Сапалы білім – заман талабы



1 Білім саясатының негізгі мағынасы
2 Білім сапасын көтерудегі мәселелер
3 Жалпы білім беру мазмұнының реформасы
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көр­сеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет” екенін атап көрсеткен болатын.

Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті – елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды. Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен сапасына қатысты.

Педагогикалық мағынада – білім беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.

Әлеуметтік тұрғыдан – бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық адам капи­талын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сапалы білім – заман талабы

Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең
негізгі көр­сеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты
дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік
қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің
дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және
қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет”
екенін атап көрсеткен болатын.

Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті – елімізді
мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім
50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің
негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды.
Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен
сапасына қатысты.

Педагогикалық мағынада – білім беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге,
өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы
талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық
проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі
анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға
және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.

Әлеуметтік тұрғыдан – бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық
адам капи­талын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.

Әлеуметтік-саяси мағынада – бұл азаматтық құндылықтар мен азаматтық сананы,
азаматтық және демократиялық қоғамды жасау мен қалыптастырудың бірден-бір
құралы.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан – бұл елдің экономикалық өсуінің, оның
байлығы мен бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі ресурсы.

Өркениеттік мағынада – мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының негізі,
бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа – “білім қоғамына” және оған сәйкес “білім
экономикасына” өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір.

Осы себепті бүкіл әлемдік өркениетте экономикалық прогресс пен әлеуметтік-
саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына мүдделі
болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл елдердегі
білім саясаты әлеуметтік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып қалмай,
оның базалық негізін құрайды.

Білім саясатының негізгі мағынасы – ұлттық білім берудегі әлеуметтік
идеология мен әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру.

Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде білімнің рөлі елдің демократиялық
қоғамға, құ­қықтық мемлекетке, нарықтық экономикаға өту міндеттерімен,
таяудағы он жылда Қазақстанның бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына
қосылу стратегиясы міндеттерімен анықталады.

Білім сапасын көтеруде қандай проблемалар бар?

Біздің мектептің жүріп өткен жолы еліміздің жолының айнасы іспеттес.
(Себебі, мек­теп тек айна емес, үлкейтіп көрсететін шыны, өйткені, қоғам ол
арқылы өзінің жетіс­тіктері мен кемшіліктерін анық көреді). Өткен
тарихымызға бұрылып қарасақ, біз бұл жолдағы тек табыстарымызды байқап
қоймай, үлкен қиыншылықтарды, көптеген қате­ліктерді, қасіретті
сәтсіздіктерді көреміз.

Тоталитарлық билік ондаған жылдар бойы мектепті өз идеологиясының қаруы
етіп келді. XX ғасырдың 80 жылдарының басында пайда болған мектеп ісінің
дағдарысты жағдайы қоғамның да сондай мүшкіл халін көрсетті, оның бірінші
себебі – тоталитар­лық биліктің дағдарысы, оның даму ресурстарының таусылуы
еді. Мұндай терең әлеуметтік дағдарысты туғызған жалпы себептерден басқа
кеңестік білім жүйесі дағ­дарысының өзге де ерекше себептері болды. Олардың
ең бастысы – биліктің білім дамуының ішкі заңдылықтарын қаперге алмауы, оны
толығымен мемлекетке алып қоюы, әлеуметтік және идеологиялық хирургияның
бойкүйез объектісіне айналдырып жіберуі. Мектепті толық монополияға
айналдырып, одан соң бәрін бірыңғай етіп, тоталитарлық билік оны дамуының
негізгі қайнар бұлағынан – қоғамдық бастамашылдық (инициатива) пен ішкі
әралуандылықтан айырды. Білімнің бұл белгілерден айырылуы иммунитетін
жоғалтумен бірдей болды. Мектепті мұндай иде­ологиялық қыспаққа алу билікке
тиімді еді. Біріншіден, білім беруді бірыңғай ету билі­ктің жалпы
теңгермелі идеологиясы мен психологиясын көрсетіп қана қоймай, оны іске
асырып отырды. Теңгермешілік кеңестік білім беруді құрудың мақсаты да, жүйе
жасаушы факторы да болды. Ол теңдіктің арзан да мәнсіз түрі болды: егер
теңдік векторы жоғары бағытталса, теңгермешілік векторы қашанда төмен
бағытталады.

Мемлекеттің қарамағына мектептің толық өтуі оның көп міндеттері мен
қызметтерінің жоғалуына, шын мағынасындағы жабық мекемеге айналуға алып
келді. Жеке тұлға мүдделері мен қоғамның сұраныстары мектептен тыс қалды.
Ол мемлекет үшін жұмыс істей бастады, осыған сәйкес педагогикалық
шығармашылық құқынан айрылған мұғалім мемлекеттік шенеунікке айналды.
Нәтижесінде мектептің қоғамнан, оқушының мектептен, оқытушының оқушыдан
алшақтау жүйесі қалыптасты.

Мектептің осынша келеңсіздікке ұшырауы батыстық білім әлемінде жүріп жатқан
үрдістерден оқшауланып қалғандықтан тереңдей түсті. Тіпті “темір тор”
сыпырылған­нан кейін де әлемнің жетекші елдерінің білім беру жүйесін
зерттеуге ТМД елдері мен Қазақстанда жеткілікті мән берілмеді. Тек 1996
жылдан бастап компаративист ғалым­дардың бастамашылдығымен Қазақстанда
салыстырмалы педагогикадан алғашқы еңбектер жазыла бастады.

Кеңес мемлекетінен мұра болып қалған білімнің мазмұны жеке тұлғаны дамыту
емес, тек білімді, ептілік пен дағдыларды (ЗУН) игеруге бағытталды. Білім
беру аясынан қызметтің саналуан формалары мен түрлерінің тәжірибесі, әлемге
эмоционалдық-құндылық тұрғысынан қарау, аралас-құралас болу тәжірибесі
сияқты оның ең маңызды құрамдас бөліктері шығып қалды. Соның нәтижесінде
тек үйлесімділігі емес, мектептің білімдік сипаты да жоғала бастады.

Білімді, ептілік пен дағдыны игеруге нұсқау беру, бір жағынан,
педагогикалық сана­ның технократталуы, екінші жағынан, білім мазмұнын
құруға дәстүрлі ақпараттық түсіндірмелік тұрғыдан келудің салдары еді.
Дайын білімді беруге бағдарланған бұл көзқарас білімді жетілдіруді дәстүрлі
мектеп курстары немесе жаңа оқу пәндерін енгізу арқылы білім беруді ұлғайту
деп түсіндірді.

Білімді осылайша “жетілдірудің” нәтижесі бәрімізге белгілі: оқу пәндері
қиындап кетті, қысқартылған жоғары оқу орындарының курстары пайда болды
(мұнымен олардың ғылымилығы арта қойған жоқ), білім мазмұнының тұтастығы
мен жүйелілігінен айырылып қалдық, ол тарыдай шашылған, нашар
ұйымдастырылған, схоластикалық ақпараттық конгломератқа айналды. Оның кімге
арналғаны, қолданыс әдістері мұғалімдерге де, оқушыларға да түсініксіз
болды.

Осыдан барып оқушы мен мұғалімнің оқуы мен жұмысы ауырлап кетті, оқуға
қызығу­шылық төмендеді, мектеп бітірушілерді дайындау сапасы құлдырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік көзқарас аясында білім мен ақпарат қуушылық –
білімді ұйымдастыру мен оның тәсілдерінің экстенсивті жолы.

Ұлы орыс педагогы К.Ушинский былай деген: “Балаларды оқыту қажеттігі
құрметіне бөленген “Барлық ғылымдарды шешуші байқаудан өткізу қажет. Біз
баланың басына түкке тұрмайтын кез келген қоқықты үйе саламыз, одан соң
адам не істерін білмей қалады”.

“Әлемнің бір де бір елінде, – деп жазды белгілі орыс ғалымы Е.Ямбург, –
мынадай көлемдегі білімді, ептілікті, дағдыларды аяқпен теуіп баланың
басына кіргіземіз деген міндетті ешкім де өз алдына қоймайды. Әлемнің бір
де бір елінде біздегі сияқты қаталдықпен, күштеп оқытпайды... Біз “ЗУН”
парадигмасын арттырумен келеміз. Күн санап дидактогендік неврозбен ауырған
балалардың саны көбейе түсуде”.

“10-12 жыл бойы жастықтың ең жақсы кезінде алатын мектеп білімінің, – дейді
қазіргі кездегі білім берудің білгірі В.К.Бацын, – 90%-дан астамы қажет
болмай отыр”.

“Оқушылар жүктемесінің қиындауы бүгіндері мектептің ішкі қырсығына айналды.
Бір аптада барлығы 168 сағат болуына қарамастан, барлық жұмыс түрлері мен
тапсыр­маларды есептегенде, жоғары сынып оқушыларының жүктемесі аптасына
167 сағатты құрайды екен. Мұндай міндетті оқу материалдарының артықтығынан,
45 мемлекетте жүргізілген ЮНЕСКО-ның соңғы зерттеулеріне қарағанда, біздің
балалар ең соңғы, үшінші топта, оның үстіне 13-орында қалып отыр. Осындай
сәтсіздік тек шәкірттерге тән білімде емес, сондай-ақ қолданбалы, тіпті
тұрмыстық білімде де кездесіп қалады”, – деп жазды орыстың аса ірі педагог-
ғалымы Э.Днепров.

Белгілі орыс ғалымдарының бұл сөздерінің біздің қазіргі білім жүйемізге де
қатысы бар. Себебі, практикалық тұрғыда, білім мазмұнын жасауда бізде әлі
де болса ақпараттық-түсіндірмелік көзқарас басымдық танытады. Оған бір ғана
дәлел, 12 жылдық мектептің мемлекеттік стандартының жобасында оқытылатын
пәндердің саны көбейе түскен.

1991 жылдан бастап үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіруге едәуір күш
жұмсалып келеді. Оның негізгі мақсаты – білім беруді дамытудың заңнамалық
базасын қалыптастыру, оны тұжырымдамалық-бағдарламалық жағынан
модернизациялау, стратегиялық бағдар беру, ғылыми-педагогикалық,
әдістемелік құралдармен, кадрмен қамтамасыз ету, білім беру мекемелерін
қаржыландыруды және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту.

Отандық білім беру жүйесін реформалай отырып, біз оның дамуын мына
бағыттарда қамтамасыз етуіміз керек еді:

- унитарлық және унификацияланудан ашықтық пен көптүрлілікке өту;

- тұлғасыздықтан тұлғалық бағдарлануға бет бұру;

- бір жақты білімдіктен, жігерлілік пен көпмәдениеттілікке көшу, бұл тек
білімді жасау, оны жаңғыртумен шектелмейді, ол адамның көп және көп өлшемді
интеллектуалына, көркем, рухани, практикалық қызметіне бағдарланған;

- схоластикалық, жалған академиялық, нәтижесіз білімнен (білім мазмұнының
басым бөлігі оқушылардың мүдделері мен оны игеру мүмкіндіктерінен тыс
қалады) өнімді және дамушы білімге қол жеткізу;

- репродуктивті және өзіне бейімдеуден продуктивті және дамытушы білімге
өту, екін­ші сөзбен айтқанда, жеке тұлғалар мен қоғамның қарқынды жүріп
жатқан өзгерістеріне “бейімделіп” қоймай, оны жасампаздықпен алға жылжыту.

Аталған міндеттер қажетті деңгейде іске асырылмай отыр.

Кез келген білім реформасы – бұл бәрінен бұрын білім беру мазмұнының
реформасы. Бұдан басқа екінші кезектегілері – білім жүйесіндегі және оның
инфрақұрылымындағы өзгерістер.

Жалпы білім беру мазмұнының реформасы – қазіргі кездегі білім реформасының
ең бастысы және ең қиыны.

“Қазіргі өмір ескі білім жүйесінің дәрменсіздігін көрсетіп отыр және онан
болып жатқан өзгерістердің табиғаты мен қарқынына сай келетін жаңа жүйе
жасауды талап етіп отыр”, – деп жазды өзінің танымал “Футуршок” кітабында
Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі американ ғалымы Алвин Тоффлер. Ертеңгі
күннің мектебі тек ақпарат беріп қоймай, онымен жұмыс істеу әдістерін де
үйретуі тиіс. Мектеп оқушылары мен студенттер ескі идеологияларды
қабылдамай, оларды қашан және қалай алмастыруды үйренуі керек. Қысқаша
айтқанда, олар үйренгенінен жиреніп, қайтадан оқып білуге үйренуі керек”.

Білім стандарты – білім беруде реформа жасау мен дамытудың құралы.

Білім стандарты – бұл мектептегі білім беру мазмұнының аясында қоғам мен
мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарт, басқаша айтқанда, қоғам мен
мемлекет өз балаларын неге үйретуі керектігі туралы құжат.

Стандарт мыналарды қамтиды:

- уақыт пен елдің сұраныстарына сәйкес білім берудің мазмұнын түбегейлі
жаңарту;

- білім берудің практикалық бағыттылығы және оның нәтижелерінің өмірлік
қажеттілігі;

- алған білім мен ептілікті практикалық жұмысқа және күнделікті өмірде
белсенді пайдалану.

Білім стандартын маман педагогтар жалғыз мақсатпен – елдің білімдік
мүдделерін, оның даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін жасайды. Оның
стратегиялық және шешуші сала екені соншалықты, дамыған елдерде, қоғам оны
тәуекелмен тек педагогтардың қолына беріп қоя алмайды. Стандартта бұл
мүдделер мен қа­жеттіліктер қаперге алынған ба, жоқ па, оған қоғам мен
мемлекет біріге отырып баға береді.

12 жылдық білім берудің стандарты қандай дәрежеде?

Жұртқа белгілі, 2004 жылы 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан
Республика­сында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Онда 2008-2009 оқу жылында 12 жылдық мектепке өту жоспарланған.

12 жылдық білім беруге сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 12
жылдық бі­лім беру проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық
орталығы (РНПЦ) құрылды. 12 жылдық мектептің білім стандартын жасау бұл
орталықтың бірінші кезектегі міндеті болды.

12 жылдық мектептің білім стандарты мынадай үш құжаттан тұрады:

- негізгі ережелер,

- пәндік стандарттар,

- білім берудің оқу бағдарламалары.

Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
негізінде жасалған оқыту бағдарламаларымен анықталады.

Жалпы білім беруге арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Критериалды бағалау - сапалы оқу кепілі туралы
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ
Үштілділік-заман талабы
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Пәндер