Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және оны жұмсау мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3. Қазақстан Республикасында бюджет айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджетті қалыптастыру жолдары
2.1 Мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2. Республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастырудағы негізгі көздері ... ... ... ..39

3 Тарау. Мемлекеттік бюджетті жұмсау бағыттары және оның тиімділік мәселелері
3.1. Бюджет қаражатының әлеуметтік салаға бағытталуы ... ... ... ... ... ..52
3.2. Ауыл шаруашылығында түпкілікті өнім өндірісін қолдау жолдары ... ... ... 64
3.3. Бюджет қаражатының орындалуын қадағалау және тиімділігін арттыру ... ... ... ... ...76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..79
Қолданылған әдебиеттер ... ... ..81
Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін жиынтық бюджет. Бұл Үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Ол мемлекеттің ақпаратты, Қарулы күштерді, стратегиялық маңызды салаларды дамытуға, қаржыландыруға және елдегі әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуда қаржыландыруға және елдегі әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалынады.
Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуде халық шаруашылығының сан түрлі салаларындағы өзгерістер, дамулар экономиканың тұрақты дамуына ықпал етерліктей көрініс табуы, қажетті бағыттарда бюджеттік қаражат арқылы реттеуді жүзеге асыруға, ынталандыруда субъектілерді шоғырландыра алып қолдау, күтілетін дағдарыстың алдын алу және оған қарсы шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру маңызды құрал болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі салықтар болып табылғандықтан оның қалыптасуында барынша салық төлеушілерге жағдай жасау, олардың өсуіне, өркендеуіне қолайлы жағдайды қалыптастыру, яғни экономиканың нақты секторының агроөнеркәсіп кешенінің шағын, орта, ірі кәсіпкершіліктің және әлеуметтік саланың түбегейлі дамуының арқасында тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге болады.
1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А, Комегин Б.И. Жалпы экономикалық теория –Алматы-Ақтөбе, 2002.
2. Мырзабай А.У. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен рөлі. АльПари, 2004, 1-нөмір.
3. Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Оқулық –Алматы, Санат, 1998.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі –Алматы: Юрист, 2004.
5. 2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы –Алматы:Юрист, 2003.
6. Жалмурзаева Г. К вопросу об управлении региональными бюджетами Қаржы-Қаражат, 2004, 4-нөмір
7. 2004 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы –Алматы:Юрист, 2004
8. Тұрысов К. Казахстан: становление рыночной экономики –Астана: Елорда, 2003.
9. Мельников В.Д. Государственная финансовое регулирование экономики Казахстана –Алматы, Қаржы-Қаражат, 1995.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясат туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. №918, 2004.
11. Қазақстан Республикасының Салық кодексі –Алматы: Юрист, 2003.
12. Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. №302, 2003.
13. Нефтегазовая промышленность Казахстана Деловой Мир, 2004, №4.
14. Мырзабай Л.У. Бюджет аралық қатынас бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі. АльПари, 2004, №4.
15. 2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы –Алматы:Юрист, 2005.
16. Мырзалиев Б., Абдушүкіров А., Түбеков М. Қаржы және несие ресурстарын молайту экономиканы дамытудағы шешуші бағыттары. ХҚТУ Хабаршысы, 2004, 4-нөмір.
17. Храпунов В.В. Региональные аспекты экономической реформы в Казахстане –Алматы: Білім, 1999.
18. Мырзалиев Б., Абдушүкіров А., Түбеков М. Қаржы және несие ресурстарын молайту экономиканы дамытудағы шешуші бағыттары. ХҚТУ Хабаршысы, 2004, 4-нөмір.
19. Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қазан №602-11 заңымен.
20. Бурлаченко С. Экономика бәсекеде де мықты болуға тиіс. Оңтүстік Қазақстан, 2004, №134.
21. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, 2005 жыл 18 ақпан.
22. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалары және оларды шешудің жолдары –Алматы: Қазақстан, 1998.
23. Өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамуы: Статсборник –Алматы, 2005.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
ролі ... ... ... ... ... ...5
2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . .12
1.3. Қазақстан Республикасында бюджет
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджетті
қалыптастыру жолдары
1. Мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2 Республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастырудағы негізгі
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

3 Тарау. Мемлекеттік бюджетті жұмсау бағыттары және оның тиімділік
мәселелері
1. Бюджет қаражатының әлеуметтік салаға
бағытталуы ... ... ... ... ... ..52
2. Ауыл шаруашылығында түпкілікті өнім өндірісін қолдау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
3. Бюджет қаражатының орындалуын қадағалау және тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 81

КІРІСПЕ

Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін жиынтық бюджет. Бұл Үкімет қолындағы ақша ресурстарының
орталықтандырылған қоры. Ол мемлекеттің ақпаратты, Қарулы күштерді,
стратегиялық маңызды салаларды дамытуға, қаржыландыруға және елдегі
әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуда қаржыландыруға және елдегі
әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалынады.
Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуде халық
шаруашылығының сан түрлі салаларындағы өзгерістер, дамулар экономиканың
тұрақты дамуына ықпал етерліктей көрініс табуы, қажетті бағыттарда
бюджеттік қаражат арқылы реттеуді жүзеге асыруға, ынталандыруда
субъектілерді шоғырландыра алып қолдау, күтілетін дағдарыстың алдын алу
және оған қарсы шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландыру маңызды құрал болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі салықтар болып табылғандықтан оның
қалыптасуында барынша салық төлеушілерге жағдай жасау, олардың өсуіне,
өркендеуіне қолайлы жағдайды қалыптастыру, яғни экономиканың нақты
секторының агроөнеркәсіп кешенінің шағын, орта, ірі кәсіпкершіліктің және
әлеуметтік саланың түбегейлі дамуының арқасында тұрақты экономикалық өсуге
қол жеткізуге болады.
Бұл жұмыста негізінен мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда негізгі
көздерді талдауға соның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдерді
анықтау, олардың үлесі әрі жылдар ойындағы өзгерісінің динамикасын талдауға
көңіл аударылды. Сонымен қатар еліміздегі экономиканың шикізат секторына
бағытталғандықтан, мемлекеттік бюджетке түсімдердің басым бөлігі осы
салалардан келеді және мемлекеттік бюджет секторының саласынан түсетін
түсімдерден қалыптасқандықтан оның әлемдік нарықтағы бағаларына тәуелділігі
өте жоғары. Бұл үшін барынша тәуелділігін азайту шараларын атқару, сондай-
ақ өндірісті тиімді әрі өсіре отырып осы жер қойнауын пайдаланушыларға
салық салудың бұдан әрі жаңа шарттарын енгізу. Олардың табыстарының 80%-дан
астамын бюджетке түсімін қалыптастыру, яғни мұнай операцияларынан
кірістерді барынша көп алу.
Мемлекеттік бюджетті қалыптастырумен қатар оның тиімді бағыттарда
орынды жұмсалуы қажет. Сондай-ақ шығыстар елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының басымдықтарын көрсететін нақты бюджетті қалыптастыру мақсатында,
бюджет оның есебінен мемлекеттің ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған
бағдарламаларды жүзеге асырылған ағымдағы бюджет және экономикаға
инвестициялық шығыстарды, яғни инфрақұрылымдарды дамытуға, ғылымды,
білімді, денсаулық сақтауды дамытуға арналған шығыстарды қамтитын даму
бюджеті болып бөлінеді. Жұмсау мәселесінде негізінен әлеуметтік салаға
бағытталуын ондағы өзекті мәселелерді шешу және білім, денсаулық сақтау
саласына бағытталуын, сонымен қатар ауылшаруашылығын барынша қаржылай
сауықтыруы, техникалық жағынан қамтамасыз етуді қаржыландыруды қамтамасыз
ету көзделді. Әрине ең маңыздысы бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын
және игерілмей қалған қаражатты болдырмау қарастырылды.
Бұл бағытта көптеген стратегиялар, бағдарламалар жасалған және ҚР
Үкіметінің фискалдық саясат туралы, орта мерзімді жоспарлары туралы
қаулылары шыққан.
Тақырыптың өзектілігі нарықтық экономика жағдайында, экономиканың даму
бағытының қалыптасуында, мемлекеттік бюджеттің халық шаруашылығының
салаларын дамытудың кешенді жүйесін құруына септігін тигізу.
Орталықтандырылған ақша ресурстарының қоры мемлекеттің өз функциясын
атқаруда стратегиялық маңызды салаларды дамытуды қаржыландырудың
жүйелілігі, ауқымдылығы және елдегі әлеуметтік-экономикалық реформалар
барысын кешенді жүргізуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар мемлекеттік
бюджетті қалыптастыруында шикізат секторының үлесінің басымдығы әрі
экономикалық шикізатқа негізделгендігі, сондықтан экономиканы
әртараптандыра отырып бюджетті қалыптастыруда баламалы көздердің
арақатынасын негіздеу, бюджет қаражатының әлеуметтік салаға бағытталуын
және халық шаруашылығының тиімді салаларын қолдауды қажет ететін салаларды
дамытуға бағыттау.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық барысында отандық
өндірістің өнімдері шетелдік өнімдерге бәсекеге түсе алатын дәрежеде болуы
үшін жағдайлардың жасалу бағыттары айқындалған. Тәуелсіздік алған жылдары
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың салдарынан өндіріс қирап жатты.
Дағдарысқа қарсы бағытталған басқару 2030 стратегиялық бағдарламасы
аясында жүзеге асырылып келеді. Соңғы төрт жылда құлдырау тоқтап енді
экономикалық өрлеу басталды. Өндірістің ішкі жалпы өнімі 9-10%-ға жетті,
бірақ шикізат өндіру 60%-ға жоғары. Қазақстанда өндірілетін тауарлар өтімі
төмен, бәсекеге түсуге жарамсыз. Өйткені отандық өндірістің техникалық және
технологиялық жабдықталуының артта қалушылығы, кешіктірілуі қордаланып
келеді. Осы себептен халыққа жолдауында Елбасы бәсекелесуге қабілетті
экономиканы дамыту мақсатын жасады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен құрамы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және он бір сурет, он кесте келтіре отырып сексен
екі беттен тұрады. Алғашқы тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні,
мұнда мемлекеттік бюджет туралы теориялық түсіндіріліп анықталған. Олардың
жүйесі, құрылымы, қалыптастырудағы түсімдер туралы айтылады. Екінші тарау
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы, яғни бюджетті қалыптастырудағы негізгі
көздер туралы, оның үлесі, өзгерісі және қай секторлардан басым түсетіні
баяндалады әрі талданып көрсетіледі. Соңғы тарау Мемлекеттік бюджетті
жұмсау бағыттары және оның тиімділік мәселелері. Мұнда бюджет қаражатының
жұмсалып жатқан басым салалары, оның игерілуі мақсатсыз жұмсалуларды
болдырмау әрі тиімді салаларға жұмсалуы туралы айтылады.

1 тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мазмұны

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Мемлекеттік бюджет – категория, қоғамдық-экономикалық формацияның
құрылымымен ерекшеленетін, өндірістің тауарлық формасын иеленеді. Оның
пайда болуы және дамуы қаржы ресурсының белгілі бір көлемінде саяси
ұйымдастыру ретінде мемлекет қажеттілігіне шекті байланыстылығы. Қандай да
қоғамдық құрылымның өндірістік қатынасының негізгі ерекшеліктерін мемлекет
қызметінің мазмұны және үйлестіруші механизмі ретінде бюджеттің қолданылуы
анықтайды. Бюджет экономикалық қатегория ретінде объективті сипаттамаға ие.
Бюджет экономика, ғылым, әлеуметтік саланы және басқа мақсатты дамытуға
бағытталған ұлттық табыстың белгілі бір үлесін мемлекеттің жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін, үйлестіру құралы ретінде қолданылады [1].
Мемлекеттің бюджет қаржы жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.
Мұнда оның ережесі негізделеді, ең әуелі оған қарсы қабілеттерімен,
экономикалық қызығушылықтарының әртүрлері мемлекеттің бюджетінде
шоғырландырылады – жалпы мемлекеттік, корпоративтік, топтық, жеке.
Осы кезде бюджет тапшылығы, жинақылығы, үйлесімдігі сәйкес
экономикалық қызығушылықтардың түрлерінің дамуына және керісінше,
экономикалық қызығушылықтар әр түрлерінің өзара қарсылықтарының себебіне
бюджет қаражатының жетіспеушілігін қамтамасыз етеді.
Бір мезгілде бюджетке барлық экономикалық қызығушылықтардың қоғамдағы
түрлерінің аударылуы оның қаржы жүйесінде орталық орын иеленуіне мүмкіндік
береді. Қаржы жүйесінің бірде-бір бөлімі мұндай қабілеттілікті иеленбейді.
Ерекше жағдайда, кәсіпорын қаржысы не жалпы мемлекеттік және коллективтік
қызығушылықтар бюджетке әртүрлі төлемдер түрлерінің жарнасының маңында, не
еңбектің жоғары тиімділігін ынталандыру маңындағы коллективті және жеке
қызығушылықтары. Бірақ кәсіпорын қаржысы бір мезгілде жалпы мемлекеттік,
ұжымдық және жеке қызығушылықты өзара ұштастыруға қабілетті емес. Бұл қаржы
жүйесінің басқа бөлімдерін сипаттайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде комплексті
түсіндіруді жан-жақты тоқталып өтуді талап етеді. Бұл күрделі экономикалық
құбылыстың мазмұнын толық түсіну үшін мемлекеттік бюджет мәнінің барлық
белгілерін барлық жағынан қарастыру қажет.
Қаржылық көзқарас бойынша мемлекеттік бюджет үш мінездемені
иемденеді: біріншіден, бюджет экономикалық категория ретінде, екіншіден,
бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде, үшіншіден, бюджет қаржы
жүйесінің орталық бөлігі ретінде [2].
Бюджет негізгі қаржы жоспары ретінде және қаржы жүйесінің орталық
бөлігі ретінде бюджетті қолдану және бейнелейтінін экономикалық категория
ретінде болып табылатынын атап өту керек.
Экономикалық категория ретінде бюджет сипаттамасы келесідей
қорытындыланады: өзара мемлекетпен бір жағынан, жеке және заңды
тұлғалармен, басқалармен ақша қатынасын жинақтайды. Бұл ақша қатынасы
әртүрлі форманы иемденеді, бірақ барлық оның қабілеті екі жалпы белгіде:
біріншіден, олар үйлестіру процесінде пайда болады, оған міндетті түрде
қатысушы мемлекет болады; екіншіден, олар жалпы мемлекеттік қажеттілікті
қанағаттандыруға бекітілген орталықтандырған ақша қаражаты қорын
қалыптастырумен байланысты.
Бұл қатынас өзара мемлекет және басқа қатысушылармен небары ұдайы
өндіріс процесінде қаржы категориясындағы спецификалық мазмұнын құрайды,
бұл мемлекеттік бюджет деп аталады.
Бюджет “budget” термині ағылшын тілінен аударғанда белгілі бір
кезеңдегі ақшалық табыс және шығыстың жазбасы мағынасын білдіреді.
Мемлекеттік анықтамасы бұл жазбаның мемлекетке тиесілі екендігін
білдіреді[3].
Мемлекеттік бюджет қаржы категориясы ретінде өндірістік қатынастың
нақты барлығын теориялық білдірілуі болады және объективті сипаттаманы
иеленеді. Бұл қатынастардың спецификалық белгіленуін құрайды, ол оның
көмегімен жалпы ұлттық өнім және ұлттық табыс құнын үйлестіру және қайта
үйлестіруі жүзеге асырылады, нәтижесінде мемлекет қаржы ресурсын
қалыптастырады.
Бюджеттік қатынаста үйлестірудің ерекше сферасының пайда болуы, ол
ұлттық табыстың едәуір үлесін мемлекет өз қолында жыл сайын шоғырландыруы
қажет.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында
өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық
табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы
өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару
жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі
қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың
қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу мен қайта бөлумен байланысты оның
қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді[1].
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша ролін айқындайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
еудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.[4]
Ақырында мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
(мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.

Сурет 1.1. Ìåìëåêåòòiê áþäæåòòi ñàïàëûº ñèïàòòàìàñû

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға,
әлеуметтің дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметті
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларды) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп
тұруына қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары
бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене
байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде[4].
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік бюджет

Сурет 1.2. ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû áþäæåò æ¾éåñi

Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті [4];
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация
субъктілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші ролі орталық бюджетте сақталады. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады,
өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және
сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға
және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттерді қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді (Сурет 1.2.).
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі,
атқарылады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Қазақстан Республикасында Бюджет Кодексі белгілеген жағдайларда
төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және
басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры. Республикалық бюджет – бюджет жүйесінің
дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы
республикалық маңызы бар экономикалық әлеуметтік және несиелік даму
саласындағы шараларды қаржыландыруды қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.
Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың ең аз нормативтері
бойынша шығындарды өтеуге өз кірістері жеткіліксіз болған жағдайда олардың
әлеуметтік мәдени дамуын қамтамасыз ету мақсатымен қаржы ресурстарының бір
бөлігі субвенция мен дотация түрінде республикалық бюджет арқылы олардың
арасында қайта бөлінеді [5].
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеті, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері жатады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті –
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз ету жатады [6].
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан
Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық
түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік
қоғамдардан және Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын
түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және
толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі [5].
Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері
мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін
қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ
бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттерді ақтқарылуына, ведомостволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарына
жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алыну керек.
Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға,
анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың
өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Нақтылы
қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті
деңгейлердің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттер қаржы жылына арналған
бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің
жариялануы арқылы қамтамасыз етеді.
Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен
салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарның бағытталуы сияқты шаруашылық
жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады.
Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық
төлемдерін алудың тәртібін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары
туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының
бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің
қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылау
туралы есеп баспасөз бетінде жарияланды. Осылайша бюджеттің кірістері мен
шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары,
тапшылық көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары,
тапшылық көлемі және оны табудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді
көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидалары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет жүйесі туралы, Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы
арнайы заңдарда және басқа заң актілерінде қамтып көрсетілген [7].
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының
қажетті талабы болып табылуы мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жоюға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып
табылады:
мемлекеттік қарыздар;
кредиттік ресурстарын пайдалану;
тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу – ағымдағы
қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша
(қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің
шығыстарын үйлесімді төмендету пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілік
органдары анықтап, бекітеді.

1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және жүйесі

Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық – нысандар бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып
отырады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты
әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларды жүзеге асырылатын
мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты
болады. Бұл кезде мемлекеттік белгілі бір жағдайларда кірістерді
қалыптастырудың және шығыстарды жұмсауды қолайлы нысандары мен әдістерін
пайдаланады.
Кірістердің көздері салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып
табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттері кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалды.
Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы
мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер; салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер; ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы
активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану); қарыздар
түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы;
Өз кезегінде кірістердің:
- салықтық түсімдері;
- салықтық емес түсімдері;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері болып екіге бөлінеді:
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады [4].
Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке
өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттік
қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Бюджет кодексіне және Қазақстан
Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша
бюджет кірістері болып табылады.
Салықтық түсімдері – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтындардан басқа, Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының басқа
да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын
төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде
берілетін ақша.
Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып
табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті
сатудан түсетін ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе
оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген
жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден
түсетін ақша;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін
ақша.
Ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері.
Бюджетпен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер
бойынша (қайтару негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы несиелендіру)
мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай
қаражаттардың түсуі болып табылады [5].
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету шығыстар борышқа қызмет ету
функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және
кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және
қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы
министрлігіне бөле отырып жүргізіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттің қайтарымды негізде бөлінген
кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан ауып
түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының
көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық
бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің тапшылығы ұлттық
валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер
мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және
қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі.
Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы
ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюждет тапшылығын (профицитті
пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі
шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1. Тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен,
коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу
бойынша, шығыстарды жабуға бағытталған жыл басындағы бюджет
қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар
тарту;
2. Профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі
бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай
бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомостволық, және экономикалық
сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын
шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол
кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық
сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттік
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарымен, болжамдарымен және
бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомостволардың, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке
сметалар мен қаржы жоспарларынан құрама сметалар мен жоспарларға
біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша
тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді [8].
Бюджеттік жоспарлау – мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына
бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай
жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық
даму негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен оларды атқару
процесінде бюджет жүйесі буындарының арасында қоғамдық өнімді табысты бөлу
және қайта бөлуде болып отыр.
Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік
бағдарламасының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи,
материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға;
2. заңнамалық актілермен кірістерді республикалық және жергілікті бюджеттер
арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдардың
шешімдерімен – кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар)
бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге;
3. заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге
берілетін субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік
алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін, облыстық өкілді органдардың
шешімдерімен – облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін
белгілеуге;
4. Қаржы министрлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерінен түсетін түсімдер сомасын анықтауға;
5. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және
жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті қаржы жылының
аяғындағы борышының лимитін белгілеуге;
6. Үкімет белгілейтін тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарататын
қарыздар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге.
Қазақстан Республикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға
көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына
айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және салыстырмалы тез
өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді
мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы
қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын опарациялардан түсетін
кірістердің көлемі.

Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес республикалық бюджетке
түсетін түсімдер мыналарды қамтиды: [4].

1. Республикалық бюджеттің кірістері. Олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдердің түсімдерінен
(корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, импортқа
салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдер мен
салықтары, әкелетін тауарларға салынатын кеден бажы, әкелетін тауарларға
салынатын баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен төлемдер);

ә) салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім,
Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сыйақылар; республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан
түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына
түсетін дивиденттер; мемлекеттік лотереядан алынатын кірістер; жер қойнауы
туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер; республикалық бюджеттен
кредиттер берілуі үшін алынған сыйақылар; республикалық меншікті мүлікті
жалға беруден алынатын түсімдер; тәркіленген мүлікті белгіленген тәртіппен
республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер;
соның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режіміне рәсімделген
тауарлар мен көлік құралдары; Қазақстан Республикасы азаматтарының
төлқұжаттары мен жеке куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен
мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсыруға немесе оны өндіріп
алудан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға немесе
оларға теңестірілген қызметкердің құнын өндіріп алудан алынатын сомалардың
түсімдері; өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппұл
сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп белгіленген казино,
тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді
қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен
алынған кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да салыққа
жатпайтын түсімдер);

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден:
мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және
мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдер;

Мына төмендегілерден ресми трансферттерді (гранттарды):

а) заңды және жеке тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден;

ә) бюджеттік алынымдардан;

б) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі
борышты өтеуден.

I. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
1. Корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның
ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға,
орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
3. Газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер,үстеме пайдаға
салынатын салық, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента
салығы;
4. Бонустар, роялти, Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар
бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
5. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы
автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа,
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп
өткені үшін алым;
6. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;
7. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу
үшін алынатын алым, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
9. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
10. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
11. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін
төленетін төлем, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін
телем;
12. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жануарлар дүниесін пайдаланғаны
үшін төленетін төлем;
13. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін теленетін төлем,
республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін
төленетін төлем; әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары,
кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін
түсімдер, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын
баждар;
14. Консулдық алым, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа
сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға
мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж,
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін мемлекетгік баж;
15. Жүргізуші куәліктерін бергендігі үшін алынатын мемлекеттік баж, көлік
құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын
мемлекеттік баж, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері
нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын
мемлекеттік баж болып табылады.
II. Республикалық бюджетке түсетін салыктық емес түсімдер:
Республикалық меншіктен алынатын кірістер, республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне
дивидендтер;
Республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер,
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын кірістер;
Екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздардың
қаражатын орналастырғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлтгық
Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар
(мүдделер);
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер; республикалық
меншіктен түсетін басқа да кірістер; республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері; республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар,
санкциялар,өндіріп алулар;
Республикалық бюджетке түсетін салыктық емес басқа да түсімдер болып
табылады.
III. Негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерге
бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін;
2. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетін;
3. Мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін
ақша болып табылады.
IV. Республикалық бюджетке ресми трансферттердің түсімдері:
1. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінен түсетін ресми трансферттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорынан республиқалық бюджетке түсетін нысаналы трансферттер болып
табылады.
2. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің
республикалық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, үкіметтік қарыздардан
түсетін түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
1. Облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері
бойынша жеке табыс салығы, облыстық мәслихат белгілеген
кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем, облыстық маңызы
бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені
үшін алынатын алым; облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем, жер үсті су
көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін теленетін төлем;
3. Орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жергілікті маңызы бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін
төлем болып табылады.
VI. Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:
1. Коммуналдық меншіктен түсетін кірістер, облыстық әкімшіліктің шешімі
бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы
бөлігінің түсімдері, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік
акциялар пакеттеріне дивидендтер, облыстық коммуналдық меншіктегі
заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, облыстық коммуналдық меншік
мүлкін жалға беруден түсетін түсім, облыстық бюджеттен берілген
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
2. Уақытша бос бюджет ақшасын депозит орналастырудан алынған сыйақылар
(мүдделер), облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер,
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін
түсімдер, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша
түсімдері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
салатын айыппұлдар, өсімпұ.л, санкциялар, өндіріп алулар, облыстық
бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер болып табылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды
сатудан облыстық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

VII. Облыстық бюджетке түсетін ресми трансферттердің түсімдері:
Аудаңдар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен түсетін ресми
трансферттер;
2. Республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер болып табылады.
Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің
облыстық коммуналдық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, облыстардың
жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсімдер облыстық
бюджетке есептеледі.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер
1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық
түсімдер:
жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жер салығы;
бірыңғай жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына
салынатын салық;
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа да
бұйымдарға; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бекіре және
қызыл балық уылдырығына; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған
атыс және газ қаруына (мемлекеттік билік органдәрының мұктаждары үшін сатып
алынғаннан басқа); ойын бизнесіне; лотерея ойынын ұйымдастыруға және
өткізуге; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл
автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және
дизель отынына акциздер; Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төленетін төлем;
орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; қоршаған ортаны ластағаны үшін
төленетін төлем; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарды
пайдаланғаны үшін төленетін төлем; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін
төленетін төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қызметтің
жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым; заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын
алым;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль
жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым; консулдық алымнан және
республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа,
мемлекеттік баж; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге
құқыктарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алынатын алым; қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастырғаны үшін теленетін төлем болып табылады.
2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық емес
түсімдер:
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша
құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің
түсімдері; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық
меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер; республикалық
маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды
тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер; республикалық маңызы бар
қаланың, астананың өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін
мемлекеттік лотереялардан түскен кірістердің түсімдері; республикалық
маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға
беруден түсетін кірістер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
2. Уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар
(мүдделер); жер учаскесін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен
түсетін басқа да кірістер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар
(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік
сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімі; республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджетінен қаржылаңдырылатын мемлекеттік мекемелер
салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін салықтық
емес басқа да түсімдері болып табылады.
3. Негізгі капиталды сатудан республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджетіне түсетін түсімдер
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік
мүлікті сатудан түсетін ақша; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
болып табылады. Республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін ресми
трансферттердің түсімдері болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген
кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының
қарыздарынан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджетіне есептеледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері:
1. Облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке
табыс салығы; облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері
бойынша әлеуметтік салық;
2. Жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды түлғалардың мүлкіне
салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды
тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; Қазақстан
Республикасының аумағында ендірілген темекі бұйымдарына; Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа да
бұйымдарға; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бекіре мен қызыл
балық уылдырығына; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған атыс және
газ қаруына (мемлекеттік билік органдарының мұқтаждары үшін сатып
алынғаннан басқа); ойын бизнесіне; лотерея ойынын ұйымдастыруға және
еткізуге; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл
автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және
дизель отынына акциздер;
4. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; жеке кәсіпкерлерді
мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қызметтің жекелеген түрлерімен
айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым,
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге
құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
5. Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастырғаны үшін теленетін төлем;
6. Консулдық алымнан және республикалық бюджетгің есебіне алынатын
мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері
Бюджеттік қатынастарды басқару және реттеу
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Бюджеттік жүйе
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Пәндер