Тренингке қатысушылардың психикалық белсенділігін арттыруға арналған жаттығулар мен сергіту сәттері



Мазмұны ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... . 4
I. Топтың және жекелеген мүшелерінің жағдайына әсер ететін жаттығулар ... ... ..5
II. Жұмыстың маңыздылығын айқындайтын жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
III. Жайлануға және тез дем алуға арналған жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... .15
IV. Жеке тұлғаның кері байланысын қабылдауға арналған жаттығулар ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .22
Мектептегі білім берудің негізгі мақсаты әрбір баланың психикалық және жеке-дара дамуын толық қамтамасыз ететін психологиялық ахуал тудырып, оның тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісі әр оқушының мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталады. Жеке тұлғаның психикалық денсаулығын, яғни әлеуметтік, физикалық және жан дүниесі жағдайының дамуына үлкен мән беріледі. Егер адам жағымсыз жағдайына түссе, біріншіден эмоционалдық жүйе бұзылады, яғни адамға бұл жағдай өз кезегінде мазасыздық тудырып, кері әсер етеді.
Бүгінгі күнде 12 жылдық білім берудің мәселесі қарқынды дамуда. Демек жеке тұлғаны қалыптастыруда, жан-жақты білімді, білгір етіп тәрбиелеуде негізгі мақсаттарымыздың бірі - 12 жылдық білім құрылымы мен мемлекеттік стандартты талғап оқып, меңгерту.
Бұл әдістемелік кітапшада ойындар, жаттығулар, сергіту сәттерін өткізу әдістері мен жолдары көрсетілген. Бұл ұстаздар мен психологтарға жас жеткіншектермен жұмыста көмек ретінде ұсынылады.
Ойынға қатысушылардың белсенділігін арттыру олардың қызығушылығы мен көңіл-күйін өсіретінін жаттығулар мен сергіту сәттерін өткізгенде аңғардық.
Сергіту сәті мен жаттығулар өткізудің екі міндеті бар:
1. Олар оқу курсының тақырыбына ауыспа кіріспе ретінде қолданылады. Мұндай жаттығулар ойын барысында қарастыратын сұрақтарға қатысушылардың көңілдерін аударып, белсенділігін арттыру үшін таңдалынып алынады. Кейбір жаттығулардың жалпы санаты ойын атының оң жағындағы белгі бойынша өзіңізді қызықтыратын тақырыпты табуыңызға көмек көрсетеді.
1. Агеева И.А. Успешный учитель: тренинговые и коррекционные программы. – СПб.: Речь, 2006 г.
2. Анн Л.Ф. Психологический тренинг с подростками. – СП б. Питер, 2003 г.
3. Бикеева А.,Уроки психологии для школьного учителя: советы усталому педагогу. – Ростов н/Д: Феникс, 2005 г.
4. Лидерс А.Г., Психологический тренинг с подростками: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2003 г.
5. Самоукина Н.В. Практический психолог в школе: лекции, консультирование, тренинги. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2005 г.
6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов н/Д. Издательство «Феникс», 1997 г.
7. Фалькович Т.А. Толстоухова Н.С., Высоцкая Н.В. Подростки XXI века. Психолого-педагогическая работа в кризисных ситуациях: 8-11 классы. – М.: ВАКО, 2006 г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР МЕН СЕРГІТУ СӘТТЕРІ

Әдістемелік құрал

Мазмұны

Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 4
I. Топтың және жекелеген мүшелерінің жағдайына әсер ететін жаттығулар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 II. Жұмыстың маңыздылығын айқындайтын
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ..12
III. Жайлануға және тез дем алуға арналған
жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
IV. Жеке тұлғаның кері байланысын қабылдауға арналған
жаттығулар ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Мектептегі білім берудің негізгі мақсаты әрбір баланың психикалық және
жеке-дара дамуын толық қамтамасыз ететін психологиялық ахуал тудырып, оның
тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Сондықтан, оқу-
тәрбие үрдісі әр оқушының мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын
арттыруға бағытталады. Жеке тұлғаның психикалық денсаулығын, яғни
әлеуметтік, физикалық және жан дүниесі жағдайының дамуына үлкен мән
беріледі. Егер адам жағымсыз жағдайына түссе, біріншіден эмоционалдық жүйе
бұзылады, яғни адамға бұл жағдай өз кезегінде мазасыздық тудырып, кері әсер
етеді.
Бүгінгі күнде 12 жылдық білім берудің мәселесі қарқынды дамуда. Демек
жеке тұлғаны қалыптастыруда, жан-жақты білімді, білгір етіп тәрбиелеуде
негізгі мақсаттарымыздың бірі - 12 жылдық білім құрылымы мен мемлекеттік
стандартты талғап оқып, меңгерту.
Бұл әдістемелік кітапшада ойындар, жаттығулар, сергіту сәттерін өткізу
әдістері мен жолдары көрсетілген. Бұл ұстаздар мен психологтарға жас
жеткіншектермен жұмыста көмек ретінде ұсынылады.
Ойынға қатысушылардың белсенділігін арттыру олардың қызығушылығы мен
көңіл-күйін өсіретінін жаттығулар мен сергіту сәттерін өткізгенде аңғардық.

Сергіту сәті мен жаттығулар өткізудің екі міндеті бар:
1. Олар оқу курсының тақырыбына ауыспа кіріспе ретінде қолданылады.
Мұндай жаттығулар ойын барысында қарастыратын сұрақтарға
қатысушылардың көңілдерін аударып, белсенділігін арттыру үшін
таңдалынып алынады. Кейбір жаттығулардың жалпы санаты ойын атының
оң жағындағы белгі бойынша өзіңізді қызықтыратын тақырыпты
табуыңызға көмек көрсетеді.
2. Ойынға қатысушылар шаршаңқырап, өздерін тым салмақты сезінген кезде
топтың қызығушылығын арттырып, көңілдерін аудару үшін жаттығулар
пайдаланылады. Әрбір бөлімде белсенділікті арттыруға арналған
қызықты сергіту сәттері, ойындар мен жаттығулардан тұрады.
Ұсынылып отырған оқу құралы пән мұғалімдеріне қызықты әрі қажетті
бола алады. Бұдан мұғалім сабақ барысында білім алушының нәтижелі қарым-
қатынас әрекеттерін біле алады, бұл өз алдына жоғары сынып оқушыларының
оқыту сапасын, оқу материалдарын игеруге, оқытушы мен оқушы жүйесіндегі
қарым-қатынас әдістерін мұғалім өз практикасында кең түрде қолданып,
арттыра алады. Білім мен біліктілік педагогтың мәдениетін жоғарылатуға,
психологиялық денсаулықты сақтауға және білім алушының алдында өзінің
педагогтік қызметін биіктетуге атсалысады. Бұл әдісті сынып жетекшілер
тәрбие шараларын өткізгенде қолдана алады. Көптеген сергітулер мен ойындар
қызықты формаларда берілген, сондықтан бұл түрдегі жаттығуларды оқушылар
жақсы қабылдайды.
Бұл сергіту сәті мен жаттығулар балалар мен үлкен кісілерге
арналады. Осы ойындар балаларды өзін-өзі тануға және өзінің ішкі сезімдерін
басқаруға, ал ересектерді (ұстаздар мен психологтар) қызықты, тартымды
ойындар ұйымдастыру мен өткізуге үйретеді.
I. Топтың және жекелеген мүшелерінің жағдайына әсер ететін жаттығулар.
Топтағы жұмысқа деген қабілеттерінің қалыптасу кезеңінен басталады,
ондағы негізгі мақсаты табысты еңбек, алға еркін адымдауға бағытталған
мазмұнды жоспарланған топтық көңіл-күй, қарым-қатынас климатын және әрбір
қатысушы үшін жайлы жағдай қалыптастыру (ашық деңгейдегі қарым-қатынас,
эмоционалдық бостандық, топтағы ынтымақ).

Сапа
Балалар шеңбер бойымен орналасып отырады.
- Қазір әрбір оқушы адам бойындағы қандай қасиетті ең жоғары
бағалайтыны туралы ойлансын. Өз қасиетіңді таңдап алғаннан кейін бір қысқа
ғана әңгіме құрастырыңдар (немесе еске түсіріңдер), ол әңгіме сіздің таңдап
алған мінез ерекшелігі туралы болсын.
Сіздің әңгімеңізді естіп отырған топтың басқа мүшелері бұл жерде қандай
мінез ерекшелігі туралы әңгіме болып отырғандығын түсінуге тиісті.

Амандасудың ерекшеліктері
Балалар дөңгеленіп отырады.
- Бір-бірімізге жақындап, амандасамыз. Мұнда әрбір серіктесі өзінің
амандасу тәсілін көрсетеді. Келесі адаммен амандасқанда, бұдан бұрын сізбен
амандасқан партнердің тәсілін пайдаланамыз. Егер, қайсыбір жұпта бірдей
амандасу тәсілі кездесіп қалса, онда амандасудың жаңа тәсілін қайталау
керек.

Мұқият бол
Балалар дөңгеленіп отырады.
- Қазір біз санаймыз: бір, екі, үш, т.б. Біреуміз санауды бастаймыз, ал
жанындағы адам (сағат тілінің бағытымен) жалғастырады, т.с.с.
Мүмкіндігінше тез санауға тырысамыз. Санау процесінде бір шартты сақтау
қажет: егер сіз алты санмен байланысты (мысалы 16), бір сан айтуға тиісті
болсаңыз, сол санды айтқан кезде сіз орныңыздан тұруға тиістісіз (тұруды,
санды айтпай қол шапалақтап тұрумен алмастыру арқылы сәл күрделендіруге де
болады).
Егер біреу қателесіп кетсе, ол ойыннан шығады (қатыспайды), бірақ топта
өз орнын сақтап қалады. Біз кім ойыннан шыққанын және кім ойынға қатысып
отырғанын жақсы біліп, есте сақтауымыз қажет.

Сағат
Балалар дөңгеленіп отырады.
- Біздің топты үлкен сағат деп есептейік. Сен (психолог өзінің сол
жағында отырған топ мүшесіне бұрылады) циферблаттағы бір саны боласың, әрі
қарай екі, т.б. (нәтижесінде циферблаттағы барлық сандар ойынға
қатысушыларға бөлініп беріледі).
Әдеттегідей біздің сағатымыз уақытты көрсетеді және оны былай жасайды:
мен уақытты айтамын, 15 сағ. 20 мин., сонда кімге үлкен цифр кездессе ол
бом деп, ал кіші стрелка (меңзер) кездескен адам қолын шапалақтайды. Егер
сағаттың екі тілі де бір (санда) цифрда кездессе, мысалы тура 12 сағат,
әлде 13 сағат 5 минут, онда топ мүшесі алдымен қол соғады, содан кейін
бом деп айтады.

Құпия фарватер
7-8 бала бір-бірімен жалғасып, паровоз болып орналасады. Бірінші
баладан басқалардың көздері байланады. Бірінші ойыншы – жүргізуші .
Жүргізуші өз кемесін қарсы қабырғаға дейін үндемеген күйде кедергі-
миналардан өткізуге тиісті. Мұндағы негізгі қиыншылық соңғы ойыншыда,
себебі соңғы ойыншы еркін қозғалып минаға тап болуы мүмкін, сондықтан,
осы жағдайды болдырмас үшін әрбір ойыншы алдыңғы ойыншының қимыл-қозғалысын
тура қайталап отыруға тиіс.
Жаттығуды кеменің ұзындығын өсіріп және миналарды көбейту арқылы
қиындатуға болады.
Бір мезгілде жүзуге бірнеше кеме жіберуге болады; ол кезде кемелер
соқтығысып, минаға жарылмас үшін үлкен тиянақтылық қажет.

Топтық есеп
Балалар дөңгеленіп тұрады, бір-біріне қарамай, бастарын төмен
салбыратады.
Топтың мақсаты натуралды қатардың сандарын ең үлкеніне дейін қателеспей
айтып шығу.
Сонымен қатар үш шарт орындалуға тиіс:
1. Санауды кім бастап, кім аяқтайтынын ешкім білмейді (бір-бірімен алдын-
ала келісіп алуға болмайды).
2. Бір адамға екі санды қатарынан айтуға болмайды.
3. Егер қажетті санды екі немесе одан да көп адам атаса, ойын бастаушы
ойынды қайтадан бірінші санынан бастауға мәжбүр болады.
Топтың жалпы мақсаты ойынды қайта бастауға тырыспай, неғұрлым үлкен
санға жету. Психолог балаларға әркім өте сақ болып, жанындағы адамның да
ойын сезінуін ескертеді, сонда ғана ойыншы осы мезетте санды өзі айту керек
пе, әлде басқа біреуі айта ма соны аңғара біледі.

Орда
- Қай команда өзіне сенімді және ойынды бастауға келіседі? Сіздер –
Өмірден түңілгендер немесе Қатып қалғандар. Қазіргі сіздердің
мақсаттарыңыз өз ойына берілу, сыртқы әсерлерден толық бөліну. Сіздер
іштей бөлектеніп, қатып қалдыңыздар. Менің сигналым бойынша сіздер
басқа командаларға бұрыласыздар, сол мезетте орда секілді басқалар
сіздерге тап береді. Олардың міндеті сіздерді еріту және сіздерде кез
- келген сезім реакциясын ояту.
- Орданың екі шектемесі бар: олар қатып қалғандарды қолдарымен ұстамауы
тиіс және құлақтарына айқайлауға болмайды. Басқа барлық жағдайларды
жасауға болады. Егер адам көзін жыпылықтатса – ол есептелмейді, себебі
бұл физиологиялық реакция, бірақ рухани емес. Егер сіз оған Сен
көзіңді жыпылықтаттың, жеңілдің деген кезде ол Көз жыпылықтатқан
есептелмейді десе, оның ойыннан шыққаны, себебі оған дыбыс шығаруға
болмайды. Орда, сіздерге шығармашылық топтармен жұмыс істеуді
ұсынамын, себебі осылай сендер ең табандыларды да ойыннан шығара
аласыздар. Қатып қалғандар туралы айтсақ, оларға көздерін жасыруға
болмайды, яғни олар тура қарап, әрбір өзгерісті бақылап тұруға тиісті.
Сонымен, сыртқы шеңберде әзір тыныштық, штурмға дайындалыңыздар, ал
іштей жайланыңыздар... Бес - дегенде сіз іштей бекисіз, төрт-қандай да
бір бейне немесе сіз тұтастай беріліп кететіндей бір жағдайды табыңыз, үш
- сіз толығымен сондасыз және маңайыңыздағы ештеңені қабылдамайсыз, 2 -
сіз тереңге кеттіңіз, бір - бетіңізді бұрыңыз. Орда алға!
Ойын – күрес 1-2 минут бойында жүреді.
Талқылау.
- Бірден неше адам еріп кетті?
- Ойын барысында нешеуі?
- Нешеуі табандылық танытты?
- Кім қиналса да ұстамдылық танытты?
- Бұл кімге қиын емес?

Автобус
Бір-біріне жақындау арқылы халық (15-20 адам) автобустағы тығыздалған
адамдар секілді жинақталады.
Ойыншының мақсаты осы тығыз массаны алдау, арбаумен емес күштілігімен
және өжеттігімен жарып өту. Автобустағы халық ойыншыны қолдарымен
ұстамайды және өздері бір-бірімен қол ұстасуға болмайды, бұл жерде жай
ғана бір-біріне жабысқан тығыз масса бар. Сонымен қатар тығыз масса
ойыншыны өткізбей жатса да дауыстарымен Кәне! Тағы да! Алға деп оған
рухани күш беріп жатады.
Бұл мықты жаттығу қарапайым күш көрсету жаттығуы болып кетпес үшін,
ойыншы психологтың көмегімен мұндай қиындықты жеңетін жағдай өмірде кездесе
ме, бұл жағдай оны неге үйретті, өмірде осы секілді жағдай кездескенде
тәжірибенің пайдасы бола ма деген сияқты сауалдарға жауап бере білуі
керек.
Мұндай жаттығудан кейін адам түйсігінің өзгерген уақытында
психологтың айтқан пікірлері ол адам үшін өте терең жатталып қалуы тиіс.
Жаттығу қарама-қарсы байланыспен аяқталады: топ не сезді, не көрді, ойыншы
және ойын туралы олар не ойлайды, осылар туралы ойларын айтады.

Әуенді шапалақ
Кіріспе
Сіз айтқанда ойыншылар әуенді шапалақтауды, санды шапалақтауды,
саусақтармен шертуді бастайды. Мысалы, шапалақта – менің атым Мақсат, шерту
– мен Қарағандыда тұрамын, санды шапалақтау – мен сыпайымын.
Мұндай ретпен барлық ойыншылар кезекпен өздерін таныстыруы қажет.

Кіріспе
Орындықтар шеңбер бойымен қойылады. Орындықтар ойыншыларға қарағанда
біреуі кем болу керек (Егер ойыншы 18 болса, орындықтар 17 болады).
Ойыншылардың арасынан ерікті біреуін таңдап алыңыз, ол шеңбермен қойылған
орындықтардың ортасында тұрсын. Бұл ойыншы барлығын шақыруы тиіс... Мысалы,
кім қара түсті аяқ киімде немесе таңертеңгі аста кім қант жеді, әлде кімде
қарындаш бар. Кейін аталғандар келетіндер келіп, тез арада орындарын
ауыстырады. Ойын барысында ойыншылар отырған орындығына және келесі шеңбер
бойындағы орындыққа отыра алмайды. Олар қарама-қарсы шеңбер жағындағы
орындыққа отыруға тырысу керек. Ерікті ойыншыда орындыққа отыруға
тырысады. Орындықсыз қалған ойыншы келесі ойынның ойыншысын суреттейді. Бұл
жаттығу бір-бірін жақсы тану үшін көмектеседі.(Бұл ойынның басқа түрі
Жемісті салат). Әрбір ойыншыға кез-келген жемістің атауын белгілеңіз.
Мысалы, манго, алмұрт, қауын, т.б.

Қайық
Команданы қалыптастыру
Оқушыларды бөлмеде мұхитта жүзіп жатқандай қозғалуды сұраңыз.
Құтқарылып қалу үшін шлюпкаға арналған топты қалыптастыру керек. Ойынды
жүргізуші кез-келген санды айтады. Мысалы алты. Оқушылар шлюпка батып
қалмау үшін алты адамнан тұратын мықты топты құру қажет. Егер де топ көп
немесе аз оқушыдан тұрса, онда барлық топ батып және ойыннан шығады. Ойын
бір команда қалғанша жалғаса береді, қалған команда жеңімпаз аталады.

Ең ұзын сызық
Ресурстар мен дарындыларды

қолдану командасын құру.
Мекемеден ыңғайлы орынды таңдап алыңыз. Ойыншыларды екі топқа бөліңіз
(егер оқушылардың саны көп болса, бірнешеге бөлуге болады). Оларға еденде
ең ұзын сызық құрастыру керектігін түсіндіріңіз, өздерінде барымен ғана.
Қосымша заттар мен нәрселерді қолдануға рұқсат берілмейді. Сызықты ұзарту
үшін тек қана өздерінде бар, мысалы орамал, сағат, киім, аяқ-киімдерді
қолдануға болады. Олардың мақсаттары аса ұзын сызық құру. (Егер де
ойыншылар бұл тапсырмаға шығармашылық жағынан келетін болса, олар ең ұзын
сызық жасау үшін барлық іс-әрекеттері басқа командадан озу үшін еденге
жатуға жасқанбайды). Қай команданың сызығы ұзын болса, сол жеңіске
жетеді.Сергіту сәтінен кейін бұл жаттығу команданы құруға мүмкіндік
жасайтынын талқылаңыз.

Бір аяқты оқытушы
Команданы құру
Өз еркіңмен шығуды сұраңыз. Ерікті бір аяқты оқытушы ретінде болады.
Бұл ерікті барлығының жұмысын атқара алмайды, басқа оқушылардың
қиындықтарын өзгерту ... оқыту, сондықтан көмек беру үшін команда құру
қажет. Бұл ерікті бір аяқпен секіріп, басқаларын ұстайды. Олар үшін сізбен
сызылған сызықтан аспай топтар қашады. Бір аяқты оқытушы кез-келген қол
ұшын тигізсе, олар да бір-бірінің қолдарынан ұстап, екеуі де бір аяқпен
секіріп, басқаларын ұстайды. Барлық топ ұсталмағанша ойын жалғасады. Топ
бір нәрсені бастаса, онда ешкім оны тоқтата алмайды.

Құлап бара жатқан жамылғыш
Команданы құру
Бұл сергіту сәтіне көп жамылғыш қажет. Ойыншыларды екі топқа бөліңіз.
Екі адам жамылғыштың екі шетінен қатты ұстап тұрады. Әрбір жамылғыштың
шетінен топтар жиналу қажет. Топтар жамылғышқа қарама-қарсы жақта тұрған
топты көрмей тұрғанына сенімді болу қажет. Әрбір топ жамылғыштың астында
болатын адамды таңдап алу тиіс. Санамас бұрын жамылғышты ұстап тұрған
ойыншылар жамылғыштың әрбір ұшында адамдар барына (1,2,3) көз жеткізіп,
кейін оны тастау қажет. Екі адам тегістеліп және бір-бірінің аттарын тез
арада айтады! Дұрыс тапқандар жеңеді. Жеңілген ойыншы қарама-қарсы
командаға қосылады. Ойынды бір командада барлық ойыншылар жиналғанша, ал
басқада ешкім қалмағанша жалғасады.

Өрмекші Көшбасшы, қолдау,
командадағы жұмыс
Бес немесе алты ойыншы дөңгелектеніп қолдарынан ұстайды. Бірақ олар
өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстай алмайды, олар әртүрлі ойыншылардың
қолдарын ұстайды. Кейін ойыншылар қолдарын жібермей шешулері керек. Шешіліп
болғаннан кейін жаттығуды талқылаңыз, топта көшбасшы болды ма? Процесс
қалай құрылды? Берілгендер болды ма? Неге? Топта жаттығуды тоқтатуға не
себеп болды?

Тізеде отыру Команда: жұмыс, сенім,
ынтымақтастық
Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын
келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұра. Барлығы алдында
тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін
барып, отыр сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп
қайталап, отыр сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын
алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты
және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз
жеткізу қажет. Егер де сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек
бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін
ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл
тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін
суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда
өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?)

Өрмекші тоқу Топтағы
жұмыс, қолдау көрсету
Сізге жаттығуға бір будақ жіп қажет. Барлығын дөңгелектеніп отыруға
немесе тұруға бұрыңыз. Жіптің шетінен ұстап қарама-қарсы отырғанға немесе
тұрғанға будақты беріңіз. Өзіңізге тиесілі жібіңізді мықтап ұстаңыз.
Ойыншыны жіпті тартып ұстауына және жағымды түсінікпен беретін адамға беріп
жалғастырсын. Барлығы будақты алғаннан кейін ол сізге қайтып келу керек.
Содан соң әрбір ойыншыны өрмекші ретінде кіммен байланысып тұрғанын
аңғартыңыз. Өрмекші үзілмеу үшін сіздердің барлығыңыз бір-біріңізге
тәуелдісіздер. Егер де біреулеріңіз өз бөліктеріңіздегі жіпті қоя берсеңіз,
сол жердегі өрмекші бұзылады. Ойыншылардан сұраңыз, бұл жаттығу оларды неге
үйретті.

Сенім шеңбері Топтағы
жұмыс, сенім, қолдау
Барлық ойыншыларды бөлменің ортасына тығыз шеңберге тұруын сұраңыз
(Егер де сізде көп ойыншы болатын болса, онда алты адамнан тұратын бірнеше
топ құрылсын). Әрбір ойыншы кезекпен көзін жұмып немесе көзіне байлау тағып
шеңбердің ортасына шығуы қажет. Кейін ортадағы ойыншы оңға, солға, артқа,
алға құлап, қалғандары оны ұстау керек. Әрбір ойыншы мұны келесі бір ойыншы
ауыстырғанға дейін бірнеше рет істеуге міндетті. Басында бұл қорқынышты
болып көрінеді, бірақ та топ бірге жұмыс істеп оған қауіпсіздік жасау
керек. Жаттығудың соңында ойыншылардан бұл ойын бізді неге үйрететіндігін
сұраңыз.

Шеңберден басып өту Сенім,
ынтымақтастық, тәуекел
Ойыншыларды шеңберді қалыптастыруға бұйырыңыз. Әрбір ойыншы қарама-
қарсы кім тұратынын анықтайды. Сіз жүр дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып
шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек. Мұны
барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет! Әдетте
қатысушылар шошынады да, бірақ ақырын-ақырын үйренеді. Кейін ойыншылардан
көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз. Жаттығу шынайы өмірмен
қалай сәйкес келеді?

Қабырға тәріздес адамдар
Топтағы жұмыс, күш
Бұл жаттығуды егер де ойыншылар жас және ойынға қатысушылар оны қатаң
деп есептесе сонда ғана қолдаңыз! Екі топты қалыптастырыңыз. Бір топ
қабырға тәріздес адамдарды құрайды, ал басқалары жүргізушінің жүр деген
бұйрығынан кейін олар бірінші топты бұзуы керек. Содан соң топтардың
орындарын ауыстыруларын сұраңыз.

Соғыс және бейбітшілік
Топта жұмыс
Бұл жаттығуға мықты жіп қажет. Ойыншыларды екі топқа бөліңіз. Топтарды
жіптің екі жағынан ұстаңыз. Бөлменің ортасына сызық сызып, бұл сызықтан
топтар бір-бірін тартып алу керек. Сіз 3 командасынан кейін топтар жіпті
өздеріне тарту шарт. Олар бір-бірін тартқан кезде бірі сызықты басқанша
тарту керек. Кейін барлығын шеңбер бойымен отырып, жіптің шеттерін байлап,
ұстап көтерілуін сұраңыз. Қатысушылардан бұл жаттығу не білдіретінін
түсіндіруін сұраңыз. Жіпті тартып алған топ жеңіске жетеді, ал жеңілген топ
нені сезінеді?

Тік сызық
Сенім, топтың қолдауы
Көзді байлайтын бөкебай қажет. Ойыншылардан өз еркімен бөлмедегі тік
сызықтан өтуін сұраңыз. Оның көзін байлап сызықтан өтер алдында бірнеше рет
орнында айналдырыңыз. Қалған топтар үндемейді және ешбір мәлімет немесе
анықтама бермесін. Сонымен қатар олар оған қол ұшын тигізбеу керек. Ерікті
ойыншы бөлмеден өткеннен кейін оның көзінен байлауы шешіледі: ол алғашқы
сызықты қаншалықты жақын өткенін аңғарыңыз. Бұл жаттығу ВИЧСПИД
проблемасымен байланысты сұхбатының алдында өткізіледі.

Толқынды шеңбер Топтағы
жұмыс, сенім, қолдау
Бұл жаттығуда көп ойыншы қажет. Әрбіреуіне есім беріңіз-сүт, су, сүт,
су, ...(жалғаса береді). Бәрі бір-бірінің шынтағынан ұстау керек. Сіз
сүт дегенде сүт атаулары шеңбердің ішіне еңкею қажет, ал су атаулары
сыртына. Сырттан топ тепе-теңдік сақтай алатындығын байқаңыз. Кейін су
деген атаулар шеңбердің ішіне еңкейіп, ал сүт атаулары сыртқа еңкейеді.
Жаттығуды жалғастырып және кезектің өзгергендігі топқа қалай көмек
беретінін түсіндіріңіз.

Кім көшбасшы? Көшбасшы немесе
ойлау дағдысы
Топтың шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Ойыншылардың ішінен өз еркімен
бөлмеден шығуды бұйырыңыз. Шеңберде тұрғандар өз ішінен жасырын көшбасшы
таңдап алу керек. Бұл көшбасшы әрекетті бастауы қажет. Мысалы, шапалақтап
немесе аяқпен жерді бір тарс ету шарт. Әрекет әр 15 секунд сайын ауысып
отыруы қажет. Шеңбер бойында тұрған қалғандары оған қарамай көшбасшының
әрекетін қайталайды. Ерікті ойыншы бөлмеге бұл әрекет жүйесін орындауға
қайтып келеді. Еріктіге көшбасшыны табуға үш кезек береді.

Көшбасшыға ілесу Көшбасшылық немесе
тепе-теңдік

прессингі
Ойыншыларды шеңбер бойына тұруды сұраңыз. Көшбасшы шеңбердің ортасына
тұрып шеңбер бойымен жүгіріп және мен сияқты істе деп дауыстайды, ал топ
мен сияқты істе деп оның артынан қайталайды. Кейін көшбасшы шеңбердің
сыртынан шығып мен сияқты істе деп қайталай береді. Көшбасшы мен билеп
жатырмын, мен секіріп жатырмын, т.б деп айта бастайды. Топ көшбасшының
қимылын қайталайды. Көшбасшы барлығы шаршағанша мен сияқты істе деп
қайталай береді.

II. Жұмыстың маңыздылығын айқындайтын жаттығулар.
Жаттығулар кейбір әдістер, қарым-қатынас тәсілдері, іс-әрекет
элементтерінің келешекте толық құбылысқа қатыстырылуы мүмкін болғандықтан
оған дайындалуға мүмкіндік береді.

Вербальды емес қарым-қатынас
Топтан екі бала таңдалынып тарабар тілінде сөйлесуі ұсынылады.
Әңгімелесуде өз тілінен басқа тілдің бәрін (немесе екеуіне де сүйікті
тілден басқа) пайдалануға болады, ол мимика, дыбыстау, қолдарын сермелеу
болу мүмкін.
Екі баланың міндеті – бір-бірімен әңгімелесу, тіпті пікірталас жасау
ойын
кезінде партнерлер бір-бірінің пікірлерін мұқият қадағалауды оның ойын
көрсете алатын ерекшеліктерін, белсенділігін бақылау арқылы партнерінің не

айтқысы келіп тұрғанын түсінуге тырысады.
Көрермендердің міндеті – пікірлесуші екі адам не жайында айтып
отырғанын ұғыну.
Диалог аяқталған соң алғашында бақылаушылардың пікірлері, содан кейін
әрбір ойыншы өз пікірлерімен не жайында айтқаны туралы бөліседі. Ойынның
екінші кезеңінде барлық ойыншылар үштіктерге бөлінеді. Әрбір үштікте –
бақылаушы және бір-бірімен тарабар түрінде пікірлесуші екі ойыншы болады.
Психолог пікірлесудің әр сәтін қалт жібермей қадағалайды да, әңгіменің
тақырыбы не жайында екенін анықтауға тырысады.

Автобус
Топ тең екі топқа бөлінеді.
- Бірінші топ бір, ал екінші топты екідеп есептейік. Автобустар көлік
жиылып қалған жерге келіп тоқтады. Сіз терезенің жанында отырып,
келесі автобуста сізге қарама-қарсы таныс адам отырғанын аңғарасыз.
Бұлай болғаны жақсы болды, себебі сіз оған маңызды ақпаратты жеткізуге
тиіс едіңіз, содан соң осы сәтті пайдаланып сіз ақпаратты жеткіздіңіз.
Бірақ сіз бұл жағдайды үндеместен сөзсіз жеткізуіңіз қажет. Уақытыңыз
да тығыз. Ақпарат бағытталған адам осы жайды тез түсініп, танысының
айтқанын қабылдап алуға тиіс.

Пирог
Жұмыс басталар алдында психолог әр адам әртүрлі жағдайда кіммен қарым-
қатынас жасауына және көңіл-күйіне байланысты өзін әртүрлі көрсетеді.
Мысалы, ол мектепте біртүрлі, үйде және жақын достарымен басқа түрде
көрінеді. Адамдардың қабілеттері әртүрлі: біреулер спортқа жақын, екіншілер
көркемөнер шығармашылығына, үшіншілер – ғылымды игеруге ынталы. Осының бәрі
әрбір адамның көп қырлығын көрсетеді.
Өзінің қысқа ғана кіріспе сөзінде психолог бубликке ұқсас заттың
суретін салады. Содан кейін бұл бубликті төрт сегментке бөледі. Сонымен
психолог балаға әрбір сегментте өз жеке басының ерекшеліктерін бейнелейтін
сурет салуды ұсынады. Психолог жұмыстың аяқталуына көңіл аударады және
оның ортасында не бар екенін анықтайды. Бұл жұмыстың толықтырылуы керек
екендігін ескертеді.
Сурет салынып біткеннен кейін психолог, жұмыстың толық аяқталғандығын
білдіру үшін кейбір детальдар ұмытылған жоқ па деп сұрақ қояды. Балалар
суреттің ортасына бірнәрсе салу қажеттігін бірден айтады. Психолог ортада
пирогтың көзі болады дейді де, соны салады. Осы жерде әрбір адам өзінің
барлық мүмкіндіктерін сезінетін, әртүрлі жағдайларды өзінше шеше алатын,
соны көре алатын ішкі көзі бар екені анықталады. Психолог балаларға
көңілдері бұзылып, кейбір мазасызданған шақтарында осы көз туралы еске
түсіруді және сол сезімдерін еске сақтап, келесі кездескенде кеңес береді.

Ана. Бала.
Қарым-қатынас, сенім
Ойыншыларды екі-екіден бөлінуді сұраңыз. Жұптар бірі-ана, бірі-бала
ретінде таңдалады. Сонымен қатар жұптар бір жануарларды таңдап алуы керек.
Анасы бір жануарлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі
Семинар - тренингтің оқыту кезеңі
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Өзін өзі тануда» интерактивті әдіс - тәсілдерді оқыту
әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері
Іскерлік қарым - қатынасқа арналған тренинг
Психодрамма
Пәндер