Оқу бағдарламасы дене шынықтыру 1- 4 сыныптар



І. Түсінік хат
ІІ. Оқу пәні бойынша оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған білім беруден күтілетін нәтижелер
ІІІ. Оқу пәнінің базалық мазмұны
3.1. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық мазмұн бөліктеріне сипаттама
ІҮ. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
• жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
• әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
• құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;
• денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 1-4 сыныптар

Бағдарлама авторлары:

Қасымбекова С.І. п.ғ.д., дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-

практикалық
орталығының бас ғылыми
қызметкері

Орехов Л. И. п.ғ.д., профессор,
ҚР БҒМ білім беруде еңбегі сіңген
қызметкері

Караваева Е.Л. п.ғ.к., доцент, дене шынықтыру Ұлттық
ғылыми-
практикалық
орталығының жетекші ғылыми
қызметкері

Хасин В.Б. Астана медициналық
университетінің тамақтану
гигиенасы
кафедрасының доценті

Тайжанов С. Т. Дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының аға ғылыми қызметкері

Нұралиева С. К. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясының мектепке дейінгі және жалпы
орта
білім беру ҒЗИ ғылыми қызметкері.

Кәрібекова А.Ж. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясының мектепке дейінгі және жалпы
орта
білім беру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.

Алматы
2009
І. Түсінік хат

1. Оқу пәнінің нысаны. Дене шынықтыру оқу пәні Мемлекеттік бастауыш
білім беру стандартының (ҚР МЖББС, Алматы – 2009) маңызды компоненті
есебінде Дене шынықтыру білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны –
пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың
дамып келе жатқан организмі.
2. Оқу пәнінің пәні.
Дене шынықтыру оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың
дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің
заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және
психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету
жөніндегі білімге ие болу.
3. Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық
саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық
әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
4. Оқу пәнінің міндеттері:
• бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы
және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру,
организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты
қарапайым білімдерді қалыптастыру;
• оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
• қозғалыс қасиеттерін дамыту;
• қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді
дамытуға көмектесу;
• сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі
қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер.
Оқытудың деңгейлері бойынша Дене шынықтыру пәні мазмұнының сабақтастық
қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын
оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс
белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және
соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді.
Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі
факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін,
үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды
қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің,
беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту
жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
• жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді
көздейді;
• әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
• құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді
көздейді;
• денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын
міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуге, сонымен қатар, Мемлекеттік бастауыш
білім беру стандартында анықталған базалық, пәндік және түйінді
құзыреттіліктер негіз болады.
6. Оқу пәнінің мазмұндық желілері.
Дене шынықтыру оқу пәнінің мазмұндық желілері Қозғалыс
белсенділігінің мәдениеті туралы білім негіздері түрінде белгіленеді. 1-4
сынып оқушылары жүгіру, секіру, жүзу, қозғалыс және спорт ойындары, жекпе-
жектер және т.б. қозғалыс әрекеттері жөніндегі білімді игереді.
7. Пән бойынша оқу жүктемесі:
Оқу жоспары бойынша Дене шынықтыру оқу пәніне аптасына 3 сағат,
жылдық жүктеме 96 сағат бөлінеді.
• 1-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;
• 2-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;
• 3-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;
• 4-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;
8. Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі
бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-
аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен
шұғылдану.

ІІ. Оқу пәні бойынша оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған білім
беруден күтілетін нәтижелер

Оқу пәні бойынша білім берудің күтілетін нәтижелері – бұл бастауыш
білім берудің ұзақтығы 2 жылдық оқытудың әрбір 2 циклына арнап бекітілген
білім беру мақсаттарының жүйесі.
Бастауыш білім берудің әрбір циклі білім алушылардың білім
жетістіктері нақты деңгейге жетуі үшін білім беруді ұйымдастыруға
бағытталған:
Оқу жетістігінің 1- деңгейі – 1-2 сыныптардан кейін;
Оқу жетістігінің 2-деңгейі – 3-4 сыныптардан кейін.
Барлық білім беру саласы бойынша оқу жетістігінің екі деңгейі де
ҚРЖМБББС-да түйінді құзыреттілікке сәйкес: ақпараттық, коммуникативтік,
проблемалардың шешімін табу құзырет түрінде ұсынылған.

Оқытудың І циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (2 сынып)

1) ақпараттық құзырет:
• адам денсаулығына ықпал ететін спорттық-сауықтыру жаттығулар түрлері
туралы қарапайым түсініктерді меңгереді:
– адам денсаулығына әсер ететін спорттық-сауықтыру жаттығуларының қарапайым
түрлерін біледі;
• денсаулықты нығайту үшін жағдайға сәйкес әртүрлі жаттығуларды
пайдаланады:
– денсаулықты нығайту үшін спорттық жаттығулардың базалық түрлерін
(гимнастика, жеңіл атлетика және шаңғы) мәнін түсінеді;
• денсаулықты сақтау үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын
қолданады:
– денсаулықты күту үшін қарапайым дене жаттығуларының түрлерін
қолданады.

2) коммуникативтік құзырет:
• денсаулықты нығайту үшін сауықтыру жаттығуларын пайдаланудың қарапайым
тәсілдерін біледі:
– дене жаттығуларының негізгі түрлерін (сабақ, ертеңгілік жаттығулар және
т.б.) біледі;
• ағзаны дамыту үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын меңгеру құралы
ретінде дене шынықтырудың мәнін түсінеді:
– адам ағзасын дамыту үшін денешынықтырудың мәнін түсінеді;
• командаларда, топтарда бірлесе жұмыс істеу үшін алғашқы қозғалыс
қимылдары мен дағдыларын пайдаланады:
– спорттық ойын элементтері арқылы командалық қимыл-қозғалыс ойындарын
ойнауға дайындықтарын көрсетеді.

3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
• өмірлік және оқу жағдаяттарын шешу үшін қозғалыс қимылдары мен
дағдыларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:
– өзінің денсаулығына қажеті оқу және демалу күн режімін біледі;
• қарапайым талдауда, бағалауда және кез келген жағдаяттарды шешу үшін
жаттығу типтерін таңдау қажеттілігін түсінеді:
– оқу жағдаяттарын шешу үшін негізгі дене дайындығын (күш, жылдамдық,
шыдамдылық, координация, икемділік) дамытады;
• әртүрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін алғашқы қозғалыс
қимылдары мен дағдыларын қолданады:
– ертеңгілік гигиеналық жаттығуларды өздігінен жасайды.

Оқытудың ІІ циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4 сынып)

1) ақпараттық құзырет:
• адам денсаулығына ықпал ететін спорттық-сауықтыру жаттығулар түрлері
туралы қарапайым түсініктерді меңгереді:
– өз денсаулығына қажетті табиғаттың сауықтыру факторларын (су, күн
сәулесі, ауа) біледі;
• денсаулықты нығайту үшін жағдайға сәйкес әртүрлі жаттығуларды
пайдаланады:
– денсаулықты нығайту үшін спорттық жаттығулардың базалық түрлерінің
(гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы, баскетбол, футбол және т.б.) мәнін
түсінеді;
• денсаулықты сақтау үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын
қолданады:
– денсаулықты нығайту үшін оқу барысында әртүрлі дене жаттығуларын
қолданады.

2) коммуникативтік құзырет:
• денсаулықты нығайту үшін сауықтыру жаттығуларын пайдаланудың қарапайым
тәсілдерін біледі:
– дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану гигиенасын
біледі;
• ағзаны дамыту үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын меңгеру құралы
ретінде дене шынықтырудың мәнін түсінеді:
– ағзаны дамыту үшін дене дайындығы нормативтеріне сәйкес (жасына сәйкес
дене дайындығының сынамаларын орындайды) жалпы дене дайындығын жүзеге
асырады;
• командаларда, топтарда бірлесе жұмыс істеу үшін алғашқы қозғалыс
қимылдары мен дағдыларын пайдаланады:
– командалық қимыл-қозғалыс және топтық спорт ойындарын ойнауға
дайындықтарын көрсетеді.

3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
• өмірлік және оқу жағдаяттарын шешу үшін қозғалыс қимылдары мен
дағдыларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:
– дене және психикалық денсаулығын қолдау үшін күн режимін сақтайды;
• қарапайым талдауда, бағалауда және кез келген жағдаяттарды шешу үшін
жаттығу типтерін таңдау қажеттілігін түсінеді:
– жүрек соғысының жиілігі бойынша (ЖСЖ) бойынша дене жүктемесін бақылау.
• әртүрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін алғашқы қозғалыс
қимылдары мен дағдыларын қолданады:
– денсаулықты нығайту мақсатында шынығу ережелері мен жеке гигиенаны
сақтайды.

ІІІ. Оқу пәнінің базалық мазмұны

3.1. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық мазмұн
бөліктеріне сипаттама
Дене шынықтыру оқу пәнінің І циклға (1-2 сыныптар) арналған базалық
мазмұны
Дене шынықтыру туралы жалпы түсінік: ежелгі халықтардың дене
шынықтыруы, оқушылар дене тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі ұйымдастырылуы,
адамның негізгі қозғалыстарының сипаттамасы.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары: акробатика негіздерімен орындалатын
гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, жүзу, спорт ойындарының
элементтері бар қозғалыс ойындары.
Дене шынықтыру оқу пәнінің ІІ циклға (3-4 сыныптар) арналған
базалық мазмұны
Теориялық сабақ: салауатты өмір салты туралы, ертеңгілік гигиеналық
гимнастика, жүрек соғысының жиілігі бойынша (ЖСЖ) бойынша дене жүктемесін
бақылау.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары: акробатика негіздерімен орындалатын
гимнастика, жеңіл атлетика, уақыттың қысқы мезгіліндегі таза ауада
ойналатын ойындар, шаңғы дайындығы, коньки, жүзу, күрес пен жекпе-жек
түрлерінің элементтері, спорт ойындарының элементтері бар қозғалыс
ойындары, спорттық ойындар.

3.2. Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық
мазмұнын бөлу

1сынып
Дене шынықтыру туралы жалпы түсінік (6 сағат)
Ежелгі халықтардың дене шынықтыруы. Оның пайда болу тарихы: дәстүрлі
ойындар, билер мен салттар – 1сағат.
Оқушылар дене тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі ұйымдастырылуы. Спорттық
секциялар мен балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметі – 1сағат.
Адамның жүріс, жүгіру, секірулер, лақтырулар секілді негізгі
қозғалыстарының сипаттамасы. Гимнастика, жүзу, жеңіл атлетика және басқа да
спорт түрлерінің сипаттамасы – 1сағат.
Сабақ уақытындағы қауіпсіздік техникасы. Дене жаттығуларына үйрету
негіздері –1 сағат.
Жеке гигиена, күн режіміндегі гигиеналық процедуралар. Сабақты өткізу
жағдайларына, киімді, аяқ киімді, құрал-жабдықты таңдауға қойылатын
гигиеналық талаптар. Шынығудың маңызы. Шынығу режімі және оның маңызы –
1сағат.
Ағзаның дене және психикалық жағдайы. Дене жаттығуларын орындаудағы
жүректің, өкпенің және өзге де органдардың қызметі. Дене жүктемелерін
бақылау және мөлшерлеу – 1 сағат.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (90 сағат):
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Акробатикалық жаттығулар: таянулар (отырып, жатып, бүгіліп, арттан);
отырулар (өкшемен, еңкейіп, бұрыш жасай); жатқан қалыптан жинақталу және
тығыз жинақталып тербетілу (көмекпен); жинақталып отырған қалыптан артқа
және жанымен домалау (көмекпен); таянып отырған қалыптан артқа және жанымен
домалау; шалқалап жатқан қалыптан жауырынға тұру: шалқалап жатқан қалыптан
көпірге тұру;
Секіртпелермен (скакалкамен) секіру; үйренген акробатикалық
жаттығулардан акробатикалық комбинациялар жасау.
Аяқтың ұшымен, өкшемен, кеңірек адыммен, қысқа адыммен, өзге
қозғалыс – қимылдармен үйлестіре, қайталап, сирақты артқа сілтей, алға тіке
ұсталған аяқтарды көтере жүгіру.
Орнында секіру, қолдарды шапалақтай секіру, бір аяқпен алма
кезек және екі аяқтап секіру; секіртпе арқылы алға қозғала, екпін алып
биіктікке секіру.
Еңбектеу, тізерлеп гимнастикалық орындықпен өрмелеу, төрттағандап
еңбектеп, орындық арқылы өту; гимнастикалық басқышқа тіке және қиғаш шығу.
Жеңіл атлетика (24 сағат)
Екпіндеп, ирелеңдеп, айналмамен жүгіру; кейіннен қарқынды үдетіп
жоғарғы және төменгі сөреден шығып жүгіру; баяу жүгіріс; орнынан екпін
алып, ұшу кезінде аяқты бүгіп ұзындыққа секіру; екпін алып биіктіке секіру.
Үлкен допты қашыққа және дәлдікке лақтыру. Кіші допты қашыққа лақтыру.
Шаңғы дайындығы (12 сағат)
Шаңғымен тұрыңдар! командасын орындау. Шаңғыны иыққа алып немесе
қолтыққа қысып ұстап жүру. Шаңғымен аттап басып, сырғанау адымымымен, алма
кезек екі адыммен және бір мезгілдегі бір адымдық жүріспен қозғалу. Орташа
және жоғарғы тұрыста биік беткейден түсу. Басқыш және шырша тәсілімен
көтерілу. Орнында және қозғалыста аттап басып бұрылу. Таяққа тіреліп және
құлап тежелу.
Жүзу (12 сағат)
Әуіздің (бассейннің) басқышымен суға ену, әуіздің ернеуінен төмен
қарай секіру. Кеудемен суда жатуға және қалқып шығуға арналған жаттығулар,
қалтқы, медуза, жебе.
Тақтай немесе үрмелі белбеудің көмегімен жүзу.

Спорт ойындарының элементтері бар қозғалыс ойындары (30 сағат)

Құстардың ұшып келуін: құстарды бейнелей, қолдарды жанына созып,
қанат қаққандай қимыл жасап, бірінің артынан бірі жүгіреді. Жел, дауыл
деген белгі бойынша олар гимнастикалық басқышқа көтеріледі.
Аралар мен аюлар, Астынан өт те, қашып кет, Жүгір де ауыстыр,
жерге түсірме, Үйшіксіз қоян, Арбалар, Бәліш және басқалар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары: Қойшылар мен қозылар, Ала
күшік, Нағыз жігіт, Арқан тарту және басқалар.

2сынып

Теориялық сабақтар (6 сағат)
Дене жаттығуларымен шұғылданудың негізгі түрлері: сабақ, таңертеңгілік
гимнастика, серуендеу, таза ауадағы қозғалыс ойындары – 1 сағат.
Гректердің ертедегі Олимпиадалық ойындары. Қазақстан жерін мекендеген
ертедегі халықтардың дене шынықтыруы. Халықаралық кездесулер мен
Олимпиадалық ойындардағы Қазақстан спортшыларының жетістіктері – 1 сағат.
Зейін қоюдың, ойлаудың және қозғалыс қимылын ойша елестетудің алатын
орыны (идеомоторикалар). Дұрыс мүсінді қалыптастыру, оны бақылаудың және
арнайы жаттығулармен түзету (сколиоз бен лордозды) тәсілдері – 1 сағат.
Күш, жылдамдық, иілгіштік, шыдамдылық, үйлесімділік секілді дене
қасиеттерін (қабілеттерін) дамытудың құралдары мен әдістері – 1 сағат.
Зақымданудың алдын алу. Алғашқы көмек көрсету. Дене дамуын бағалау,
сынық алу және дене дайындығын бағалау – 1сағат.
Салауатты өмір салты дағдыларын енгізу. Ересектермен бірге өткізілетін
ертеңгілік гимнастика – 1 сағат.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (90 сағат):
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Саптық жаттығулар.
Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа
бұрылу. Теңел!, Тік тұр!, Еркін тұр!, Қадам бас!, Тоқта! командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы
жағымен, қолдарды әр түрлі қалыпта ұстап, жартылай отырып, өкшеден аяқтың
ұшына ауыса, заттардан аттап, аяқтың ұшымен қосарланған адыммен, қысқа
адыммен, өзге қозғалыс – қимылдармен үйлестіре, қайталап, сирақты артқа
сілтей, алға тіке ұсталған аяқтарды көтере жүгіру.Денені оңға және солға,
алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру. Аяқтарды алға, артқа және
жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Шалқалап жатқан бастапқы
қалыптан кеудені көтеру. Тобық буындарының қозғалғыштығын дамытуға арналған
жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын жаттығулар. Босаңсуға арналған
жаттығулар.
Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу.
Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық
қабырғалармен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және
теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимыл-қозғалыстарды
орйындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Төбеге аз
ғана салмақты зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта орнында тұрып
айналғаннан кейін көзді жұмып, жауырынды алға беріп жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған бастапқы қалыптан жинақталу.
Артқа, жанға аударылу. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жинақталу. Оңға,
солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. Шалқалап жатқан бастапқы
қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды көтеру. Шалқалап жатқан
бастапқы қалыптан жауырынға тұру. Етпеттеп жатқан бастапқы қалыптан денені
шалқайту.
Би қозғалыстары. Әр түрлі әуендердің ырғағымен би қозғалысарының
кешенін (комплексін) орындау.
Жеңіл атлетика (24 сағат)
Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру.
Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Кедергілерден өтіп жүгіру
және жүру. Жаттығуларды орындауды музыка әуенімен үйлестіре баяу және
жылдам екпінде жүру және жүгіру. 30, 40, 60 м-лік қуып жету, озу
жүгірістері. Қайталап жүгіру. 1 – 1,5 минут баяу жүгіру.
Секірулер. Екі аяқпен ырғып секіру. Алға қозғала екі аяқпен секіру.
Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзындыққа
секіру. 50 – 60 см. Биіктіктен секіріп түсу. Екпін алып ұзындық пен
биіктікке секіру.
Шаңғы дайындығы (12 сағат)
Орнында тұрып, аттап басып бұрылу. Қозғалу кезінде оңға және солға
бұрылу. Таяқсыз жүру. 300 – 500 м қашықтықты жүріп өту. Ойындар Нысанаға
тигіз, Жалаушаны алмастыр, Қуаласпақ, Ұзын адым, Түсіріп алма, Бір
шаңғымен.
Жүзу (12 сағат)
Әуіздің (бассейннің) басқышымен суға ену, әуіздің ернеуінен төмен
қарай секіру. Кеудемен суда жатуға және қалқып шығуға арналған жаттығулар,
қалтқы, медуза, жебе. Тақтай немесе үрмелі белбеу көмегімен жүзу.
Қозғалыс ойындары (18 сағат)
Жеке орындайтын: Кімді атаса, сол ұстайды, Кім қашыққа лақтырады,
Қоян, Бақа мен көкқұтан, Ленталарды жина, Ормандағы аю, Ал да –
орнына қой, Жоғарыдағы доп, Маймылдарды ұстау, Әтештер соғысы,
Кеглиге тигіз, Жапалақ, Қашақ.
Жұппен орындалатын: Кімнің добы алысқа ұшады, Тышқанның іні,
Сиқырлы таяқ, Өз жұбыңды (серігіңді) қуып жет, Аттар, Тақия
тастамақ, Кілттер, Өз орныңды тап.
Топпен орындалатын: Арқан, Допты шеңбермен, Қырғи, Екі аяз,
Торсылдақ, Допты ұста, Ботақан.
Командалық: Доп аз болсын, Күн мен түн.
Қозғалысты аз қажет ететін ойындар: Ұшты-ұшты, Жаңғырық,
Телефон, Не өзгеріс бар, Даусынан таны, Қанша тас, Фигураны жаса,
Саусақтармен өрнек жаса, Домино, Дойбы, Стол үстіндегі футбол,
Стол үстіндегі баскетбол және т.б.
Спорттық ойындар (12 сағат)
Баскетбол. Ойыншының тұрысы. Бір орында допты жүргізу, ілгері қозғалып
жүру. Бір қолмен, екі қолмен, кеудеден, иықтан, төменнен, жоғарыдан
лақтыру. Орнында тұрып допты лақтырып, бір және екі қолмен ұстап алу. Кез-
келген тәсілмен допты қалқанға лақтыру. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.
Футбол. Кез-келген тәсілмен допты аяқпен тебу. Допты тоқтатқаннан
кейін оны тебу. Қойылған заттардың арасымен допты алып жүру. Доппен
жонглерлік жасау. Қысқартылған ережемен футбол ойнау.
Қазан доп (Қазан шұңқыр). Имек таяқпен серігіне допты лақтыру және оны
тоқтату. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.

3 сынып

Теориялық сабақ (3 сағат)
Қарапайым спорт құралдарының аты және оларды пайдалана білу
біліктілігі. Спорт зал мен спорт алаңдарының жабдықтары – 1 сағат
Күн режимін және жалпы дамытатын жаттығулар кешенін дайындау.. Жүрек
соғысының жиілігі (ЖСЖ) мен дене жаттығуының көрсеткіштері бойынша
жүктеменің көлемін бақылау-1 сағат.
Дене дамуы мен дене дайындығын өзі бақылаудың жеке күнделігін
жүргізу.Дене жағдайының, дененің дамуы мен дайындығының көрсеткіштерін
компьютердегі мәліметтер (есте сақтау) базасына енгізу- 1сағат.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (93 сағат)
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Саптық жаттығулар. Сапқа, екі қатарға, екі лекке тұру тәсілдері, жүріп
келе жатып бір лектен екі лекке қайта сапқа тұру. Қолдардан ұстасып
дөңгелене (шеңберге) тұру. Теңел!, Тік тұр!, Орныңда қадам бас!,
Тоқта!командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс (қолдар кеуде тұсында
бүгілген, қолдар жанға созылған), тізерлеп отыру, бір тізерлеп отыру,
төрттағандап тұру, жартылай отыру, толық отыру, аяқты бірге ұстау, аяқты
алшақ ұстау секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан жаттығуларды орындау.
Басты оңға, солға бұру, басты шырқ айналдыру. Тұлғаны дамытуды, дұрыс дем
алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген және жазылған қолдарды айналдыру.
Қолдардың қозғалысымен үйлестіре кеудені жанға бұру. Қолдар мен аяқтардың
қозғалысымен үйлестіре кеудені алға және жанға еңкейту.
Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу.
Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық
қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың
тізесін алға, жанға көтеру. Аяқтың көмегінсіз өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимыл-қозғалыстарды
орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Төбеге
салмағы аз зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта көзді жұмып, жауырынды
алға беріп, жанымен, қосарланған адыммен, жартылай отырып (қол белде) жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Жартылай шат көпір жасау. Еденде отырған
бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа, жанға аударылып түсу. Еденде отырған
бастапқы қалыптан – бір уыстай боп жинақталып (домаланып), жауырынға
аударылу – жауырында жатқанда тербеліп, теңселіп, жауырынға тұру. Таянып
жатқан қалыптан жамбасты ілгері ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта).
Таянып жатқан, таянып отырған, таянып бір аяқпен отырған қалыптан да осылай
жасау.
Етпеттеп жатқан қалыптан – кеудені ию (қолдар мен аяқтарды көтере
қарсы қозғалыс жасай). Сандарға таянып жатқан қалыптан, аяқтарды бүгу,
денені ию.
Жеңіл атлетика (22 сағат)
Жүру мен жүгіру. Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты
өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Баяу
екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру; жүруден жүгіруге
ауысу. 30, 40, 60 м-де қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 2 – 6
минут баяу жүгіру, 3 – 8 минут жылдам жүру.
Секірулер. Екі аяқпен ырғып секіру, Алға қозғала екі аяқпен секіру.
Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзындыққа
секіру. Екі аяқпен, бір орнында 90 градусқа бұрыла секірулер. 60-70 см
биіктіктен секіріп түсу. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзыныраққа қарғу. Екпін
алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Уақыттың қысқы кезеңіндегі таза ауадағы ойындар (3 сағат)
Төбешіктен сырғанау. Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып сырғанау,
төбешіктің мұзды жолымен бір-бірлеп, жұппен, топпенен төмен қарай сырғанау.
Шанамен сырғанау. Төбешіктен шанамен түсу. Сырғанау шапшаңдығынан
жарыс. Шананың артынан итере серігін сырғанату. Қарды нысанаға лақтыра
төбешіктен шанамен түсу. Төбешіктен сырғанағанда шананы оңға және солға
бұру.
Шаңғы дайындығы (10 сағат)
Таяқтарды пайдаланып, кез-келген тәсілмен жүру. Шаңғы жолымен жүру.
Таяқтарды артқы жаққа қарай шығарып ұстап, тізелерді бүгіп, төбешіктен
сырғанап түсу. Баспалдақ тәсілімен төбеге (қырға) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Педагогикалық бақылаудың сипаттамасы
Орыс тілі мен әдебиеті
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Жиынтық бағалау рәсімдері
Пәндер