Рухани тазалық - театрдан басталады


Рухани тазалық - театрдан басталады.
Жан байлығы ішкі рухтың биіктігінен. Ол көркем мінез, кең де қайырымды пейілмен биіктемек. Шын мұқтажға жәрдемдесіп, рахметін алу - жаратқанның алдында нығметке бөлесе, адамдық парыздың да өтелуі болмақ.
- Алдымен рухани тазалық дегенге тоқталайықшы, жанның көркемдігі неден басталады?
- Рух «әмір» әлемінен келген саналы болмыс болғандықтан, материалдық әлемдегі тіршілік иелеріне ұқсамайды. Алла Тағаланың бұйрық беруі арқылы пайда болған, яғни, ғайып әлемінен келген. Рухтың өзіне тән жамылғысы бар. Біз оны рухтың дене бітімі десек, бұдан басқа нұрлы бейне деген атауы бар. Барлық нәрсе жұп-жұбымен жаратылған. Яғни, біздің денеміздің де сыңары болады. Ол - елес дене. Негізінде біздің денеміз мүшелерден, сұйықтықтан, клеткалардан тұрады. Көзге көрінетін бейнеміздің сыңары - әлгінде айтқанымыздай, рух. Егер адам баласы тек тәнімен өмір сүрер болса, онда өмірде өзгеріс те, даму да болмас еді. Рухани тазалық - адамның бойындағы иманы, инабатты болмысы, кішіпейілділігі, қасындағы біреуге қайырымдылық көрсету арқылы жасайтын жағымды істері. Бұл тазалыққа дақ түсірсек, кісінің мінез-құлқы жағымсыз жағынан өзгеріп, жан-жағындағы қоршаған қоғамға кесірін тигізеді. Ешкімге кек сақтамай, болған іске байыппен қарап, сабырлылық танытқанда ғана жан көркемдігін, ол арқылы тән саулығын сақтай аламыз. Тән ішіп-жеумен қоректенсе, рухымыз ізгіліктермен толығады. Жаратушы күллі табиғатты махаббатпен жаратқан, ендеше, сүйіспеншілік бар жерге жамандықтың жоламайтыны анық.
-бұл бейімдеу мұнда бар жағдайға мойынсұнуға машықтандырады. Болған іске болаттай бекем болуды ұстанады. Қалай дейсіз ғой. Айталық, аяқ астынан қиын жағдайға тап болып, жазылмас дертке шалдыққан кісі қандай күй кешетіні айтпаса да түсінікті. Алдымен тіршіліктен баз кешеді. Бірақ, оған Тәңірден сондай қиын жағдайда өмір сүру берілген болса, тағдырдан адам қаша ала ма? Жоқ, әрине. Яғни, өмір бойы мүгедек болып қалса да оған ары қарай жалғасатын өмір берілген. Міне, осындай жағдайдағы кісілерді өзіне берілген дертке мойынсұнып, өмір сүруі керек. Көптеген кісілер ары қарай жер бетінде тірі жүре алмаймын деп, суицидке барады. Басына түскен ауыртпалықтан өлім арқылы құтылмақ болады. Бірақ, бұл сүйікті Ислам дініміздің шариғатына да жат нәрсе. Сондықтан да бұл орталық айықпайтын мүгедектікке душар болған азаматтарға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік мәдени, құқықтық қызмет көрсетіп, қиындықты еңбекпен жеңуге бейімдеп, арнайы 7 бағытта ем жасайды. Біз ем жасау дегенді тек медицина ғылымымен ғана қарамауымыз керек. Жан иесіне дәрілік емнен тыс рухани айықтыру да қажет. Әркімнің де бойында табиғатынан берілген бір қабілет болады. Ал, мүгедек кісіде сезімталдық басым. Осы қабілеттерін пайдаланып, оны еңбектенуге көбірек баулып, жұмыс арқылы уайымын ұмыттыруға тырысамыз. Бұл бағытта қолөнер, тігін, гүл өсіру секілді істермен жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, өнерге бейімділерін әншілікке, өлең жазып, поэзиямен сырласуға да мүмкіндіктер жасалады. Спорттық ойындарға тартылады. - Яғни, сіздерде мәдени іс-шаралар жиірек өткізіліп тұратын болар.
- Әрине, өз мәдени іс-шаралардан бөлек, театрға, концерттерге барып та отырамыз. Сонымен қатар, мұражайларға барып тұрамыз. Кейде қайырымды кісілер осында келіп, ас таратады. Оның өзі де бір мерекедей думандатып өтеді. Орталықтың кітапханасы бар. Сондай-ақ, жекелеген кісілер де үйлеріндегі кітаптарын әкеледі. Орталықты мекен еткендердің жан-жақтағы ақпараттармен құлақтанып отыруы үшін кітапханада газет-журналдар тігіндісі де бар. Мұндай мәдени-іс шаралардың ойдағыдай ұйымдастырылуында дей аламын. Өнерпаздармен, мәдени мекемелермен байланысып, бейімделушілерді мұражай, театр, концерттерге апаруға көмектесуге сұраныс жасап отырады.
- Әлгінде айтқанымдай, бұл адамның сана-сезімі жағынан ем жүргізілетіндіктен, мұнда көп дәрігерлер қызмет ете бермейді. Тек қана терапевт, невропатолог, ортопед және психолог мамандары еңбек етеді. Сондай-ақ, емдік массаж қарастырылған. Денеге массаж жасау арқылы қанды сұйылтып, иммунитетті көтеретін соңғы үлгідегі «Турмалинді төсек», «Нуговест» төсектерімен де ем-дом жасалады. Екі психологымыз күнделікті бейімделушілерді қадағалап, жүйке жүйесі ауытқулық білдіргендерді жеке қабылдап, әңгімелесу арқылы жәрдемдеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz