарату басты мәселе.

І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал:
қатынастар мен үрдістер.

І.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз.

Қазіргі таңда адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан
Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: Әркімнің ар-ождан
бостандығына құқығы бар. Адамның қандай діни сенімде екені, оның жеке
басының ісі. Бұл жөнінде президент Нұрсұлтан Әбішұл Назарбаев Қазақстан-
2030 деген Қазақстан халқына жолдауында Әртүрлі этникалық және діни
топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің
болашағы жоқ;-деген болатын.
Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай
жазылған.
1. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конститутциялық құрылысын
күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан
келтіруге, әлеуметтік нәссілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық
араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың
қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар
құруға тыйым салынады.
2. Республика басқа мемлкеттердің саяси партиялары мен кәсіптік
одақтарының діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси
партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азамматтардың,
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол бермейді.
3. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі;
сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер
басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісі
арқылы жүзеге асырылады.
Он төртінші бабта былай жазылған:
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тегіне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайды
4. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіненұқсан келтіруді, соғысты,
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты,
сондай-ақ қатігездік пен зорлық зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе
үгіттеуге жол берілмейді.[i]
Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз
жасалған. Бірақ бүгінде 1992 жылы қабылданған Діни сенім бостандығы және
діни бірлестіктер туралы заңды 1995 жылы қабылдаған соңғы конституция
негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде
талқыланып жатыр.
Қазақстан Республикасы тәуілсіз ел болып жарияланған соң, дін
бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік
идеология болғандықан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Маркстік
–Лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрыңғы күшін жойды.
Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46
конфессия мен дениминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық
қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер
республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңмен реттелген. Соңғы халық
санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан
ислам дінің қоғам орнындағы орны ерекше.2
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтеріне қарағанда қазіргі
Қазақстанда 24 этностан тұратын ІІ миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни
бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып,
олар өз міндеттеріне сай қызметтер атқаруда.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес
қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының
діни басқармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарату
ісі жетіле түсті. Елімізде жиырмадан аса медресе, 1977 жылдан бері Алматыда
Ислам институты діни мамандар даярлауда. Арнайы дінтану факультеттері,
Шымкенттегі Халықаралық Қазақ-Араб университеті сонымен қатар Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университеттерінде бар.
Діни басқарма тарпынан Ислам әлемі (1997 жылдан) деген атаумен 2000
жылға дейін көпшілік бхаралық журнал шығарылып, кейін ол журнал Ислам
және өркениеті деп аталатын газет ретінде қайта жаңғырып көпшілік қауым
игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар діни басқарма тағы да басқа бірқатар діни
басылымдарды жарыққа шығаруда.
Діни басқарманы араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор,
басмуфти Әбдісаттар Қажы Дербісәлі басқаруда.
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанымен жұртшылық арасында
беделі зор. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шетелдік мұсылман елдері
ресми тұрғыдан ынта білдіруде.
Мемлекет аумағы 1,052,540 шаршы милль, ал халық саны мемлекеттік
агенттіктің 2006 жылғы қаңтар айындағы статистикасына сай 15, 219, 300
адам. Этникалық жағынан халқы көп тектес және әр түрлі діни топтар
кездеседі. Көшпенділік және кеңес тұрмыс-салтының ішінара ықпалына
байланысты кейбір тұрғындар өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Бірнеше
зерттеушілердің пайымдауынша және жүргізілген сауалнамалардың көрсетуінше,
халықтың діни сенімі және діни ғибадат ету рәсімдеріне қатысу деңгейі
төмен. Үкімет тіркелген конгрегациялар мен ұйымдар саны жөнінде статистика
жүргізеді, алайда әр бірлестіктің көлемі жөнінде мәлімет жоқ. Діни ұйымдар
жайында соңғы толық және сенімді статистика көрсеткіштерін 1999 жылы өткен
халық санағынан алуға болады. 1999 жылдан бері тіркелген, құрамы жағынан
шағын конгрегацияға жататын топтардың саны айтарлықтай өскенімен, Қазақстан
үкіметі белгілі бір дінге сенушілердің пайызы бірқалыпты деп санайды. 3
Халықтың жартысын құрайтын этникалық қазақтар мен 10 пайызын құрайтын
этникалық өзбектер, ұйғырлар және қырғыздар Ханафи мектебінің суннидтеріне
жатады. Халықтың 1 пайыздан кем бөлігі біріккен басқа исламдық топтарға
шафид суннидтер (әдетте шешендер), шиаттар, суфисттер және ахмадилер
жатады. Өздерін мұсылман деп танығандардың басым көпшілігі елдің
Өзбекстанмен шекаралас оңтүстігінде шоғырланған. Құрамы едәуір үлкен
этникалық орыстар, саны жағынан шағын украиндар мен беларустар
православиялық христиандар болып табылады. Бұлардың барлығы бірігіп,
халықтың үштен бірін құрады. Шамамен халықтың 1,5 пайызын этникалық
немістер құрайды. Олардың көпшілігі римдік католиктерге немесе лютерандарға
жатады.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматтарына сүйенсек, протестандық
христиандардың конгрегациясы орыстардың православиялық конгрегациясынан
саны жағынан жоғары, алайда протестандық дінді ұстанатындардың саны көп
емес секілді. Осы құжат қамтитын уақыт барысында Қазақстан үкіметі 93
дәстүрсіз протестандық христиандардың шіркеуі және осы шіркеулерге қызмет
ететін 45 шетел миссионері тіркелгенін хабарлады.
Елде баптистік екі топ: Евангелиялық христиандар мен баптистер
шіркеулерінің кеңесі (Шіркеулер кеңесі) және Евангелиялық христиандар мен
баптистер одағы (Баптистер одағы) болды. Алайда сенушілері 1000-ға жуық
Шіркеулер кеңесі жөнінде нақты статистика болмағанымен, Баптистер
одағының сенушілер саны 10 000-нан асты. Қазақстан үкіметі Баптистік
одаққа қарайтын 198 шіркеуді және сол шіркеулерде қызмет ететін 22 шетелдік
миссионерді санаққа алғанын хабарлады.
Басқа айтарлықтай көлемді конгрегацияларға пресвитериандар, лютерандар,
йегова куәгерлері, жетінші күн адвентистері, пентекосталдар және басқалар
жатады. Кішігірім методистер, меннониттер және мормондар қауымдастықтары
тіркелген. Елде римдік католик архиепископының епархиясы болды. Оның
құрамына елдің 2 пайызы кірді. Оның ішінде этникалық украиндар және
немістер болды. Мемлекет елдің түкпір-түкпірінде тіркелген 83 римдік
католик шіркеуі және соған қатысты ұйымдардың бар екенін хабарлады. Жыл
барысында үкімет 198 римдік католик дін басын және миссионерін тізімге
алды. Құрамының көп бөлігі этникалық украиндардан тұратын кішігірім грек
католиктерінің қауымдастығы 3 шіркеуін тіркеді. Онда 9 шетелдік дін
қызметшісі мен миссионер жұмыс атқаруда.
Халықтың 1 пайызынан кем бөлігін біріктіретін еврейлер қауымдастығының
Алматы, Астана және Павлодар сияқты ірі қалаларда синагогалары жұмыс
істеді. Алматыдағы раввиндер діни рәсімдерге келушілер мен діни білімге
қызығушылар саны көбейгенін хабарлады. Үкімет 8 шетелдік раввин мен еврей
миссионерін тіркегендігі жайында хабардар етті. Қазақстан үкіметі осы
баяндамада қамтылған уақыт аралығында 58 дәстүрсіз діни тобын тіркеуге
алды. Оның ішінде харе кришна, бахаис, христиан ғалымдары және унификация
шіркеуінің өкілдері бар. Сонымен қатар, 4 буддист топтары да тіркелді.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматына сүйенсек, 2006 жылдың
қаңтар айында елде 413 шетелдік миссионер қызмет етуде. Тіркеуден өткен
миссионерлердің көпшілігі – Оңтүстік Корея, Ресей және басқа бұрынғы кеңес
елдерінен келген христиандар. Ресми тіркелген 8 мұсылман дінін
уағыздаушыдан басқа, бірнеше тіркеуден өтпеген миссионерлер елдің
оңтүстігінде белсенді қызмет ететін көрінеді.
Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың
құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады:
дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан
үшін беймәлім, жаңа “дәстүрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар
болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-
ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан
шіркеуі”, “Саентология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер
бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни
бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс
істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2
шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның
аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы
Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-
католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс
істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер
енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2
трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6
саентология шіркеуі қауымы және т.б.4
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиандықтың
православиелік бағыттары. Елімізде 1700-ге жуық мұсылман бірлестіктері
бар. Оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие
шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік
құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және
материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. Еліміздің бірнеше
қаласында православиелік ғибадатханалардың құрылысы жүріп жатыр.
Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар
өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. “Иегова куәлары” бірлестігінің
миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда. “Иегово куәлары” Қазақстандағы
саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік
қаласында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет органдарында
ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын
адамдар 20 мыңға жуық.
1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл
қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.
Сонымен қатар елімізде протестантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі, елушілер
(пятидесятничество), методизм, меннонизм, пресветерианство сынды ағымдары
таралуда. Пятидесятничество ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл
ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан.
Апостолдар рухындағы евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде.
Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық қауымдар бар.
Пресветериандық ағымы елімізде америкалық, корейлік уағыздаушылардың
миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Бұл уағызшыларға шет елдегі
діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан
бірлестіктері бар. “Грэйс-Благодать”, “Бірінші пресветериан шіркеуі,”
“Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі” бірлестіктері белгілі болып отыр.
Жетінші күн адвентистері қауымының республикалық орталығы Жетінші күн
христиан-адвентистерінің Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана
қаласында. Ұйымдық жағынан бұл бірлестік Алматы қаласында орналасқан
Жетінші күн адвентистерінің Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт
елімізде негізінен неміс этносының арасында таралған. Елімізде лютерандық
70-тен аса діни қауым бар.
Евангелшіл христиан-баптистердің қауымдары 10 мыңнан аса сенушілерді
біріктіреді. Евангелшіл-христиан баптистер Қазақстан евангелшіл христиан-
баптистері шіркеулерінің одағын құрды. Бірлестіктің орталығы Қарағанды
облысының Саран қаласында. Евангелшіл-христиан баптистердің 250-ден аса
қауымдары мен топтары бар. Евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстан мен
Орталық Азия елдерін евангелшілдендіру жоспарын басшылыққа алуда.
Шет елдік миссионердің белсенді қызметі арқасында протестанттық
ағымдардың харизматикалық қауымдары “Агапе”, “Жаңа өмір”, “Жаңа аспан”,
“Благая весть” және т.б. жұмыс істеуде. Елімізде дәстүрлі емес культтер
қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда
болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін
“Динаетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты
еңбегінде қорытындылаған. Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы,
Қарағанды, Семей қалаларында ресми тіркелген. Саентология шіркеуі Ресей,
АҚШ, Англия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс
орнатқан.
“Кришна санасы” қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни ағымдардың
бірі. Индуизмнен тармақталатын “Кришна санасы халықаралық қоғамының”
негізін салушы – Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым жастар
арасында таралып жатыр. Дүниежүзілік христиандықты біріктіру жолындағы
Қасиетті рух ассоциациясы (Бірігу шіркеуі) 1954 жылы құрылған. Негізін
салушы – Сан Мен Мун. Бірігу шіркеуінің миссионерлері әлемнің 100-ден аса
елінде қызмет етеді. Бұл шіркеудің түрлі бағыттағы ұйымдары бар. Бірігу
шіркеуі елімізде 1992 жылдан жұмыс істейді. 5
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990
жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі уақытта жаңа
культтардың саны 160-тан асады. “Кришна санасы қоғамы”, “Соңғы өсиет
шіркеуі”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шіркеуі” сынды ХХ ғасырдың наным-
сенімдері үгіт-насихат жұмыстарын түрлі мерекелік және қайырымдылық іс-
шаралар ұйымдастыру арқылы жүргізуде.
Елімізде экстремистік бағыттағы “Хизб-ут-тахрир” (“Азат ету партиясы”)
ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-
тахрирдің мақсаты — Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға
зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия
елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат
құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық
күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта
жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен
ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі
ислам дініне жат.
Елімізде “әл-Каида”, “Мұсылман бауырлар”, “Талибан”, “Лашкар”, “Таиба”,
“Боз-құрт”, “Өзбекстан ислам қозғалысы” және т.б. лаңкестік ұйымдардың
қызметіне тыйым салынған.
Миссионерлік – діни ұйымдардың ілімдерін таратуға арналған діни және
саяси қызмет. Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия
халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік
ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары,
үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық
тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел
халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп
барады.
Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол
халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару
үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және
неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни
бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.
Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер,
жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар,
Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-
насихатына тез ілігеді.
“Жаңа” культтардың бірі – Бахаи сенімінің бастауында “Баб” (“қақпа”)
деген лақап атымен белгілі болған Сейд Әли Мұхаммед тұр. Ол өзін пайғамбар
деп жариялаған. Бабтың ілімін жүйелеп дамытқан, бахаи сенімін орнықтырып,
діни ілімін негіздеген Мырза Хусейн Әли (Баха-Улла) болды. Бахаи сенімі
құдайдың бірлігін, діни төзімділікті, туыстықты, барлық діндердің мақсат
бірлігін уағыздайды.6
Бахаи сенімінің ең жоғары ұйымы – дүниежүзілік әділдік үйі Израиль
мемлекетінің Хайфа қаласында орналасқан. Бахаи сенімінің ұлттық рухани
мәжілісі елімізде 1994 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта бахаи сенімінің 80-
нен аса қауымы бар. Кейбір деректер бойынша, пайда болғанына бір ғасыр
шамасы болған Бахаи сенімінің бес миллионға жуық ұстанушылары бар.
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды
рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық
және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен
татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара
құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Қазақ халқының
мәдениеті мен руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі.
Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.
Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін
дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты.
Ортағасырлық мұсылмандық философиялық ойының қалыптасуы мен дамуына қуатты
серпіліс берген қазақ даласының ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа
Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұни және
басқаларының мұралары ислам өркениетінің асыл қазынасы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан бостандығы мен діни
бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың
өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден
бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни
бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне
негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған
қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен
рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер
әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл
анықталмаған. Осындай белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі
қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та айқын
аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-
рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен
бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсірешіл нышандар діни
фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы мүмкін.
Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология дінге
мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес.
Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және
теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірінен өзгеше.
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және
көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге
бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік
және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни
мәселелерді шешу үшін жиналады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші съезінде еліміздегі
конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтіліп,
конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі қағидаттары айқындалды. Олар:
толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни
төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да
негізін құрайды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай
делінген: “Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз”.7
Дін біріктірудің, интеграциялық үдерістердің күшті факторы бола алады. Ол
үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен
қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды
іздеуге міндеттіміз.
Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық
келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері саналуан
мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның
аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік,
буддизм, христиандық (оның әсіресе нестериондық және яковиттік тармақтары)
және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни
толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқанындай: “...бізге төзімсіздік немесе
діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың
Сөзіне деген ашықтық. Бұл — Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең
маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен,
ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық.
Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да
сақталуға, дамуға тиіс”.
Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдардың өсу динамикасы
Діни ұйымдар 1989199319951996199719982001 20022003
Барлығы 661 977 1180150316422100250229873072
Соның ішінде
Ислам 46 296 483 679 826 1000128216331652
Русская Православнаая 62 131 165 185 196 220 221 222 241
Церковь 42 66 66 73 74 77 68 74 90
Римско-католическая 168 161 130 140 141 242 268 281 378
церковь 171 152 117 110 81 84 100 100 100
Лютеране жуықжуықжуық
36 36 34 41 45 64 101 104 104
Адвентисты Седьмого 27 33 27 45 52 97 117 124 131
Дня 42 36 19 18 19 37 32 42 45
Свидетели Иеговы 13 21 82 125 131 166 293 313 342
Пятидесятники 81 92 91 96 108 110 139 94 93
Новообразования
Басқалары

І.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер және олардың
қоғамдағы алатын орны мен қызметілігі.
Елімізде барлық ұлт үшін біртұтас принцип, заң жұмыс істейді, ұлттардың
тыныштығын, қауіпсіздігін, бейбітшілігін, бірлігін сақтау туралы қаулы бар.
Бүгінгі күні 3000 діни ұйым, 40 конфессия, 100 этнос немесе этникалық
топтар бар, олардың әртүрлі діни ұйымдары жұмыс істеп жатыр. Бұл діни
ұйымдар өз діндерін насихаттап әртүрлі діни кітаптар таратады. Ал еліміздің
алға қойған мақсаты: ұлт арасындағы тыныштықты, әр ұрпақтың арасындағы
келіспеушілікті жою, бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасты жақсарту,
сақтау, кертартпалыққа жол бермеу. Қоғамымыздағы халықтардың құндылықтарын
өркениеттік дәрежеде көтеру.
Қазақстанда 1652 мұсылман ұйым, 1523 мешіт бар. Орыстардың да
православиясында 3 епархия, 280 приход, 8 монастірлері жұмыс істейді. 1991
жылы 31 қаңтарда қасиетті синод Қазақстан жерінде 3 епархиялық
православиелік шіркеу ашты. Олар Мәскеудегі патриархқа бағынады. Орыс
православие шіркеуі Қазақстандағы өзінің баспаханаларын ұстайды, ай сайын
газет шығарады. Римдік католик шіркеуі бойынша Қазақстандағы төрт
апосталдық басқармалары, 75 шіркеулік мекемелері бар. 1994 жылдан бастап
Алматыда дипломатиялық өкілдер Ватикандық – апостолдар келді. Қазақстанда
30 діни газет және журналдар шығарылады.
... Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға
ислам дінінің кері әсері болмай қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды
жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін
қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың
талап тілегін, мақсат мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса
халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын
мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ
тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін ата баба аруағын
қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді.8
Қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы күреске әлемдік діндердің күш-жігерін
жұмылдыру, түрлі конфессиялар арасында жүфелі диалогты жолға қою мақсатында
өткен жылдың қыркүйек айында Астанада президент Н.Назарбаевтың бастамасымен
әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Оған
Еуропаның, Азияның, Таяу Шығыстың және Американың 17 елінен ірі діни
бірлестіктердің басшылары қатысты. Қабылданған декларацияда съезге
қатысушылар діни айырмашылықтарды жек көрушілік пен керісушілікті тұтандыру
үшін пайдалануға жол бермеуге, адамзатты діндер мен мәдениеттер
қақтығыстарынан сақтандыруға, адамдардың діни сезімдерін халықаралық
лаңкестік ұйымдарының пайдалануына қарсы тұруға дайын екендіктерін
білдірді.
Қазақстанда Исламнан кейін 2 орында православия діни бағыты тұр. 2003
жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 222 православиялық шіркеуімен 8 үлкен
монастыр болды. Қазақстанда православиялық шіркеудің ресми бағытынан бөлек
10 астам ағымдары бар.Оларды атап айтсақ:
1. Шын проваславиялық христианар – (Истинно-православные христиане).
2. Шын провославиялық шіркеу – (Истинно-православная церковь).
3. Шын құдай орталығы – (Истинно-богороднический центр).
4. Поптан қашқындар (Беглоповцы).
5. Попсыздар - (Беспоповцы).
6. Поморлық ұғым (Поморский толк).
7. Ақ кринициалық келісім - (Белокриницкое согласие).
8. Илиндықтар – (Ильинцы).
Қазақстандағы католиктердің 91 % немістер құрайды. Қазіргі кезде
Қазақстанда 20 католиктік монастыр, 90 католиктік қауым, 160 қатысу тобы,
жұмыс жүргізеді. Оларда 3 епископ, 60 монах, 72 монах әйелдер діни уағыз
жүргізеді. Қазіргі уақытта, католиктердің ішінде неміс және поляктардан
бөлек, украиндықтарды, орыстарды, қазақтарды тағы басқа ұлт өкілдерін
кездестіруге болады.
Қазақстанда қазір 3036 діни бірлестік жұмыс істейді. Республика
экономикасының бүгінгі таңдағы қалыпты ахуалы, оның соңғы 10-12 жылдағы
жеткен жетістіктері ең бірінші Алланың, сосын ел ішіндегі ұлтаралық
татулықтың арқасында болғаны баршаға аян. Өйткені, бүкіл әлем қазір
тұрақсыздық пен сенімсіздік, дінаралық және ұлтаралық араздық жайлаған
елдерде ахуалдың қандай болатынын көріп біліп отыр. Тынышы кеткен Таяу
Шығыстағы Палестина мен Израиль, соғыстан кейінгі Ирак, сапты аяққа ас
құйып, сабынан қарауыл қараған Ресей мен Шешенстан жағдайы, Исламға еш
қатысы жоқ болса да, соны бет перде қылған лаңкестік миллиондаған елді
қайғы жұтқызып, берекесін кетірді. Осының бәрін санамаласақ, тәуелсіздік
алғаннан кейінгі қиын жылдарда қоғамдық келісім мен ұлтаралық, дінаралық
татулықты ту еткен көп ұлтты Қазақстан мен барша қазақстандықтардың бүгінде
тәубе деп қадірлейтін, қызғыштай қоритын қымбат нәрсесі бар. Ол – елдегі
бейбітшілік. Бұл ретте, алдымен –экономика, сосын саясат деп экономикалық
реформалардың жүзеге асуына, сонымен бір мезгілде елімізде тек татулық пен
ұлтаралық бірліктің, ал қоғамда тұрақтылықтың салтанат құруына бар күш
–жігерін жұмсап келе жатқан Елбасының еңбегі ересен.
Сан мен дерекке жүгінсек, жоғарыдағы тұрақсыздық жайлаған мемлекеттерде
халықтың басым бөлігі екі немесе үш қана ұлттан құралса және екі-үш қана
діни сенім болса, Қазақстанда 120-дана астам ұлттар мен ұлыстар, 40-тан
астам діни конфессиялар бар. Соған қарамастан Қазақстанда олардың
ешқайсысын алаламай Конституция арқылы бәрінің тең құқығын, бостандығын
және заң жүзінде қорғалуын қамтамасыз етті. 1992 жылы қабылданған Діни
бірлестіктер мен діни-сенім бостандығы туралы заңмен азаматтардың дінді
таңдауына, құлшылық етулеріне еркіндік берілді. Сонымен бүгінгі таңда,
нақты айтқанда, 2003 жылдың шілде айының 1-іне дейін барлығы 3036 діни
бірлестік тіркелген. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктермен
байланыс және діни ахуал жөніндегі кеңестің деректеріне қарағанда, 1990
жылы елімізде 671 ғана діни бірлестік бар болған. Олардың 46-сы Исламды
насихаттаса, 62-сі Орыс православ шіркеуі, 42-сі Римдік-католиктер шіркеуі
болған. Сондай-ақ, 168-і Евангельдік христиан-баптистерінің, 27-сі Иегова
куәгерлерінің және 171-і лютерандықтардың бірлестіктері болған. Ал,
иудейлік сенім бірлестіктері 2001 жылға дейін болмағанымен, тек 2002 жылдың
өзінде 20 шамасында тіркелген. Қазір, еліміздегі діни бірлестіктер саны
мұсылмандарда 1669-ға, Орыс православтарында 246-ға, ал Римдік-католиктерде
81-ге жеткен. Мұнымен қатар, республикада будда діні бойынша заңды тұлға
ретінде 3 Тибеттік-будда орталығы, иудейлік сенім бойынша 23 еврейлік қоғам
тіркеліп, дәстүрлі емес түрлі ағымдар бойынша 18 діни-қайырымдылық қорлары
жұмыс істейді.9

І.3. Қазақстандағы мұсылманшылықтың
тарихы, жағдайы, ролі.
Имандылыққа қайта бет бұрғалы халқымыздың исламға деген құштарлығы
артып отырғаны көңіл көншітері сөзсіз. Бұл –Ислам дінінің жыл өткен сайын
халық жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы мен ұлтымыздың
мұсылманшылық пен имандылыққа бетбұрысы деуге әбден болады. Осы кезеңде
ислам дінінің маңызы артып, әртүрлі діни әдет-ғұрыптардың, жөн-жоралғы,
намаз, ораза, зекет, қажылық, құрбан шалу т.б. кең көлемде орын алуы
қуантады.
Қазіргі кездегі Қазақстандағы исламның жағдайын білу үшін алдымен оның
Қазақстанға қалай таралғанын білуіміз қажет.
Орта Азия және Қақазстан территориясына Ислам VІІ- ғасырдың екінші
жартысында Умеядтық халифа Муауия ибн Суфянның тұсында енді. Дін
таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүсілім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара,
Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан
Маверенахрдың төңірегінен бастаған еді. Аз қазіргі Қазақстан төңірегінде
Исламның орнығуына Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751-ші жылы
шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске
жетуі үлкен әсерін тигізді.10
Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Ислам
біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая
түсті. Бұл процесс Береке (1255-1266ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам
ХІV ғасырларда әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Араб тілі негізінен VІІІ-ші ІХ-шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда,
мемлекет басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер қна қолданып қоймай
тарихи-географиялы әдебиеттер жазуда да кеңінен қолданылды.
Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті аристократия,
діни қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл қызметін атқарды.
Осы араб тілінің арқасында түркі дүниесінің бірқатар ғалымдарының еңбектері
бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. сондай ғалымдардың біразы Әл-Фараби, Әл-
Хорезми тағы басқалары.11
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәденетінің негізгі бағыттарының бірі
әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің әрі
ең негізгілерінің бірі ІХ ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның Құтты
білік еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш
ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып
табылады. Алайда мұнда араб-парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.
Ал мистикалық-сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі
тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет
Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның Диуани Хикмет еңбегінде
берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз-қыпшақ диалектісінде
жазылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, халық
ауыз әдебиетінде де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. бұл жайлы Шоқан
Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның аутынша көпшілік
ақындар Исламдағы Алланы, пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне
салып айтады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлік поэзиясы да, оның ішіде бата
жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса
жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері-олар бірінші кезекте Алла тағала
және пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт пайғамбарлардың есімдері.
Сонымен қатар Ислам әл-қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы
немесе керісінше қолдап-қорғаушы періштелер, шайтандар.12
Қазақ аңыздарына Құран кәрім, хадистерде баяндалған бірқатар көріністер
толығымен енгізілген. Бұлар көбіне Исламға дейінгі Талмудтық, Інжілдік
көріністермен үндесіп жатады. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу
өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз.
Онда ІХ-ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт,
моншалары бар қала құрылыстары табылған. Ең алғаш салынған мешіт
ғиматартары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Құйрық-Төбе (Хғ.) елді мекенінде
табылған. Алғашқв медреселер да осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да
Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлышылқ, ғибадат үлгілерін
түбірімен ығыстыра алмады. Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің
басына кесенелер тұрғызылып, олар зиярат етілуде. Ондай кесенелер атап
айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІVғ.), Арыстан баб, Бабажы-Хатун (Хғ.),
Қарахан (ХІғ.) кесенелері. Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда
оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән
мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан
халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған
болды.
Алдымен Ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың
арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы
Ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар
қалалармен көршілес орналасқандықтан үнемі тығыз мәдени-экономикалық
байланыста болды. біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген
бағыты Ислам дінінің Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы
сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген
миссионерлердің ықпалымен болды.
Ал қазақ ұлты өзінше ел болып хандық құрған кездің өзінде (ХVғ.) көпшілік
хандардың мұсылман болғандығын, белгілі шығыстанушы Әлкей Марғұланның
Таңбалы тас жазуы еңбегінен алынған мына бір үзінділер нақтылай түседі.
Онда былай делінген екен: Осыған орай бұрыннан көріп жүрген ғажайып тасты
жаңадан тауып, онда қазақ тілімен ХІV-ХVғғ. Тасқа жазылған ұран сөзін Л.
Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб харпымен жазылған сөз
мынадай: Қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек, үйсін, табын Иләһи кәр
рә-сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауын, екінші түрде айтқанда: О ием!
Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере гөр.
Орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан мұсылман әлемі деп
аталатын мәдени-саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық
орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды. сонымен қатар,
Қазақстан территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды.
негізінен бұл әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай
бәсеңдеу болды. исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына
тереңірек бойлай түсті. Ең алдымен, бұл әрекеттер араб жазуымен араб
тілінің қасиетті Құран тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды. Кейінірек
Қазақстан жеріндегі исламның нығайуына араб елдерінен келген дін
таратушыларға және жергілікті халықтың исламды біржолата қабылдағандығына
байланысты болды.Қазақ хандығының Ресейге қосылуына байланысты Патша
үкіметі алғашқы кезде Қазақстанда христиандықты жергілікті халыққа таратуға
тырысты, бірақ бұл әрекеттерінен ештеңе шықпағаннан соң ХVІІІ ғ. соңы ХІХ
ғ. басына қарай ол исламды қолдай бастады. Мысалға Уфада муфтиат құрылды,
Қазақстанға негізінен татарлар мен башқұрттардан тұратын молдалар жіберіле
бастады. Осылар және жергілікті қазақ молдалары қазақ балаларын араб тіліне
және ислам негіздеріне үйрете бастады. Бірақ ХІХ ғ. екінші жартысынан
бастап, патша үкіметінің ислам дінінен деген көзқарасы өзгерді. Молдалардың
өкілеттіктері шектелді, мысалы, олардың жанұялық қатынастарды шариат
бойынша реттеу құқығынан айрылды, әр болыстан бір молда ғана болуы тиіс
болды, молдаларды губернатордың орнынан түсіруге құқығы болды. Қазақстан
жерінде мешіттерді құру тек қана патша үкіметінің рұқсатымен ғана
жүргізілді, бір болыста бір мешіттен артық болумауы тиіс болды. Оған қоса
молдалар мемлекеттен ешқандай көмек алмады, ал христиан дінилері
мемлекеттік қазынадан қаржыландырылды. Осы сияқты шаралардың барлығы
Қазақстандағы ислам дінінің тірегін шайқалтып, христиан дінінің таралуына
алып келуі тиіс болды. Бірақ қазақтар мұсылманшылықтан қайтқан жоқ.
1897 жылы алғаш рет бүкіл ресейлік санақ өткен кезде Қазақстандағы
мұсылмандардың үлес салмағы өте үлкен болып қалды: Торғай облысында- 90,99.
Орал- 74,15. Жетісуда- 90,18. Семей- 89,71. Ақмола- 64,43. Қазақстан
мұсылмандары ислам дәрежесін көтеру мақсатымен патша үкіметінен қазақ
жерінде арнайы муфтиаттың құрылуын талап етті. Мысалы, 1888 жылы Торғай
облысы, 1899 Орал облысы, 1891 Ақмола облысының қазақтары осындай
талаптармен патша үкіметінің құзырлы орындарына өтініш білдірді. Бірақ бұл
әрекеттерінің барлығы нәтижесіз болды.
Бірақ 1905 жылдың 17 сәуірінде Діни шыдамдылықтың негізін нығайт туралы
Николай ІІ патшаның жарлығы шыққан соң Қазақстан жерінде мешіттердің
құрылысы және молдалардың саны өсті. Мысалы, 1911 жылы Орал облысында 59
мешіт және 50 молда болса, Жетісуда 288 мешітпен 189 молда болды. Бірақ
қазақ мұсылмандарының өздерінде арнайы муфтиат құру өтініші
қанағаттандырылмады.
1917 жылы Кеңес үкіметі орнағаннан соң басқа діндер сияқты Ислам дініде
қуғын ұшырады, көптеген мешіттер жабылды және жойылды. Бірақ Ұлы Отан
соғысы кезінде Кеңес үкіметі халықты біріктіретін діннің күшін түсініп,
атейстік бағыттан қайтпасада дін мәселесінде бірқатар жеңілдіктерге барды.
Мысалы, 1943 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы
қайта ашылды. Кеңес үкіметі ыдырау қарсаңында 1990 жылы Қазақстан
Респубилкасында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылды.
Қазақстанның алғашқы бас муфтиі Ратбекқажы Нысанбайұлы болды. 2000 жылдың
маусымында Қазақстан мұсылмандарының ІІІ құрылтайында қайта сайлау өтіп,
Дербісәлі Әбсаттарқажы муфти болып сайланды.
Әбсаттарқажы Дербісәлі муфти болып сайланғаннан кейін діни басқарма
құрылымында мешіттер, шариат және мұсылман құқығы, халықаралық байланыстар,
қажылық, уағыз және оқу-ағартушылық жұмыс бойынша бөлімдер, мешіттерді құру
бойынша комиссия құрылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда діни
басқарма исламды қайта өркендету үшін арнайы бағдарламамен жұмыс істей
бастады. Қазақстанда халыққа кең түрде исламды уағыздау жүргізіле бастады.
Бұрыңғы мешіттер қалпына келтіріліп, жаңалары салына бастады. Мұсылман
рухани мектептерін ашу қолға алынды. Қазақстандағы ең үлкен мешіт
Алматыдағы орталық мешіті 1999 жылы ашылды. Ол ТМД бойынша ең ірі
мешіттердің бірі, онда 3 мыңнан астам адам бір мезетте өз құлшықытарын
жасай алады. Діни басқарманың мәліметтері бойынша Қазақстанда 11 миллионға
жуық мұсылман бар, олардың ішінде 24 ұлт бар, яғни Республика халқының 65 %
мұсылман болып есептеледі. Қазақстан бойынша 2003 жылдың қаңтарына қарай
1652 мешіт болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша жалпы мешіт
саны 1750-ден асты.

ХХ ғ. 60 жылдары мен ХХІ ғ. тіркелген мешіттердің өсу динамикасы

жыл 1965 1968 1972
1973 1 46 2
1974 1 59 13
1975 4 409 19
1976 6 555 28
1977 8 692 39
1978 10 725 29
1979 13 986 38
1980 14 971 -
1982 21 1100 -
1986 34 1300 -
1998 64 3 мыңға дейін -
2003 104 3252 -

1. Соңғы күндер әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі.
Бұл дәстүрлі емес ағымның негізі 1830 жылдың сәуірінде салынды.
Иегова куәгерлері (Издательская общество старежевой башны Сиона)- ХІХ
ғасырдың соңында АҚШ та Ч. Рассель құрған діни ұйым.
Көптеген Христиан дінтанушылары бұл ағымды христан дініне енгізбейді.
Олардың пайымдауынша осы конфессия Христосты құдай демей оны құдайдың
баласы деп атайды. Иегова куәгерлері құдайды Игеова деп атайды. Қасиетті
үштік және жанның өлместігін мойындамайды.
Иегова куәгерлерінің Қазақстандағы қауымының өсу динамикасы
Жыл Қауымдардың саныМүшелері
1966 15 329
1968 15 529
1970 19 663
1972 12 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Діни басқарма тұсында
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы діни жағдай
Көші-қон
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Мемлекет пен діннің қатынасы
Пәндер