Мұсылман каллиграфиясы



1 Араб әріптерімен әдемі жазу үлгісі
2 Каллиграфия
Мұсылман каллиграфиясы – бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көркем сурет жанрында ерекше орын алды. Ерте заманнан бері мұсылмандар каллиграфияны «көркем өнердің ең озығы» деп таныған. Каллиграфия немесе әсемдеп хат жазу үлгісі Ислам діні дамытқан өнер түрлерінің арасында ерекше орын алды. Каллиграфияға көңіл бөлу Құран аяттарына деген құрметтен туындаған. Құран Кәрімді көшіріп жазу – қажетті шара болса, аяттарды барынша әсемдеп жазу Аллаһтың разылығына бөлейтін сауапты амал болып саналған. Дініміз тірі жаратылысты салуға тыйым салғандықтан, мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз әрі пішінсіз бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты. Бұл өз кезегінде діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке деген әуестік пен құштарлықты да қанағаттандыра алды. Исламға тән абстрактілі ойлау каллиграфия өнерінде өз көрінісін тапты деуге болады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мұсылман каллиграфиясы

Мұсылман каллиграфиясы – бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде
қабылданып, көркем сурет жанрында ерекше орын алды. Ерте заманнан бері
мұсылмандар каллиграфияны көркем өнердің ең озығы деп таныған.
Каллиграфия немесе әсемдеп хат жазу үлгісі Ислам діні дамытқан өнер
түрлерінің арасында ерекше орын алды. Каллиграфияға көңіл бөлу Құран
аяттарына деген құрметтен туындаған. Құран Кәрімді көшіріп жазу – қажетті
шара болса, аяттарды барынша әсемдеп жазу Аллаһтың разылығына бөлейтін
сауапты амал болып саналған. Дініміз тірі жаратылысты салуға тыйым
салғандықтан, мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз әрі
пішінсіз бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты. Бұл өз кезегінде
діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке
деген әуестік пен құштарлықты да қанағаттандыра алды. Исламға тән
абстрактілі ойлау каллиграфия өнерінде өз көрінісін тапты деуге болады.

Араб әріптерімен әдемі жазу үлгісі хат немесе хутут деп аталады.
Тарихи бастауы негізінен VI және X ғасырларға тән арабша хат деген сөз
сызық деген мағынаны білдірді. Араб каллиграфиясы пайда болған тұста 6
түрлі жазу түрі болған. Ситта (алты) деп аталған олар Куфи, Тауқи,
Сулус, Райхани, Насих, Риқа деп бөлінген. Бұлардың біразы бұрышты,
біразы дөңгелек жазулар. Куфи бұрыштыға жатады. Нәсих, сулус, риқа, тәуқи,
томар, мухаққақ, ғубарилар дөңгелек жазуларға жатады.

Аймақтарға негізделген жазуларға Мағриби (Кайреуани, Андулуси, Фаси,
Мағриби, Судани), Талик (Талик, Нәсталик, Дивани, Шикесте, Дивани Жели),
Қиыр шығыс (Сини, Жави) жатады.

Ирандықтар ойлап тапқан таликтан басқа көптеген жазу түрлері бар.
Бұлардың бірқатары кең тарамаған, бірқатары белгілі салаларда қолданылған.
Мәселен, түріктер дамытқан дивани жазу түрі тек қана Диваны Хумаюнжа
жазылған маңызды құжаттарда, ал жазылуы мен оқылуы арнайы білімді талап
ететін Сияқат болса іс қағаздарда пайдаланылған. Жеңіл жазылатындықтан
күнделікті тұрмыста кең тараған Риқа болса XXI ғасырда көркем жазу
үлгісіне айналған. Бұл Риқа мен алты жазу түрінің біріне жататын Риқаны бір
бірімен шатастыруға болмайды.

Жазулар көлемінің ірілі ұсақтығына қарай түрлі атауларға ие. Қабырғаларға
ілінетін тақталар мен кілемшелерде, мешіт, мазар секілді діни кесенелер мен
күмбез жазуларында, кесенелерде және алыстан оқылатын жазулар жәли (ірі
жазу) деп аталды. Көбіне көп сүліс пен талик жазуының жәлисі қолданылады.
Әдепкіде ұсақ жазулар Хүррә, көзге түсуі тіптен қиын жазулар ғубари
(шаң) деп аталады.

Жазу өнерінде қолданылатын құрал қалам. Каллиграфия өнерінде қалам
ретінде көбіне қамыс қолданылған. Қамыстың ұшы жазатын жазудың қалыңдығына
қарай арнайы бәкімен ұшталады. Ірі (жәли) жазулар болса ағаштан жасалған
қалың ұшты қаламдармен жазылады. Өте жіңішке жазуларға темір ұштар да
қолданылған. Жазу өнерінде қолданылған сиясауыт та арнайы әзірленеді. Сұйық
әрі майлы заттан тұратын бұл сия құйып жазатындықтан қате жазып қойған
тұста өшіру оңай. Каллиграфия өнерінде қолданылатын қағаздар да ерекше.
Сияны тым сорып алып жайып жібермеу үшін қағаз бетіне қаламның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб және мұсылман елдерінің өнері
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ КАЛЛИГРАФИЯ
ГРАФИКА ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Жапон өнері
Қытай өнері
Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Сөйлесу қарым - қатынастың негізгі түрі
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Пәндер