Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сулайманова С. Ш.
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300- мамандығы -«Педагогика-психология»
Түркістан, 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Жалпы психология
кафедрасының меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
5В010300- мамандығы -«Педагогика-психология»
Орындаған : Cулайманова С. Ш.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д, доцент: Атемова Қ. Т.
Түркістан, 2013
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары қоғамымыздағы жүріп жатқан әлеуметгік-экономикалық жаңғырулар нәтижесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие саласының жұмыс мазмұнына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына жұктелетін міндеттерді ел Президенті өзінің Қазақстан халқына жолдауында, ҚР "Білім туралы" заңында, "Мәдени-этностық білім беру" тұжырымдамаларында айқындап берді.
Қазіргі жас ұрпаққа тәуелсіздікке дейінгі кұрделі кұрес жолының өткен тарихын таныту міндеті қойылып, тәлім-тәрбие мен ұлттық психологияға қатысты халықтық ой-танымдарды ғылыми теориялық бағытта қайта жаңғыртуға жедел бет бұрыстар жасалынуы Қазақстандық психология ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойып отыр. Халқымыздың рухани дұниесін, ұлттық мәдениеті мен психологиясының тарихын терең зерделеп, ғылыми сараптау кезек күттірмейтін келесі іс болып табылады.
Елбасының қабылдаған "Мәдени мұра" бағдарламасынан да халық тарихын қалпына келтіру, өткен тарихымыздың тағылымдық тұжырымдарын қайта жаңғырту жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімді дамытудың жолы ретіңде тұжырымдалады.
Қазақ халқын ғасырлар бойы жинақтаған тағылымдық, өнегелік мұраларын күні бүгінге дейін мұраларын анықтап, ұрпақ тәрбиесінде пайдаға жарату. "Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі- ұлттық жантану ғылымының саласында да жаңаша сараптауларды қажет етеді. Қазақ психологиясының даму тарихы мен өзіндік сипатын зерделеген ғалым Қ. Б. Жарықбаев "Ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер төркіні ұлттық салт-дәстүрден Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, Қазан төңкерісіне дейінгі кезсеңді қарастыра отырып, қазақ психологиясының ғылыми-теориялық дәрежеге көтерілмеу себептерін ашады. Ол себептер: біріншіден, Қазақстанда қоғамдык, гуманитарлық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, бөлініп, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймағандығын, екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұқият зерттейтін маман ғылымдардың тапшылығын, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық базаның жоқтығын себеп болғандығын" атайды.
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарының даму, қалыптасу тарихы аса маңызды кезеңдерін танытады.
Егеменді еліміздің бүгінгі жаңаша сипаттағы даму үрдісіне сәйкес, тарих қойнауында қалып қойған тарихи тұлғалардың тәлім-тәрбие туралы ойларын тану мақсатында XX ғасыр басындағы казақтың рухани ой-әлеміндегі көрнекгі тұлға Абай Құнанбаевтың психологиялық мұрасын арнайы қарастыру осындай заман талабынан туындап отыр.
XX ғасыр басындағы саяси қысым қазақ ұлтының қалыпты дамуына кедергі жасап, сырттан танылған жат психология қыспағында ұстады. Ол кеңестік идеологиядағы аз ұлттың табиғи дамуын тежеу саясатымен ұласты. Осы саясаттың зардабын бірғасыр бұрын Абай Құнанбаев секілді дара тұлғалар алдын ала көре білді және халықты сақтап қалудың бірден-бір жолы заман талабына тетеп беретін жаңаша сипатты ұлт өкілдерін, жас ұрпақты тәрбиелеу жолдарын ұсынды.
Абай Құнанбаевтың тұлғалық даралығы интеллектілік, эмоциялық, еріктік сфералардың тұтастай психологиялық ой-пікірлердің барлық саласында танылды. Ол басқалардың көрмейтінін көре, сезе білетін қабілетінен, жаңалықтарды қабылдау, өңдеу ерекшелігінен және оны шеше білудің даралығынан көрінеді.
Әр адамның даму өрісі заманға, екінші туып өскен әлеуметіне, үшінші нәсіліне байланысты болады десек, Абай тұлғасының даралығында осы үш фактордың өзіндік орнынан айқындау - бүкіл зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі. Психология тарихының тәжірибесіндегі ой-пікірлерге сүйене отырып, Абайдың психолог ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлардың мәні ашылды.
Абай өзінің өткен өмір жолындағы қоғамдық жағдайлардың бәріне сын көзбен қарап, өзін өзі анықтауға, өзінің идеяларын жүзеге асырып қоғам үшін құнды тұлғаға айналады. А. Н. Леонтьев тұжырымдамасындағы "тұлғаның жүйелі қасиеттерге ие болуға, танымдық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерінің дамып жетілуі, сыртқы ортамен әрекеттестігі жағдайында жүзеге асады", - деген тұжырымдарын Абай тұлғасын тану арқылы көз жеткізуге болады. Ғалым ұстанған тұжырымның мазмұны бойынша этномәдени сәйкестіліктің дұрыс қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына, жеке даралық қасиеттерінің ашылып, көрінуіне әсер ететін әлеуметтік -психологиялық механизм болып табылады.
Абай Құнанбаев мұраларын психологиялық деңгейде сараптау - қазақ психологиясының тұтастығы мен сабақтастығын айқындап, тарихи даму жолын қалпына келтірудің негізгі көзі болып есептеледі. Сондықтан да Абай Құнанбаев мұраларын бүгінгі тәлім-тәрбиелік мақсатта пайдалану негізінде жазылған осы психологиялық зерттеу жұмысы келелі де, өзекті объективті қажеттіліктен туындап отыр.
Ғалым С. Л. Рубинштейн адамның белсенділігін сыртқы орта әсерімен оның ішкі жан дүниесінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде қарастырса, ал ғалым С. М. Жақыповтың "адамның өмірде сәтті әрекеттенуі қоғамда болып жатқан жаңалықтарға, өзгерістерге бейімделгіштік қасиетімен байланысты" - деп тұжырымдағанындай, Абай тұлғасының даралығы ұлттық төл тума даму жолын әлемдік дамудың ағымынан ажырата алды және дұниежұзілік өркениетгің оң ықпалын таңдап, талғап қабылдап, ұлт қажетіне жарата білді.
Саяси құрсаудың қамытын халқына кигізбеудің амал-әдісін қарастырып, ел болып халық сипатын сақтап қалудың жолы ретінде ұлтын сұйген білімді, парасатты тұлғалар тәрбиелеуді басты мақсат ретінде ұсынды. Тәрбиенің алғашқы бастаулары - отбасы, мектеп, оқулық деп танып, олардың ұлттық сипатының басымдығына назар аударды. Осы жолмен жалпы адамды сүйетін, заман өзгерістерінде жұтылып кетпейтін дара тұлғалар тәрбиелеп шығаруға болатындығын тұжырымдады.
Европа, орыс медениетімен жетік таныс Абай оларды үйренудің өзіне сын көзбен қарады. Кез келген өзгенің әсерін (мейлі тәрбиеде, әдебиетте болсын) қабылдамас бұрын қазақтың төлтума тарихы мен мәдениетін меңгеру керек деген тұғырнама ұсынды. Ғалымның осы ой-пікірлерінің ғылыми мәнін ашып, бүгінгі жаһандану кезеңіндегі ұлттық тәлім-тәрбие психологиясына енгізу өзекті мөселе болып табылады. Осыған мән бермей жатқанына күйзеліп "Казақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмыска көзқарасы, өзінше философиясы терең сезімі болған ән бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ, қазақтың өткені мен кешегісі, бүтінгісі айтарлықтай суретке түспеді", - деп атап көрсетті.
Абай шығармаларын философиялық тұрғыда зерттеген: зерттеушілер Ә. Нысанбаев пен Ә. Дербісәлиев еңбектерінде де біздің зерттеуімізге қатысты құнды пікірлер дәйектеледі.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаевтың психологиялық мұраларын қолдану мәселелерін дәйектеу.
Зерттеу объектісі - Абай Құнанбаевтың тәлім - тәрбиелік көзқарасындағы «Толық адам» идеясы.
Зерттеу пәні - Абай Құнанбаевтың психологиялық көзқарастарындағы Толық адам» идеясын оқу-тәрбие жұмысында пайдалану үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Абай Құнанбаевтың философиялық-психологиялық көзкарастарының қалыптасу жолын айқыңдау, тәлімдік көзқарастарындағы тұлға қалыптасуының үрдісін зерделеу.
- Абай Құнанбаевтың мұраларындағы «Толық адам» идеясының мазмұнын айқындау;
- Абай Құнанбаевтың мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың жолдарын көрсету;
Диплом жұмысының құрылымы :Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
- Абай Құнанбаевтың өмірі мен педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев қазіргі Семей облысы Абай ауданында 22-ші тамыз 1845 жылы дүниеге келген.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым, -
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеум. Теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-78 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі’. Бұл жылдары Абай оз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеум. Көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ А. Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды. ” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей обл. Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген. -губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайты 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаган дау 1897 жылга дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-97 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған.
Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Турағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т. б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
1. 2 Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасындағы адамгершілік тәрбиесінің рөлі
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, басқа адамдарға, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлықтары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақгы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Қоғамның тарихи тәжірбиесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Қазіргі біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында адамгершілік тәрбиесінің мәні және оның проблемаларын күрделендіріп отыр.
Философия классиктері ілімінің құрамды саласының бірі - адамгершілік тәрбиесінің проблемасы болып келді.
Педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам және қоғам туралы, ғылымдардан бөліп қарамайды, оның ажырамас бөлігі деп есептейді. Ол әр уақытта да философия, социологиялық, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді. Философиялық ілім - адамгершілік тәрбиесі теориясы мен пратикасының методологиялық негізі.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі
Мәселелерді ғылыми тұрғыдан ғалымдар шешкен. Олардын дәлелдеуінше, адамгершілік-қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілікте таптық сипатта болады. Сонымен қатар мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол көрсеткендей: «Біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу» болып табылады.
Маркс пен Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде адамға қажетті мынадай адамгершілік сапаларын тәрбиелеуді ұсынады: Отанды шын жүректен сүю; дүние жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру, яғни интернационализм, гуманизм, шын мәніндегі коллективизм.
Бұл адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу принципінің негізі.
Жас ұрпаққа тәрбие беру жөнінде философиялық идеяларын жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамыта отырып, жаңа қоғам орнату жолындағы күресте рухани құдіретті күш ретінде адамгершілік орасан зор роль атқаратынын көрсетіп отырады. Сондықтан да жастарға білім және тәрбие беру ісінде оларды адамгершілік моральға баулу міндетіне бағындыру керек деп есептейді.
Бұдан адамгершілік тәрбиесінің түп-тамырының қоғам үшін күреспен байланысты екенін білеміз.
Сонымен педагогика ғылымы адамгершілік тәрбиесі туралы философия іліміне сүйене отырып адамгершілік тәрбиесін жан-жақты тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.
Тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру ғұламалар еңбектерінде, баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде философия ілімі негізінде оқьггу мен тәрбие беру мәселерін қарастырды. Ол жаңа қоғам орнату ісінде жас ұрпақгы адамгершілік рухында тәрбиелеу оларда қоғамдық көзқарасты қалыптастыруда мектептердің ең негізгі міндеттерінің бірі деп саналады.
Педагогикалық еңбектерде мектеп оқушыларға патриотизм, гуманизм интернационализм, коллективизм, еңбекке деген сүйіспеншілік, адалдық, шыншылдық, кішіпейілдік, тәртіптілік, қоғам мүлкіне ұқыптылық сияқты адамгершілік мораль қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді.
Адамгершілік тәрбиесі жөнінде теориялық методологиясына және ұлы педагогтердің зерттеулеріне негіздей отырып педагогика ғылымы адамгершілік тәрбиесінің міндетін, мазмұнын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz