Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының әсері


МАЗМҰНЫ

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ . . .

БӨЛІМ І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .

1. 1 Өндіріс орнының орналасу ауданына және кәсіпорынға жалпы сипаттама . . .

1. 2 Атмосфераны ластағыш көзі ретінде мекемеге қысқаша сипаттама беру . . .

1. 2. 1 «Ұшқатын» кен орны . . .

1. 2. 2 ЖКБК орталық өндіріс ауданы . . .

1. 2. 3 «Жомарт» кен орны . . .

1. 3 Негізгі ластаушы заттарға сипаттама . . .

1. 4 Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің адам денсаулығына әсері . . .

БӨЛІМ ІІ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖКБК ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ . . .

2. 1 Атмосфераның ластану деңгейінің анализі мен есебі . . .

2. 1. 1 Атмосфераның ластануының анализі . . .

2. 2 ЖКБК жұмыскерлерінің денсаулық көрсеткіштері . . .

2. 3 Аурушаңдылықты зерттеу әдістемесі . . .

БӨЛІМ ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫ АЗАЙТУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР . . .

3. 1 Кәсіпорынның санитарлық қорғау белдемі . . .

3. 2 Өнеркәсіптен шығатын қалдықтарды заласыздандыру . . .

3. 3 ЖКБК цехтарының ластаушы зат шығаруын азайтуға арналған шаралар . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Шартты белгілер тізімі

ЖКБК - Жайрем кен - байыту комбинаты

ЗЗ - зиянды заттар

ҚҰСҚ - қозғалмалы ұсақтап - сырыптау қондырғылары

МОФ - марганец өндіруші фабрика

МЖБ - механикалық жөндеу базасы

ССБ - санитарлы сақтау белдемі

ТӨӨФ - тәжірибелі-өнеркәсіпті өндіруші фабрика

ТЖЦ - темір жол цехы

УЕЖ - уақытша еңбекке жарамсыздық

ІҰК - ірі ұсақтау корпусы

ШРК - шекті рауалы концентрация

ШТШ - шекті рауалы шығарынды

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта - табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп отыр. Соған орай бұл күнде атмосфераның, гидросфераның, литосфераның үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін болмай бара жатқандығы шындық. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және оны табиғи қалпында сақтау мәселелері бүкіл дүниежүзі елдерінің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. [1]

Адам және табиғат бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар екенін білеміз. Адамзат табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны да белгілі. Осы эволюциялық кезеңге дейін адам табиғатқа бірте-бірте сіңіп, үстемдігін арттырып отыр. Ал қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан-жылға шиеленісіп барады.

Бір сөзбен айтқанда, адам өзінің өмір сүруін жақсарту үшін, материалдық игілігін арттыру үшін өндіріс, өнеркәсіпті ойлап тапты. Бірақ, климаттың өзгеруіне, халық денсаулығына тигізетін әсері туралы ойламады. [20]

Өнеркәсіптің дамуы, әсіресе, ауа қабатының ластануына әсер етеді. Атмофераның ластануынан көп адамдар зардап шегеді. [39]

Актуалдылық.

16. 07. 1997 ж. «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңда, басты назар - адам денсаулығына зиянды қиын жағдай туғызуы туралы ескертілуге аударылған. Осыған байланысты негізгі актуалдылық антропогендік ауыртпашылықты зерттеу мәселесін тудырады.

Қазіргі кезде ең басты табиғи орта компонентінің бірі - атмосфераның ластануы алаңдануда. өнеркәсіп орындарының артуы, әртүрлі аймақтарда химикаттарды қолдану, энергетика мен транспорттың дамуы зор ықпалын тигізеді.

Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіп орталықтың бірі Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы. Бұл аумақтарда көмір, металлургия және химия өнеркәсіп мекемелері орналасқан.

Міне, осы Орталық Қазақстанда, Қарағанды облысының құрамына кіретін Жайрем кеншарында металлургиялық комбинат бар. Осыған орай бізді алаңдатқан мәселенің бірі - Жайрем поселкесінің жұмыскерлерінің денсаулығының нашарлауы жылдан-жылға артуы.

Осындай мәселелерге байланысты, менің жұмысымның мақсаты - Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының қандай әсері бар екенін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

1. Жайрем комбинатының жұмыс істеу кешенін қарастыру;

2. Комбинаттағы зиянды заттардың шығарылу көлемі мен әсерін қарастыру;

3. өндіріс орнындағы жұмыскерлердің денсаулық деңгейін қарастыру;

4. Жайрем кеншарының жағдайын жақсартуға арналған шаралар іздестіру.

БӨЛІМ І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Өндіріс орнының орналасу ауданына және кәсіпорынға жалпы сипаттама

ААҚ «Жайрем кен-байыту комбинаты «Қазцветмет», АҚ « Сары-Арқа полиметалл» корпорациясының Жайрем кен-байыту комбинатының негізінде 1997 жылы құрылған.

Негізгі өндірістік шаруашылығы темір-марганец кендерін өндіру мен өңдеу болып табылады.

ААҚ « Жайрем кен-байыту комбинаты » Қарағанды облысы Жанаарқа ауданы Жайрем поселкесінде орналасқан. Облыстық орталығы Қарағанды қаласы солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырымда, ал аудандық орталығы Жаңаарқа Жайрем поселкесінен солтүстік-шығысқа қарай 135 шақырымда орналасқан.

Өнеркәсіптен батысқа қарай 220 шақырымда (ірі кен) мыс өндіру мен өңдеу металлургиялық комплексті ірі-өнеркәсіпті Жезқазған қаласы орналасқан.

60 шақырым жерде шығысқа қарай темір кешін өндіруші өнеркәсіпті қала Қаражал бар.

Кен орнының ауданы құм-төбелі тізбекті және ұсақ шоқылы жазықты болып келген. Жайрем кен орны Атасу руда ауданына кіреді. Жайрем кен орны орамендік кремний-карбонатты шөгінділерінің арасында орналасқан. Таулы-техникалық жағдайының күрдем болуы, жер қыртысының үйінділері мен саз тәрізді қабатының қалыңдығымен түсіндіріледі. Саз балшықтар істеген, ісіну мөлшері 6% - 46% аралығында, көлемдік салмағы 1, 1-ден 2, 4 т/м 3 . Жер қыртысы, өзінің құрамы бойынша біртекше емес, саңылаулылығы (36-54%) мен өткізгіштігі жоғары. Табиғи ылғалдылығы 33% дейін төмен, қопсыту коэффициенті 1, 19 - 3, 40 аралығында. Жәйрем кен орнының полиметалдық рудасы құрылымы мен минералдық құрамы жағынан, тау жыныстарының көптеген стандартты жіктеулеріне сәйкес келмегендіктен: карбонатты-кремний, кремнийлі-ақбалшықты, сазды-кремнилі-карбонатты деген күрделі атау берілген. Абсолютті белгілері 360-470 м аралығында, руда алаңындағы салыстырмалы жоғарылау - 25 м дейінгі аралықты құрайды. Сейсмикалық қауіпті ауданға жатпайды. Аудан климаты шұғыл-континентальды, құрғақ жауын-шашынның орташа жылдық деңгейі 173 мм. Температурасының өзгеруі +42 о С-ден -42 о С аралығында, жылдың орташа температурасы +3, 5 о С.

Ландшафты жартылай шөл далалы, ағаш өсімдіктері өспейді.

Топырақ жамылғысы нашар дамыған. Ашық каштан топырақты, жоғарғы қабаттағы органикалық заттар 2% құрайды.

Жалғыз тұрақты ағын-су - Сарысу (кен орнынан 20 шақырым солтүстікке қарай) өзені.

Темір-марганецті және барий-қорғасындағы “Ұшқатын” кен орны мен Жәйрем барий-полиметалды кен-орны «Жайрем кен байыту комбинаты» шикізат базасы болып табылады.

«Ұшқатын» руднигінің өндіріс алаңының теміржол тармағы Жарық-Жезқазған магистралімен жалғасқан. Сонымен қатар «Ұшқатын» руднигі орталық өндіріс алаңымен және қиыр батыс руднигімен арасында автомобиль жолдары қатынасы бар. Ашық тау жұмысшылары 1982 жылдан бастап Жезді кен басқармасымен басталған, қазіргі «Қазақмарганец» АҚ Уралгипроруда жобасы бойынша, ал 1984 жылы желтоқсаннан бастап Жәйрем кен-байыту комбинаты ашық әдісінен кен өндіруді жүргізіп келеді. Карьердің барии-қорғасын бойынша өнімділігі жылына 500 мың тонна, ал марганец бойынша 600 мың тонна. 1998 жылы «Ұшқатын» карьерінде тек темір-марганецті қазу және алу жұмыстарының кестесі жасалған. Марганецтің өндіру жолына 600 мың тоннаны құрайды.

Барлық алынған кен орынның өндіріс ауданында марганец өндіру фабрикасы (МөФ), қозғалмалы ұсақтап-сұрыптау қондырғылары (ҚұСҚ) -3, ҚұСҚ-4, ҚұСҚ-5 орналастырылған. Орталық өндіріс аймағында тәжірибелі-өнеркәсіптік өндіру фабрикасы (ТөөФ), ірі ұсақтау корпусы корпусы (ІУК) -1, 2.

Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың стационарлы көздері «ЖКБК» 4 учаскесінде орналасқан:

• «Ұшқатын» кен орны;

• Орталық өндіріс зонасы;

• «Жомарт» кен орны;

• Жайрем поселкесі.

1. 2 Атмосфераны ластағыш көзі ретінде мекемеге қысқыша сипаттама

Негізгі өнеркәсіптің шаруашылық ретінде темір-марганец кендерін өндіру мен өңдеу болып табылады.

Комбинаттың шикізат базасы ретінде «Ұшқатын» және «Жомарт» кен орындары болып табылады. Кен өндіру ашық әдіспен жүргізіледі.

1. 2. 1 «Ұшқатын» кен орны

«Ұшқатын» кен орны комбинат орталық өндіріс зонасынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде. «Ұшқатын» кен орнында атмосфераны ластаушы заттар көздері ретінде:

1. Карьер, барлық кен және үйінді жұмысшыларымен;

2. Кен орнының технологиялық комплексі;

3. Транспорттық жұмыстар.

Кен жұмыстары.

Кен жұмыстары «Ұшқатын» кен орнында ашық әдіспен өндіру 1982 жылы басталған. Карьердің ауданы 320 га, карьер тереңдігі 82 м. Жыныс кертпештерінің жұмыс биіктігі 10 м, алу кертпештері 12 м.

Жұмыс істеу мерзімдері үздіксіз. 365 күн, 8 сағаттан 3 ауысымда. Карьердегі тау жыныстарын ашық әдіспен алу және тиеу, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру технологиясында негізгі үрдістердің бірі болып саналады. Қазып алу және тиеу машиналарының түрін таңдау, машиналардан талап етілетін өнімділік деңгейі, карьердің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты. ЖКБК қарасты өнімді ашық әдіспен өдіретін «Ұшқатын» карьерінде ЭКГ маркалы эксковаторлар көмегімен тау массалары эксковацияланады.

«Ұшқатын» карьерінің кен жұмыстары бұрғылау және жару көмегімен жүргізіледі. Тау жыныстарының скважиналарына жарылғыш заттарды салу СБШ - 250 шар тәрізді қашаулары бар айналмалы бұрғылау қондырғылары көмегімен жасалады. Айналмалы бұрғылау қондырғысының скважиналарды бұрғылау мүмкіншілігі кең ауқымды, оның мүмкіншілігі тау жынысының беріктігіне және бұрғылау құралының айналу жылдамдығына байланысты. Карьерде скважина бұрғылау жылдамдығы 10 м/сағ. Бұрғылау диаметрі 250 мм, бұрғылау тереңдігі 10-15 м, ылди бұрышы 90 о С. Жарылғыш зат ретінде:

• гранулотол

• игдонит (гранулит - Э) қолданылады.

Шарлы бұрғылау қондырғыларының артықшылығы мынада: беріктігі жоғары және орташа тау жыныстарына скважина бұрғылаудың жоғарығы өнімділігі, скважина бұрғылауда үрдестің толассыздығы, автоматизациялау мүмкіншілігі. Кемшілігі; салмағының ауырлығы және қашаулардың тез тозғыштығы.

Кесте 1. Карьердегі жарылыс жұмыстарының шығаратын шаңдары

( гранулотолуол)

Есептеу параметрінің атауы
өлшем бірлігі
Параметр мәні
Есептеу параметрінің атауы: Зиянды заттар атауы
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: Гранулотол
Есептеу параметрінің атауы: Жарылған заттар саны (А)
өлшем бірлігі: т
Параметр мәні: 904, 4
Есептеу параметрінің атауы: Жарылған тау массасының көлемі (V)
өлшем бірлігі: м 3
Параметр мәні: 1 615 000
Есептеу параметрінің атауы: Зиянды заттардың салыстырмалы шығыны
өлшем бірлігі: кг/м 3
Параметр мәні: 0, 56
Есептеу параметрінің атауы: 1т жарылғыш заттан бөлінетін қатты бөлшектердің салыстырмалы бөлінуі
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 105
Есептеу параметрінің атауы: 1т ЖЗ, күкірт оксидінің салыстырмалы бөлінуі
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 009
Есептеу параметрінің атауы: 1т ЖЗ, азот оксидінің салыстырмалы бөлінуі
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 0025
Есептеу параметрінің атауы: өлшеусіз коэффициент «К»:
өлшем бірлігі:
Параметр мәні:
Есептеу параметрінің атауы: Қатты бөлшектер үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 0, 16
Есептеу параметрінің атауы: Газ тәрізді
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы: Шаң басқыш заттар тиімділігі ( п )
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 0, 5
Есептеу параметрінің атауы: өлшеусіз коэффициент ( а ) :
өлшем бірлігі:
Параметр мәні:
Есептеу параметрінің атауы: Көміртегі оксиді үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1, 5
Есептеу параметрінің атауы: Азот оксиді үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы: Қатты заттар үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы:

Көміртегі оксидінің бөлінуі

М со = М со * 1 000 000 / 12 600

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 484, 50
Есептеу параметрінің атауы:

Көміртегі оксидінің жылдық бөлінуі

М со = а *К*А*(1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 6, 10
Есептеу параметрінің атауы:

Азот оксидінің бөлінуі

М NO = M NO * 1 000 000 / 12 600

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 89, 72
Есептеу параметрінің атауы:

Азот оксидінің жылдық бөлінуі

М NO = а * К * А * (1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 1, 13
Есептеу параметрінің атауы:

Қатты бөлшектердің бөлінуі

М ҚБ = М ҚБ * 1 000 000 / 12 600

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 602, 93
Есептеу параметрінің атауы:

Қатты бөлшектердің жылдық бөлінуі

М ҚБ = а * К * А * (1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 7, 60

Кесте 2. Карьердегі жарылыс жұмыстарының шығаратын шаңдары (игданит)

Есептеу параметрінің атауы
өлшем бірлігі
Параметр мәні
Есептеу параметрінің атауы: Зиянды заттар атауы
өлшем бірлігі:
Параметр мәні:

Игданит

(гранулит - Э)

Есептеу параметрінің атауы: Жарылған заттар саны (А)
өлшем бірлігі: т
Параметр мәні: 6992, 95
Есептеу параметрінің атауы: Жарылған тау массасының көлемі (V)
өлшем бірлігі: м 3
Параметр мәні: 7 361 000
Есептеу параметрінің атауы: Зиянды заттардың салыстырмалы шығыны
өлшем бірлігі: кг/м 3
Параметр мәні: 0, 95
Есептеу параметрінің атауы: 1т жарылғыш заттан бөлінетін қатты бөлшектер
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 92
Есептеу параметрінің атауы: 1т ЖЗ, күкірт оксидінің салыстырмалы бөлінуі
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 001
Есептеу параметрінің атауы: 1т ЖЗ, азот оксидінің салыстырмалы бөлінуі
өлшем бірлігі: т/т
Параметр мәні: 0, 0025
Есептеу параметрінің атауы: өлшеусіз коэффициент «К»:
өлшем бірлігі:
Параметр мәні:
Есептеу параметрінің атауы: Қатты бөлшектер үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 0, 16
Есептеу параметрінің атауы: Газ тәрізді
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы: Шаң басқыш заттар итімділігі ( п )
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 0, 5
Есептеу параметрінің атауы: өлшеусіз коэффициент « а »:
өлшем бірлігі:
Параметр мәні:
Есептеу параметрінің атауы: Көміртегі оксиді үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1, 5
Есептеу параметрінің атауы: Азот оксиді үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы: Қатты бөлшектер үшін
өлшем бірлігі:
Параметр мәні: 1
Есептеу параметрінің атауы:

Көміртегі оксидінің бөлінуі

М СО = М СО * 1 000 000 / 12 600

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 416, 25
Есептеу параметрінің атауы:

Көміртегі оксидінің жылдық бөлінуі

М СО = а * К * А * (1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 5, 24
Есептеу параметрінің атауы:

Азот оксидінің бөлінуі

М NO = M NO * 1 000 000 / 12 600

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 693, 75
Есептеу параметрінің атауы:

Азот оксидінің жылдық бөлінуі

М NO = а * К * А * (1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 8, 74
Есептеу параметрінің атауы:

Қатты бөлшектердің бөлінуі

М ҚБ = М ҚБ * 1 000 000 / 1 260

өлшем бірлігі: г/с
Параметр мәні: 4 084, 77
Есептеу параметрінің атауы:

Қатты бөлшектердің жылдық бөлінуі

М ҚБ = а * К * А * (1- п )

өлшем бірлігі: т/г
Параметр мәні: 51, 47

1 және 2 кестеде жарылғыш заттар гранулатуол мен игданиттің қандай зиянды заттар бөліп шығаратыны көрсетілген және олардың қанша бөлінетіні есептелген.

Бұрғылау жұмыстары жылына 365 күн екі ауысымда 12 сағаттан істейді. Бұрғылау көлемі 232 мың п. м.

Кен жұмыстары атмосфераға тастау көздері бойынша ұйымдаспаған. Бұрғылау нәтижесінде, алу-арту жұмыстары нәтижесі, тау жыныстарын өндіру технологиясы атмосфераға кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан ауаға, неорганикалық шаң, азот оксиді бөлінеді.

«Ұшқашын» кен орнында 01. 01. 2001 жылдан бастап 13 үйінді бар:

Кесте 3. Кен үйінділерінің өлшемдері

Ұйінді
Биіктігі, м
ұзындығы, м
Ені, м
Ауданы, га
Ұйінді:

«Солтүстік»

«Оңтүстік»

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7а

№8

№9а

№10

№11

Биіктігі, м:

30

7

7

3, 1

2-5

5, 5

7

10

13

18

2

8, 5

ұзындығы, м:

800

60

65

80

130

130

140

120

300

400

100

115

Ені, м:

1 5550

30

30

31

60

34

130

160

410

175

60

90

Ауданы, га:

130

0, 2

0, 1

0, 2

1, 0

0, 3

1, 8

3, 3

4, 5

3, 98

0, 6

1, 0

Бұл кестеде «Ұшқатын» кен орнының үйінділерінің қанша және қандай бірліктерде орналасқанын көрсеттік.

Осы үйінділерге карьерлерден кенді БелАЗ-мен әкеледі. Ұйінді жасау бульдозерлерімен жүргізіледі. Кен үйінділерге керек мөлшерде әкелінеді.

Ұйінділер атмосфераға неорганикалық шаң бөлінеді.

Технологиялық комплекс.

«Ұшқатын» кен орнының өндіріс аймағында мынадай обьектер орналасқан:

• административті күнделікті-тұрмыс комбинаты (АКТК) ;

• котельная;

• шахта суларының насос станциялары;

• механикалық участок;

• марганец өңдеуші фабрика;

• ҚұСҚ - 3, рельс қасындағы қойма;

• ҚұСҚ - 4;

• ҚұСҚ - 5; дайын өнімді қойма.

Жоғарыда айтылған объектілердің атмосфераға З. З шығару көздері ретінде: ҚұСҚ қоймаларымен, механикалық участок, котельная, МөөФ.

«Ұшқатын» кен орнының котельниі жыл бойы жұмыс істейді Қысқы кезде мекемелерді, құрылғыларды қыздыруға, ал жазда коммуналды қажеттіліктерге су жылытуға керек.

Кательнаяда бір парлы қазан қондырылған КВМ - 400 маркалы. Қатты отынмен жұмыс істейді. Қыздыруға Шұбаркөл және Қарағанды көмір бассейіндерінің көмірлері қолданылады. Орташа зональдылығы 27, 6 %. Көмір шығыны 1200 тоннаны құрайды. Қазандарда отын жағудан атмосфераға күкірт оксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді бөлінеді.

Механикалық участок орташа қиын бөлшектерді жөндеуге арналған. Осы жұмыстарды істеу үшін участокта төрт станок істейді: винт кесетін, ағаш кесетін, жону және бұрғылайтын.

Механикалық участоктың жұмыс нәтижесінде атмосфераға: металл шаңы, түсті металл және аброзивті шаң шығарылады. Бұл участокта ауа тазартқыштар жоқ.

Сварка участоктары автокөлік жөндеуде металлдарды газды кесуге, электр біріктіруге қолданылады. МР-4 маркалы бірлікті электродтар қолданады, олардың шығыны жылына 720 кг. Металлдарды газбен кесуге пропан қолданады, жылына 160 кг, жылына 260 күн, 8 сағаттан.

Атмосфераға сварка аэрозолі, фторлы сутек, марганец және оның оксидтері.

Марганец өндіруші фабрика - бұл жерде марганец кендерін алу жүргізіледі. Жабық типтегі жыл бойы жұмыс істелетін мекеме.

Кенді тасу үлкен жүк автосамосвалдармен, БелАЗ маркасы арқылы жүргізіледі.

Әкелінген кен қабылдағыш бункерге тиеледі, сыйымдылығы 50 т. Жіңішке пластиналы желтартқыштар арқылы СМД - 190А маркалы усақтау бункеріне түседі, өнімділігі сағатына 25, 5 т. Сосын кен №1 конвейерімен, лентасының ені 650 мм ГИТ-52 маркалы күрсілге беріліп оларды класстарға бөледі. Ірі класс №3 конвейермен рельс маңындағы дайын өнім қоймасына апарылып тұтынушыға жеткізілу үшін вагондарға артылады.

МОФ өнімділігі жылына 200 мың тонна

Негізгі З. З. қатарына, арту-түсіру жұмыстарының нәтижесінде неорганикалық шаң, марганец оксиді, темір оксиді шығарылады.

Қозғалмалы ұсақтап-сұрыптау құрылғылары №3 темір-марганец кендерін өңдеуге қолданады. Осы құрылғылардың нәтижесінде, кендерді сұрыптау жүргізіледі:

1. Ірі класс 40-100 мм;

2. Орташа класс 10-40 мм;

3. ұсақ 0-10 мм;

ҚұСҚ-4, 5 кендерді сұрыптау мен ұсақтауға арналған.

өңдеудегі негізгі атмосфераға неорганикалық шаң, марганец және темір оксидтері бөлінеді.

Кесте 4. 2004-2008 жылдар аралығында «Ұшқатын» карьеріндегі ашу және кен өндіру жұмыстарының көлемі.

Көрсеткіштер

атауы

өлшем

бірліктер

2003
2004
2005
2006
2007
2008
Көрсеткіштератауы: 1
өлшембірліктер: 2
2003: 3
2004: 4
2005: 5
2006: 6
2007: 7
2008: 8
Көрсеткіштератауы:

Жыныстарды

алу

өлшембірліктер: Мың м
2003: 7300
2004: 7420
2005: 7420
2006: 7420
2007: 7420
2008: 7420
Көрсеткіштератауы: Кен өндіру
өлшембірліктер: Мың т
2003: 1400
2004: 1350
2005: 1350
2006: 1350
2007: 1350
2008: 1350

4 кестеде «Ұшқатын» карьерінде 2004 жылдан бастап кенді бір көлемде өндіру қағаз жүзінде бекітілген

1. 2. 2 Жәйрем кен байыту комбинатының орталық өндіріс ауданы

Орталық өндіріс зонасының территориясында мынадай ғимараттар мен құрылыстар орналасқан: АМК, ірі ұсақтау корпусы - 1, ІұК - 2, қазандық, автокөлікті цех, темір жол цехы, артық бөлшектер мен құрылғылар қоймасы, тәжірбиелі - өнеркәсіптік өндіруші фабрика.

Артық бөлшектер мен құрылғылар қоймасында трактор техникасының саймандары мен электр құрылғылардың бөлшектері сақталады. З. З көздері болып саналмайды, өйткені жұмыстар қолымен жүргізіледі.

Орталық өндіріс зонасында зиянды заттардың көздері ретінде:

- ІұҚ-1, ІұҚ-2 және ТөөФ, дайын өнім қоймаларымен бірге;

- Автокөлік цехы;

- Темір жол цехы;

- Энергоцех;

- Жөндеу механикалық базасы (ЖМБ) .

Төменде осы участоктардың жұмыс істеу технологиясына қысқаша сипаттама беріледі.

ІұҚ-1. Кендерді ұсақтауға және оларды кластарға бөлуге қолданады. Жабық типті ұсақтағыш.

Автокөлікті цех.

- 110 тонналықтар гаражы;

- №1 гараж.

Әр участокта БелАЗ маркалы ауыр жүкті автосамосвалдарды жөндейді (10, 75, 40 тонналы) .

Жұмыс барысында түсті металл және шойын шаңы бөлінеді.

ЖМБ зиянды зат шығару көздеріне сваркалық, ұсталық және токарь участоктерінде.

Токарлық участоктың жұмысы нәтижесінде абразивті, шойын және түсті металдар шаңы бөлінеді.

Сваркалық участокте атмосфераға: сваркалық аэрозоль, марганец оксиді, азот оксиді, фторлы сутек бөлінеді.

ұсталық участокте отты ұсталық көрігі орналасқан. Көріктің жұмысы нәтижесінде күкірт, азот, көміртегі оксиді бөлінеді.

1. 2. 3 «Жомарт» кен орны

«Жомарт» кен орны Жайрем поселкасынан 18 шақырымда орналасқан. Атмосфераға зиянды зат шығарушы көздер құрамына:

- карьер, барлық тау және үйінді жұмыстарымен;

- транспорттық жұмыстар;

- ҚұСҚ жұмыстары.

Кен жұмыстары.

Жұмыс мерзімі 365 күн, үш ауысымда 8 сағаттан. Жұмыстар нәтижесінде атмосфераға неорганикалық шаң бөлінеді.

Кесте 5.

2004-2008 жж аралығындағы «Жомарт» кен орнының карьеріндегі ашу және кен өндіру жұмыстарының көлемі. [30]

Көрсеткіштер атауы
өлшем бірліктер
2003
2004
2005
2006
2007
2008
Көрсеткіштер атауы: 1
өлшем бірліктер: 2
2003: 3
2004: 4
2005: 5
2006: 6
2007: 7
2008: 8
Көрсеткіштер атауы: Жыныстарды алу
өлшем бірліктер: мың м 3
2003: 1625
2004: 1625
2005: 1625
2006: 1625
2007: 1625
2008: 1625
Көрсеткіштер атауы: Кен өндіру
өлшем бірліктер: мың т
2003: 325
2004: 325
2005: 325
2006: 325
2007: 325
2008: 325

1. 3 Негізгі ластаушы заттарға сипаттама

Адамзатқа кері әсер ететін, жануарлар дүниесіне және өсімдіктер әлеміне зиянын тигізетін ластаушы заттардың біршама көлемі өнеркәсіп мекемелерінің жұмыс нәтижесінде бөлінеді.

Оларды зерттеу арқылы заласыздандыруға және атмосферада олардың концентрациясын азайтуға болады. Сондықтан негізгі ластаушы заттарға сипаттама беру қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды-Теміртау өндіріс ауданының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы және дамуы
Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
KAZZINC ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Метал кешенінің даму тарихы
Қазақстандағы қорғасын кен орындары
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz