Педагогика пәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

1-тақырып. Педагогика пәні және оның міндеттері.

Жоспар:

1. Педагогика тәрбие жөніндегі ғылым. 2. Педагогиканың пайда болуы және дамуы. 3. Педагогиканың негізгі түсініктері. 4. Педагогикалық бағыттар. 5. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. 6. Педагогикалық зерттеулер әдістемесі.

Педагогика - 1. Адам тәрбиесі жөніндегі ғылым. 2. Тәрбие, оқу (обучение) және білім (образавание) теориясы.

Субъект - танымдық қабілетке және қоршаған дүниеге ықпал жасап, оны өзгеріске келтіре алатын адам.

Объект - субъекттің, яғни адамның таным және іс-әрекет аймағы.

Жантану (психология) - болмысты психикалық бейнелеу және адамның іс-әрекет желісі мен жануарлардың әрекет-қылығы жөніндегі ғылым.

Әлеуметтану (социология) - тұтастай жүйедегі қоғам мен жекешеленген әлеуметтік құрылымдар (институты), желелер (процессы), қоғамдық топтар жөніндегі ғылым.

Философия - табиғат, қоғам және ой дамуның жалпыланған заңдылықтары мен ғылыми танымның жалпы әдіснамасы жөніндегі ғылым.

Индивид - жеке адам, тұлға.

Педагогика пәні (предмет) - тұлға тәрбиесі, оқуы, білімдеуі, дамуы, қалыптасуы.

Педагогиканың қызметтері (функция) - 1. Тәрбие, білім, оқу заңдарын ашу. 2. Тәрбие мақсаттарын мен міндеттерін анықтау. 3. Көзделген тәрбие мақсаттарының іске асу жолдарын көрсетіп беру.

Педагогиканың тоериялық қызметтері - 1. Сипаттау немесе түсіндіру, яғни озық және жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу. 2. Анықтау (диагностикалық), яғни педагогикалық құбылыстардың күйін анықтау; педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің тиімділігін анықтап, лоарды іске асыру шарттары мен себептерін белгілеу. 3. Болжам жасау (прогностикалық), яғни педагогикалық болмысты (действительность) эксперименталды зерттеп, соның негізінде қалыптасқан жағдайды қайта түзу модельдерін ұсыну.

Педагогиканың технологиялық қызметі - 1. Жобалау (проективный), яғни педагогикалық іс-әрекеттер мен олардың мазмұнын, сипаттамасын қамтыған әдістемелік материалдар (оқу жоспары, бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық нұсқаулар) жөнінде көрсетпелер беру. 2. Қайта жасау (преобразовательный), яғни ғылыми жетістіктерін тәлім-тәрбиелік тәжірибеге (практикаға) енгізу. 3. Бағалау (рефлексивный) және зерттеу (корректированный), яғни ғылыми зерттеулердің оқу және тәрбие барысына тигізген әсер нәтижесін бағамдаумен ғылыми теория практикалық іс-әрекет арасындағы қатынасты реттеп беру.

Технология - қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (процестерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жқніндегі білімдер жиынтығы.

Модель - үлгі (эталон, стандарт) .

Педагогика міндеттері (задачи) - 1. Тәрбие жөніндегі ғылым білімдерді (знании) жинақтау және жүйелестіру. 2. тәрбие, білім, оқу теориясын түзу.

Көрнекті педагогтар -

Ян Амос Коменский (1592-1670) ;

Джон Локк (1632-1704) ;

Жан Жак Руссо (1712-1778) ;

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) ;

Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) ;

Джон Дьюи (1859-1952) ;

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) ;

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) ;

Ыбырай Алтынсарин -

Ахмет Байтұрсынов -

Мағжан Жұмабаев -

Жүсіпбек Аймауытов -

Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, оқу, білім, даму, қалыптасу.

Тәрбие ( воспитание) - 1. Жинақталған тәжірибені (опыт) аға ұрпақтан жас әулетке өткізу. 2. Жас балада нақты білімдер, көзқарастар мен наным-сенімдер (убеждения) ., ізгілікті (нравственный) құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған ниетті ықпал-әсерлер топтау. 3. Оқушыда көзделген сапа қасиетті қалыптастыруға бағытталған, оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәлім-тәрбие процесін толықтай қамтыған арнайы ұйымдастырылған басқарымды қызмет. 4. Нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған тәрбиелік жұмыстар барысы және олардың нәтижесі.

Білім (образование) - оқу барысында шәкірт игерген білім (знание), ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.

Даму (развитие) - адам ағзасында жүріп отырған сандық және сапалық өзгерістер желісі мен нәтижесі.

Қалыптасу (формирование) - барша жағдаяттар (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т. б. ) ықпалды негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие- адам қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.

Педагогикалық процесс - оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білім мақсатын оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, қозғалыс.

Педагогикалық жүйе (система) - тұлғаны дамыту үшін білімдендіру (образовательный) мақсатын көздеп, біріккен әрбір тұтас (целостный) педагогикалық процесте атқарылатын өзара кіріге байланысқан көптеген құрылымдық бірліктер тобы.

Педагогикалық іс-әрекет (деятельность) - білім мақсатын іске асыруға қаратылған әлеуметтік (кәсіптік) қызметтің ерекшк түрі.

Әміршіл - әкімшіл (авторитарная) - педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.

Ізгілікті - (гуманистическая) педагогика - шәкіртті педагогикалық процестің субъекті ретінде тандап, адам мен адам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.

Сұрақтар

  1. педагогика нені зерттейді ?
  2. Педагогиканың міндеттері қандай ?
  3. Тәрбие жөніндегі ғылым қай заманда пайда болған ?
  4. Педагогика ой-пікір қалыптасу кезеңдерін атаңыз ?
  5. Я. А. Каменскийдің педагогика үшін қызметі қандай болды ?
  6. Көрнекті орыс, батыс педагогтарынан кімдерді білесіз ?
  7. Қазақ ғұлама педагогтарынан елеулілерін атап, олардың еңбектеріне сипаттама беріңіз ?
  8. Тәрбиесінің әлеуметтік және педагогикалық мән-мағынасы қандай ?
  9. Неліктен тәрбие тарихы сипатқа ие ?
  10. Оқу деген не ?
  11. Білім мағынасын ашыңыз ?
  12. Тұлға дамуының мәні неде ?
  13. Тұлға қалыптасуы дегендіқалай түсінесіз ?
  14. негізгі педагогикалық бағыттарды атаңыз, олардың сипаттамасын беріңіз ?
  15. Педагогикалық жүйе, процесс, іс-әрекет ұғымдарына сипаттама беріңіз ?
  16. Педагогиканың барша ғалымдар жүйесіндегі орнын қалай түсінесіз ?
  17. Педагогиканың басқа ғылымдармен негізгі байланыс формаларын атаңыз және оларға мысал келтіріңіз ?
  18. Қазіргі заман педагогика ғылымының құрылымы қандай Жалпы педагогика мен жекелеген педагогика арасындағы айырмашылық неде ?
  19. «Педагогика» термині орнына «андрогогика» терминін қабылдауға көзқарасыңыз қалай ?

2-тақырып . Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы және әдістер.

Жоспар:

1. педагогика әдіснамалары мен оның деңгейлері жөніндегі түсінік. 2. Педагогиканың философиялық негіздемесі. 3. Педагогика әдіснамасының жалпы ғылымдық деңгейі. 4. Педагокалық зерттеулерді ұйымдасыру. 5. Педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдістемелер жүйесі.

Әдіснама (методология) - 1. Ғылыми - танымдық іс-әрекеттерді құрастыру принциптері, фориалары мен тәсілдері жөніндегі ілім (учение) . 2. Педагогикалық таным және субъект болмысын қайта жасау жөніндегі теориялық тұжырымдар бірлігі.

Әдіснама қызметі - реттеу (регулятивный) және қалыпқа келтіру (нормативный) .

Бағдарлаушы (дескриптивная) әдіснама - зерттеу барысында бағыт- сілтеме беруші ғылыми білімдер мен ғылыми таным заңдылықтарының құрылымы жөніндегі ілім (учение) .

Реттеуші (прескритивная) әдіснама - зерттеу барысындағы ғылыми - практикалық іс - әрекеттерді қалыпқа сай (нормативті) жүргізіп, басқару жөніндегі ілім.

Өткендегілерді ескеру (ретроспективная) әдіснамасы - ғылыми - таным үшін бұрында жүргізілген процестерді сипаттап, талдау арқылы зерттеу іс-әрекеттеріне болымды ұсыныстар мен ережелер пайымдау.

Әдіснамалық 4 деңгей; 1. Философиялық жалпы таным принциптері мен біртұтас ғылымның тектік (категориальный) құрылымы. 2. Жалпы ғылымдық - ғылымдардың баршасына, немесе көпшілігіне қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдар. 3. Нақты ғылымдық - қандай да арнайы бір пән аймағында қолданым табатын зерттеу әдістері мен принциптер жиынтығы. 4. Технологиялық шынайы болмыс материалын тұрмыс тәжірибесі арқылы топтау және өңдеу негізінде болашақ ғалымдар топтмасына негізу үшін қажетті зерттеу әдістері мен шаралары (техника) .

Педагогикалық әдіснама- философиялық негіздемелері:

Экзистенциализм - 1. Әрбір адамның өзінің дүниелік болмысынан туындайтын көзқарастарына орай қалыптасушы тіршілік күйбең (существование) философиясы. 2. Өз «Меніне» шомған жекеленегн адамның дара педелігі (индивидуальное бятие) . Даралап оқытудың философиялық тұғырнамасы.

Неотомизм - 1. Адамдарға, қоғамға болған шіркеу ықпалын күшейте түсу мақсатында ақыл-ойды діни жаттанды қағидаларды дәлелдеуге қажет құрал ретінде мойындаушы ілім. 2. Өсіп келе жатқан әулетті тәрбиелеуде дін жетекші роль атқарады. 3. Оқу мен тәрбие адамға тумадан берілген астар саналық Аллаға құлшылық сенімін жүзеге келтіруге ат салысуы лазым.

Позитивизм - 1. Шынай білімдер көзі деректерді сипаттау және жүйелестірумен шектелген жаратылыстану ғылымдарын дәріптеуші ілім. 2. Оқу мен тәрбие негізінде құрғақ сөз - философиялық тұжырымдар емес, жаратылыстану әдістері мен материалдық жүйе өлшемдері басты болуы қажет.

Неопозитивизм: 1. Педагогика қауқарсыз, себебі оның арқауы шынай деректер емес, пайдасыз идеялар мен дерексізденгендер (абстракция) . . 2. Оқу тәрбие негізі білім (знания) емес, ал оны игеру әдістері.

Прагматизм - 1. Болмысты тану - бұл адамның даралықты (индивидуальный) тәжірибесі. 2. Шынайы (объектив) ғылымдық білім деген болмайтын нәрсе. Практикалық өнімді іс әрекет негізінде топталған білім ғана шындыққа сай келеді. 3. Оқу процесінің негізгі - баланың өзіндік жеке тәжірибе жұмыстары.

Диалектикалық материализм - 1. Материя бірінші, сана оның туындысы. 2. Сана дамудағы материя (ми) нәтижесі әрі оның өнімі. 3. Шынай дүние және сана себепті шарттасқан, өзара кіріге байланысқан және тәуелді. 4. Барша заттар мен құбылыстар мәңгі қозғалыста, дамуда және өзгерісте.

Монизм - барша дүние заттарының бастауы жалғыз нәрсе екенін дәріптеуші ілім.

Диалектика - табиғат, қоғам және ойлау дамуына байланысты аса жалпыланған заңдылықтар жөніндегі ілім.

Ғылыми - педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері:

- педагогикалық құбылыстар объективті және себепті - өз ішкі заңдылықтары, қайшылықтары мен себеп-салдары байланыстары негізінде жүріп жатады және дамиды;

- құбылыс даму барысында зерттеледі;

- әрбір нақты құбылыс басқа құбылыстармен байланысты және әрекетті қатынаста зерттеледі;

- педагогикалық даму процесі - бұл қозғаушы күші тек оған тән ішкі қайшылықтардан болатын - өзіндік ілгерілеу мен өзіндік даму.

Педагогиканың зерттеу кезеңдері (этапы) :

- Сезімдік тәжірибе (эмпирический) кезеңі: зерттеу объектісін сезіну, нақты оқу - білім жағдай мен ғылымдық деңгей және педагогикалық қажеттіліктер арасындағы қайшылықтарды түйсіну, проблема белгілеу.

- Жобалау (гипотетический) кезеңі: зерттеу объекті жөніндегі нақты деректік мәліметтер мен сол объектінің мәнін жете түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықты шешу жолдарын ойластыру.

- Теориялық кезең: зерттеу объекті жөніндегі іс-әрекеттік (функциональный) және болжам-жобалау (гипотетический) мен оны жүйеге келтіру қажеттігі арасындағы қайшылықтардыжеңу бойынша пайымдаулар

- Болжастыру (прогностический) кезеңі; тұтастай зерттеу объекті жөніндегі мәліметтер жинақталып, қорытынды шығарылғаннан соңғы сол объекттің жаңа жағдайлардағы дамуын алдын ала көре білу қажеттігінен туындаған әрекеттерді іске асыру.

Әдіс (метод) - зерттеу немесе таным жолы.

Әдістеме (методика) - ғылыми білімді құрастыру немесе негіздеу әрекеті, тәсілі.

Зерттеу әдістері - дәстүрлі эмппириалдық (традиционные) : бақылау, тәжірибе үйрену, дерек көздерімен танысу, мектеп құжаттарын талдау, оқушы шығармашылығын көзден өткізу әңгімелесу.

Жаңа теориялық әдістері: педагогикалық эксперимент, тестілеу, анкеттеу, топтап жіктеу ж. т. б.

Проблема - зерттеп шешуді қажеті ететін теориялық не практикалық мәселе.

Тақырып - зерттеу проблемасының үйлесімді сөздік өрнектелуі.

Мақсат - зерттеу қорытындысында алынуы тиіс көзделген ғылыми ниет, ғылыми нәтиже.

Міндет - өз ішіне талап (мақсат), шарт белгілі мен сұрақ күйінде өрнектелген белгісізді қамтыған болжамды шектелген бөліктің зерттелу талабы. Бірінен бірі аса түскен міндеттер тізбегі зерттеу бағдарламасын құрайды.

Болжам - (гипотеза) - тексеруді қажет еткен ғылымдық астары бар алғшқы теориялық жобалау.

Зерттеу бағыты (подход) - бастау принциптері мен ұстанымлдары (позиции) : жүйелілік ұстанымы, бірліктілік(комплексный ) бағыты, біртұтастық (целостный), тұлғалық (личностный) ұстаным.

Эксперимент - шынайы (объектив) табиғи жағдайларда педагогикалық болмысты қайта жасауға бағытталған ғылыми негізде өткізілетін тәжірибе.

Сұрақтар

  1. Педагогикалық әдіснама мәні неде

2. Әдіснамалық білімдер деңгейлерін атаңыз және олардың педагогикадағы көрінісін сипаттап беріңіз.

3. Педагогикалық әдіснаманың философиялық деңгейі сипатындағы негізгі қазіргі замандық ағымдарға сипаттама келтіріңіз.

4. Педагогиканыңжалпы ғылымдық әдіснамасының мазмұны не

5. Педагогикалық зерттеулердің нақты әдіснамалық принциптерінің мәні қандай

6. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру логикасы қандай Зерттеу кезеңдерінің міндеттерін түсіндіріңіз

7. Педагогикалық зерттеу бағдарламасының мазмұнын ашып беріңіз

8. Педагогикалық әдістеме мәні неде

9. Педагогикалық зерттеу әдістерін атап, оларға мысал келтіріңіз.

10. Зерттеу әдістемесіне байланысты категориялық ұғымдарды атаңыз, олардың әрбіріне түсінік беріңіз.

3- тақырып . Тұлға дамуы мен тәрбиесі.

Жоспар:

1. Тұлғаның даму процесі. 2. Нәсілдік және орта. 3. Даму және тәрбие. 4. Табиғи сәйкестік принципі. 5. Іс-әрекет және тұлғалық даму. 6. Даму диагностикалау.

Конспект - сөздік

Адам - заттай және рухани, табиғи және әлеуметтік, нәсілдік пен өмірден игерілген дүниелер бірлігінен қалыптасқан ойлау және сөйлеуге қабілетті, құрал-жабдық жасап, оны еңбек барысында қолдануға икемді тіршілік өкілі.

Индивид (тек өкілі) - тұлғалық және даралық дамудың лағы шарты ретінде көрінген тұтастық қайталанбастығымен танылған психофизиологиялық қасиеттерге ие тек өкілі - адам.

Тұлға (личность) - қатынастар мен саналы іс-әрекеттерге араласқан, өзіндік таным мен дамуға қабілетті, қоғам мүшесі ретінде әлеуметтік мәнді бітістер, байланыстар, ұстанымдар мен мотивтерді өз бойына сіңдңрген субъект - адам.

Даралық (индивидуальность) - тек өкілі-адамның тұлғалық және психикалық ерекшелігі. Бұл әрбір тұлға - субъекттің темпераменттік және мәнез бітістерінде, сезімдік, ақыл сана және еріктік аймақтары мен қызығуларында, қажеттері мен қабілеттерінде көрініс береді.

Даму (развитие) - адам ағзасында, психикасында, ой өрісі мен рухани болмысы шеңберінде сыртқы да ішкі, басқарымды да өзбетінше жүріп жатқан ықпалдар себебінен болатын сандық және сапалық өзгерістер мен сол өзгерістердің нәтижесі.

Биологиялық даму - тән - дене даму, морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістер.

Әлеуметтік даму - психикалық, рухани (духовние), сана - сезімдік (интелектуальное), әлеуметтік (социальное) кемелдену.

Даму қозғау салушы күштер - қарама-қарсылықтар тайталаса (борьба) .

Қарама-қарсылықтар - бір-біріне тікелей қайшы келген қажеттіктердің тоғысуынан болатын тайталас : «керек» - «қолымнан келеді», «білетін» - «білмейтін», «мүмкін»- «болмайды», «бар» - жоқ ж. т. б.

Даму жағдаяттары (факторы) - нәсілдік, қоршаған орта, тәрбие.

Нәсілдік (наследственнрсть) - балаға ата-анасынан өтетін кейбір қасиеттер мен ерекшеліктер, мысалы, сырттай-белгілер: дене құрылымы, шаш, көз, тері түстері. Нәсілдік берілетін қабілеттер емес, тек нышандар (задание) ғана.

Әлеуметтік мұра (социальная наследственность) - ата- аналардың әлеуметтік - психологиялық тәжірибесін игеруден қалыптасатын білік (тіл, әдет, әрекет, қылық ерекшеліктер, ізгілік - адамгершілік сапалары және т. б. ) .

Қоршаған орта - адамның дамуына тікелей ықпал жасап, қажетті жағдаяттарды қамтамасыз етуші шынайы болмыс (табиғат, қоғам) .

Алыс орта (дальняя среда) - қоғамдық құрылым, өндірістік қатынастар жүйесі, өмірдің заттасқан тіршілік шарттары, өндірістік және әлеуметтік процестердің атқарылу сипаты және т. б.

Жақын орта (ближняя среда) - отбасы, тума-туыс, . Ағайын-жегжат, достар.

Адам - тұлға әлеуметтік тіршілік ретінде -ең жоғары құндылық болып саналады, қоғамның барша дамуы сол құндылықты асыра түсу үшін орындалып жатады.

Тәрбие (воспитание) - 1. Арнайы ұйымдастырылған әрекеттер жүйесіндегі мақсат бағдарлы тұлға қалыптастыру процесі. 2. Нәсілдік пен қоршаған ортаның әсерінен болатын келеңсіз бітістерді белгілі мөлшерде түзеп - реттеп барушы негізгі қызмет - әрекет.

Қалыптасу (формирование) - нәсілдік, орта, мақсат бағдарлы тәрбие және өз белсенділігінің ықпал - әсерлері нәтижесінде адамның тұлғалық кемелге жету процесі.

Әлеуметтану (социализация) - адамның нақты замандағы нақты қоғамға, әлеуметтік қауым мен ұжымдарға тән құндылықтар, қалып - талаптар (нормы), ұстаным - нанымдар (установки) мен әрекет - қылық үлгілерін игеріп, әлеуметтік байланыстарға келуі және әлеуметтік тәжірибені қолдана білуі.

Табиғи сәйкестік (природосообразность) принципі - адам табиғаттын ажыралмас бөлігі. Даму әр адамның тума, табиғи мүмкіндіктерін арқау етіп, оларға сәйкес орындалып баруы тиіс. Тәрбиенің табиғи жағдаяттардан алшақ, жасанды жолмен іске асуы мүмкін емес.

Іс-әрекет (деятельность) - 1. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған қоғамдағы адам белсенділігі. 2. Адами тіршіліктің формасы әрі тәсілі.

Белсенділік (активность) - іс-әрекеттік қарқынды әрі мүдделі орындалуынан болатын адам сапасы. Тұлға белсенділігі - бұл дамудың алғы шарты ғана емес, нәтижесі де.

Даму желісін анықтап алу (диагностика) - оқушының даму деңгейі мен сапа қасиеттерін айқындауын ғылыми әдістемесі.

Тестілеу (тестирование) - тұлғалық сапаларды тест жәрдемімен зерттеу әдісі.

Адам дамыуның негізгі заңдылықтары мен жағдаяттары:

- Адам дамуы - іштей себеп - салдары процесі, яғни әрбір тұлғаның жан дүниелік қайшылықтары мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. .

- Адам дамуы оның әлеуметтік жағдаяттарымен тікелей байланысты, яғни қалыптасудағы тұлғаның сапа - қасиеттері қоршаған орта (қоғам жағдайлары, тәрбие ықпалдары) әсерлерінен өзгеріске түсіп отырады.

- Адам дамуы - өзіндік белсенділіктің нәтижесі, яғни тұлғалық жетілуге болған ниеттер мен іс-әрекетке, қатынастарға араласуға болған ұмтылыстардың.

- Адам дамуы - жетекші іс-әрекет қызмет типіне орайлас, яғни баланың нақты кезеңдегі айналысқан қимыл-әрекет пен оның мазмұны белгілі психикалық процестер және психологиялық ерекшеліктердің туындап өзгеріп баруына себепкер болады.

- Әрқилы жағдаяттардың әсері адамның жас және жыныстық, даралық ерекшеліктеріне байланысты.

- Адам дамуы көптеген жағдаяттардың (нәсілдік, орта, тәрбие, жеке белсенділік) біріге әсер етуінің нәтижесінде іске асып барады.

Жағдаят (фактор) - қандай да процесс, құбылыстың қозғаушы күші, себебі, мәнді, шарты.

Шарт (условие) - қандай да әрекетті туындайтын жағдай.

Макрофакторлар - әрқилы елдерде жасайтын ауқымды адамдар тобына ықпал жасай отырып, жеке адамдар болмысын айқындаушы жағдаяттар.

Мезофакторлар - нақты адамдар қауымдастығының тіршілігін қамтамасыз етуші шарттар ме жағдайлар.

Микрофакторлар - жеке адамның тұрмыстық жағдайлары мен оны тікелей қоршаған әлкуметтік орта.

Сұрақтар

  1. Тұлға дамуы не
  2. Дамудың қозғаушы күштері не
  3. Ішкі және сыртқы қарама-қарсылықтар деген не
  4. Қай кезде адам тұлға аталады
  5. Тұлға дамуына себепші жағдаяттар қандай
  6. Нәсілдік деген не
  7. Нәсілдік белгілер неден көрінеді
  8. Атадан балаға мұра нәсілдік қандай
  9. Нышан деген не Ол ұрпақтан-ұрпаққа өтеді ме
  10. Балаға өтетін арнайы нышандар қандай
  11. Ізгілік, әлеуметтік сапалар нәсілдіктен беріледі ме
  12. Қоршаған орта деген не
  13. Тұлғаның дамуына жақын ортаның ықпалы қандай
  14. Тәрбиемен адамды толық өзгертуге бола ма
  15. Тұлға дамуына тәрбие ықпалы қандай
  16. Табиғи сәйкестіктің принциптіктің мәні қандай
  17. Тұлға дамуына іс-әрекет әсері қаншама
  18. Оқушы іс-әрекетінің негізгі түрлері қандай
  19. Даму және жеке белсенділік ара қатынасын ашыңыз
  20. даму диагностикасы не Ол қалай орындалады
  21. Негізгі даму заңдылықтарын атап, түсіндіріп беріңіз

4-тақырып. Балалардың жас ерекшліктері.

Жоспар:

1. Жас кеззеңдеріне бөлу. 2. Сәби даму. 3. Кіші мектеп оқушысының дамуы. 4. Даму теңсіздігі. 5. Жеке ерекшеліктерді ескеру.

Конспект - сөздік

Жас кезеңдеріне бөлу (периозидация ) - жас ерекшеліктерін айыру.

Жас ерекшеліктері (особенности) - нақты өмір сатыларына тән анатомиялық - физиологиялық және психикалық сапа-қасиеттер.

Жас кезеңдері - 1. Сәбилік (өмірдің алғашқы бір жылы) . 2. Мектеп алды дейінгі (1 жастан 3 жасқа дейін) . 3. мектеп дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін) . Бұл аралықта а) кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас), б) орта мектепке дейінгі жас (4-5 жас), в) үлкен мектепке дейінгі жас (5-6 жас) . 4. Кіші мектеп жасы ()

Жас кезендері - 1. Сәбилік (өмірдің алғашқы бір жылы) . 2. Мектеп алды дейінгі жас (1 жастан 3 жасқа дейін) . 3. Мектеп дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін) . Бұл аралықта а) кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас), б) орта мектепке дейінгі жас (4-5 жас) . в) үлкен мектепке дейінгі жас (5-6 жас) . 4. Кіші мектеп жасы (6-10 жас) . 5. Орта мектеп жасы (10-15 жас) . 6. Жоғары мектеп жасы (15-18 жас. )

Жас ерекшеліктерін есепке алу (учет) - Негізігі педагогикалық принциптердің бірі.

Акселерация - Балалық және жасөспірімдік жастағы тән-дене және кей жағдайлардағы психикалық сапалардың шектен тыс қарқынды дамуы.

Ретрадация - Келеңсіз нәсіддік ауырулар мен қолайсыз экологиялық жағдайлардың әсер етуінен болатын баладағы тән-дене, рухани дамудың кешеуілдеу.

Жастық даму заңдылықтары - 1. Жастық шақта адамның тән-, дене дамуы тез әрі қарқынды жүріп жатады. 2. Тән-дене дамуы біркелкі болмайды, бір кезенде жылдам дамыса, екіншіде-тым баяулап кетеді. 3. Адам денесінің әрбір ағзасы өзіне тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөліктерінің дамуында теңдестік пен сәйкестік болмайды. 4. Адам жасы мен оның рухани дамуы өзара кері тәуелділік байланыста ( зависимость) . 5. Адамның рухани дамуы бірде қарқынды, жеделі болса, әлде бір жағдайда баяу хәлге түседі. 6. Даму барысында кейбір психикалық сапа-қасиеттер мен мүмкіндіктердің калыптасуы үшін тиімді жас кезеңдері (сензитивные периоды) болады.

Жеке бас (индивидуальные) ерекшеліктері-Баланың түйсіну. қабылдау, ойлау, ес қиял, қызығу, бейімділік, қабілет, темперамент. мінез бітістеріндегі өзіндік сапа белгілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогиканың негізгі категориялары
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz