Авеста кітабы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Нұқ пайғамбар туралы аңыз есіңде ме, жас дос! Бүкіл жер-жаһанды топан су басқаны туралы айтылатын еді ғой онда. Сол кезде Нұқ пайғамбар ғұмыр бойы адал еңбекпен өмір сүріп, ақ ниетінен айнымаған адамдарды кемесіне мінгізіп, топан судан алып шықпаушы ма еді. Бір қызығы - дәл осыған ұқсас аңызды Жер шарының әр қиырын қоныс еткен халықтардың көпшілігі айтады. Тіпті Нұқ пайғамбардың кемесінің өз еліндегі биік таудың басында тас болып әлі күнге қатып тұрғанына өздері кәміл сенеді, өзгелерді де сендіргісі келеді. Мысалы, армян халқы сол кеме Арарат тауының басында десе, еврей жұрты оны Сион тауының басындағы Дәуіт пайғамбар сарайына қойылған деп санайды. Ал біз - қазақ халқы Нұқ пайғамбардың қасиетті кемесі әулие тау Қаратауда қалғанына кәміл сенеміз.

Бұлардың бәрі - аңыз. Аңызға айналып бізге жеткен бағзы замандар шындығы . Ғалымдардың болжауы бойынша, ежелгі адамдар қоныстары жер бетінде осыдан 2, 5 миллион жыл бұрын пайда болған. Қазақстан ғалымдары біздің еліміз аумағында ежелгі адамдар осыдан і миллион жыл бұрын қоныстана бастаған деп есептейді. Алайда біздің заманымыздан 40-35 мың жыл бұрын жер беті күрт салқында, құрлық бетін тұтасқан көк мұз басады. Жайқалған жұмақ жер бірте-бірте қақаған аязға оранып, адам да, аң да мың-мыңдап қырғынға ұшырайды. Адамдардың тірі қалғандары үңгірлерді паналап от жағуды үйренетіні осы кез. Бұрын жеміс теріп, өсімдіктердің тамырын жинап, балық аулап, күші жеткен аңның етін ғана қанағат тұтып үйренген адам баласы енді аңшылықты кәнігі кәсіпке айналдыра бастайды. Ұжымдасып үлкен аңдарды қолға түсіретін ор қазуды, тастан үшкір қару-жарақтар жасауды үйренеді. Ғалымдар мұны "тас ғасыры" деп атайды.

Бұл кезде құрлық бетін құрсаған көп мұз да бірте-бірте еріп, солтүстікке шегіне бастаған еді. Сірә, Нұқ пайғамбарға қатысты айтылатын жер бетін қаптаған топан су туралы аңыз да осы кезеңнің шындығын бейнелейтін болса керек. Топан судан, ең алдымен, биік қыратты қоныс еткен адамдардың аман қалатыны белгілі. Осы адамдардың өзге аймақтағыларға қарағанда ертерек ес жиып, оң-солын бұрынырақ тани бастайтыны түсінікті. Біздің еліміз - қазіргі Қазақстанның аумағы дәл сондай қыратты аймақтардың бірі еді. Сондықтан біздің өлкені қоныстанған алғашқы адамдар, яғни біздің арғы ата-бабаларымыз қолға мал үйретуді, тас құралдардың орнына қолына қоладан жасалған қанжар мен найза ұстауды, ат жегіп арба мінуді, бір сөзбен айтқанда, адами мәдениетті өзге аймақтағы тектестеріне қарағанда ертерек меңгерген.

Жер бетінде адам баласының алғашқы мәдениеттерінің мұндай орталықтары сирек. Мысалға, Қосөзен аймағы аталатын Евфрат пен Тигр өзендері бойындағы шумер мәдениетінің тарихын ғалымдар осыдан б мың жыл бұрынғы кезеңнен бастайды. Қытайдағы ежелгі мәдениет тарихы шамамен осыдан 5 мың жыл бұрын басталған. Біздің елімізде сақталған ежелгі мәдениет ескерткіштері де осылармен шамалас.

Сонымен, қазіргі Қазақстан жеріне бұдан 4-5 мың жыл бұрын өмір сүріп, бұл өлкені жер бетіндегі ежелгі мәдениеттердің орталығына айналдырған кімдер өзі? Олар немен айналысқан? Қалай ғұмыр кешкен?

Ғалымдар олар қалдырған мәдениет ескерткіштерін "Андрон мәдениеті" дейді. Бұл - шартты атау. Ең алғаш і9і4 жылы Енисей өзенінің бойындағы Андроново деревнясының маңында сақталған қорғанды қазғанда ежелгі адамдар қауымдастығының бұрын ешкімге мәлім емес жаңа мәдени ескерткіштері табылған. Кейін дәл осындай ескерткіштер Алтай, Орталық Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерінен көптеп кездескен. Ғалымдар осынау кең-байтақ кеңістікте өмір сүрген адамдардың бір үлкен ұлысқа біріккен туыстас тайпалар болғанын анықтап, олардан қалған мәдени мұраларды әлгі деревня атауымен "Андрон мәдениеті" деп атады.

Ежелгі Қазақстан жеріндегі Андрон мәдениетін жасаған ұлыс құрамында әр түрлі туысқан тайпалар болғаны анық. Олардың ішіндегі ең белгілілері - арийлер мен турлар еді. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, түйе, қой, сиыр өсірген. Егін де еккен. Алғашқыда олар кең байтақ даладағы шағын өзендер мен жылғалардың жағалауына қоныстанған. Жартылай жертөле үлгісіндегі үйлер салып, төбесін сабанмен жапқан. Жер жыртуға соқаны пайдаланған, eгіндi қол орақпен орған. Алайда негізгі шаруашылығы - мал ecipy болған.

Арийлер мен турлардың малды ауыл маңында баққаны белгілі болып отыр. Бip ауылда і0 - 20 отбасынан құралған бip рудың ғана адамдары тұрған. Әр отбасында 30 - 50 адам болған. Кейде бip руға жататын отбасылар бір ауылға симағандықтан қара шаңырақтан онша ұзамай жақын маңдағы өзен не көл жағалауынан жаңа қоныс салған. Осылайша рулық бірлестіктер қонысы бірте-бірте кеңейе түскен. Кең байтақ далада әр ру оқшау сүрген. Олардың араларын жүздеген шақырымдық кеністік бөліп жатқан.

Бірте-бірте жеке рулар тұтас ұлыс болып бірiгіп, іргелі мемлекетке айнала бастайды. Дестүрлі мал шаруашылыгының жағдайы оларды бірiгyгe мәжбүр еткен еді. Ceбeбi жыл сайын өсе түскен мыңғырған мал бірте-бірте ауыл маңындағы өріске симайтын дәрежеге жетті. Ежелгі қоныстарының, маңы тез тапталып, малды басқаша бағу қажеттігі туды. Енді бұрынғы отырықшы тұрмыстан гөpi жайылымдык, мал шаруашылығының тиімділігі анык, байқалды. Ол үшін кең далада емін-еркін көшіп-қонып жүрген халыққа, өз бетімен жайылып жүрген малға сырттан қатер төнбеуі қажет еді. Адамның да, малдың да қауіпсіздігін тек іргелі мемлекеттік бірлестік қана қамтамасыз ете алатын.

Біртұтас тайпалық одақ түріндегі алғашқы мемлекеттің құрылуы адамдар қауымдастығының өз ішіне де, олардың шаруашылыгьша да бірқатар өзгерістер енгізді. Енді арийлер мен турлар қоғамындағы адамдар үш топқа жіктеле бастады. Бірінші топты, әрине, елді сыртқы жаулардан қорғауға машықтанған, соғыс өнерін меңгергои қол басшылар мен батырлар құрады. Бұларды ғалымдар "әскери ақсүйектер" деп атайды. Ақсүйек болатын себебі, олар - қоғамда ең жоғарғы мәртебе мен құрметке ие болған жандар еді. Екінші топты дүниенің құпия сырларын білетін, кейде ауру-сырқаудан адамдарды емдеп, оларға рухани жағынан жетекші бола алатын ой еңбегінің иелері -абыздар құрады. Осылайша ой еңбегімен айналысатын адамдардың ерекше топ құрап, басқалардан бөлектенуі арийлер қоғамында жоғары өркениет белгілерінің қалыптасқанын көрсетеді. Абыздар өз ортасында ерекше сый-құрметке бөленген. Әскери ақсүйектер мен қарапайым халық абыздарды бәрін білетін әулие тұтып, олардың айтқан ақыл-кеңестерін ұйып тыңдаған, олар ұйымдастырған рәсімдік шаралар мен билердің сиқырлы күші бар деп сенген. Арийлер қоғамындағы үшінші топты бақташылар, яғни қарапайым халық құраған. Бұлар ең төменгі қара халық ретінде мал бағумен, егін егумен, көші-қонмен айналысқан. Кейде қара халықтың арасынан шығып, көпшілікке белгілі батырға не абызға айналған адамдар да болған. Мысалы, атақты "Авеста" кітабының авторы Заратуштра түйешілер арасынан шыққан деген пікір бар.

Арийлер тайпалық одаққа бірігіп, біртұтас бірлестікке айналған соң, олардың шаруашылығында да ішінара жаңарулар болған. Төрт түлік малдан көшпелі тұрмысқа қолайлы қой, жылқы, түйе өсіруге бұрынғыдан кебірек ден қойған. Әсіресе, жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлер жылқысының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ахалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген.

Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі - жартастарға салынған суреттер. Мұндай сурет галереяларын ғалымдар петроглифтер деп атайды. Осыдан 4 мың жыл бұрын тасқа қашалған жартастағы суреттер Үстірт даласынан, Қаратаудан, Жетісудан, Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлерінен көптеп табылған.

Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т. б. туралы толық мағлұмат алуға болады.

Арийлерден қалған тағы бір үлкен ескерткіш - "Авеста" кітабы. Бұл кітап діни өсиеттердің әлемдегі ең алғашқы үлгісі болып табылады. "Авестадағы" Ахура Мазда тәңірге мадақ жырлардың авторы -дала данасы Заратуштра болып саналады. Жоғарыда атап өткеніміздей, Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасындағы спитама руынан шыққан. Әкесі - Бозатты. Өзі түйе баққан. Оның жырларында айтылатын құтты қоныс - "Арианам Вайджа" (арийлер даласы) қазіргі Қазақстанның оңтүстік-батысын қамтиды. Ардви - қазіргі Әмудария, Датья - Сырдария, Варахуша - Каспий теңізі. Заратуштра бұл аймақта шамамен осыдан 3500 жыл бұрын дүниеге келіп, ғүмыр кешкен. Табиғат бойына дарытқан парасат пен талантының арңасында арийлердің батыр ұлдары туралы жыр толғап, отыз жасқа толғанда дүниенің сырын өзге тайпаластарына қарағанда басқаша түсіндіруге тырысады. Ол Айға, Күнге, Отқа, Суға табынған бауырларын тек бір ғана Құдай - Митраға (Ахура Маздаға) сиынуға шақырады.

Митра Күн мен Айдың арасында өмір сүретін жалғыз ғана төңірі деп есептейді ол. Бірақ оның бұл уағызы отандастарына ұнамайды. Әсіресе, турлар мен иссондықтар (қымыз ішушілер) бас имей қояды. Өз елінен қолдау таба алмаған Заратуштра туған елінен алыстағы Виштаспа патшадан қолдау табады. Ең алдымен патша әйелі Хумаос Заратуштраның жаңа дінін қабылдап, кейін Виштаспа басқа тайпаластарын жеңген соң, бұл ілім барлық керші елдерге тарайды.

Шет еддің ғалымдары "Авестаны" парсы тілінің ескерткіші деп есептейді. Тіпті, олар арийлердің өзін үнді еуропа тілінде сөйлеген еді, кейін олардың бірқатары солтүстік Үндістанға, қазіргі Иран аумағына қоныс аударған деп санайды.

Бірақ мұның бөрі өлемдегі ең алғашқы өркениет ескерткіштерін кейінгі далалықтардан, яғни сіз бен бізден алыстатудың амалы ғана.

Арийлер мен турлардың қазіргі Қазақстан аумағында ғұмыр кешкені археологиялық деректер арқылы дәлелденген шындық. Бұл бір. "Авеста" кітабындағы жырлардың да осы далада пайда болғаны жер-су атаулары арқылы дөлелденіп отыр. Бұл -екі. "Авеста" жырының парсы тіліне Заратуштра дүниеден озған уақыттан і300 жыл кейін, яғни парсыларды билеген Ахемен әулеті заманында көшіріліп, хатқа түскені дәлелденген. Бұл - үш. Олар бұл кітапты қай тілден көшірді, неге көшірді? Бұл сұрақтардың жауабына тарих туралы өңгімеміздің келесі тарауында толығырақ тоқталамыз. Ал әзірге айтарымыз, арийлердің бір бөлігінің Солтүстік Үндістан жаққа қоныс аударып, сол өлкеде жаңа өркениет ошағын қалыптастыруға ықпал етуі әбден мүмкін. Бірақ, олардың бәрі түгел көшіп кетпеген. Негізгі бөліктері турлар да, асылар да, дахтар да атамекенінде қалып, тағы бір үлкен ұлыс, қазақтардың арғы тегі - сақтардың қалыптасуына ұйытқы болған.

Қазіргі қазақ халқының дүниетанымында ежелгі арийлерден сақталып қалған наным-сенімдер өте көп. Біз әлі күнге дейін ежелгі ата-бабаларымыз төрізді жылқы баласын қатты қадір тұтамыз, Күнге, Айға, Отқа, Суға табынамыз. Жаңа Ай туғанын көрген әжелеріміз "Жаңа айда - жарылқа, ескі айда - есірке" деп күбірлеп жатады. Ал тіліміздегі "ар", "арыс", "ару" сөздерінің бәрі арийлер бойында болған қадір-қасиеттерге сілтеп тұрғаны анық. Арийлер мен турлар қалыптастырған мәдениет пен жауынгерлік дәстүрлерді солардың ата жұртында қалған ұрпақтары - сақтар одан әрі жалғастырып әкетті.

" Авеста" - ең көне кітаптардың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері
«Авеста» шығармасы түркілер мекендеген хорезм аймағында жасалған мұра
«Ырқ бітіг» кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері
Шет елдік Азия археологиясы
Зорастризмнің пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz