«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

І-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІ

1. 1. Негізгі құралдардың есебі, талдауы мен аудиті

1. 2. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы мен аудиті

1. 3. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі, талдауы мен аудиті

1. 4. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы мен аудиті

1. 5. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі, талдауы мен аудиті

ІІ-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІ

2. 1. Меншікті капиталдың есебі, талдауы мен аудиті

2. 2. Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі, талдауы мен аудиті

«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

І-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

1. 1. Негізгі құралдардың есебі, талдауы мен аудиті

ЖШС «Ойлстройсервис» өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін бухгалтерлік есептің жеке объектіне бөлінген негізгі құралдар деп аталатын қажетті еңбек құралдары болуы керек.

Еңбек құралдары, еңбек құралдарының кейбір түрлерін бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізгенге дейін Қазақстан Республикасындағы негізгі құралдарға жатқызылатын №6 БЕС сай, 01. 01. 97 жылы енгізілген негізгі құралдар құнымен шектеледі және келесі нұсқамен анықталады: «Негізгі құралдар - материалдық өндірісте және өндірістік емес ортада ұзақ мерзім уақыт (бір жылдан астам) әрекет ететін материалды активтер».

Өндіріс процесінде көп рет қолдану, ұзақ мерзімді уақытта бастапқы түрін сақтау (табиғи - заттай түрі) негізгі құралдардың ерекшелігі болып табылады. Өндіріс процесі және сыртқы орта әсерлерінен бірте-бірте тозады және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу жолымен нормативті қызметінің мерзімі бойында бастапқы құнын өндіріс шығындарына өткізеді.

Негізгі құралдар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрай отырып, өндірістік потенциалдың маңызды элементі. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы болып негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды рационалды қолдану болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т. б. ) әсер ету жүзеге асады және өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй-коммуналдық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Менің қарастырылып отырған «Ойлстройсервис» ЖШС-де негізгі құралдар жалға алынбайды және берілмейді.

Негізгі құралдардың құрамына келесілер жатады:

Жер - субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құрпалдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

Ғимараттар мен қондырғылар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері және электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялары, құбырлары) .

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, оның ішінде орын ауыстыруы мен шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ, есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістереінің тиімділігін; негізгі құралдарды жһндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгелінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз ету керек.

Негізгі құралдардың келіп түсуі және есептен шығарылуы мынандай құжаттар негізінде рәсімделеді:

  • негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі;
  • негізгі құралдардың алыс-беріс актісі;
  • ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдардың объектілерін есептен шығаруғанегізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі;
  • құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшінжөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі;
  • негізгі құралдың мүліктік карточкасы;
  • негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы;
  • негізгі құралдардың мүлікті тізімі;
  • негізгі құралдарды есептен шығару актісі;
  • негізгі құрал-жадбықтарды жою туралы акт;
  • негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізімі;
  • негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемесі.

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдарға амортизация есептеу қарапайым әдіспен жүргізіледі. Бұл әдіске бұрын бухгалтерлік есептегі амортизация есептеу тәсілдерінің түрлеріне тоқтала кетейік. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (моральдық) және сапалы (заман талабына сай келмеуі) .

Негізгі құралдардың амортизациясының есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

  • құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік тәсіл) ;
  • жеделдетіп есептен шығару;
  • қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
  • құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі мына формула бойынша есептелінеді:

Бастақы құн - жойылу құны

Пайдалану мерзімі

Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) негізгі құраолдардың тозуы тек олардың пайдалану дәрежесі болып табылады және оны есептеу процессінде уақыт кесіндісі ешқандай рөл атқармайды.

Ол келесі формуламен есептелінеді:

Бастапқы құн - жойылу құны .

Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:

а) Кумулятивтік әдісі - латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

ә) Азайып отыратын қалдық әдісі - бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, автокөлікті пайдалану мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 пайыз болады (100/5) .

Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы 40 пайызға тең (20*2) .

Іс-тәжірибе өткен кәсіпорында амортизацияны есептеудің қарапайым әдісі қолданады, бас бухгалтердің түсіндіруі бойынша мұның бірнеше қомақты себептері бар:

  1. бұл әдіс ҚР-ның Салық кодексінің ережелеріне ең жақын болып табылады, себебі онда амортизацияның шекті нормалары көрсетіледі;
  2. сатып алынатын негізгі құралдардың жиі жағдайда өте қымбат болып табылады, сондықтан амортизацияны есептеудің жеделтілген әдісін қолдану кәсіпорын үшін қиынға түседі.

Негізгі құралдардың аудиторлық тексерудің бағдарламасы

Кез келген кәсіпорын сияқты «Ойлстройсервис» ЖШС-де негізгі құралдарға аудит жүргізбес бұрын оның бағдарламасын анықтап, қандай мәселелерді қамту керектігін анықтап алу қажет. Негiзгi құралдардың аудитiн жүргiзуде алғашқы қандай тексерулер жүргiзу мәселесiне тоқталайық:

  • негiзгi құралдардың объектiлерi кәсiпорынның есебiне жазылғандығы немесе жалға алғандығын;
  • негiзгi құралдарды сатып алуы, келiп түсуi, олардың есептен шығуы дұрыс есептелiнгендігін;
  • сатып алу құны мен басқада көрсеткiштер, негiзгi құралдар бойынша алғашқы жазулардың, олардың дұрыс толтырылуын;
  • барлық негiзгi құралдар объектiлерi бойынша амортизация есептеудiң әдiсi қолданылғандығын және олардың алдыңғы әдiстермен сәйкес келетiндiгiн;
  • негiзгi құралдарды сатып алғаннан кейiн негiзгi құралдардың есебiнiң дұрыс жүргiзiлетіндiгін;
  • қосымша қамтамасыз ету бойынша негiзгі құралдар құны анықталғандығын тексеру жүргізетіндігін;
  • аудиторлық тексеру iшкi және сыртқы болуы мүмкiн. Iшкi аудит басшының шешiмiмен жүргiзiлсе, сыртқы аудит жүргізуге лицензиясы бар тәуелсіз аудитор көмегімен жүзеге асырылады. Тексеру процесiнде кәсiпорын басшысы /сырқы аудит үшiн/ барлық негiзгi құралдарға қатысты ақпарат көздерiмен аудиторды қамтамасыз етуi мiндеттi. Ол ақпараттарсыз аудитор жұмыс жасай алмайды.

Негiзгi құралдарға аудит жүргiзудiң бiрнеше кезеңін қарастырумызға болады, аудитор тексерiлетiн кәсiпорын бойынша келесiлердi анықтап алуы қажет:

  • кәсiпорынның есеп саясатымен танысу, негiзгi құралдар бойынша екi кезең мәлiметтерiмен танысу;
  • негiзгi құралдар бойынша соңғы түгендеу мерзiмiн анықтап, анық қорытындымен танысу;
  • негiзгi құралдар бағалау материалдарымен танысу және олардың есебiн тексеру;
  • негiзгi құралдарды жою бойынша кәсiпорын үшiн де құрылған арнайы комиссия мүшелерiн тоғайындау туралы мәлiмет алу және олармен арнайы материалдық жауапкершiлiк туралы келiсiм бары мен жоғын тексеру;
  • негiзгi құралдарды жалға беру келiсiм-шарттарымен танысу, заңды тұлғалармен келiсiм-шарт құру;
  • бухгалтерияның негiзгi құралдар бойынша кортотека және түгендеу тiзiмдерiн тексеру, олардың компьютерлiк және қол жазбамен жүргiзiлгендiгiн анықтау, оларға қатысты материалды жауапты тұлғалардың тiзiмiн тексеру және де ол материалды жауапты тұлғалармен шарттың бар жоғын тексеру;
  • бухгалтерияның қандай құжаттармен қамтамасыз етiлгендiгiн тексеру.

Негiзгi құралдар бойынша мәлiметтері, негiзгi құралдар есебiнiң жүргiзiлуi жайлы аудиторға көп түсiнiк бередi. Осы мәлiметтер арқылы аудитор тексеру барысында туындаған сұрақтарға жауап бере алады.

Бас кiтапта көрсетiлген негiзгi құралдар бойынша мәлiметтер, қалдықтар, синтетикалық шоттар бойынша негiзгi құралдардың есебiнiң жүргiзiлуi, олардың тозуын, аяқталмаған құрылыстың, барлығының бухгалтерлiк баланстың көрсеткiштермен сәйкестiлiгiн тексеру барлық көрсетiлген мәлiметтер бiр-бiрiне сәйкес келуi керек, ай басындағы бастапқы қалдықтың айналым және соңғы қалдықтың дұрыс болуын тексеру қажет.

Егер де сәйкесiздiк табылса, онда оны анықтау қажет, оның пайда болу себебiн анықтап, кәсiпорынға негiзгi құралдар операциялары бойынша iшкi бақылау жүйесiн енгiзудi ұсынуы қажет:

  • негiзгi құралдар бойынша олардың есебiнiң дұрыс жүргiзiлуi мен дер кезiндегi сақталуына тексеру жұмыстарын жасау мүмкiндiгiн жiбермеу;
  • негiзгi құралдардың сақталуына бақылау жасап отыру, материалды жауапты тұлғалар мен келiсiм-шарттың бар- жоғымен танысып, тексерiп оларға кәсiпорын басшысының бұйрығының бар-жоғын анықтау;
  • негiзгi құралдар актив бөлiгiне жатқызылуын, олардың кносстың және топтық бөлiмшелерге бүлiнуi мен олардың өндiрiсте атқаратын ролiн тексеру;
  • есепте негiзгi құралдардың дұрыс бағалануын тексеру;
  • негiзгi құралдардың келiп түсуi мен есептен шығуы туралы жасалынған операциялар мен оларға қатысты құжаттардың дұрыс толтырылуын тексеру;
  • жөндеуге кеткен немесе есептелiнген қаражаттардың дұрыс аударылғандығы мен олардың есебiн тексеру.

Аудитор бiрiншi кезекте негiзгi құралдардың қай актив құрамына жатқызылатындығын тексеруi қажет.

Негiзгi құралдар құрамына келiсілерді жатқызамыз:

  • ұзақ мерзiм бойы қызмет ететiн еңбек құралдары;
  • материал өндiрiс құралдары;

Аудитор негiзгi құралдардың келiп түсуi, техникалық құжатын, негiзгi құралдар есебiнде көрсетiлген карточкалар, алғашқы құжаттар, осы құжаттар негiзiне сүйене отырып, аудитор келесiлердi анықтап тексередi:

  • негiзгi құралдар классификациясының дұрыстығын;
  • негiзгi құралдардың бөлiнуiн тексеру, егер де дұрыс бөлiнбеген жағдайда, негiзгi құралдардың амортизациясын есептеуде қиыншылықтар туындауы мүмкiндігін;
  • негiзгi құралдарды өндiрiсте қатысуы бойынша жiктеу, өндiрiс процесiнде iстеп тұрған және жарамсыз тұрған негiзгi құралдарды бөлiп қарастыру, iстеп тұрған негiзгi құралдар бойынша жiктеудi дұрыс ұйымдастыру, дұрыс болмаған жағдайда, негiзгi құралдарға амортизация есептеу дұрыс жүргізілмейді (запаста, жөндеуде тұрған негiзгі құралдар үшiн амортизация есептелiнбейдi) .

Сонымен қатар, аудитор негiзгi құралдардың дұрыс бағалануын тексеруi қажет. Бағалаудың нәтижесi келесiлер үшiн маңызы болып табылады:

  • қаржы мәлiметтерiнiң дұрыс көрсетiлуінде;
  • бюджетпен және салықпен дұрыс есептесуде;
  • бухгалтерлiк және статистикалық есептi дұрыс ұйымдастыруда;
  • алғашқы құжаттар негiзiнде келесiлердi негiзгi құралдардың келiп түсуi бойынша алғашқы құнын анықтауда.

Алғашқы құнды анықтауда келесiлердi алдымен анықтау қажет:

  • объектiлер негiзiнде, кәсiпорынның дайындалуына байланысты сатып алынған және басқада объектiлер бойынша, жеткiзу бойынша шығындар, монтаждау орналастыру;
  • құрылтайшылардың қосқан үлестерiне байланысты объектiлер (келiсiм-шарт негiзiнде) ;
  • басқа да тұлғалардан субсидия негiзiнде түскен негiзгi құралдар.

Негiзгi құралдардың құнын алғашқы құнымен кезең құнының арасында ауытқулар болған жағдайда, нарықтық жағдайларға байланысты негiзгi құралдар құны осы кезең бойынша анықталады.

Аудитор бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiне сүйене отырып келесiлердi тексеру қажет:

  • субъектiнiң бұйрығымен негiзгi құралдарды қабылдау бойынша комиссия құрамынан құрылуын тексеру;
  • жеке тұлғалар негiзгi құралдарды сату немесе сатып алу келiсiм-шартының бары мен жоғын тексеру;
  • келiсiм бағасы бойынша хаттамалардың құрылуын, толтырылуын тексеру;
  • жалға беру келiсiм-шартында негiзгi құралдар бойынша объектiлердiң құнының көрсетiлетіндігін тексеру.

Кәсіпорындар қазіргі кезде өз меншігіндегі негізгі құралдардың бары мен жоғына және олардың сақталуын тексеру үшін аудиторлық фирмалардың қызметін қолданады. Аудитор негізгі құралдарға байланысты операциялардың барлығын тексереді. Аудитор барлық көңілін негізгі құралдардың бухгалтерлік

есепте дұрыс көрініс табуына бөледі, ол ең қажетті, маңызды, міндетті операциялардың бірі болып саналады.

Негізгі құралдар есебі негізгі құралдар құрамына келесілерді кіргізеді:

  • ұзақ мерзім бойынша қызмет ететін еңбек құралдары, материалдық өндіріс құралдары;

Негізгі құралдар жатқызылуы бойынша жалға алынған және жеке болып келеді. Негізгі құралдар келесідей жіктеледі:

  • жерлер, үйлер, ғимараттар, машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлік және басқа да негізгі құралдар.

Аудитор кәсіпорын бойынша негізгі құралдардың келіп түсуі, техникалық құжаты, негізгі құралдар есебінде көрсетілген карточкалар, жазылған алғашқы құжаттардың барлығын тексереді.

Аудитор осы құжаттар негізінде келесілерді анықтауы қажет:

  • негізгі құралдар классификациясының өз мақсатымен негізделуін;
  • негізгі құралдарды пайдалану бойынша бөлінуін тексеру, егер де дұрыс бөлінбеген жағдайда, негізгі құралдардың амортизациясын есептеу процесі дұрыс болмайтындығын;
  • негізгі құралдарды өндіріске қатысуы бойынша жіктеу өндіріс процесінде жұмыс істеп тұрған және жарамсыз тұрған негізгі құралдарды бөлек қарастыру керектігін;

Егер де негізгі құралдарға есептеу кезінде дұрыс жіктемеген жағдайда, оларға амортизация есептеу дұрыс жүргізілмейді (запаста және жөндеуде тұрған негізгі құралдар үшін амортизация сомасы есептелінбейді) .

Аудитордың негізгі тексеру жұмыстарының бірі негізгі құралдарға бағалау жұмыстарының дұрыс жүргізілуін тексеру болып табылады. Бағалау нәтижелері келесілер үшін маңызды болып келеді:

  • қаржы мәліметтерінің дұрыс көрсетілуі;
  • бюджет пен салық міндеттемелерімен есептесудің дұрыстығы;
  • негізгі құралдар бойынша статистикалық және бухгалтерлік есеп берудің дұрыстығы;
  • алғашқы құжаттарға сүйеен отырып, негізгі құралдардың келіп түсуіндегі құнын анықтау қажет.
  • Негізгі құралдардың алғашқы құнын анықтаудан бұрын келесілерді анықтап алу қажет:
  • кәсіпорын салу барысында, сатып алуда басқа объектілері бойынша монтаждау орналастыру жұмыстары;
  • кәсіпорын құрылтайшыларының қосқан үлес негізіндегі объектілері келісім-шарт негізінде;
  • басқа да тұлғалардан субсидия негізінде келіп түскен негізгі құралдар.

Егер негізгі құралдар құнында алғашқы құн мен кезең құнының арасында ауытқулар болған немесе туындаған жағдайда, нарықтық жағдайға байланысты негізгі құралдар құны осы кезең бойынша анықталады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сүйене отырып, аудитор келесілерді тексеруі керек:

  • субъект басшысының бұйрығы мен негізгі құралдарды қабылдау комиссия құрамының құрылуын тексеру;
  • Жеке тұлғалар мен негізгі құралдар сату және сатып алу келісі-шарттарының түзілуін тексеру;
  • негізгі құралдардың келісім баға бойынша хаттама тізімінің құрылуы мен толтырылуын тексеру;
  • жалға беру келісім-шартында негізгі құралдар объектілері құнының көрсетілуін тексеру.

Негізгі құралдар келіп түскен кезде алғашқы құжаттарға сүйене отырып, олардың құнының дұрыс және алғашқы бағалануын тексеріп алу қажет. Негізгі құралдардың алғашы құны келесі жағдайларда анықталады:

  • объектілері бойынша кәсіпорынның өзінде жасалынған және де басқа да (жаңа, қолданыста болған негізгі құралдар) қаражаттарға жатқызылған объектілер, орнату, жеткізіп беру, монтаждау шығындарын қоса есептегенде, төленген және қайтарымсыз салық және басқа да шығындар;
  • объектілері бойынша, екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардан жарғылық капиталға үлес ретінде;
  • объектілері бойынша басқа мекемелермен және тұлғалардан қайтарымсыз, үкімет органдарынан субсидия ретінде.

Кәсіпорын ауқымды немесе күрделі шығындар жасағанда аудитор тексереді, арнайы жасалынған шығындар есесінің қамтамасыз етілуі, негізгі құралдардың алғашқы құнының және басқа да шығындардың көрініс табуы, олар негізгі құралдар құнының өсуіне өз септігін тигізбейді, керісінше олар есеп беру кезеңі шығындары ретінде көрініс табады. Мұндай шығындар түрлері (негізгі құралдар құнына өз септігін тигізбейтін) жататындар:

  • құрылыс құнының сметалық жоспарында қарастырылатын шығындар;
  • құрылып жатқан кәсіпорындардағы негізгі қызметтерге мамандарды дайындау шығындары;
  • құрылыс салу барысында жасалған геологиялық және іздестіру, зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындар;
  • бизнестік қатысу ретінде басқа мекемелердің объектілерін салып, оны экспплутацияға беруі бойынша жұмсалған құралдар;
  • құрылыс салуға алынған жерлерді таңдау, түзетуге кеткен шығындар көлемі;
  • аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар;
  • құрылысты жөндеу бойынша шығындар;
  • объектілерді жерден сыру, демонтаждау және оларды қарауылдау шығындары.

Негізгі құралдар жарғылық капитал үлесі ретінде берілген жағдайда олардың тізімі көрсетілуі керек, сонымен қатар келісім құны көрсетіледі, осы құн арқылы ол бухгалтерлік есепте көрініс табады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
«КАЗОЙЛСЕРВИС» жшс-дегі іс-тәжірибе бойынша есеп беру
Жалақы мәні,түлері, формалары және жүйелері
«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы есебі («Жартас» ЖШС материалдары негізінде)
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Еңбекақы төлеу элементтері
Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы есебі («БААТ» ЖШС материалдары негізінде)
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz