Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары


Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік
тағылымдары
Мұхаммед Хайдар Дулати Ұлы жүздің Жетісу өлкесіндегі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Дулатидің ата бабалары Моғолстан мемлекетіне қарасты Оңтүстік Шығыс Қалзақстантның Қырғыстанмен Шығыс Түркістанның саяси өмірінде белгілі кісілер болған Ұлы атасы 1480 жылға дейін Қашқарияаны билейді, әкесі Мұхаммед Хусаин Моңғолостанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Анасы Хуб Нигар ханым Жүніс ханның қызы. Ол үндістандағы Ұлы Моңғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир аддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Оның балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің қысымымен Орта Азиядағы Темір әулетінің күйреу, Моңғолстанның ыдырау және қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұтас келеді. 1508 жылғы бір соғыста әкесі каза болып, туыстары оны Кабулдағы Бабырға жіберді. Мұхаммед Хайдар Дулати Бабырдың Мауаннахар жорығына қатысады. 1512 жылдан Сұлтан Саид ханның Қашқардығы сарайында тұрып, көрнекті әскери басшы және сарай қызыметкері болды. Әбу Бакирмен бірге 1514 жылғы Қырғыстанға, Оңтүстік Қазақстандағы, Тибетке жасалған аскери жорықтарға қатысады, хан мұрагері Әбу ад Рашид сұлтанға тәрбиеші болады.
1553 -ылғы хан тағына отырған Әбу ад Рашид Дулат тайпасының басшылары қатты қуғынға ұшырады, оның немере ағасы Сайд Мұхаммед мырза Дулатты өлтіреді. Осы жағдайдан қауіптеніп ол Үндістанға кетуге мәжбүр болды. Ол мұнда монғолдар сарайының әскер басы болды. Кашмирді жаулап алып, оны билеп тұрды. 1551 жылы жергілікті тұрғындардың көтерілісі кезінде қаза табады.
Бабырдың айтуы бойынша Мұхаммед Хайдар Дулати жан жақты білімді болған. Сол кездегі саяси оқиғалармен қоғамдық қайраткерлерді, сондай ақ Қазақстан мен Орта Азия Монғолстанның өткен тарихын, әсіресе Дулат тайпасының тарихын жақсы білген. 1541- 46 -ы23ары Ка5мир3е «Тарих и Рашидиді» жазады. Мұнда Дулат тайпасының ұрпақтан ұрпаққа жеткен тарихи әңгімелері, монғолдардың аңыздары, монғол хандары сарайында сақталған ресми құжаттардан қызықты деректер келтірілген. Парсы тілінде жазылған осы еңбекте өзінен бұрынғы ғалымдар Жувейнидің, Жамал Қаршаның, Рашид ад Диннің, Хамдолла Казвинидің, Абдуразак Самарканидің т. б тарихи шағармаларына сілтеме жасалған. Мұнда сондай ақ орта Азия қазақтар тарихына байланысты өте құнды мәліметтер бар. Шығармада XV-XVIғ. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайда, қала және егіншілік мәдениеттері, Жетісудың тарих географиясы туралы құнды деректер кездеседі. Осы еңбекті XVI-XIXғ. Дағы өмір сүрген көптеген ғалымдар (Амин Ахмет Рази, Махмуд бей Вали, Мухаммед Азат т. б) өз шығармаларында пайдаланған. Кейіннен бұл еңбек түрік тіліне аударып бастырады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди"еңбегі туралы Ш. Уәлиханов Жоңғария очерктерімен (1861), Тарихи Рашидиден үзінділерінде сындарлы пікірлер айтқан. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Жаһан неме атты көркем дастан жазғаны оның тамаша ақын болғаныныкң жақсы айғағы. Мұхаммед Хайдар Дулатидің шығармалары туралы зерттеулер ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған. Бұл жерде орыс ғалымдары В. В. Вельяминов Зернов, В. В. Бартольд, Н. Петровский, И. Н. Березин, А. Крымский, Е. Бертельс, А. П. Чулошников, Вильгельм де Рубруктарды ерекше атап өтуіміз қажет.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің мұрасын зерттеуден қазақ оқымыстылары да сырт қалмаған. Мұнда Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұландардан бастап, М. Қозыбаев, Б. Көмеков, К. Байпаков, Ә. Дербісалиев сынды ғалымдарды жылы лебізбен атап өтуіміз абзал. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір сүрген дәуірдің (ХҮ ХҮІ ғғ. ) өзіншілік ерекшеліктері бар екендігін де атап өтпесе болмайды. Бұл билік пен байлық үшін үздіксіз күрес жүріп жатқан қиян кескі ұрыс, жанжалдың қосарласа, қазақ елінің іргесін қалана бастаған қазақ мемлекетінің сан алуан мәселесі туындап тұрған аласапыран кезкң еді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірге аса құштар, қолынан келмейтіні жоқ бесаспан, сегіз қырлы бір сырлы тұлға болып қалыптасқанын жоғары да атап өттік. Ол көп нәрсені бастан кешіріп, өзі тікелей араласқан сол кездердегі қазақтың дәстүр салты мен мінез құлықтарын тайға таңба басқандай көрсете білген. Ғұлама ғалым шығармасында ұлан ғайыр қазақ жерінде болған небір қиян кескі соғыстар мен ірі оқиғаларды шебер суреттейді. Дала ойшылының еңбегінде қазақ жерінің жер, су аттары, Ыстықкөл, Мерке, Кеңсу, Ертіс, Ешім, Шу, Қапал, Кеген, Жаркент т. б. жиі кездеседі. Бұған қарап оның қазақ жерінің ой шұңқырын жетік білгенін байқаймыз. Мұнда қазақ ру, тайпаларының аттары, сондай-ақ осы елдің қабырғасы қалануына ат салысқан батыр бабаларымыз мен елбасылары туралы деректер баршылық.
Кітаптың кіріспесінде үш нәрсеге ерекше көңіл аударылады. Оның біріншісін ғұлама былай деп түйіндейді: - «елден естіген оқығаларды қысқаша сипаттап, көзбен көргендерімді кеңірек қайырдым, көрген білген нәрселерді парасаттылықпен түйдім». Мұхаммед Хайдар шығармашылығының арқауы - ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы барша жұртты ұзарлық кесір кесапаттан сақтандыру, елді күйзелтетін іс-әрекеттерді болдырмау жағын ойластыру, көпке өнегелі істермен сыйлы бола алатыны ел басшыларының психологиясын көрсету дер едік.
«Тарихи Рашиди» де аталмыш мәселелер жайлы сөз қозғаған ғалым қоғам өмір бойы зұлымдықтан неге арылмайды, қайткенде адамдар рахат өмір сүруі керек, тіршіліктің түбегейлі мәселелері неге келіп тіреледі дейтін сауалдарға шама шарқынша жауап іздегісі келеді.
Оның пікірінше, біз өмір сүріп тұрған дүниеде достық пен татулықтан басқа құндылық жоқ, елдің мамыражай тыныш өмір сүрген кезінде кіршіксіз достыққа негізделген бағыт орнайды. Бірақ бұндай жағдай ылғи да бола бермейді. Сондықтан да әр кез көңіл-күйді көтеріңкі ұстап, жан-дүниемізге қуат беріп отырған абзал. Мұндай қасиет әсіресе басшыларға ерекше жарасады. Осындай қасиетке ие болған ел басшысы елді ыдыраудан, күйреуден сақтап қалады.
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кездері құрылабастаған қазақ хандығының күш-қуатын ерен тұлғалардың, аса қабілетті басшылардың қадір-қасиеттеріне қарай таразылайды. Ол елбасында жүрген атақты адамдарды сипаттауға ерекше көңіл аударады. Оның ойынша білікті елбасшысы мемлекет күштілігінің тұтқасы. Автор осындай ерен тұлғаның біріне Қасым ханды жатқызады. Қазақта «Қасым салған қасқа жол» деген ұлағатты сөз бар. Хайдар Дулати осы сөздің мән мағынасын түсіндіреді. Қасым хан билік құрған кезіндегі қазақ хандығы өзінің саяси әлеуметтік қуаты мен бүкіл Еуропа жұртына алғаш мәлім болды. Хандықтың территориясы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауына басталып, оңтүстік батысы Түркістанға дейін жетіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптарды қамтыды. Хандық халқының саны бір милионнан асты, орыс князі Василий ІІІ бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақтар дербес этнос ретінде Батыс Еуропаға мәлім болды. Бұл жөнінде Австриялық Зерберт Гербертштейннің «Мәскеу істері жайындағы жазбалар» атты еңбегінде қызғылықты деректер келтіріледі.
Қасым хандығы кезінде ел басқару ісінде қолданылатын әдет-ғұрып заңдарының ережелері жасалады. Бұл заңда көтерілген ережелер:
- мүлік заңы (жер, мал-мүлікті иемдену мәселесі),
- қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран салған кісілерді жазалау тәртібі),
- әскери заң (қосын жасау, аламандық міндет, ер-азамат пен тұлпардың құны жайлы),
- емшілік мәселе (халықаралық қатынастағы әдептілік, сыпайылық, шешендік өнер),
- жұртшылық заңы (түлен тарту, ас, той, мереке үстінде қолданысқа түсетін ережелер жасауыл, береуіл, тұтқауылдардың міндеті) .
«Қасым салған қасқа жолдың» заңдары ешбір өзгеріссіз ХVІІғасырға жетіп, Есім ханның (1595-1693ж) ол кезінде «Есім салған ескі жол» - дан жалғасын тапқан.
Сонау ережелер жоқ ерте заманда Шығыс Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фараби елбасшының бойында 18 қасиет болу керек деген еді. Осы іспеттес тұжырымға бұдан Vғ кейін Мұхаммед Хайдар Дулатида келген сияқты. Оның пікірінше ел басқару қыры мен сыры мол - ерекше өнер. Бұл адамды киелі екі қасиеттің болуын қажет етеді. Біріншісі: қайтпас қажырлық, алыстан орағытатын салиқалы зерде, терең ақыл - парасат. Екіншісі: төзімділік пен батылдылықты шындайтын қайтпас қажыр-қайрат. Мұхаммед Қайдар Дулати мұндай қасиеті бар пенденің іс-әрекеті қылыш пен садақтың күшінен анағұрлым артық деді.
Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашидиі қазақ хандығының оңаша отау тігіп, шаңырақ көтеріп жатқан кезінде жазылғаны белгілі. Бұл кез қазақ еліне Керей хан биліктен кетіп, Жанібектің ел жұрт тізгінін қолына алған кезең еді.
Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп, қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі - «Тарихи Рашиди». Мұның авторы - тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына батыс ғалымдары қызыққанымен, өз ұрпағы ұзақ уақыт бойы назар аудармай келді. Біз бүгін де дерекнама ретінде сол батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сене аламыз. Трихшы қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтіреді. Бірақ, қазір зерттеліп, зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
Тарихи Рашидиді жазған Мұхаммед Хайдар Дулатиді 1499ж Ташкент қаласында, Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күйеу баласы, ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді. Оны атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерді Мырза Хайдар аталады. Тахаллусы (бүркеншік есімі) аяз бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай жеп жазылған: «Алланың рақымы түскен пендесі, әлиім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімі мен танымал болған». Мен Алланың әмірімен, аса бір қабілетім асап-тасып баражатпағанымен, ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, Аллаға мінәжәт етіп, қолыма қалам алдым. (қолжазба, бірінші дәптер, З-б)
Шығарманың қазақ тарихынеа байланысты беттерін әңгімелемес бұрын оның есіміне жалғанған бабалық атауы - Дулаттар жайында бірер сөз қозғайық. Қазақ шежіресінде Дулат - үйсеннен тарайтын тайпа ел. Олай болса, біздің заманымыздың жыл санауынан бұрын ғұмыр кешкен Үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрамындағы тайпа. Ал б. з Іғ Үйсін мемлекетінің 120мың түнінде 630мың жан, 188мың 800атты әскер болғаны Қытай жазбаларына белгілі. Таяу арада бұл күні деректі қытай жылнамаларынан толықтырып, Шыңжан қазақ тарына « Ханнама», «Батыс өмір шежіресі» секілді еңбектер ұсынылды.
Хайдар мырзаның Дулат тегі сол Үйсін заманынан басталады. Үйсін күнбиінің бір ұлы Далудаға еншілікке Іле бойын береді. Бұл ел далу (Дулу, Дұғылат, Доғылат) аталады.
С. Е. Мало втың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы Бумын Қаған, оның інісі Естемес қаған да Дулу болған. Дулулардың бір бөлігі Һундар мен, Моншақ ханның баласы Атыл (Махммуд Ибн Уәлидің «Бақр әл-Асрар фи Монакибі әл-Ахиарда» еңбегінде Атил Еділдің ежелгі атау) әскермен Еуропа жорығына қатысты. Көптеген түркі тайпалармен Басмыл, найман, қоңырат үйсін тайпалармен, дулаттар 515 жылы Жужандарға бағынышты болуын тоқтатып, Юсбан одағын құрды. Оларға Бумын қаған, Естемес қаған қолбасшы болды.
«Дулу қағаны Естеместің ордасы, -деп жазады. Қазақ энциклопедиясында, - көне Құяс (қазіргі Алматы обылысы Кеген ауданы маңында, Жалаңаш бөктерінде болған) ».
Наршаһйдің Гумилевтің жазбасына қарағанда Естемей өзінің бар ғұмырын жорықта өткізген, қырық бес жыл аттан түспей Орал тауы мен Еділ бойлап, Каспий теңізін жағалап Памирді бөктерлеп, Хантәңірді айналып түрік елінің шекарасын белгілеген, Бұл деректерде алты жүз жыл өткеннен кейін де Құсайынның ұлы Махммуд Хашқари « Диуани лұғат ат түріки шығармасында: « Қазіргі бүкіл түрік елінің шекарасы Абискүн (Каспий) теңізінен айналып Рүм елінен, Өзкенттен шығысқа дейін созылады. Ұзындығы сегіз мың парсақ», -деп жпзпды. Соған қарағанда Естемес қағанның кейінгі ұрпағы ел шекарасын бұрынғыданда кеңейткен болды ғой.
Бұл кітаптағы дерекке қарағанда 14-16 ғасырларда Моғолстанға, моғол мемлекетіне қараған Жетісу, Қашқар аймағы- кезіндегі үйсін мемлекеттік бірлестігінің иелігі еді. Дулат үйсіннен тараған тайпа. Мұхаммед Хайдар Дулатидің бабасы Уртубуға манғол хандары Қашқардағы манғылай Сүмбені тегінен елікке бермегені осы жерде мәлім бола түседі.
« Тарихи-Рашиди де», «Қазақ жағдайының ерекшелігі олардың хандары, оларға мұндай ат берілуінің себептері, олардың құлдырауы» деген тарауда бар. Траудың аталуынан ақ қандай деректер айтылатынын аңғарасыз бұл тарихи энцлопедиялық шығарма. Онда бүгінде қираған жұрты ғана қалған, заманында гүлденген қалалар қатарында айтылып, Шағатай тұсында астана болған, қазіргі Жаркент (Панфилов) қаласынан өтетін Құлжа жолдың Қорғас тұсында, Іленің бойында жатқан Алмалық туралы: «Тағы бір қала- Алмалық, оның орналасқан жері қазір де белгілі, онда Тұрғылық Темір ханның құлыптасы, ғажайып қаланың орны сақталған» делінеді. («Тарихи-и-Рашиди», қолжазба, 121-б) . Одан бері бес жүз жылға таяу уақыт өтті, бірақ әлі күнге дейін іздеу салған ұрпағы жоқ.
Автордың тарихшы аталуы, шығармасының естелік қана емес, тарихи жазба аталуының негізгі себебі-оның өз заманынан бұрынғы түрік халқының өмірінен, жалпы азия тарихынан, Тұран елінен мағұлмат беретін тарихшы, этнограф, саяхатшы, географтардың шығармаларынан деректер пайдаланып, көптеген жұмбақ деректерндің сырын аша білуінде болу керек. Ойымыздың тірегін « Тарихи-и-Рашидидің» беттерінен қарастыру керек. Онда тарихшы моғолдардың атадан балаға қалып, желісі ұзілмей келе жатқан аңыз-әңгімелерімен қатар Мір Қияс ад-дин Мансұрдың «Жами-и-гити-нумасын», Йақұттың «Мұлхакат ас-саурахын», Фазылаллақ Рашид ад-диннің «Маджма ат-тауарихын» («Жами ат-тауарих») . Хамдаллах-Мустауф Қазунидің «Суфар-и ақалим», «Тарихи-и манзумын», Ұлықбектің «Ұлыс арбасын», Хазрат Маулан Мұхаммед Қазының «Силсиат әл-арифиннің», Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасын» пайдаланған.
Ендігі туындайтын сауал: «Тарихи-и Рашиддиді» кейінгі замандағы тарихшылар дерекнама ретінде пайдаланады ма? Әрине, ХVІ-ХІХ ғасырлар аралығында көптеген тарихшылар, әдебиетшілер, жыршылар (Әмин Ахмет Рази, Махмұд бен-ули, Мұхаммет Азам, т. б. ) одан өз туындыларына дерек алған.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ақындық мұрасынан қалған бірден бір шығарма- ертегі үлгісімен құрылып, түрік тілінде жазылған-«Жаһаннама» дастаны. Шығарма Берлин қалалық кітапханасында сақттаулы. Мұны башқұрт ғалымы Ахмет Заки Уәли ұшыратқан. Қолжазбаны 1814 жылы Молда Омар ибн- Қашы көшірген. Көлемі 125 бет. Оқырмандарымыздың қолына әлі тиген жоқ.
«Тарихи-и Рашиддиден» алғаш орыс тілінде ұзінді аударған-В. Вельяминов-Зернов. Қазақстан тарихшыларынан «Тарихи-и Рашиддиді» парсы тілінен тәржімелеуді алғаш қолға алған Қазақ ССР ҒА Тарих, археология және этнография иниституның қызметкерлері-К. Пишулина- Жандосова мен Н. Меңғұлов. Бұлар тек аудармашы ғана емес, осы еңбекті зерттеп, тарихи басылымдарға, «Қазақ совет энциклопедиясына» мақала жазушы ғалымдар.
«Тарихи-и Рашидиди» орыс, өзбек, қазақ тілінде де толық ауларылып жарық көрмей отыр. Көлемі 50 баспа табаққа жуық, қазақ тарихы үшін аса құнды шығарманы Ташкенттегі Шығыстану иинститутының ғалымдары орыс тілінде аударуды аяқтап келеді. Бұл еңбек өзбек қазақ тіліне аударылып жатыр. 450 жылдан бері жерлестерінің қолына тимей, өз отанына жарияланбай келе жатқан ғылыми қазына.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың Моғолстан кезінде билік жүргізген ата-бабалары былай таратылады: Бобдахан- Ұртубу- Болатшы- Құдайдат- Сейіт Ахмет- Сейітәлі- Мұхаммед Хайдар. «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйенсек, бұлардың билікке бәрінің қолы жеткенімен атақты қолбасшы болғандары- Ұртубу, Болатшы, Құдайдат. Осылардың ішінде тарихта ерекше аталатыны- Болатшы. 1360-62 жылдар шамасында қайтыс болады. 1359 жылы ол құндызда Тұғылық Темір ханнан моңғол тілінде, моңғол әріпмен жазылған мадақтама (грамота) алады. Ол бойынша хан Дулат тайпасының әмірлене тоғыз түрлі артықшылық береді. Болатшының бауыры Түлект те, Кәмелладин де ұлыс бектері һәм әскери қолбасшы болған. Соңғысы Тұғылық Темірдің баласы Ілияс Қожаны өлтіріп, Моғолстанда өкімет билігін қолына алады. Ал Сейіталы әмір Уәйіс ханның (1428) кәменгерін қуып шығып, Қашқарда ұзақ жыл билік жүргізеді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың атасы Мұхаммед Хайдар Қашқариды билеген. 1480 жылы оны өзінің жиені Әбубакір Ташкентке қуып жіберген. (Бұл дерек »Тарих и Рашидиде» жазылады. )
Тарих и Рашидиде Хайдар мырзаның қолында билік болған бабаларының бәрінің есіміне Дулат жалғанып отырған. Солардың мымықтылары ұлыс бегі Құдайдат Дулати мен Кәмаләддин Дулати. Құдайдат моғолдың алты ханың таққа отырғызып билік етсе, ал Кәмаладдин Моғолстандағы билік үшін өмір бақи Ақсақ Темірдің тұқымымен жауласып откен.
Сонымен жоғарыда келтірілген деректерге қарап, Хайдар мырзаның есіміне, оның бабаларының аты/жөніне Дулат тайпасының атауы бекер қосарланбағанын байқаймыз. Оған тағы бір тиек оның ата\бабасының Қашғария мен Жітісуға билік жүргізгендігі. Әрі ол елдің Моғолстан, Моғол мемлекеті аталуының себебі де бұл аймақтардың ықылым заманнан өз жері, өз қонысы, иелігі екенінің бір дәлелі.
Солай дегенмен де, көне тарихтың қоржының ақтарсаңыз бүгінгі Орталық Азияны мекендейтін түрік халықтарының тарихы, мәдени мұрасы, қаласы мен даласы да ортақ. Сондықтан қандай да болмасын ғалымдардың, жыраулардың мұрасын сирағынан тартып, қызғаныш туғызып, алакөзденіп бөлшектеу ортаға шоқ тастау, арандату, жауластырудың өзге ешкандай да пайдасы жоқ. Бұл ой көптен бері айтылып келеді, бірақ ұрпақ алмасады, өмірге жаңа перзенттер келеді, оның әрбір кезеңінде қайталап айтып, жазып отырмаса ұмыт болатының куәсі болып отырмыз.
Орайы келгенде айта кетейн, 60жылдардың ақырында барлық Одақтас Республикалар ұлттық энциклопедия шығаруға кірісіп, ^Анау ғалым біздікі, мынау ғалым сіздікі^ деген күңкіл әңгіме баспасөз бетінде де ара\тұра жарияланып, тіпті энциклопедиялық басылымның алғашқы томдарында да жарияланып қалды. Соған байланысты Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан энйиклопедистерінің бас қосқан құрылтайы өтті. Сондай мынадай бір ойымды ортаға салып едім; Біздің бабаларымыз өте көрген, кеменгер адам болыпты, кейнгі ұрпақтарымыз жеке\дара ел атанып, отау тігіп, ватанға (отанға) айналғанда құлағымызды шуылдатып жүрмесін деп, отырықшылары ныпсысына кешенінің, шаһарның атын жалғап; Бируни, Самарқанди, Қашқари, Ақсикети, Фараби, ал көшпенділері; Дулати, Жалайри, Қыпшахи деп тайпалық, елдік атауын жалғапты. Сондықтан, сол елдімекенді, кешенді, шаһарды бүгінгі ұрпақтары иемденіп, тайпа есімдерін солардың ұрпағы өз санатына қосқаны жөн болды, - деген едім. Одан бері не оқиғалар бастан өтпеді. Қалай дегенмен де түрік жұртының қайсысына болса да сол атаулар жат емес, тіпті Әбунасыр әл - Фараби, Әбуәли ибн Сина адамзатқа ортақ тұлғалар емес пе! Солардың қатарына Хайдар Дулати да жатады. «Тарих-и- Рашидидің» өзге тарихи шығармалардың ерекшелігі- ондағы тарихи ата, жағрафиялық атауларға ғылыми түсінік беріп отырмаса, бүгінгі оқырманға ұғымсыз жерлері мол. Сондықтан да еңбекте жиі айтылатын Моғол, Моғолостан, Моғол мемлекеті, Ұлы Моғол мемлекетіндегі «моғолдың моңғолдармен шатыстыруға болмайды. Бұл атау тарихи әдебиетте дәлелденген. Ш. Уәлиханов, В. Григорьев, Г. Левшин сияқты ғалымдардың түйінді пікірлері бар. Моғол -жете-чете- жалайыр жұртының орта ғасырдағы атауы. Егер четенің шығу тегін қарастыра берсеңіз тым алысқа көнеге сапар шегесіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz