Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ. . . 3: 1МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын тәрбиелеудің жолдары . . . 6
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдіс тәсілдері . . . 12
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың педагогикалық мәні . . . 20
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 2 Дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың ерекшеліктері . . . 25
:
КІРІСПЕ. . . 3: Қорытынды . . . 31
:
КІРІСПЕ. . . 3: Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33
:
КІРІСПЕ. . . 3:
:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі мектепке дейінгі мекемеде балалардың ақыл ойын қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.

Мектеп дейінгі мекемеде балалардың ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепке дейінгі мекемеде берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық мектепке дейінгі мекемеде оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Баланы даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1] .

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы балалардың ақыл ойын қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап балалардың ақыл ойын қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз [2] .

Осыған орай мектепке дейінгі мекемеде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының ақыл ойын қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Оқу-танымдық және ойын іс-әрекеттінің психологиялық негізін М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдаұратов, Г. М. Қасымова және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған.

И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов және т. б. еңбектерінде балалардың ақыл ойын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен технологиясы анықталған [3, 4, 5] .

Елімізде балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісінде балалардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру мәселелері Г. Е. Алимұхамбетова, Қ. А. Аймағамбетова, А. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Л. Х. . Мәжитова, Ә. Мұханбетжанова, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Р. С. Омарова, Н. Қ. Тоқсанбаева, Т. С. Сабыров, оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, Қ. Шалғынбаева т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім беру (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұхамбетова т. б. ) ; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Ә. Ә. Жолдасбеков, М. Н. Сарыбеков т. б. ) ; оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру (Ш. Т. Таубаева, С. К. Кенжебаева, Е. Ж. Рысбаев, А. С Ж. Оңалбек, Б. А. Тұрғынбаева А. К. Сариева және т. б. ) . Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда маңызды болып табылады [6, 7, 8] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген.

Ақыл ойды қалыптастырудың негізгі бағыты - баланы қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті туралы оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, М. Т. Тұрыскелдин, . Иманбеков зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балалаардың дамытушы ойындар арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі мектепке дейінгі мекеме жағдайында балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі мектепке дейінгі мекеменің нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану ” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың педагогикалық мәнін айқындау;

- Дидактикалық ойын материалдарын пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын тәрбиелеудің жолдары мен әдістерін қарастыру

З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, бастауыш мектептің оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл ойын тәрбиелеудің жолдары

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді.

Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі - ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық[28] .

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек[29, 30] . Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: « . . . өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар . . . ». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т. б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш. Ибраев. А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Тиіп кетсем сөзім жоқ,

Бір қыз ұстап беріңдер!. .

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Тотияйын салайын,

Оң көзіңе топырақ,

Ал, ұстап көр, батырым,

Топырағын алайын,

Міне, келе жатырмын!

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді[31] .

Халық арасында «Денсаулық - зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т. б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.

Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

Ұлттық ойынның бірі - «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үрдісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын қолдану
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz