Туризм менеджментінің теориялық және әдістемелік негіздері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:   

І-БӨЛІМ. ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Басқару ғылымының пәні мен әдісі

Қазіргі таңда менеджмент ғылымы пайда болғанға дейін оның өзекті мәселелерімен бірнеше ғылымдар, атап айтқанда, заң және экономика ғылымдары айналысып келді. Мысалы, бұрыңғы кезеңдерде заң ғылымы жалпы адамдар арасында әділеттілікті үгіттеумен айналысатын еді. Ол әділеттілікті орнату шеңберінде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тапшы ресурстар мен шексіз қажеттіліктер арасында әділ тепе-теңдік орнатуға тырысқан еді, бірақ уақыт өте келе заң ғылымының қарастыратын мәселелерінің аясы кеңейіп күрделене түскендіктен оның орнын экономика ғылымы басты.

Экономика ғылымы ұзақ уақыт бойы заң саласынан қабылдаған тапшы ресурстар мен шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету міндетін атқарды. Сондықтан да ең алдымен қолда бар шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланды. Бұлардың жеткіліксіз болуы салдарынан адам қажеттіліктерін қамтамасыз етуді одан ары жақсарта түсу үшін өзге жаңа ресурстар (тауар және қызмет көрсету) өндіре бастады. Бұлармен қолда бар ресурстарды қосып қажеттіліктер мен ресурстар арасында одан да әділ тепе-теңдік құру жолында барынша күш салды.

Экономика ғылымы бір жағынан адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін тауарлар мен қызмет көрсетуді арттырса, келесі бір жақтан адамдардың оған деген қажеттіліктерін де арттыра түсті. Қажеттіліктер мен ресурстар арасында тепе-теңдікті сақтау мүмкін болмады. Бұл тепе-теңдікті қамтамасыз етуді мақсат тұтқан экономика ғылымы мәселесінің аумағы барған сайын кеңейіп, маңызы арта түсті. Экономика ғылымы бұл мәселелерді жеке өзі зерттеп үлгере алмайтын жағдайға жеткен кезде жаңа бір ғылым саласы қалыптасып, экономика мәселелерінің бір бөлімін өз зерттеу объектісіне алды және өзіне дейінгі заң ғылымының жалпы принциптері мен шектеу шеңберінде осыларды жүзеге асыру үшін қызмет етті. Бұл жаңа ғылым саласын менеджмент деп атаймыз. Оның қарастыратын мәселелеріне адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тауар және қызмет өндіру жатады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы салада өзіне дейінгі экономика және заң ғылымдары тарапынан қабылдаған заңдылықтар, принциптер (қағидалар) және шектемелерге тәуелді болады.

Әлемдік нарықтық экономикада соңғы уақыттарда үлкен маңызын қызмет нарығы тауып отыр, ол күрделі жүйе, оның негізгі мақсаты қызмет ету кезінде халықтың талаптарын қанағаттандыра білу болып табылады. Жаңа туристік өнімді жасап шығару, оны нарықта алға шығару кез-келген туристік кәсіпорын қызметінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Ол үшін туристік кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктерін, стратегияларын қалыптастырып, әртүрлі методикаларды пайдалана білу қажет. Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін туристік мекемелер көптеп кездеседі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы елімізде туристік мекемелер қызметі дамып, жақсы бағыттар алуда. Туристік кәсіпорындардың қызмет көрсетуі әрбір туристік қонақтардың көңіліне жақсы әсер қалдыруы тиіс, сондай-ақ Қазақстан деген мемлекеттің бар екендігін, ондағы адамдардың қонақжайлылығын сезінулері, түсінулері керек. Қазіргі кезде егеменді елімізге әрбір шет мемлекеттен туристер, қонақтар, мемлекет басшылары және т. б. ағылып келуде, міне соған да байланысты туристік кәсіпорындар өз жұмыстарын көркейтіп, туристік қызметті дамыту жолын алдыңғы қатарына қойған.

Туристік кәсіпорын менеджменті практика жүзінде баяғыдан қалыптасып келуде. Нарықта табысқа жетудің сенімді құралы ретінде менеджмент ерекшеліктерін нақтылы пайдалану үшін туристік кәсіпорын басқарушылары мен мамандарына оның теоретико-методологиясын меңгеру қажет және оны нақтылы жағдайларға байланысты шығармашылық қолдана алулары керек.

Туристік кәсіпорындардың басқаруы қызмет көрсету өндірісінің нарықтық дамуының міндеттеріне бағынышты. Сонымен бірге ол үлкен адамдардың, нақты индивидуумдардың талаптарымен көптүрлі сұраныстарының өңдеуіне мақсатталған, олар қызмет көрсету өндірушілермен нарықтық айналым процесінде іске асады. Бұлардың барлығы туристік кәсіпорындарының менеджменттің қоғамдық бейнедегі ұйымдардағы айырмашылығын қалыптастырады.

Туристік кәсіпорындар менеджментінің мәні алға қойған мақсатына жетуде, олар басқарудың келесідей негізгі міндеттерін орындайды:

  • қазіргі жағдайды армандаған жағдаймен салыстыру («біз қайдамыз?» және «біз қайда барамыз?»)
  • әрекеттерге басқарушылық талаптар («не істеу қажет?») ;
  • шешім қабылдау критерийлері («қай жол абзал?»)
  • бақылау саймандары («шын мәнінде біз қай жерге келдік және бұдан не жөн болады»)

Туристік кәсіпорындарды басқару ісіндегі өндірістік-технологиялық процестер бірлік емес болып табылады және көп жағдайларда туристік кәсіпорындардың іс-әрекетінде анықталмаған да. Туристік кәсіпорындардың басқаруы қызмет көрсету өндірісінің нарықтық дамуының міндеттеріне бағынышты (персонал еңбектерінің ұйымдастырылуы, қызметкерлердің еңбек өндірісінің жоғарылауы, қызмет көрсетудің бәсекелестік қабілеттілігіне жету олардың табыстылығы және т. б. ) .

Басқару процесінің басқару міндеттері мен қызметтері қатынасушылар арасында бөлінеді. Туристік кәсіпорынның басқару құрылымы біріккен элементтерінің жиынтығы деп түсініледі. Осындай туристік кәсіпорындар менеджментінің ерекшеліктері осы пәнде толық қарастырылған.

1. 2. Менеджменттің түсінігі мен мәні

ХІХғ. соңында туындап, менеджмент ХХғ. 30-шы жылдарында ерекше кеңінен тараған. Сол кезде-ақ басқару қызметі ерекше кәсіпке айналып, ал білім саласы - дербес пән болды. Менеджменттің қалыптасуы мен дамуына орай менеджерлердің кәсіби тобы зиялы қоғамдық күшке айналды. Өте үлкен экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және ақпараттық потенциалмен иеленген алып корпорациялар пайда болған кезде мемлекет тәріздес көмек қуаты туындаған соң менеджерлердің ролі одан әрі асты. Нарықтық экономикасы бар елдерде ірі өндірістік бірлестіктер мен банктер мемлекеттің экономикалық және саяси күшін құрады. Туристік кәсіпорындардың басқару процесі басқа кез келген ұйымдардың басқару процесімен қай салада болмасын көптеген жалпы ұқсастықтары бар.

«Менеджмент» ағылшын тілінен өзге тілдерге аударылмайды. Ол «басқару», ал «менеджер» - «басқарушы» мәнін береді. «Менеджмент» - латынның «қол» деген сөзінен туындаған. Алғашында ол жылқыларды басқару өнері мәнін берсе, кейін ол адамдар мен ұйымдарды басқару тәжірибесі мен ғылым саласы ретінде аталды. Классикалық көзқараста, «басқару» категориясы «менеджмент» категориясынан кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әртүрлі түрінде қолданылады. Мысалы, автомобиль және басқа өте қиын техникалық жүйелердің басқаруында. Басқару адамның белгілі бір мақсатқа бағытталған ойластырылған іс-әрекеті болып табылады, оның көмегімен адам өзінің қызығушылықтарына қоршаған ортаның элементтерін реттейді және бағыныштайды. Басқару әрқилы болады және оның әр түрлісі бар. Олар техникалық басқару, мемлекеттік басқару, идеологиялық басқару, әлеуметтік процестерді басқару және шаруашылық басқару. Менеджмент - бұл шаруашылық қызметтің (әлеуметтік-экономикалық жүйесінің) міндетті басқаруы болып табылады. Бірақ менеджмент жай шаруашылық басқару емес, ол тек мына жағдайда орын алады, егер шаруа субьектісі толығымен бос болғанда және нарық жағдайында іске асқанда жеке оның қажеттілігіне сүйенеді.

Менеджмент өзінің туылуымен жүз және мың жұмысшысы бар үлкен кәсіпорындардың өсу санына тиісті болған: олардың егелері мұншама бағынудағы адамдармен өздігінше маман ретінде басқара алмағандықтан маман адамдарды - менеджерлерді, профессионалды басқарушыларды жұмсауға мәжбүр болды. Уақыт өте келе меншіктілердің біразы да өз кәсіпкерлік қызметтерін атқара алмады. Себебі ол үшін де нақты білім мен тәжірибе қажет болған. Сондықтан да оны жалдаған басқарушылардың қолына өткізуге мәжбүр болды. Бұндай басқарушылар қызметті екіге бөлген: ағымдағы қызметті басқаруы және кәсіпкерлік. Бұндай басқарушылардың тобы «менеджмент» деген атаққа ие болған, бұның мағынасы «басқару» деген сөзіне іспеттес.

Сурет 1. «Менеджмент» түсінігінің мазмұны

Батыста менеджер - нақты ұйымды басқарумен айналысатын адам, ал жалпы мәнде «әкімшілік» сөзі қолданылады. Менеджер - бұл белгілі бір сала маманы емес, ерекше кәсіпке жататынын білетін, арнайы мамандандырылған кәсіби басқарушы.

Менеджер болу үшін міндетті түрде басқарушылық қызметте болып және менеджментке кәсіби қатыстылықты сезіну, бұл сала білімдерін меңгеру, корпоративті тәртіп нормаларын ұстану қажет.

Менеджмент кәсіби қызметтің дербес түрі. Жоғары дәрежелі маман болып, менеджер өндірістік процесс байланысы мен бірлігін қамтамасыз етіп және өндіріс тиімділігіне әсер етеді. Менеджмент - нарықтық экономика жағдайындағы басқару, мұндағы шаруашылық субъектісі міндетті:

  • басқарудың экономикалық әдістерін қолдануға;
  • нарық құрылымына бағдарлануға;
  • тұтынушылар сұранысына ие және белгіленген пайданы алуға кепіл бола алатын тауар түрлерін шығаруға;
  • аз шығынмен нәтиже алуға тырысу;
  • нарық сұранысына өндірістік бағдарламаны бағдарлауға.

Түрлі салалар қызметкерлері менеджер бола алады: фирма басшысының қол астында істейтін экономистер, инженерлер, есепшілер, психологтар және т. б. «Менеджмент» термині АҚШ-та пайда болса да, қазір әрбір сауатты адамға белгілі. Жалпы мағынада менеджмент - бұл басқа адамдардың ақыл-ой, еңбегін пайдаланып, қойылған мақсаттарға жете білу; сондықтан менеджментті басқару қызметі ретінде түсінеді, яғни экономиканың кез-келген саласында адамдарды басқарудың кәсіби қызметі.

Ағылшын тілдес елдерде «менеджмент» термині шаруашылық қызметте қолданылатын түрлі мәндерді береді. Менеджмент мазмұны түрлі бағыттарда қарастырылуы мүмкін: қызмет немесе кәсіби қызмет түрі, өнеркәсіпті басқаруды ұйымдастыру, басқару шешімдерін жасау және қабылдау процесі, басқару органы немесе аппаратты, адамдар тобы, басқару ғылымы мен өнері. Сонымен, менеджмент мазмұны түрлілігі:

1. Менеджмент - нақты мақсатқа жетуге бағытталған, қызмет немесе кәсіби қызмет түрі. Оның мәні қызметінен байқалады: ұйымдастыру, жоспарлау, координациялық бақылау. Сондықтан менеджмент - бұл ұйымда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі мен ақыл-ойын, тәртібін мақсатқа жетуге бағыттау.

2. Менеджмент - бұл өнеркәсіпті басқаруды ұйымдастыру, яғни өнеркәсіп бөлімшелері арасында тұрақты және уақытша байланыс орнату, тәртіпті және оның қызмет жағдайларын анықтау. Нәтижеге жету үшін әр ұйым белгілі бір қызмет атқарады. [1]

Ұйым басқару органы, оның субъектісі ретінде қарастырылады. Бұл ұйым жоғары ұйыммен басқарылатындықтан, басқару объектісі ретінде қарастыра алады.

Менеджмент өндіріс тиімділігін арттыруға септігін тигізетін, жұмысшылар игіліктерін қамтамасыз ету мақсатында адамдардың рационалды ұйымдастырылуы ретінде талқылана алады.

  1. Менеджмент - бұл басқару шешімдерін қабылдау процесі. Өндіріс процесінің үздіксіздігін қолдануға ұласатын көптеген жағдайлар мен мәселелер басқарушыдан шешім қабылдауды талап етеді. Олар басқарылатын объекттің ішкі және сыртқы ортасына қатысты. Өнеркәсіп сыртқы ортаға кері байланыс негізінде бейімделеді. Нарықтық қатынастар туралы ақпарат алып, менеджер сыртқы орта элементтеріне, әсіресе нарық жағдайына әсері болып табылатын шешім қабылдайды. Өнеркәсіптің ішкі және сыртқы ортасы туралы ақпаратты талдау және оның негізінде басқару шешімдерін қабылдау менеджмент технологиясын танытады.
  2. Менеджмент - бұл басқару органы немесе аппараты. Расында, басқару аппараты кез келген ұйымның құрамдас бөлігі және «менеджмент» түсінігіне сәйкес. Басқару аппаратсыз ұйым тұтас түзіліс ретінде тиімді жұмыс істей алмайды. Басқару аппараты өнеркәсіпті басқарудың құрылымында нақты көрініс табады.
  3. Менеджмент - бұл адамдар тобы. Ұйымдастырушылық қатынаста фирмаларды басқару «менеджмент» термині қолданылатын 3 деңгейде іске асырылады: top management - жоғары басшылық, middle management - басқарудың орта буыны, fole management - басқарудың төменгі буыны.

4. Менеджерлер - бұл басқару шешімдерін жасап және іске асыратын адамдар тобы. Кәсіби менеджерлер - бұл белгілі бір объектіні басқарудың тәжірибелік дағдыларын меңгерген және басқару ғылымының теориялық негіздерін білетін мамандар.

5. Менеджмент - бұл басқару ғылымы мен ұйымы. Менеджмент ғылым ретінде басқару қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін, адами білімдер саласы. Ол ғылыми кеңестер бойынша тәжірибелік қызметті қамтамасыз етіп, басқару тәжірибесінің теориялық қорын құрайды. Ғылыми жұмыс мазмұнын талдау мен оның негізгі құрамын анықтау жолымен басқару әдістемесін ұсынды. Ғылыми басқару құраушысы - өндірістік күштерді арттыруға қызығушылықты арттыру мақсаты мен жұмысшыларды жүйелі реттеу қажеттігі.

6. Менеджмент - өнер екендігі туралы пікір де кең таралған. Еңбек, заттай, қаржылай, ақпараттық қорларды басқару ерекше және қабілеттер мен дарынды талап етеді. Менеджердің білімі және дағдылары өзінің және басқару қызметімен айналысатын өзге адамдардың тәжірибесінен алынды. Яғни, менеджмент ғылым мен өнердің үйлескен қызмет саласы.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, біріншіден, менеджмент - бұл қорларды рационалды қолдану жолымен қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған, нарықтық жағдайда өнеркәсіптің кез келген шаруашылық қызметін басқаруды кәсіби іске асыру. Екіншіден, менеджмент - фирма қызметі мен өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне және қызмет тиімділігіне қол жеткізуге, шетелдік тәжірибені басқарудың, қазіргі әдістері мен қағидаларын қолданатын, менеджерлерге еркін кәсіпкерлік қызметке мүмкіндік беретін, нарықтық экономика жағдайындағы басқару жүйесінің ерекше түрі. Менеджемент - бұл барлық адамзат мүмкіншіліктері, оларды лидерлер ұйымның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жету үшін қолданылады. Кәсіби менеджмент жұмысы ұйымның шаруашылық қызметі. Объектіге бағытталған кәсіби менеджер - субъектінің болуын талап ететін қызметтің дербес түрі. Өз қызмет процесінде менеджер түрлі қызметтер атқарып және түрлі рольдерді иеленеді.

Сурет 2. Басқару шеңбері

Басқарудың үш аспектісі бар:

1) институционалдық аспект («кім» «кіммен» басқарады) ;

2) функционалдық аспект (басқару қалай орындалады және ол қол астындағыларға «қалай» әсер етеді) ;

3) инструментальдық аспект («немен» басқару орындалады)

Туристік кәсіпорындар менеджментінің мәні - алға қойған мақсатына жетуде, олар басқарудың келесідей негізгі міндеттерін орындайды:

  • қазіргі жағдайды армандаған жағдаймен салыстыру («біз қайдамыз?» және «біз қайда барамыз?»)
  • әрекеттерге басқарушылық талаптар («не істеу қажет?») ;
  • шешім қабылдау критерийлері («қай жол абзал?»)
  • бақылау саймандары («шын мәнінде біз қай жерге келдік және бұдан не жөн болады») [2]

Сурет 3. Менеджменттің мәні

1. 3. Туристік кәсіпорындарды басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

Менеджменттің мақсаты ғылым ретінде сараптамалық зерттеу, талқылау негізінде ғылыми принциптер мен әдістерді ұжымның дұрыс қызмет жасауына бәсекелестік қабілетті объекті қалыптастыруға қолдану болып табылады. Менеджменттің қолайлы жұмысының қалыптасуы нақты ережелерді қолдану арқылы жүзеге асады. Оларды менеджмент принциптері деп атайды. Солардың ішіндегі ең негізгілері:

  1. ғылыми принципті өнер элементтерімен қатар қолдану. Бұл принцип менеджментті ғылым және өнер ретінде бір мерзімде қарастырып, басқару ісі тікелей теория мен концепцияға бағынса, оның нақты қолданылуы әжептеуір өнерді қажет етеді.
  2. Басқарудың мақсаттылығының принциптері- мұнда басқару нақты проблемаларға шешім қабылдауға негізделуі тиіс.
  3. Жүйеленген мамандандырудың әмбебаптылығы мен үндестік принципі. Бұл принцип әрбір объектіге өзіндік басқару өнері қасиеттігін дәлелдейді. Егер де шын мәнісінде әрбір жағдайда әртүрлі қалыпта қызмет көрсететін болса, онда басқарудың бірнеше әдістерінің болғаны.
  4. Басқару прогресінің қайталану принципі - мұндабасқару процесінің элементтері белгілі бір реттілікпен жүргізілуі тиіс. Басқару ісінің қайталануы циклдік жүйе арқылы жүргізіледі. Егер белгілі бір бөлігі белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отырса мұны алдын-ала жоспарланған нәрсе деп қарастыруымыз керек.
  5. Қызметкерлер мен қоғамдық психологияның және ерекшеліктерін талдау принципі. Басқарудағы адам факторларын есептеп отыруға негізделген.
  6. Міндеткерлік пен жауапкершілік құқықтарын қамтамасыз ету принципі. Басқару ісінде маңызды орын алады. Өйткені басқару ісі құқықтар мен міндеттердің дұрыс қалыптасуына байланысты жүргізіледі.
  7. Басқару ісінің мақсаты - барлық қызметкерлердің экономикалық қызығушылығының болуы. Бұл принциптің орындалуы қызметкерді біріктіру мақсатын түсініп, материалдық және моральдық жағынан оны қолдауына байланысты.
  8. Басқару ісінде қатысушылардың бәсекелестік қабілетін арттыру. Басқару ісінде және жалпы процесінде бәсекелестікті күшейту арқылы табысқа жету. Қазіргі таңда менеджменттің негізгі бағыттарын - менеджмент типтерін анықтау маңызды болып табылады.

Жүйе тұрғысынан көзқарас атақты биолог Фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясынан қанаттанып жетілдірілген. Жүйе принциптер табуды, оны жетілдіруді мақсат ететін математикалық экономикалық дамулар орын алып отырған қазіргі кезде өмірлік маңызы бар. Осы кең көлемді проблемалардың шешілуі көп бағыттағы ойды, сол өзгерістердің арасынан ең ыңғайлы байланысты қажет етеді.

Жүйе ұғымы ғылыми тәртіп болумен қатар басқару, техника, көзқарас немесе көзқарас тәсілі болып табылады. Бұл көзқарастың ең маңызды ерекшелігі басқарудың және бірліктерінің бір-бірлерімен байланыстарын, бұл байланыстардың сипаттарын, бір бөлімдегі өзгерістердің басқа бөлімдерге әсерлерін зерттеу және басқаруды қоршаған ортаның шарттарына байланыстыра отырып қарастыру.

Жалпы жүйе теориясы әлемдегі жүйелерді жанды және жансыз жүйелер деп 2-ге бөледі:

1) Жанды жүйелер. Бұл теория жанды жүйелерді ашық түрде сипаттайды. Жүйенің ашық болуы, қоршаған ортадан әсерленуі және қоршаған ортаға әсер ете алуы деген сөз.

2) Жансыз жүйелер. Бұл теория жансыз жүйелерді жабық түрде сипаттайды. Жүйе қоршаған ортадан кіріс ала отырып өзін түрлендіреді, төңірегіне шығын шығара отырып, қоршаған ортаны өзгертеді. Мұны жабық жүйе деп атайды.

Жүйе сондай-ақ өздігінен құрылған жүйе және бағыттандырылған жүйе болып бөлінеді:

1) Өздігінен құрылған жүйелерді табиғи жүйе деп атауға болады. Табиғи жүйелер категориясына барлық жанды нәрселер кіреді.

2) Жасанды түрде пайда болған жүйелерді бағыттандырылған жүйелер деп атауға болады. Бағытталған жүйелерге мысал ретінде ұйымдарды келтіруге болады.

Жүйе қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жүйенің күрделілігі бір жағынан өзіне кіретін элементтер санына төменгі жүйелер халінде түрленуіне, екінші жағынан бұлардың араларындағы байланыстардың жиілігіне сипатына қарай өзгереді. Қарапайым жүйе күрделі жүйеге қарағанда әлдеқайда аз элементке, әлдеқайда аз төменгі жүйелерге және байланыстарға мұқтаж.

Жүйе дегеніміз не? Негізі грекшеден алынған және бөлшектер құраған бүтін мағынасын беретін жүйе сөзі қазіргі күнде кең және қарапайым түрде “тек бір бүтін құрайтындай түрде бір жерге топтасқан өзара байланыстары мен тәуелдіктері бар элементтер тізбегі” немесе ”элементтер бір-біріне бағынышты, өзара ықпалдас бүтін” мағынасында қолданылады. Жүйенің кең қолданылатын анықтамасы мынадай:

  • “Белгілі бөлшектерден (төменгі жүйелерден, төменгі бөлшектерден),
  • Бұл бөлшектер арасында белгілі байланыстары бар,
  • Бұл бөлшектердің сонымен қатар сыртқы ортамен байланысы бар бүтінді” - жүйе дейді.

Жоғарыда жасалған анықтамалардан түсінгеніміздей “жүйе” - байланыстар бүтіні. Бүтін өзін-өзі құраған бөлшектердің жалпы жиынтығынан асатын және осы бөлшектерге мағына беретін құрылымды білдіреді. Құрылымды құрайтын бөлшектердің біреуінің өзгеруі, жүйенің элементтері арасындағы байланыстардың табиғи нәтижесі болып табылады.

Басқарудағы жүйе көзқарасында ұйым бір жүйе ретінде қабылданғандықтан, бұл жүйенің төменгі жүйелер арасындағы байланыстарға мән берілуі керек. Жүйе көзқарасында ұйым, бір-бірлерінен өзара байланыстағы төменгі жүйелерден пайда болған және қоршаған ортамен де кіріс-шығысты байланысы бар жүйе болып табылады. Тағы да жүйе көзқарасында ұйым, бедел, иерархия, құрылым, бюрократиялық элементтерден гөрі сыртқы ортадан алынған мәлімет, қуат және материал айналымына мән беріледі. Ақырында Аристоның “бүтін, бөлшектердің жиынтығынан көп” деген пікірі жүйе көзқарасының негізін құрайды. Бұл көзқарастар ұйым бөлшектер жиынтығынан ғана емес, олардың жиынтығынан өзгеше бір бүтін болып табылады. Осы көзқараста бірнеше бүтіннің мәні бар. Бөлшектің бүтінге қосқан үлесіндей пропорционалды мәні бар.

Басқарудың түрлі объектілерін дұрыс басқару үшін менеджменттің ғылыми негізі қалыптасуы тиіс. Мұнда өзара байланысты бағыттар бар: менеджмент тарихы, басқару теориясы, бірлестік теориясы, басқару жүйесін зерттеу, басқару шешімдерін талдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
Туризм менеджментінің тиімділігі
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Қонақ үй бизнесін басқару
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама
Туризм менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz