Пушкин әлемі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Пушкин және қазақтар

2. "Пугачев тарихы"

3. "Орынбор тарихы"

4. "Орынбор губерниясының топографиясы"

5. Пушкин тарихшы және этнограф

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Пушкин және қазақтар

Пушкин әлемі теңіздей терең, бұлақтай мөлдір, кәусардай таза. Үйлесім мен сұлулыққа толы, адам жанынан нәр алып, сол адамға арналған бұл әлем өмірдің өзі сияқты әрі шексіз, әрі сан қырлы. А. С. Пушкин мұрасының құпияларын қайталай игеріп, оның жүректі дір еткізер дана жолдарын оқи отырып, біз ұлы ақынды өзіміздің рухани замандасымыз деп білеміз. Пушкин - өзгермейтін мәңгілік өлшем. Мәңгі болатын себебі, мұхиттың суы тартылмайтыны сияқты, ол да ешқашан кемімейді. Қазақ халқы да өз мәдениетінің ең таңдаулы адамдары - ірі жазушылары арқылы, олардың ішіндегі ең ардақтысы Абай Құнанбаев арқылы Пушкиннің данышпандығына сый көрсетіп құрметтейді. Ол ана тілімізде еркін сөйлеп халқымыздың төл туындысындай қанымызға сіңді, жүрегімізге ұялады. Қазақ жазушыларын қызықтырған Пушкиннің бейнелі тілі, оның асқан ақындық шеберлігі ғана емес, ең алдымен оның жасаған образдарының қазақ халқының тұрмысына үйлесімділігінде.

Халқымыздың Пушкин шығармаларына құмарлығы жалғыз аудармалардан ғана емес, қазақ жазушыларының өздері жазған шығармаларынан да, Пушкинге жазғандарынан да көрінеді. Абай сияқты, біздің көптеген ақындарымыз Пушкинге еліктеген. Пушкиннің лирикасын қолданған Абайдың ақындығы атты да, оның сұлулығын да суреттемей қоя алмады. Сол уақытта қазақтың өмірінде аттың қандай бейнесі, қандай қасиеттері болғандығын, қазақ халқының сол уақыттағы тұрмысы қандай екендігін еске алсақ, Абайдың Пушкиннің көркемдік өнеріне еліктеп, сол уақыттағы қазақ оқушыларына ұғымды етіп, әдемі аттың тұлғасын келістіріп суреттеген себебін түсінеміз.

Қазақтың жазба әдебиетінде сұлулықты Пушкин стилінің көркемдік дәрежесіне жете суреттеген асқан ақындықты тек қана Абайдан көруге болады.

Алайда Абайды тартқан Пушкин шығармаларындағы түрі, ақындық өлеңі ғана емес, Абайдың ақындық айналасында, оның ойында Пушкин кейіпкерлері орын алған. Біз мұны айтқанда Абайдың Пушкин Татьянасына шын құмар болғандығын айтамыз. Абай Пушкин дәуіріндегі ерекше шыққан бұл орыс әйелінің ішкі сырын түсінген, Абай оның сыры Татьянаның Онегинге хат жазуға батылы барғандығында екендігін көрген, Абайдың бұл хатты асқан ақындық шеберлікпен аударғаны, сонымен бірге қазақтың әдебиет тілінің атасы Абай мен орыстың әдебиет тілінің атасы, сөздің асқан шебері Пушкиннің ақындығында ұқсастық бар екендігін көрсетеді.

Қазақ халқының Пушкинге құмарлығы тек жеке жазушылардың құмарлығы ғана емес. Пушкиннің адамгершілікті көксеген поэзиясы, оның қанауды, езуді жек көретіндігі, адамның қасиеттерін шын құрметтейтіндігі, «қарақшы» Пугачевтан (оны патшаның тарихшылары осылай деп көрсеткен), жаңа «қарақшы» Дубровскийден тапқан қасиеттері - Пушкиннің бұл поэзиясын өзінің барлық тарихында орыстың ұлы халқымен көрші болған, тіпті бір территорияда тұрған деп айтарлық қазақ халқының білмеуі мүмкін емес еді.

Пушкин сондай тамаша сүйкімді етіп суреттеген орыстың жақсы әйелінің образы қазақтың өздерінің қыздарына Татьянаның («Тана») атын қоятын әдетінде де бар.

Пушкин суреттеген Онегин мен Татьянаның образдары, олардың сүйіспеншілігінің тарихы қазақ бұқарасына ұғымды болатын тағы бір себебі бар . . . Помещиктер тегінен шыққан, тентек мінезді, жеңілтек, білімді, әйелге немкетті қарайтын Онегинді қазақ бұқарасы жексұрын салдарға, бұқарадан қол үзген, қазақтың отбасына көп әлек салған, қазақтың талай қыздарын сырты жылтырап алдап-арбаған сұмырай тілмаштарға ұқсастырады.

Сондай-ақ Ресейдегі «бұратаналардың» шығармаларына көп көңіл бөлген Пушкин, әрине, қазаққа да соқпай кете алған жоқ. Пушкиннің қазақ тақырыбымен шұғылдануы көбіне Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы шығарма жазу жоспарына байланысты еді. Оған қазақтардың отарлық бұғауға бас имей, көтеріліске белсенді катысқаны да түрткі болады.

Болашақ жұмысына дайындық барысында ақын қазақтар туралы мағлұматтарын толықтыра түседі. Бұл орайда Пушкиннің лицейден бергі досы В. Д. Вольховский (1798-1884) ойға оралады. Ақынның 19 қазан деген өлеңіндегі спартандық жанымен бізді баураған деген жолдар осы Вольховскийге арналған. Лицейді бітіргеннен кейін ол Орынборда қысқа уақытқа тұрақтап, А. Ф. Негри миссиясының құрамына жіберіледі. 400 адамнан тұратын бұл экспедиция Бұхарада болып, қазақтар жөнінде де біршама материалдар жинайды. Жолай керуенді Қызылқұмнан Жаңадария өзеніне дейін Арынғазы Әбілғазыұлы шығарып салады. Экспедиция Орынборға 1824 жылы оралады.

1825 жылдың тамызында Вольховский Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы өңірлерді барлау мақсатында жіберілген Ф. Ф. Бергтің экспедициясына қатысады. Ол Сағыз, Жем өзендері бойында болып, сол маңдағы қазақ руларының орналасуын картаға түсіреді. Онда Жоламан Тіленшіұлының қонысын бөліп көрсетеді. Картада аталған екі өзеннен басқа да, Ойыл, Жақсыбай, Қарабұлақ, Қуағаш, Қарасу өзендері, Тайсойған құмы секілді нысандар белгіленеді.

Экспедиция 1826 жылы Сарайшық бекінісіне оралады. Оның жұмысының нәтижелері ретіндегі Вольховскийдің (А. Дельвигпен бірлесіп жазған) "Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы қырғыз даласының топографиялық журналы" деген еңбегі дүниеге келеді. Кітаппен Пушкин танысып шығады.

Орыс ақынының Вольховский зерттеулеріне ынтызарлық танытуының себебі бар. Қазақстанның батыс өңірінде ұзақ уақыт бойы жасаған сапарлары барысында Вольховский Пугачевті және ол басқарған көтерілісті көргендердің естелік-әңгімелерін жинастырып, жазып алып отырады.

Вольховский 1824 жылы Петербургте балалық шақтағы досымен кездесіп, сыр шертіседі. Зерттеушілер Пушкиннің ойына Пугачев тарихын жазу туралы пікір Вольховскиймен осы кездесуінде келген болар деген болжам айтады.

"Пугачев тарихы"

1834 жылдың аяғында "Пугачев тарихы" жарық көргеннен кейін Пушкин кітапты Вольховскийге жіберіп хат жазады. "Саған Пугачев бүлігінің тарихы деген еңбегімді жіберіп отырмын. Мен онда сол кезеңдегі әскери қимылдарды зерттеуге тырыстым және оларды анық баяндау туралы ғана ойладым, бұл маған оңай шаруа болмады . . . Ол барлығын да салыстыруды, тексеруді керек етті, кітабым туралы сенің пікірің барлық тұрғыдан да маған аса қымбат болар еді", - делінеді хатта. Бұдан Пушкиннің бір оқиға жөнінде бірнеше деректерді жинастырғанын, олардың танымдық, шындық деңгейін анықтау үшін қаншалықты ыждағаттылық танытқанын көреміз.

Пугачев тарихының басты дереккөздерінің бірі П. И. Рычковтың (1712-1777) еңбектері болғаны сөзсіз. Рычков - шаруалар көтерілісінің себептері туралы Пугачевпен жүздесіп, пікірлескен бірден-бір тарихшы ғалым, Орынбор қорғанысының және осыған байланысты көптеген оқиғалардың куәгері. Ол өзінің көріп-білгендері жөнінде, алған әсерлері мен басқа да материалдар негізінде "Орынборды қоршаудың шежіресі" деген еңбек жазып қалдырады. Мұны Пушкин жоғары бағалап, "Пугачев тарихының" екінші бөліміне қосымша ретінде бастырып шығарады.

"Орынбор тарихы"

Пушкиннің кітапханасында Рычковтың "Орынбор тарихы" деген еңбегі де болады. Мұндағы "Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыздар" деген тарауда айтылған мағлұматтарды ақын жай қабылдап қана қойған жоқ, сонымен бірге "Пугачев тарихына" берілген ескертуде қазақтар мен қырғыздардың бір-бірінен айырмашылығы жөнінде сөз қозғайды. Басқаша айтқанда Пушкинді қазақ халқының шын атын білген сол кезеңдегі саусақпен санарлық авторлардың бірі деуге болады.

"Орынбор губерниясының топографиясы"

1762 жылы Рычковтың екінші күрделі еңбегі - "Орынбор губерниясының топографиясы" дүниеге келеді. Онда қазақ жерінің Ресейге қосылып алынуы, қазақ-башқұрт, орыс-қазақ қарым-қатынастарының дамуы, кәсібі, діни нанымдары, қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы сипатталады. Рычков Ресей Ғылым академиясына, нақтылап айтқанда, В. Н. Татищев пен Г. Ф. Миллерге қазақтар және Орынбор өлкесі жөніндегі көптеген құжаттар мен қолжазбалардың көшірмелерін тапсырады. Карамзин тәріздес, Рычков та Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих" жұмысымен жете таныс болады, оны қазақтар жөніндегі кейбір баяндауларында пайдаланады.

1833 жылдың шілде айында, яғни Орынборға сапары алдында Пушкин Г. И. Спасскийге хат жазып: "Сізде Пугачев заманына қатысты Рычковтың қолжазбасы бар деп естідім . . . Соны бірнеше күнге бере тұрсаңыз", - деген өтініш білдіреді. Кейін "Пугачев тарихы" еңбегінің үшінші тарауына берілген ескертуінде кітап қолжазбасының үш нұсқасының барлығы туралы айтады. Бұл орайда ақын тағы да аса зерделілігімен, зерттеушілік қырымен көрінеді.

Пушкиннің тарихшы, археолог Миллердің (1705-1783) еңбектері мен оның соңында қалған қолжазбаларына қызығушылық танытуы да түсінікті. Миллер өз заманында барлық таныстары мен байланыстарын пайдалана отырып, Пугачев көтерілісі жөнінде өте құнды материалдар жинастырады. Рычковты айтпағанның өзінде, оған Орынбор губернаторы И. А. Рейнсдорп, князь П. М. Голицын сияқты адамдар көптеген құжаттар, қолжазбалар тапсырады. Нәтижесінде қазіргі кезде Мәскеудегі Көне актілер мұрағатында Миллердің "Пугачев портфелі" деген материалдары құралады (оны қазір "Миллер портфелі" деп атайды) . Пушкин міне, осы портфельді кеңінен пайдаланады. Демек, ақынға Миллердің "Сібір тарихы" кітабы Қазақтардың шығу тегі туралы мақаласында белгілі болған.

"Пугачев тарихында" біздің тарихымыз туралы өз ізденістерімен және мәліметтерімен белгілі деген Миллер туралы А. И. Левшиннің сөздері қайталанады. Пушкиннің басқа шығармаларында Миллерге жеті рет сілтеме жасалады.

Ақынның аса қадірлеген шығыстанушыларының бірі Н. Я. Бичурин еді. Пушкин онымен 1828 жылдан таныс. Сол жылдың 28 сәуірінде Бичурин "Тибеттің қазіргі жағдайына шолу" кітабын тарту етеді. 1829 жылы "Чжунгария мен Шығыс Түркістанның көне заманғы және қазіргі кездегі жағдайының сипаттамасы" деген қытай тілінен аудармасы жарық көреді. Мұндағы бір бөлім тұтастай қазақтарға арналған. "Пугачев тарихында" (І-тарауында) Бичуриннің "XV ғасырдан бүгінге дейінгі ойраттар немесе қалмақтар жөніндегі тарихи шолу" атты еңбегі пайдаланылады. Ақын оны жоғары бағалап, Бичуриннің терең білімі мен ыждағатты еңбегі біздің Шығыспен қарым-қатынасымызды тамаша айқындап берді деп жазады. 1830-1831 жылдары Бичурин "Литературная газетаға" мақалалар жазып тұрады. Пушкин "Пугачев тарихына" кірісерде көтеріліске қатысқан башқұрттар мен қалмақтар жөніндегі әдебиеттерді де қамтиды. Ал олардың өз тарапында қазақтармен күрделі қатынаста болғаны белгілі.

Ақын кітапханасындағы Бенджамин Бергманның қалмақтар туралы кітабының француз тіліне аударылған нұсқасы да Пугачев көтерілісінің кейбір қырларымен танысуға мүмкіндік береді (Vоуаgе dе Веnjamin Веrgman chez lа Kalmuks. 1825) .

Пушкин тарихшы және этнограф

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ (БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ХАКІМНІҢ ҒАҚЛИЯСЫ МЕН ПУШКИН ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ РОМАНЫ ХАҚЫНДА)
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Шериаздан елеукеновтің «абай жолы» романына қосқан ой - пікірі
Шәкәрім поэтикасы
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
Соғысқа дейінгі өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz