Сүт және сүт өнімдерінің өндірісін басқару


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .: І БӨЛІМ. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
4:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Нарықтық экономикада сүт және сүт өндірісін басқарудың теориялық және практикалық тұжырымдамалары . . .
4: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Отандық кәсіпорындардың нарықтық экономикада сүт өнімдерін басқарудың ерекшелігі мен жаңа технологияға негізделуі . . .
4: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Сүт өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың БСҰ кіруі және сүт өнеркәсібіндегі стандарттау . . .
4: 14
КІРІСПЕ . . .: ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
4:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Шетел мемлекеттері мен Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдері нарықтарының жағдайы . . .
4: 19
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілетін талдау . . .
4: 25
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 «ФудМастер - Шымкент» ЖШС басқару қызметініне талдау . . .
4: 32
КІРІСПЕ . . .: ІІІ БӨЛІМ. СҮТ ӨНЕРКӘСІБІН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
4:
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы мен тиімділгін жоғарлату . . .
4: 39
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 «ФудМастер - Шымкент» ЖШС қызметін жетілдіру бағыттары . . .
4: 43
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 «ФудМастер - Шымкент» ЖШС жаңа өнімі «Мереке» қоймалжыңына бизнес-жоспар . . .
4: 46
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ. . …….
4: 52
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl. …. . …… . . .
4: 54
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША
4: 56

КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді.

Қазақстан Респубикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей «Қазақстан ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқада салаларын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылық шикізатын өндіру және өңдеу саласында аграрлық өндірісті тұрақтандыру экономикалық дамудың негізі ретінде үлкен көңіл бөлу қажет» (2000 - 2002 ж. ж. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту бағдарламасы) . Сонда ғана Отандық агробизнес ұлттық экономиканың, әсіресе Қазақстан халқының 44 пайызының әл-ауқатының артуына жағдай жасай алады, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін отандық ауыл шаруашылық шикізатымен жабдықтау көлемі мен сапасын ұлғайтып, экономиканың шикізаттық бағытын жоюға мемлекеттің азық - түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикалық кеңесте (31. 01. 05. ) Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығының өркендеуі - халықтың өркендеуі, Отанымыздың өркендеуі екендігін баса айтып, атқарушы органдардың алдына нақты міндеттер қойған болатын. Атап айтқанда: «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық елді мекендердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заң жобасын әзірлеу: ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өңдеуде кластерлік тәсілді кеңінен қолдану; ауылдық тауар өндірушілерге ақпараттық - консультациялық қолдауды күшейту, шетелдік тәжірибелерді игеру, ауыл шаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға көшуін жеделдету; ауылдың көліктік инфрақұрылымын дамыту; ауыл шаруашылығын несиелеудің тиімді әдістерін ойластыру; ауыл шаруашылық құрылымдарында тиімді менеджментті дамыту; ауыл шаруашылық ғылымын басым дамыту; орта және ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту; әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

Қазақстан - мал шаруашылығы дамыған ел болып табылады және ол республиканың алдыңғы қатарлы саласы ретінде жалпы ұлттық өнім құрылымында 32% үлеске ие, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінде -15% алады.

Сүт өнеркәсібі халық шараушылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмірсүру деңгейіне әсер етеді.

Елдің азық - түлік қауіпсіздігі елдің тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың сапалы өнімдерді тұтынудың тұрақты кепілі болады.

Бұл жұмыста Республика және Оңтүстік Қазақстан облысындағы сүт өнеркәсібінің жалпы жағдайы және оны басқару тиімділігі, маңызы қарастырылады.

Әсіресе сүт саласының Облыстағы және Қазақстандағы негізгі көрсеткіштеріне, «ФудМастер - Шымкент Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасы мен халыққа көрсететін қызметтеріне талдау жасау арқылы, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілген.

Әлемдегі сүт өнеркәсіптерінің даму жағдайын ескере отырып, сүт және сүт өндірісінде инновациялық технологияны ендіру арқылы алға шығуға болатындығын атап өтуге болады, себебі бұл салада потенциалды оның дамуына мүмкіндік берітінін көрсетеді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша келесі елдердің тәжирбесін қолданса болады: Канада, Франция, Ұлыбритания және т. б.

2007 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президентінің Халықа Жолдауында атап өткендей 2005 жылы ауыл шаруашылығы секторында өнім бәсекелестігін қамтамасыз ететін өндірістің негіздері құрылуы қажет, өнім өндіру және тұтыну нарықтарының теңдігі сақталып, экспортқа бағыттылықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет. Сүт өнеркәсіптерінің қазіргі уақыттағы негізгі мәселесі, жоспарлау қызметін ұйымдастыру мен ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындардың бірігуінің қиындығы болып табылады. Сондықтан бұл жұмыста сүт саласындағы негізгі мәселелер қарастырылып, оны шешу бойынша ұсыныстар берілген.

І БӨЛІМ. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1. 1 Нарықтық экономикада сүт және сүт өндірісін басқарудың теориялық және практикалық тұжырымдамалары

Сүт - адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді. Келе - келе біздің ата - бабаларымыз сүтті рәсуә етпей сақтау жағын да ойластырған. Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары «дүниеге келсе» керек.

Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі.

Адамзат баласы сүтті сол күйінде де, өнеркәсіп орындары өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де іше алады.

Сүттің тағы бір қасиеті - түрлі азық - түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, углевод, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, әлгі қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіндегі меншіктің әр алуандылығы басқару ісіне жұмыскерлерді тарту мүмкіндіктері мен нысандарының көптігіне, ұжымның өзін өзі басқаруына себепші болады. Меншікке ие болу адамға деген қадір - құрметті туғызатыны сияқты, ол адамның өзіне ризашылығын да туғызады, ал бұл, түптеп келгенде, өзін өзі басқару дейтінге сәйкеседі.

Бәсекенің өршуі мен қаржы қиыншылықтары, нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық өндірісте кәсіпорындарды дамытудың басқа да қырлары - басқарушы қызметшілердің даярлығы неғұрлым жоғары дәрежеде болуын қажет етеді. Сондықтан кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін адам капиталы басым мәнге ие болады. Мұндай жағдайда жұмыскерлердің меншікті иеленуге және басқару ісіне, әсіресе өзін өзі басқаруға қатысуы еңбекті ұйымдастырудың тәсілі, оның ең жақсы амалы ретінде көрінеді. Зерттеулер көрсеткендей, жұмыскерлер басқару үрдісіне тартылып және шешім қабылдауға ықпал етіп отыратын кәсіпорындарда жақсы қарым - қатынас орнап, дау-жанжалдар оңай шешіледі, ұжымның өзін өзі бағалауы әлдеқайда жоғары болады.

Міне осыған орай өндірісті басқарудағы негізгі мақсат - кәсіпорынның алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру және нақты мақсатқа жету ұйымдық, техникалық, әлеуметтік және басқа да жағдайлар қалыптасады. Сондықтан басқару - ең әуелі басқарушылық ықпалдың объектісі болатын және жанама түрде әр алуан нысандағы ақпарат ретінде көрінетін еңбек қызметі, деген қағида қалыптасады.

Нарықтық экономика жағдайында өндірістің және кәсіпорын қызметінің басқа да қырларын: нарықтарды зерттеу мен клиенттердің қажеттерін қанағаттандырудың, инновациялардың, қызметшілер мен қаржыны басқарудың, қоршаған ортаны қорғаудың және басқалардың тиімділігін арттыру қажет. Басқаша айтқанда, әңгіме барлық қосалқы жүйелер мен тұтастай кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі туралы болып отыр, ал оны басқару жүйесі жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан менеджменттің тиімділігі дегенде ең әуелі біртұтас жүйе ретінде ұйымның жұмыс атқару мен дамуының тиімділігін, барлық бастауыш буындар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін басқару ісі бірінші кезектегі міндетке айналады.

Тиімділікті өлшеу мен бағалау әдіснамасын түсіну үшін ұйым қызметінің теориялық байыптамалары мен үлгілерін қарастыру қажет.

Ұйым теориясында кәсіпорынның тиімділігін бағалауға қолданылатын теориялық байыптамалардың өзгеруін, менеджменттің ролін және басым функциялары мен өлшемдерін бейнелейтін төрт үлгі тұрпаты атап көрсетіледі.

Бірінші тұрпатты үлгінің теориялық негізі - ғылыми менеджмент мектебінің ережелері. Кәсіпорын өндіріс құрал-жабдықтары, жұмысшы күші шикізат және материалдар сияқты негізгі өндірістік факторлардың қисынынан тұратын тетік іспетті. Оның мұраттары
- пайданың, табыстылықтың, күрделі қаржының, жалпы капитал айналымының ең жоғары мәні. Сондықтан менеджмент ең әуелі өндірістік факторлардың және бүкіл өндіріс үрдісінің құрылымын оңтайландырушы жедел басқаруға бағдарлануы тиіс. Осыған байланысты ұйым жұмысының тиімділігін бағалау өндірілген өнімнің жұмсаған ресурстарға қатынасы ретінде анықталатын экономикалық көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады.

Үлгінің екінші тұрапаты - ұйымды еңбек бөлінісі принципімен құрылған ұжым ретінде анықтауға, ал адамды еңбек өнімділігінің ең маңызды факторы деп тануға негізделген. Сондықтан бұл үлгі жұмыскерлерге деген ілтипат, олардың уәждемесі, шешім қабылдауға қатысуы, ұйым ішінде адамгершілік қарым-қатынастарды қолдау сияқты элементтерден тұрады. Менеджерлердің басты міндеті - қызметшілерді басқаруды ұйымдастыру, тиісті құрылымдарды реттеу және алға қойған міндеттерді орындауға, дер кезінде шешім қабылдауға қажетті үрдістерді үйлестіріп отыру.

Осы үлгі бойынша жұмыс нәтижелілігінің өлшемі ұйымның адам ресурстарын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыру болмақшы. Бұл еңбек сапасын бағалауға және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі ішкі үрдістерді айқындауға мүмкіндік беретін арнаулы әдіс - тәсілдерді тұжырымдауды қажет етеді.

Осы аталған екі үлгі сыртқы ортаның тиімділікке ықпал-әсерін ескермейтінін атап көрсету керек.

Үшінші үлгіде теорияның басты идеясы қосалқы жүйе мен тұтастай бүкіл жүйе элементтерінің сыртқы ортамен өзара байланысын және өзара ықпалдастығын мойындауда жатыр. Осы тұрғыдан алғанда ұйымдар нарықтың құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады, ал ол болса осы ұйымдардың құырылымын және екі саладағы: сыртқы (білімді қоса есептегенде барлық ресурс түрлері алынатын) және ішкі (ресурстарды өнімге және қызметке айналдыру жағдайларын туғызатын) саладағы басқару жүйесін айқындайды. Ресурстарды стратегиялық басқару менеджерлер қызметінің басты бағытына айналады. Еңбек, материал, ақша ресурстарынан басқа бұл жүйеге кәсіпорынның бағдарламаларын, өнімдерін және саясатын қоғамдық қолдау да кіреді.

Үлгінің төртінші тұрпаты кәсіпорынды іс-әрекетіне ішкі және сыртқы әр алуан топтар мүделері болатын қоғамдық ұйым деп таниды. Осы мүдделерді есепке алғанда ұйымның ресурс шығындарымен салыстырғанда ол ұсынатын қызмет құнының басымдық өлшемі пайдаланылады. Бұл, мәселен, табыс, қоршаған ортаны қорғау, тағы сол сияқты мән-маңызы әр қилы мақсаттың арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті сақтау қажеттілігін туғызады.

Осыған байланысты жұмыскерлердің ынтымақтастығы мен ұйым ісіне қатысушылығын күшейту арқылы жоғары өнімділікке және тиімділікке жету менеджменттің басты мақсатына айналуда. Тиімділікті анықтау ұйымның құндылықтарын таңдауға және саяси бағдарын белгілеуге негізделеді. Сондықтан әлеуметтік - экономикалық тиімділік өлшемдерін пайдаланумен бірге ұйым жұмысты өз мүдделерін бизнес жөніндегі әріптестерінің мүдделерімен ұштастыру, сондай-ақ әлеуметтік - мәдени саясаты ұжымның және тұтастай қоғамның нормаларымен және құндылықтарымен үйлестіру бағыттары бойынша да бағаланады.

Төртінші үлгі бойынша бағалау барлық ынталы топтардың құрамын, серпіні мен басымдықтарын және қоғамдық құндылықтарды ескеруді қажет етеді.

Ірі кәсіпорындардың құрамында көптеген атқарымдылық қосалқы жүйелердің (маркетинг, инновациялар, персоналды басқару және басқа) болуы олардың өзіндік мақсатты нұсқамасы бар екенін және олардың жұмысы соған сәйкес ұйымдастырылатынын білдіреді. (1 - сурет)

Ұйымның тиімділігін өлшеу және бағалау тәсілі

1 - сурет.

Тиімділік өлшемі мақсаттың әр алуандығы мен әр алуан топтардың мүдделері арасындағы өзара байланысты бейнелеуі тиіс. Пайда, оның өсімі ұйымның тиімді жұмыс атқарғандығының бірден - бір көрінісі ретінде қарастырылмайды. Басты назар бір акцияға шаққандағы табыс серпініне, ұзақ мерзімді инвестициялар көлеміне аударылуы керек, бұлар ұйымның экономикалық қана емес, әлеуметтік жағдайын да анықтайды.

1. 2 Отандық кәсіпорындардың нарықтық экономикада сүт өнімдерін басқарудың ерекшелігі мен жаңа технологияға негізделуі.

10-20 жылдан соң өнеркәсіптік деңгейде сүт өнеркәсібі үшін келесі жаңа технологиялар маңызды орын алады. (олар экспериметалды зауыттар немесе лабороторияларда дайындалған) : микробиалды генетика, экзимді реакция, терминалдық емес консервілеу және орамдарды бірнеше бөлімдерде өндіру т. б.

Тамақ өнімдеріне қатысты негізгі үш кретерия бар: дәм, консистенция және тағамдық құндылығы. Соның ішінде тұтынушы шешім қабылдауына дәм әсер етеді. Дәммен консистенция байланысты, себебі ол ауызда дәмді келтіріп, өнім туралы жалпы пікір туғызады. Тағамдық құндылығы өнімді дифференциациялауда маңызды фактор ретінде қолданылады және адамның ағзасының жалпы жағдайы мен денсаулылығына әсер етеді.

Сүт өнімдерінің дәмі жақсы болуы үшін сапаны тұрақтандырып әртүрлі дәм келтіретін қоспаларды қосу қажет. Дәмнің сәйкес болмауы көп тұтынушыларға жағымсыз әсер етеді. Сүт өнімдері өздеріне тиісті консистенцияға сай болуы қажет. Мысалы «Чеддер» ірімшігіне «Камбера» консистенциясы сай келмейді.

Тағамдық жағынан сүт өнімдері жақсы теңестірілген себебі онда ақуыз (белок), майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар қалыпты деңгейде бар. Қазіргі уақытта нарықта қосымша тағамдық қасиетке ие өнімдер сатылады және ол сүттің негізгі компанентеріне негізделеді: антистероопоротикалық; иммундық ынталандырушы, жоғары қан қысымына қарсы; ісік ауруына қарсы, бактерияларға қарсы; вирусқа қарсы т. б. Бұл тізім жылдан жылға ұлғаюда, себебі ғалымдар сүттің жаңа қасиеттері мен пайдалы жағын жаңалық ретінде ашуда.

Сүт өнімдерінің көпшілігі тез бұзылады, сондықтан консервілеу мен қаптау маңызды орын алады, ал дәмді, консистенцияны және тағамдық құндылығын сақтау мерзіміне сәйкес қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл химиялық бұзылудан, микробиалды белсенділіктен және ферменттік реакциядан сақтайды. Тұтынушы қөзқарасы бойынша орамы тартымды, қолайлы әрі берік болувы қажет.

Консервілеу технологиясы ұзақ мерзімде сақталатын өнімдер үшін микроорганизмдерді бұзып, вирустардың алдын алып, кез келген ферментті өлтіреді, ол дайын өнім сапасына әсер етеді. Сонымен қатар өнімнің биологиялық қасиеті де сақталып қалу да маңызды болып табылады. Бұл екі қарама қарсы талапқа байланысты компромисс табу қажет, ол кедергіні технологияны пайдалануды талап етеді. Консервілеу технологиясы тұтынушылар үшін қолайлылықты қамтамасыз етеді, мысалы сәулелендіру технологиясы сирек қолданылады.

Зерттеушілердің оптимизмге сәйкес жаңа идеялар ұзақ мерзімдік өнеркәсіптік шешімдерді тиімді қабылдауға жағдай жасайды. Кейбір жаңа технологиялар мысалы, ультра жоғары қысымды қолдану басқа тағамдарды даярлау технологиясында қолданылғанымен, сүт саласында ол қолданысқа енген жоқ. Сондықтан біз лабароториялық және эксперименталдық жағдайда сынақтан өткізілген технологияларды ғана қарастырамыз, олар тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында аз немесе шектеулі қолданылады.

Жаңа технологияларды пайдалану арқылы сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мен дәмін бақылаудың 2 бағыты бар. Біріншісі - өнімді өңдеуден өткізу барысында дәмін аз өзгерту, екіншісі - жаңа дәмді қосу. Мысалы, ультра жоғары қысымды пайдалану арқылы электрондық өрісті өзгерту арқылы қайнаған сүттің жағымсыз дәмін азайтуға болады. Микромоликуляция болса сүтті құрғату кезіндегі қажетті сапаны сақтап қалуға көмектеседі.

Қышқыл сүтті өнімдерде дәмді байланыстыру микробтардың физиологиясы мен эндримологияда терең білімді талап етеді. Қазіргі уақытта микробиалды генетика үлкен маңызға ие, себебі ол өнімдегі әр түрлі дәмдердің байқалысын күшейтуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндіктер жақын арада әлі жетуге ерте. Сүт өнімдерінің дәмдік сипаты мысалы, ірімшікті алатын болсақ өте күрделі. Ол көп жақты метаболикалық процестің нәтижесінде дайын өнімнің арнайы дәмге ие болуымен байланысты. Сонымен қатар соңғы дәмге әсер ететін дәмдердің көптеген байланыстары бар. Сондықтан барлық дәмдік байланыстардың сипатын білу үшін әрбір өнімнің тегі туралы терең білу қажет.

Сүт өнімдерінің дәмін бақылайтын жаңа технологияның бір микроинкопсуляция деп аталады, және қажетті дәмді енгізетін немесе жоятын дистиляция деп аталатын технология қолданылады.

Осы уақытқа дейін сүт өнімдерінің консистенциясын тексерудің бірден бір әдісі ретінде қажетті дәмді микроинкапсуляция әдісі қолданылады. Сонымен қатар сүт өнімдерінің консистенциясын анықтау үшін оның құрамына бақылау жасайды. Мысалы йогурт үшін компоненттердің байланысын «таңдау» үшін келесілерді бақылаудан өткізеді: ақуыздың (белок) денатурациясы, ақуыздың байланысы, негізгі минералды тұздардың деңгейі мен құрамы, консистенцияға әсер ететін негізгі компонентердің байланысы, мысалы ақуыздың трансглутаминазамен байланысы, қосылатын элементтердің байланысының күшеюін бақылау.

Өндірістік деңгейде құрлымды таңдау және құру үшін мысалы дәнді дақылдар өндірісінде ингридиенттердің байланысын бақылау үшін экструзияның қозғалысы маңызды болады.

Экструзияны пайдалану арқылы балмұздақ және ірімшік өндірісінде үлкен жетістікке жетті.

Сонымен қатар гидроколлойдтарды, крахмалды қолдану сүт өнімдерінң консистенциясын бақылауда қосымша мүмкіндіктерді береді. Тексеру және қателесу әдістері арқылы гидроколоидтардың түрлері мен деңгейлері қажетті консистенция үшін анықталады.

Сүттің тағамдық құндылығын арттыру үшін және сүт өнімдерінің сату көлемін ұлғайту үшін негізгі үш стратегия анықталды:

  1. Сүтті байыту, ол үшін сүт өнімдеріне фиол қышқылы немесе пробиотикалық бактериаларды қосады;
  2. Сүтті өңдеу кезіндегі сүт экстронциясы - ол сүттің қатығынан пантофиринді немесе сүт кальциін бөліп алып басқа сүт өнімдеріне қосуды білдіреді;
  3. Сүт құрамын өзгерту - сүттің ақуызын эндиматикалық гидролизден өткізіп ингибиторлы нептиттер алынады.

Адам ағзасына сүттің нутрацептикалық компонентері пайдалы, олар: понтоферрин, кальций, пантопероксидаз, иммуноглобулин, ақуыз, лимон қышқылы, олигосахарид, фосфолипид және т. б.

Молозивод құрамында нутрацевтикалық компоненттер жоғары, олардың кейбірі сүтке қарағанда жоғары консентрацияларда кездеседі.

Адам ағзасына пайдалы жаңа сүт өнімдерін жасау - бұл әлемдегі интенсивті зерттеулердің негізгі пәні болып табылады.

Зерттеулердің негізгі бағыттары: қосылу технологиясы және оны өндіріске ендіру; сүттің компонентерін анықтау үшін талдау әдісін қолдану; тиімді тестілеуден өткізу, ол үшін invitro тәжірибесін пайдалана отырып клиникалық жағдайда адамдармен жануарларға тәжірибе өткізеді; сүттің биоактивті және өзгерген компонентерін сақтау технологиясы.

Сүт сусындары - инновацияға дайын. Сүт өнімдері мен сүттен жасалатын тағамдар инновациялық сегмент болып табылады. Сүт өнеркәсібі инновация бойынша 8, 5% үлеске ие болып 2001 жылы әлемде төртінші орынды алды. Олар кондитерлік өнімдер, тез дайындалатын тағамдар және соустарды қамтыды. Барлығы 21 топ өнімдер зерттелді, негізгі Еуропалық елдерде сүт өнімдері жалпы инновацияда 11% улеске ие.

Жаңалықтар жылдан жылға артуда, қолда бар өнімдерді қарапайым модификациядан өткізу жеткіліксіз. Мұндай нәтижені Рейттердің зертеулері бар. Ол болашақта инновациялық жаңалықтардың болжамды өсуін анықтады. Жаңа өнімдер дәстүрлі мақсатты сегменттерге ғана бағытталмайды. Мұнда талғамына сай жаңа тұтынушыларға да қажетті өнімдер дайындалады. Сүт және жеміс қоспалары дәстүрлі сегменттен жаңа сегментке өтуге мүмкіндік береді.

Бәсекелестіктің өсу жағдайында жаңа тауарларды нарықта тұрақтандыру мен жаңа сегменттерді анықтау үшін тұтынушылардың арнайы тобының талғамы мен талаптарын дәл анықтап есепке алады.

Тұтыну өзгерсе, онда сатып алу мотиві де өзгереді. Мұнда тек бір қажеттілікті қанағаттандыру қарастырылмайды. Ол үшін бірнеше комбинация қолданылады:

денсаулық + қанағаттану + көтеріңкі көңіл күй = толық жетістікке ие болу.

Бұл формула денсаулық бірінші орынға қойылатын барлық тағам өнімдері үшін қолданылады. Мәліметтерге сәйкес сүт өнімдері 65% үлесінен функционалдық өнімдер сегменттерге салқындатылған сусындар келесі орынға ие. Нарықты зерттеушілер функционалдық өнімдерді тұтыну деңгейінің өсуін жылына 15-20% дан бағалап отыр.

Сүт компонентерін экстракциядан өткізу үшін қосылудың жаңа технологиялары келесілерді қамтиды: молекулярлы баспадан өткен полимерлер; диффузия - мембрана бөлгіші ретінде; түйіршіктерді фракциялау; коллоидты газды қолдану; суперкритикалық сұйықтықтарды экстракциялау; мицелдің кері реакциясы; иондық алмасу, аралас, үздіксіз кальцилі және жоғары өнімділікке ие сұйықтық хралотографиясы, қоспаларды магниттік бөлу т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері.
Қазақстан Республикасьіндағы ауыл шаруашылығы-ның қазіргі жағдайы
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру (ақмола облысының мысалында)
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Сүт зауытының автоматтандырудың техникалық құралдар жиынтығын таңдау
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz