Сальмонеллез


Сальмонеллез және оны алдын алу шаралары.
Сальмонеллез - жануарлар мен адамдардың жіті жұқпалы ауруы, көбінесе тағам өнімдері арқылы таралады және асқазан-ішектің зақымдануымен сипатталады. Сальмонеллез бүкіл әлем бойынша таралған ауру.
Ауру қоршаған ортада тіршілікке қабілетті бактериялармен қоздырылады. Ашық су қоймаларында және ауыз суда олар 11 күннен 120 күнге дейін, ет және шұжық өнімдерінде 60-130 күнге дейін, мұздатылған етте 13 айға дейін, тоңазытқышта сақталатын сүтте 20 күнге дейін, сары майда 120 күнге дейін, жұмыртқа мен сырларда 13 айға дейін сақталады. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында сальмонеллез қоздырғыштары тек қана сақталынбайды, сонымен қатар көбейеді. Олар төмен температураға төзімді, бірақ 50 0 С жоғары температурада жылдам, ал 100 0 С температурасында лезде жоғалады. Көңде және нәжісте Сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталады.
Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстары, науқас адамдар және бактерия тасымалдаушылары негізгі жұқпа көзі болып табылады.
Алиментарлық жол - жұқтырудың негізгі жолы болып табылады. Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, устрицалар, таңқышаяндар, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. Ауруды су арқылы жұқтыруға болады.
Инкубациялық кезең - сальмонеллез қоздырғышының адам ағзасына түсу сәтінен клиникалық көрсеткіштердің көрінуіне дейінгі уақыт бірнеше сағаттан 3 күнге дейін созылады.
Көбінесе ауру жіті басталады, бастапқы кезеңінде интоксикация көрсеткіштері көріне бастайды: әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 39 0 С көтерілуі, қалтырау. Аурудың қызу кезі бір тәуліктен кейін басталады, сол кезең тәбеттің бұзылуымен, лоқсумен, құсумен сипатталады, жасыл түсті сұйық нәжіс, үлкен дәретке баруы тәулігіне 10 ретке дейін болады.
Сальмонеллез емхана ішінде ерекше дәрі-дәрмек кешенінің қолданумен емделеді.
Сальмонеллездің алдын алу жөніндегі маңызды іс-шаралар:
Ет өндіру кәсіпорындарында, кондитерлік цехтерде, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында технологиялық үдерісті сақтау. Тұрмыста әрқайсымыз қарапайым ережелерді сақтап, сальмонеллез ауруынан сақтала алады.
Үйде, қоғамдық орында, демалу аймақтарында жеке гигиенасын сақтау қажет.
Тағам өнімдерін, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін дайындау және сақтау ережелерін сақтау қажет.
Жеміс-жидектерді, көкөністі таза ағынды сумен, қайнаған сумен жуу қажет. Белгісіз су көздерінен, әсіресе ашық су қоймаларынан суды ішуге болмайды.
Ауруды емдеу қиын, ал оны алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет.
Сальмонеллез инфекциясының алдын алу
Сальмонеллез - сальмонелла тобына жататын көптеген қоздырғыштары бар жедел ішек ауруы. Ғалымдар сальмонелланың 700-ден астам түрін анықтаған. Олар қоршаған ортаға төзімді, төмен температурада ұзақ сақталады. Азық-түліктерде, әсіресе жұмыртқа, май, сүт және сүт өнімдерінде тез көбейе алады. Бұл инфекция жас нәрестелерде ауыр түрде өтеді.
Сальмонелланың негізгі тасымалдаушылары - ірі қара мал, шошқа, құстар, соның ішінде суда жүзетін құстар.
Адамдар ауру қоздырғышы бар тағамдарды (ет және ет тағамдары, жұмыртқа) пайдаланғанда немесе оларды дайындау, тасымалдау және сату барысында, тағамды дұрыс кулинарлық өңдеуден өткізбегенде, белгіленген температуралық тәртіп бойынша сақтамаған жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанады. Айта кететін жайт - сальмонелла тағамның органолептикалық қасиеттерін, яғни түсі, дәмі, иісін өзгертпейді.
Ауру жедел басталады, науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, адам қалтырап тоңа бастайды, бас ауруы, құсу, ішек бұзылысы болады, сырқаттану әртүрлі формада өтеді - ауру белгілері байқалмай, кейіннен өлім жағдайына алып келетін ауыр түрінде де көрініс табады.
Аурудың туындауында сырқаттану белгілері байқалмайтын науқастар аса қауіпті болып саналады. Ондай адамдар өздерінің науқастанғанын білмейді және күнделікті өмірде айналасындағы адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Мәселен, өткен жетіде сальмонеллез ошағында сальмонеллез бактериясын тасымалдаушысы анықталды, дені сау адамға ауру жұқтыруы ғажап емес.
Сальмонеллезбен сырқаттанған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз. Ерте басталған ем өзіңіздің және өзгелердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтады.
Сальмонеллезбен күресудің негізгі жолдары мыналар:
Мал өнімін белгіленбеген сауда нүктелерінен сатып алмаңыз;
Тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
Шикі және піскен ет, балық және көкөністерді өңдеу барысында бөлек асханалық тақтада және бөлек пышақ пайдаланыңыз;
Дүкеннен жұмыртқа сатып алғаннан кейін үйде оларды жуыңыз (сабын - содалы ерітіндісімен) және ұзақ уақыт термиялық өңдеуден өткізіңіз;
Қауызы бұзылған жұмыртқаны сатып алмау («бой»), сыртында қан тамшылары немесе көң іздері бар жұмыртқаны пайдаланбаңыз;
Тағамдардың пайдалану мерзімін және температуралық режимді сақтаңыз. Дайын тағамдарды мүмкіндігінше бірден пайдаланған дұрыс. Қалған тағамдарды тоңазытқышта сақтау және қолданар алдында қайнату қажет.
Осындай жеңіл ережелерді орындау сальмонеллез ауруына шалдықпаудың кепілі бола алады.
Сальмонеллез Оның бактериялары тамақ арқылы жұғады.
Сальмонелезден сақтану шарттары мынандай:
* Қатып тұрған шикі етті жылы суға салып жібітуге болмайды. Өйткені, ондайда сальмонеллездің көбеюі қарқынды жүреді.
* Піспеген етті дайын тамақпен қатар қоюға болмайды.
Мынандай ережелер де қатаң сақталуға тиісті:
* Ет, балық, жұмыртқа сатып алынған кезде әрқайсын жеке полиэтилен қалтаға салады.
* Тоңазытқышта шикі етке, балыққа арналған арнайы ыдыстың болуы қажет; Шикі етпен піскен етті арнайы бөлек тақтайлар- да, бөлек пышақтармен турайды;
* Дайын тағам өнімдерін (ет және ет өнімдерінен жасалған) қолданар алдында жылумен қыздырып, өңдейді;
* Кремі бар кондитер- лік өнімдерді, салаттар- ды тәуліктен артық сақта-майды;
* Азық-түліктің жарам-дылық мерзімін қарап, анық- тап алғаннан кейін ғана сатып алып тұтынады;
* Жеке саудагерлерден бәліш, самса, шұжық, мәнті алмайды; * Ауырып қалған жағдай- да міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс. Үйде тамақ-тан сальмонеллез ауруымен бір адам сырқаттанып қалса, оны басқалардан бөлектейді, оңашалайды. Ас ішетін ыдысы да бөлек бо-луға тиіс. Үйді күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп тұрады. Өйткені, сальмонеллез бактерияларының үй- де ұзақ сақталуы мүмкін. Емдеу ерте басталса, ол созылмалы түрге ұласпайды. Буын ауруы Буын ауруынан аяғын баса алмай, құшағын аша алмай қалатындар көп. Халық емінде сыздаған буынды, қақсаған сүйекті мынандай қоспамен емдеп жазады:
1 ас қасық құрғақ қышаға (горчица) 1 ас қасық күн-бағыс майын, 1 ас қасық бал қосып, бәрін араластырады, үстіне бір тектес соқтаға (масса) айналдыратындай мөлшерде су құяды. Осы қоспаны қозғалтпай сыздаған буын, сырқыраған сүйекке жағады.
2011 жылдың 2 айы ішінде облыс бойынша сальмонеллездік инфекцияның 17 оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 жағдайға артық. Сальмонеллезді инфекцияның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр.
Эпидемиологиялық зерттеу барысында сырқаттанушылардың 41, 1 пайызы ауруды еттен және ет тағамдарынан, ал 11, 7 пайызы салат пен жұмыртқадан жұқтырғандары белгілі болды.
Аурудың таралуына сырқаттану белгілері байқалмайтын науқастар да аса қауіпті болып саналады. Ондай адамдар өздерінің науқастанғанын білмейді және күнделікті өмірде айналасындағы адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Мәселен, жақында сальмонеллез бактериясын тасымалдаушы анықталды. Сальмонеллезбен сырқаттанған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз. Ерте басталған ем өзіңіздің және өзгелердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтады.
Сальмонеллез - сальмонелла тобына жататын көптеген қоздырғыштары бар жедел ішек ауруы. Ғалымдар сальмонелланың 700-ден астам түрін анықтаған. Олар қоршаған ортаға төзімді, төмен температурада ұзақ сақталады. Азық-түліктерде, әсіресе, жұмыртқа, май, сүт және сүт өнімдерінде тез көбейеді . Сальмонелланың негізгі тасымалдаушылары - ірі қара малы, шошқа, құстар.
Ауру жедел басталады, науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, қалтырап тоңа бастайды, құсу, ішек бұзылысы байқалады. Сырқаттану әртүрлі формада өтеді - ауру белгілері байқалмай, кейіннен өлім жағдайына алып келетін ауыр түрінде де көрініс табады.
Сальмонеллезбен күресудің негізгі жолдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz