Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІ

Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері, 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық үдеріс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау,

әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау.

Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке -дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары ашық жазылып, хатталады.

Анкеттеу - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: - теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу) ;

- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау) ;

- эксперимент жұмысы - бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау) ;

- талдау - сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында)

және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді) . Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педаггогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т. б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады. Теориялық талдау - педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән-жайына енеміз.

Индуктив және дедуктив әдістер - эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс - ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив - жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады. Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:

- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика класиктерінің еңбектері;

- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;

- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;

- педагогикалық мерзімді басылымдар;

- мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;

- педагогикалық анықтама құралдары;

- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.

Әдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.

Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу - зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферат жазу - жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу - жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау - кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.

Педагогикадағы математикалық және статистикалық әдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жәрдемдеседі. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тәртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование) . Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау және эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін) ; медиана - тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ) ; таралу дәрежесі - дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті және т. б.

Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы әдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тәуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.

Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты - ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекеті. Егер осы теориялық және тәжірибелік ізденістер аталған педагогикалық әдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тәжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нәтижесінде оқу-тәрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. - Алматы., 1989

2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - Алматы, 1991.

3. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. -Алматы, 1981

4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын-Алматы-2004

5. БержановҚ., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы, Мектеп, 1984

МЕКТЕП ДАМУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ.

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рәміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік) .

Инновация - жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз. Дегенмен, инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық та іс-әрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар әрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және тоқырау (жойылу) . Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.

Инновациялық үдеріс - бұл күнделікті тәжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты инновациялық процестердің ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі үдеріс.

Инновациялық тәртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық үдеріс қатысушыларынан өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық үдеріс нәтижесі - қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі, пайдаланушысы және насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, әдістеме және озат педагогикалық тәжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалаудың және кәсіби іс-әрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоғам, мәдениет және білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;

мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

Күнделікті тәжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нәтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік және тыңғылық дәрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетке дайындық дәрежесімен анықталады.

Соңғы нәтижеге болжам жасай отырып, мектептегі инновациялық процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық әдіспен дайындалады.

Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы әрбір мүше іс-әрекетінің бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нәтиже болжамы түзіледі, көзделген мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады, бар жағдай шарттардың жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.

Инновациялық процестерді басқаруда нәтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:

  • жеткен нәтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-әрекет процестерін
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Дисциплина Биологияны оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Оқыту әдістемесінің тарихы
Биологияны оқыту әдістемесі түсінігі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Химияны оқыту әдістері
Биологияны оқыту формалары
Артпедагогика
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz