Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы
Кіріспе ... ... ... ... ... .2 . 3
1.Бөлім. Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы.
1.1 Өнім сапасын жоғарылатудың бағыттары..4
1.2 Сапа қасиетінің негізгі көрсеткіштері ... .8 . 9
1.3.Сапаны бақылаудың негізгі параметрлері.. 9
2.Бөлім. Кәсіпорынның сапаны басқаруын талдау.
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ... ...14 . 18
2.2. Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау ... .18 .
2.3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ...28 . 30
Әдебиеттер тізімі ... ... ...31 . 32

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.

1) Огвоздин В.Ю. Управление качеством: Теория и практика
Москва: Дело и сервис, 1999г.
2) Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством
Москва: Инфра─М, 2002г.
3) Розова Н.К. Управление качеством
Санкт-Петербург: Питер, 2003г.
4) Сағадиев Қ.С. Сертификаттау
Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000ж.
5) Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2003ж.
6) Есімжанова С.Р. Маркетинг
Алматы: Экономика, 2003ж.
7) Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2002ж.
8) Әмірбекұлы Е. автореферат
«Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру»
Алматы, 2004ж.
9) Джумагалиева Ж.Г. автореферат
«Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности» Алматы, 2004г.
10) Нурпеисова М.М. автореферат
«Повышение качества и конкурентноспособности потребительских товаров Казахстана» Алматы, 1998г.
11) Под ред. Сафронова, Зайцева Н.Л. Экономика предприятия
Москва, 2004г.
12) Шығысбае С.М. Өнімді стандарттау мен сертификаттау
ҚазҰУ хабаршысы 2004ж., №3
13) Собрание актов 2001г., №16

Жоспары:
Кіріспе____________________________ _______________________2 - 3
1.Бөлім. Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы.
1.1 Өнім сапасын жоғарылатудың бағыттары_______________4 - 7
1.2 Сапа қасиетінің негізгі көрсеткіштері____________________8 – 9
1.3.Сапаны бақылаудың негізгі параметрлері________________ 9 - 13
2.Бөлім. Кәсіпорынның сапаны басқаруын талдау.
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі
тетіктерінің бірі.______________________________ ___________14 - 18
2.2. Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау.__________________18 - 24
2.3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатудың экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі.________________________ ____________24 - 27
Қорытынды._________________________ ____________________28 - 30
Әдебиеттер тізімі.____________________________ ___________31 - 32
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ
басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі
экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту
мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын
өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі,
қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы
туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын
талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген
көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер
кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете
алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке
қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына
сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және
тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары
білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де
керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны
да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз
етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір
өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың
өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында
жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының
даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім
шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне
арналып, әртүрлі болу мүмкін. Мерседеспен барлық адамдар жүре бермейді,
бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек.
Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені
оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған
стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына
басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның
өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы
бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға
деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші
орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу
өнімнің сапасына тікелей орын береді.
1.Бөлім. Өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы.
1.1.Өнім сапасын жоғарылатудың негізгі жолдары.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек
техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық
санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы
болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда
тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның
бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы,
көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол
қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық
ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны
сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол тұтынушы құны, құн,
тиімділік, баға, пайда, материалдық қызығушылық түсініктерімен
тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен
байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің
көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді
түсінуге болады.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде
анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық
маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның
ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай
келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер
жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс
сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына
қойылатын негізгі мәселелер, олар:
өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай
бағыттау;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі
механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі
проблемаларды шешу.
Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─
басқарылатын процес.
Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем
көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны
бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал
ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен
ерекшеленбеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының
бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға
жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі
мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне
айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім
жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың
сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің
өсуіне көп көңіл бөлді.
Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және
әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте
маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан
өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы
пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық
тәсілдерін анықтау;
зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін
және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару
механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық
механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі,
сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз
жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен
төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде
зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін
мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде
қарайды.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның
жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.
Өнімнің сапасы түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту
мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы
қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың
дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан
қарастыруға мүмкіндік береді.
Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады.
Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық,
эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен
бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып
табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық
еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын
оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.
1.2. Сапа қасиетінің негізгі көрсеткіштері.
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан
алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық
өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол
бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін
анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын,
жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі
еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің
тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға,
өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында
материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай
жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің
стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы
арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық,
физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың,
вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын,
тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға
бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік
қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі
мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы:
өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың,
газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару,
қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны
жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
1.3.Сапаны бақылаудың негізгі параметрлері
Нарықтық экономикада сапаны көтерудің мәселесі өмір деңгейінің,
экономикалық - әлеуметтік же экологиялық қауіпсіздіктің маңызды
факторы б.т.
Сапа дз – кешенді түсінік, шаруашылық істің тиімділігін сипаттайды
: стратегияны өңдеу, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг же т.б.
Сапа жүйесінің маңызды құраушысы өнім сапасы б.т.Сапаны әртүрлі
сипаттайды.Стандарттау бша халықаралық ұйым сапаға мынадай анықтама
берген : Қажеттілікті қанағаттандыратын қабілеттілігін өнімнің же
қызметтің барлық қасиеттерінің же сипаттамаларының жиынтығы.Бұл
стандарт ( ИСО 8402 ) сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару
түсініктерін енгізді. Халықаралық сапаға талаптар 9000 сериялы ИСО
стандартымен анықталған.Бұл стандарттар алғашқы рет 80 – ші жылдың
соңында шыққан же халықаралық стандарттаудың жаңа сапалы деңгейіне
көтерілген.Бұл стандарттар өндіріс процесіне, басқару саласына
енгізілген же сапаны қамтамасыз ету жүйесіне жаңа талаптар
қойды.Олар сапа жүйесінің сертификаттауына бастама болды.
Менеджменттің дербес бағыты пайда болды.Ол - сапа менеджменті.
Қазіргі уақытта ғалымдар же практиктер шет елде сапа
менеджментінің қазіргі заманғы әдістерін TQM әдістемесімен
байланыстырады ( Total Quality Menedgment ) – жалпылай сапа
менеджменті.
9000 сериялы ИСО стандарты сапа жүйесін бағалау бша шатты
әлемдегі бірыңғай мойындалған әдіс же бұл стандарт тұтынушылар мен
өндірушілер арасындағы қатынастарды реттеді.Басқа сөзбен айтқанда
ИСО стандарты тұтынушыға қатаң бағытталу.
Сапаны пирамида түрінде көрсетейік
Пирамиданың ең жоғарысында TQM – жаппай сапа менеджменті, өнімнің
талап етілген сапасына жету үшін барлық жұмыстарды жоғары сапалы
орындау керек.олар ең алдымен өндірістің жоғары ұйымдық – техникалық
деңгейде қамтамасыз етумен байты жұмыс, еңбектің керекті шарттарын
орнату.
Жұмыстың сапасы қабылданатын басқару шешімдердің жоспарлау
жүйесінің дәлелдігін қарастырады.Өнім шығарумен байты жұмыс сапасы
маңызды ( технологиялық процестердің сапасын бақылау, ақауларын өз
уақытында табу ).Өнім сапасы жұмысты орындау сапасының себебі
болады, мұнда дайын өнімнің сапасын, тұтынушының ойын бағалайды.
Керекті өнімді өндіру үшін, жұмысты орындау үшін, қызметті көрсету
үшін алдын – ала бірқатар жұмыстардың операциясын жасау керек.Соңғы
сапа өз кезегінде орындалған жұмыс сапасына байты болады.Өнім
сапасының қалыптасуы оны жобалау деңгейінде басталады.Осылай зеттеу
фазасында техникалық же экономикалық негіздері өңделеді,
функционалдық үлгілер жасалады, содан соң өндірістік құжаттаудың
негізі же тәжірибелі үлгі жасалады.Конструкторлық – технологиялық
жұмыстар стадиясында өнімді өндіріске енгізуді дайындайды.Жұмысты
орындау сапасы фирманың жұмысын қамтамасыз етумен тікелей байты.Бұл
басқарушылықтың же басқарудың сапасы ( жоспарлау, талдау, бақылау )
жоспарлаудың сапасына ( старегияны өңдеу, жоспарлар жүйесі же т.б. )
фирманың сапасы же алдына қойылған мақсаттарына жетумен
байты.Сапа түсінігі тарихи - өндірістік жағдайларда қалыптасқан.Ол
дегеніміз, әр қоғамдық өндіріс өнім сапасына өзінің обьективті
талаптарын қойған.Алғашқы кезеңдерде ірі өнеркәсіптік өндірістерде
сапаны тексеру дәлдікті анықтаумен байты атоматтандырылған құралдар
пайда болды, сенімділік деген түсінік пайда болды.Сөйтіп сапа
деген түсінік дамып, дәлелденіп отырды.Сапаны бақылаудың керектігімен
байты сапа туралы ақпараттарды жинау әдістері пайда болды.Нарықтық
экономикалық шарттарда қызмет еткен фирмалар өндірісті өндіру же
тұтыну процесінде сапаны бақылауға тырысты.
Техникалық – экономикалық пайдалану же сапа параметрлерін
қамтамасыз етпей өнімді сертикаттау жүргізілмейді.Сапаны бақылаушы
негізгі қасиеттер :
I) Техникалық деңгейі.
II) Эстетикалық деңгейі.
III) Пайдалану деңгейі.
IV) Техникалық сапасы.
Сапа - өтім нарығында маңызды құрал б.т.Себебі ол тауарлардың
бәсекеге қабілеттілігн қамтамасыз етеді.
Бәсекеге қабілеттілік тұтынушыға функционалдық, әлеуметтік,
эстетикалық, экологиялық қасиеттер арқылы өнімнің техникалық деңгейін
же тауардың пайдалылығынан тұрады.Бәсекеге қабілеттілік тауардың
сапалы же құндық жиынтығын анықтайды, сапаны көтеру шығындарымен
тығыз байланыста болады, бірақ олар алынған пайда арқылы
өтеледі.Нарықта лидерлік орын алу жаңа тауарларды өңдеусіз мүмкін
емес.Сапаны көтерудің маңызын жан – жақты қарастыруға болады.Бұл
мәселені микродеңгейде шешу салалар арасында же салалар ішінде
жаңа прогрессивті пропорцияларды орнатуға мүмкіндік береді.Мысалы :
металлургиялық өнеркәсіп же машина құрылыс аясында.Осы
пропорцияларды қамтамасыз ету машина құрылысы, өнім өндірісі
технологиясын жетілдіру арқылы же оның тиімділігін көтеру арқылы
қамтамасыз етіледі.Машина құрылыс өнім сапасын көтеру басқа
салаларда өндіріс процестерін автоматтандыруда маңызды.Тұтынушымен
алынған жоғары деңгейдегі сенімді жабдықтау өндіріс процесінің
пропорциясын қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикасы дамыған шетелдерінде жүргізуші фирмалары
сапаға жету үшін барлық қызметтері ( бөлімдері ) бірге жұмыс істеуі
керек.Сапаны көтеруде тұтынушының талаптары маңызды роль
атқарады.Сапаны көтеруде Жапон фирмаларын мысалға алайық. ІІ – ші
Дүниежүзілік соғыстан кейін Жапон фирмалары өндірістің тиімділігін
же өнімнің сапасын көтеру үшін жолдар іздеді.Жапон басқарушылары
әлем бша тәжірибелерді зерттеді.Олар АҚШ же Европа өнеркәсіп
фирмаларының басқарушыларымен кездесті.Жапон басқарушылары
Статистикалық сапа бақылау же сапаны кешенді бақылау деген
түсініктерге назар аударды.Дамыған, жетілген фирмалары өзінің
қызметкерлеріне же өнім сапасына жоғары талаптар қояды
екен.Нәтижесінде Жапондық сапа стандарттары деген түсінік пайда
болды же жаңа сапа мәдениеті пайда болды.
Сапа мәдениеті дз – сервистік қызмет көрсету сапасын, есеп
құжаттарының сапасын, орындалатын өндіріс операцияларының сапасын же
т.б. кешенді түсініктерді қамтиды.
Жапония кәсіпорын жұмысының жаңа әдістемесін өңдеді же сапаны
жаппай бақылауға көшті.Жаңа жүйе өнімді өткізу нарығын бақылауды,
нарықтық коньектураны талдауды, сатудан соң қызмет көрсетуді
қамтиды.Жаппай сапаны бақылау тұтынушылардың өніс сапасына сұрауларын
күшейтеді.Тұтынушыларды сенімділік пайдалануды ыңғайлы, ұзақ мерзімді
өнімнің эстетикалық қасиеттері қызықтырады.
Сапаны басқару теориясын өңдеуде шетел же отандық ғалымдар үлесін
қосқан.Таңдаулы сапаны бақылаудың теориялық негіздерін салушылар
орыс ғалымдары Чехышов же Лякунов.Сапаны басқару жүйесін өңдеуде
үлкен үлес қосқандар Венедский, Американдық ғалымдар Шухарт, Деминг
же Фегинбаун.
Сапа әртүрлі кездейсоқ, жергілікті же субьективті факторлар
арқылы анықталады.Осы факторлардың сапа деңгейіне алдын – ала әсерін
білу үшін сапа басқару жүйесі келеді.Сапамен басқару келесі
түсініктер арықыл жұмыс істейді : жүйе, орта, мақсат, бағдарлама же
т.б. басқаратын же басқарылатын жүйелерді айырады.
2.Бөлім. Кәсіпорынның өнімдерінің сапасын талдау.
2.1.Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын басқарудың негізгі
тетіктерінің бірі.
Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ)
мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ
бақылаушы статусын алған болатын.
Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі
мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-
ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке
интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды
рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды
олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен
мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын
стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып
табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның
сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық
кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі
болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау,
сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге
асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл
министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға
сәйкестендіруі тиіс.
Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің,
ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол
еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. Қазақстан
Республикасының индустриялық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері
осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін
өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде
қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық
актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің
техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын дамыту жолымен
жүзеге асырылады.
Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы
тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары
бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және енгізу процесі
елеулі назар аударуға тұрады.
Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдік
тәжірибесі олардың тиімділігін растады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерінің
сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін
тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған
сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде.
Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық танылған сапа
жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде сезініп отыр.
Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен
анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы редакциясы
1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа
деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік
процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа
жүйесін сертификаттаудың негізін салды.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─ сертификаттау
болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен
денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz