Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1 Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма . . .
1. 1. Физикалық-географиялық орны және жер бедері . . .
1. 2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары . . .
1. 3. Климаты және ішкі сулары . . .
1. 4. Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі . . .
2. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ . . .
2. 1. Экономикасы . . .
2. 2. Мұнай және газ өндірісі . . .
2. 3. Ауыл шаруашылығы. Балық кәсіпшілігі . . .
2. 4. Маңғышлақтың өндіріс кешені . . .
3. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1. Су ресурсына геоэкологиялық жағдайдың әсері . . .
3. 2. Атмосфераға геоэкологиялық жағдайдың әсері . . .
3. 3. Топыраққа геоэкологиялық жағдайдың әсері . . .
3. 4. Адам денсаулығына геоэкологиялық жағдайдың әсері . . .
3. 5. Геоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары . . .
қорытынды . . .
пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1960-жылдардан бастап ‘’қазыналы түбек’’ атанған Маңғыстаудың мол байлығын игерумен байланысты, мұнда, көптеген өндіріс салалары дамып, бұрын халық өте аз мекендеген өлкеге мыңдаған мамандар келіп, жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды. Солардың ішінде, Ақтау қаласы, өзінің архитектуралық көркемдігі жағынан, тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып отыр. Табиғаты қатаң аймақта халық мекендеген жерлерді көгалдандыру аса жауапты іс.
Сонымен түбек байлығын игерумен қатар, ел қоныстанудың алғашқы жылдарынан-ақ қаланы көгалдандыру жұмыстары кең көлемде жүргізіле басталды. Себебі, отырғызылған ағаш, бұта, көгал-шөп пен гүл алаңдары сол жерді мекендеген мұнайшы, кеншілердің мекен-жайларының санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартып, еңбек пен тұрмыстық деңгейлерін арттыруына қажет болды.
Түбекті үш жағынан тұзды теңіз суы қоршағанымен өз жерінде тұщы суы жоқ, нағыз шөл. Жалпы Маңғыстау түбегі, оның ішінде облыс орталығы Ақтау қаласының табиғи жағдайы, оның теңіз жағалауында орналасуына қарамастан, ауа райы өте қатал аймақ. Маңғыстауда дүние жүзінде кездесетін шөлдердің барлық түрлері кездеседі деуге болады. Бұл жөнінде еліміздегі белгілі шөл зерттеуші ғалым, профессор Б. А. Федорович ''Шөл әлпеті’’ деген кітабында Маңғыстау шөлін төмендегідей суреттейді: ''Егер сіз жер шарындағы шөлдердің барлық түрлерінен мағлұмат алғыңыз келсе … онда Маңғыстаудан артық жерді таба алмайсыз [1] . Бұл аймақта, аз ғана кеңістікте, қорықтағы сандықшадай шөл табиғатының әр түрлі көріністерінің барлық арсеналдары жиналған. Осы қорықтағы сандықшада аса мол байлық ешкім тимеген күйінде жатыр. Маңғыстау ''мақауы’’ көптеген пайдалы қазба байлықтарды шығару мен өдірудің үлкен өндірістік орталығына айналатын уақыт келедђ ''. Бұл сөзді автор 1950 жылы жазды
Маңғыстау сусыз шөл екені айтылды, көгалдандыру мәселесі-ағаш, бұталарды, көгеріс шөп-гүлзарларды қолдан суармайынша болмайтыны анық. Міне, сондықтан да бірінші мәселенің шешілуі тұщы суға тірелді. Қала жағдайында, бұл мәселе, аса қуатты теңіз суын тұщыландыратын атом электростанциясы арқылы шешілген. Ақтау қаласы дүние жүзіндегі ауыз суы осы тәсілмен қамтамасыз етілетін қазірше жалғыз қала. Бұл, тұщыланған су, тек тұрмыстық қажетке емес, сонымен қатар, көгерістерді суаруға пайдалынады. Мұның мемлекетке өте қымбатқа түсетіні де белгілі. Дегенмен халық мүддесі үшін мемлекет осы шығынға барып отыр. Тағы бір ескеретін жағдай-тұщыландыру қондырғысынан құрамында ешқандай тұзы жоқ, таза су шығады. Қолдан тазартылған су бүкіл Мемлекеттік стандарт талабына сай. Ал көгалды дақылдарға құрамында шамалы тұз ерітінділері бар су қажет. Сондықтан бұл тұщыланған суға жерасты ұнғымаларынан жеткізілген тұзды сулармен араластырып суаруға пайдаланылады. Бұл жағдай судың құнын біршама арзандата түседі.
Ал, көгалдандыруды шешудегі екінші басты мәселе-жергілікті топырақтардың экологиялық-мелиоративтік жағдайлары. Біздер ‘’топырақтардың жергілікті экологиялық-мелиоративтік жағдайлары’’ деген мәселеге тегін көңіл аударып отырғанымыз жоқ. Себебі, жергілікті топырақтардың құнарын қолдан арттырмайынша ештеңе өспейді. Ал жақсартудың бұл аймақтағы басты шарасы-суару. Түбірі латыннан алынған ’’мелиорация’’ деген сөз қазақша ‘’жақсарту’’ деген мағынаны білдіреді. Ал, мұндағы топырақтарды жақсарту үшін, олардың жергілікті табиғи жағдайлары және түзіліп, қалыптасу ерекшеліктері, яғни ‘’экологиялық’’ болмысы үлкен маңыз атқарады.
Түбек байлығын халық шаруашылығына түбегейлі игеру- мәселесі бұл аймақтың топырақ жағдайларын да терең зерттеуді қажет етті. Себебі, мұндай зерттеулерсіз жаңа салынып жатқан қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, шамалы болса да тасымалдауға жарамайтын азық-түлікпен жергілікті халықты қамтамасыз ету мүмкін де емес.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. жұмыстың негізгі мақсаты - Маңғыстау өңірінің экологиялық жағдайына талддау жасау және оны шешу жолдарын көрсету болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері Зерттеу жұмысына 2006--2007 жылдар аралығындағы автордың жеке ізденістері нәтижесінде, тақырыпқа орай жинақталған мәліметтері мен ғылыми әдебиеттер, картографиялық және басылымдар қорындағы деректерді талдауы негіз болды. Сонымен қатар, Қазақ Ғылым Академиясының Ө. Оспанов атындағы топырақтану институтының профессоры Е. Ү. Жамалбековтың басқаруымен, 1960 жылдан бастап, соңғы жылдарға дейінгі жалғасқан зерттеулері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дмпломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін 3 суретпен, 4 кестемен жабдықталды. Жұмыстың көлемі // бет, қолданылған әдебиеттер саны //
1. Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттама
1. 1 Физикалық-географиялық орны және жер бедері
Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады. 1988 ж. қайтадан Атырау облысы қарамағына берілді. 1990 ж. Маңғыстау дербес облыс атанды.
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16, 7 млн га, оның 12, 7 млн га-ы жайылымдық жер болып есептелінеді. Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Европаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстанмен, оңтүстік шығысында Қарақалпақстанмен, солт. мен солт. -шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп, күнбе-күнгі тығыз байланыс мүмкіндігінде Ақтау форты қазақ мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Сондай-ақ Ақтау әуе қолы қатынасының да дүниежүзілік маңызы бар қатынас жолына айналып, Алматы - Ақтау - Стамбул ұшағы ұша бастады. Маңғыстау облысы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы қытымыр, тым ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, нағыз континенталь-шөл далаға жатады. Осы жерде өсетін закөл қойы, қазақтың түсайыр түйесі, қысы-жазы жайылыммен өсіп-өнген Адай жылқысы осы аймақтың қым-қиғаш, айнымалы табиғатының өзіне лайықты түліктері болып табылады. Маңғыстау өңірінде өнеркәсіптің 1960 жылдардан бастап қауырт дамуына байланысты бұл аймақ тек қана мал шаруашылықты аймақ емес, өндірісі жан-жақты жедел дамыған ірі өнеркәсіпті облыстар деңгейіне көтерілді. Дүниежүзілік маңызы бар мұнай мен газ қоры, жылдам нейтронды энергия көзі, стратегиялық-қорғаныстық маңызы бар бағалы рудалар мен минералдық тыңайтқыштар, көмірдің мол қоры, құрылыстық ұлутас, ақ боры мен әлі алынбай жатқан табиғи асфальты (кир) бар аймақ. Бұған қоса Маңғыстаудың емдік суы мен байлығы, шұбаты мен қымызы әлі де болса тереңірек игерілуін күтіп жатқан әлеуметтік тұрғыдағы табиғи мүмкіндіктер көзі болып саналады. Маңғыстауда шикізат өндірумен қатар өнеркәсіптің шикізатын өңдейтін саласы да қауырт дамып келеді. Өзен жағалауындағы Қазақтың газ айдау заводы, Ақтаудағы пластмасса, кен байыту заводтары, БН-350 ре-акторы, Италиямен бірігіп салынған тіс пастасын шығаратын заводы қазіргі таңда халық игілігі үшін қызмет жасайтын ұжымдық еңбектің ұйтқылы орындары болып есептеледі. Сондай-ақ Ақтау қаласында құс фабрикасы, ет комбинаты, сүт заводы, көкөніспен жабдықтаушы 6 га «Шаруа» жылыжай ұжымдық шағын кәсіпорны жұмыс жасайды.
Қазір Маңғыстау облысының шаруашылықтары мен қожалықтарыңда 650 мыңнан аса қой-ешкі, 50 мыңға жуық жылқы, 35 мыңға тарта түйе өсіріледі.
ә) Жер бедері. Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай да көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырылған ұлан-ғайыр кеңістік Маңғыстау жері болып табылады.
Маңғыстауды 1950 ж. далалық байқаудан өткізген жайылымдық-мелиоративтік трестің мәліметіне қарағанда түбектегі жер бедерінің алуан түрлілігі айқын байқалады. Осы экспедиция байқау жүргізген 6 млн. 245 мың га жерден егіншіліктің үлесі 0, 01%, жайылымдық - 75, 1%, құмдық жер - 5, 5%, сор - 10, 2%, аңғар, жар, егістік алқап - 6, 4%, тақырлар - 0, 6%, сулы жерлер -1, 3%, басқалай пайдасыз, қолайсыз жерлер - 0, 89% болып келеді. Маңғыстау облыстарына қарасты жер өзінің рельефтік ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді.
Бозащы түбегі. Бұған Бозащы жарты аралы түгелімен кіреді. Бұл жарты аралдың орта жоны бір қалыпты қоңырлы, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен ащылы соранды кебіртең, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Жарты аралдың шығысы теңіз деңгейінен - 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен көмкеріле келіп, оңтүстікінде теңіз деңгейінен - 24 м төмен жатқан Қаракешу, содан батысқа қарай - 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал терістік батысы мен терістігі теңіз деңгейінен - 19-27 мтомен жатқан Каспий теңізімен қоршалған. Орталық таулы Маңғыстау. Бұған батыс және шығыс Қаратау жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тізбектері кіреді. Бұл өңір өзінің жер бедері жағынан тектонико - эрозиялық және аридті-денудациялық (судан, желден, мұздан беті тегістеліп кеткен) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жер бедері сан алуан биік шоқылар, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген терткілдер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан құрылады. Таулы Маңғыстау - ұзындындығы 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батыс және шығыс Қаратаумен оған жарыса жатқан оңтүстік және солтүстік Ақтаулардан тұрады. Орташа биіктігі 300 - 400 м, биіктігі 532-556 м-ге жететін От-ман, Бесшоқы Қаратаудың ең биік таушоқыларының санатына жатады. Қаратау сілемдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қарамая, Кендірлі сілемдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты солтүстік және оңтүстік Ақтауларда батыс басын Таушық, Дәніспан маңынан бастап тұмсығын Үстірт шыңына тіреп, терістік беті Күйекжол арқылы
Ал оңтүстік Ақтау солтүстік Ақтауларға қарағанда аласалау болып келеді де оңтүстік және оңтүстік батысқа қарай аласарып, бірте-бірте оңтүстік Маңғыстау жазығына жалғасады. Батыс аймақ - Түпқараған т ү б е г і . Түбек солтүстік және батыс беті Каспий теңізімен қоршала келіп үстіңгі беті бір тегіс жазықтық бола биіктігі 140-200 м теңізге үңілген жағалық шындар сілемін құрайды. Шың жағалауында солтүстіктен оңтүстікке :<арай әр түрлі ұзындықта орналаскан және бірнеше бұтақтарға тарамдалған ірілі-уақты сулы, сусыз алқаптар, тұйық сайлар кездеседі.
Оңтүстік батыс адырлы айм а қ . Таулы Маңғыстаудың оңтүстік бетіндегі Ақтаулар оңтүстік - батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жері тегістікке ұштаса көпшілік жері жыра, сай, әр түрлі салаларымен жинақтала келіп, сусыз үлкен аңғар-алқап құрайды. Батыс жағының ені 5-6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыздан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңтүстікке қарай Ұзын-бас сайымен ұштаса Байқасқа тауының астымен Қарақия ойпатына құлайды. Қарақия сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы көлемі 27000 га. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Шығыс құмдық ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Итқара құмы, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бостан құм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шыңтауларымен қоршалған. Құмдық аудандардың тау сілемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан ары құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтың ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін ең қолайлы қыстақ орындар болып есептелінеді. Шығыс құмдық ауданның жалпы жер көлемі 220 мың га-ға жуық.
Оңтүстік Маңғыстау жазығы. Оңтүстік Маңғыстау жазығы терістігін Өзен, Жетібай дөңінен бастап оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, оңтүстік - батыс беті Каспий теңізін жағалай Бегдашыға тірелсе, оңтүстік -шығысы Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы Сақ - сорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорға барып тіреледі. Жалпы көлемі бүкіл Маңғыстау жерінің жетіден біріне жуығын алып жатқан бұл тегістік өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз алдына бөлек, бір аймақ болып есептеледі. Керісінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қауынды, Жазыгүрлі) немесе әр түрлі формадағы жан-жағы төрткіл қыраттарымен көмкерілген терең шұқыр, астау ойлар, шөпті-шөпсіз төбелер, бір-біріне тіркесе қатар түзеген төрткіл белес-белес қаражалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып, қабыршық тас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере бастайды.
Оңтүстік Маңғыстау жазығының негізгі өсімдігі татыр, түбі бос ұзын сабақты боз жусан, ол да келдеу-көлдеуде ғана кездеседі. Сонымен қатар қатқылдық-тегістікке ауысар тұста күйреуік, бұйрығын, бұталардан қаттықара өседі. Оңтүстік Маңғыстау жазығы жерінің сортандығы мен шөбінің ащылығына байланысты тек қана күз, қыс айларында болмаса наурыз айы туысымен мал ұстауға қолайсыз.
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Ү с т і р т . Үстірт жоны Маңғыстаудың Қаройынан Күйкеннің тұмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қараған-Босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек, Сүйірше сияқты жағалай ұшпа шындар мен жарқабақты таулар бөліп тұрады.
Үстірт жонына Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түлейлері орналасқан. Түлейдің өзі және оны маңайлаған жердің топырағы бос, сортаң тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу келеді. Оңтүстік - шығыс Үстіртке қарай шөп, жусан азайып көбіне бұйрығын, сиректеу күйреуікпен алмасады. Одан әрі солтүстік -шығысқа қаптаған қара баялыш, ойдым-ойдым жусан, бұйрығынды құба жондар жалғасып кетеді. Үстірт жонының құйқалы жері - негізінен Көкесем құдығынан басталып Сарықамыс бағытына қарай созылып жатқан Мұзбел жотасынан терістікке қарай, сондай-ақ ең жақын деген Сыпырашың ернегінен бастап Үстіртке қарай есептегенде 50-70 км - ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердін жайалысы құнарлы болып келеді.
1. 2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
Маңғыстау жер қыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дәуірі шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған әр түрлі жыныстардан тұрады. Маңғыстау жерін Каспий теңізінің жартылай қоршап жатуы және оның деңгейінің бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайында орналасқан аймақтардың ауа-райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геологиялық құрылымына да айтарлықтай әсер еткені даусыз. Түбектің кез келген бұрышынан мұнай мен газдың атқылауында бір кездегі осы аймақты қымтай құшағына алып, кейін тартылып қалған Тетис мұхиты мен оның қазіргі замандағы көзі Каспийдің атқарар орны орасан зор. Сондықтан да мамандардың дәлелдегеніндей қазіргі Маңғыстаудың жер қыртысындағы көрер көзге сайрап жатқан геологиялық түзілімдердің көпшілігі бұл аймақтың түгелімен су астында жатқан көне дәуірімен тұстас келеді. Палеозой дәуірінің соңы мен мезозой дәуірінің бас шамасындағы пермь, триас кезендерінен ( бұдан бұрырынғы 190 млн. жыл шамасы) қалған құм, тас, саз, сланец, көк сұр әк тастар қазіргі Қаратау баурайларынан жиі кездеседі. Батыс және шығыс Қаратау мен оның сілемдері сол пермь және триас кезеңінің шөгінділерінен түзілген ежелгі жыныстары болып табылады.
Юра (бұдан 140-150 млн. жылдар бұрын шамасы) кезеңінің қалдықтары құм, саз карбонатты жыныстар күйінде түбектің өне бойынан түгел табылады.
Маңғыстаудағы юра қабаты шамамен 1300 м-ге дейін жетеді. Жетібай, Өзен кен орындарында бұл қабаттан қазірде мұнай алынып отыр.
Маңғыстауда ең көп кездесетін тау жынысының бірі бор (бұдан 115-120 млн. жыл шамасы бұрын) кезеңінің қалдықтары. Солтүстік пен оңтүстік Актау және олардың арасындағы ірілі-уақты алқаптар негізінен бор ) ірінің шөгінділері құм, тастан ақмергель ор, өктас, саз тастардан тұрады. Бор дәуірінен қалған, жел мен судың және күннің әсерінен адам таңқаларлық әр түрлі бейнедегі отыр тастарды жиі кездестіруге болады. Кайнозой дәуірінің палеоген (30-65 млн. жыл шамасы бұрын) кезеңінің жұрнақтары түбектің кез келген пұшпағында кездеседі. Палеогеннің аяқ кезеңі олигоцен тұсында (бұдан 30-40 млн. жыл шамасы бұрын) теңіз қайтадан тасып, қазіргі Маңғыстау түп-түгел су астында жатады. Бірақ теңіз қайтадан қайтып тау жоталары пайда болып, қара жер көріне бастайды. Неоген тұсы (20-30 млн. жыл шамасы бұрын) кезінде Каспий оқтын-оқтын тасып, Оңтүстік Маңғыстау жоталарын қайта-қайта су басып, қазіргі ұлутастар қабатын құраған. Геологиялық жас дәуір бас-аяғы ең соңғы бір млн. жыл ауқымымен шектелетін ширектік кезеңнің қалдықтары да бұл түбекте өте мол. Каспий жағалығы, Қарақия ойпаты мен Бозащы түбегі сол ширектік кезең шөгінділерінен тұрады. Жоғарыдағы көріністерге қарағанда Маңғыстауда алғашқы құрғақ жер триас дәуірінің аяқ кезеңінде, бұдан 190-200 млн. жылдар шамасында қазіргі Қаратау қыраты жатқан тұстан пайда өңір көп уақытқа дейін су астында Қаратаудан кейін орталық Маңғыстау мен Үстірт судан босаған; Бозащы түбегі тіптен беріде құрғаққа айналған деген қорытынды шығарылуда.
Сан ғасырлар бойы табиғаттың осыншама таңқаларлық мол өзгерістері Маңғыстау жер қойнауын қабат-қабат қазынаға толтыра берген.
Маңғыстау даласын мұқият зерттеген көрнекті бұрынғы Одақтық дәрежедегі Ғылым акдемиясының коррозиы мүшесі Б. А. Феодоровичтің пайымдауынша ежелгі өзендер Палео - Амудария, Палео - Еділ. Палео-Кура, Оңтүстік Каспий ойпатына құйғанда, теңізге орасан көп тұнба ағызып әкеліп отырған. Әр түрлі қалындықта қордалана жинақталған тұнбалар, шөгінділер кейін мұнайлы алқаптарға айналған. Белгілі палео-географ, геология-минералогия ғыылым докторы Н. И. Марковскийдің пікірінше, Жетібай және Өзен кендері ежелгі Өзеннің сағасының орындарынан табылып отыр. Ол айтылып отырған өзен шамасы осыдан екі мың жыл бүрын Каспийге кұйып жатқан көне Яксарт (Амудария) болса керек («Природа» журналы, № 2, 1976, 107-6. ) . Маңғыстауда мұнаймен бірге табиғи газдың да қоры өте көп мөлшерде аталады. Сондай-ақ бұл өлкенің төмен және жоғары юра қабатынан тас көмір табылды. Ал бор дәуірінің шөгіңділері қабаттарыңда фосфорит кені көп кездеседі. Н. И. Андрусов олигоцен қалдықтары қабатынан марганец кен көзін ашты. Қаратаудағы пермь, триас қабаттарының бірнеше жерінен мыс, темір кендері табылды. Темір кендері сол сияқты юра және төмендегі бор қабаттарында ұшырасады. Маңғыстау мен Үстірттегі плиоцен қалдықтары қабаттарынан аса құнды құрылыс материаддары ұлутас кен орындары көптеп ашылуда. Өлкеде бұлардан басқа силикат, құм, кобальт, қорғасын, калий, магний, ас тұздары, кесек күкірт, ақ бор кендері барлық ауа райы.
1. 3. Климаты және ішкі сулары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz