Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны


Жоспар.
Кіріспе . . . 3-5 бет
I тарау. Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны.
1. 1. Мемлекет ұғымы және белгілері . . . 6-10 бет
1. 2. Мемлекет функциясының ұғымы және түрлерге жіктелуі . . . 11-37 бет
II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары
2. 1. Экономикалық функция . . . 38-42 бет
2. 2. Әлеуметтік функция . . . 43-48 бет
2. 3 Экологиялық функция . . . 49-53 бет
2. 4. Мәдени мен ғылыми - техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы . . . 54-60бет
III тарау . Қазақстан Республикасының сыртқы функциялары.
3. 1. Отанды және елді қорғау функциялары . . . 61-65бет
3. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым - қатынас функциялары . . . 66-78 бет
Қорытынды . . . 79-84 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 85-87 бет
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің негізгі мақсаты - қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды ( әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio - орындау дегенді білдіреді) - заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде - мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс - тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.
Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар қызметтерді (мысалы, жол салу, қорғаныстар салу) сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып келеді.
Тіпті тарихи алғашқы әлі дамымаған құл иеленушілік қоғам мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырған:
- құлиеленушінің жеке меншігін тәуелсіз ету, бірақ халықтың кедей топтарын қорғау;
- құлдардың қарсылығын басу;
- басқа мемлекеттер мен халықтар арасында бейбіт әріптестік және сауда қатынасын орнату;
- елді қорғау және басқа территорияларды жаулау;
Ежелгі кезде де мемлекет бірқатар маңызды функцияларды атқарып, мемлекеттің негізгі бағыттарын айқындап отырды. Бұдан 2 ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша « Табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті 3 функцияны атқару керек деген. Олар:
- Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдық топтардың басып кіруінен қорғау;
- Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
- Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық мекемелерді ұстау міндеттелігі.
Бұдан көріп отырғанымыздай, мемлекет функциясы мемлекеттің алғаш пайда болған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген қызметтерді жүзеге асырып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені, халық өмірінің барлық саласы өздігінен реттелмейді, нарықтық экономика жағдайының өзінде жеке меншік, бәсекелестік, бірлесу бостандығы тағы басқалар болғанымен, мемлекет «түнгі қызметшінің» рөлін атқарып немесе «көрінбейтін қол» ретінде шектен тыс араласпай, тек бақылап, қадағалап, заңдық тұрғыдан реттеп отыруы тиіс. Мемлекет болмаса ешқандай кәсіпкерлік, кәсіпорын, әлеуметтік аз қамтылған халықтардың белгілі бір тобын қамтамасыз етуге, атмосфераны, суды, жерді, қорғау ынталы болмайды. Мемлекет осы тұрғыда әлеуметтік теңестіруші рөльді атқарады, алым - салықтан тағы да басқа кіріс көздерінен түскен мемлекеттік бюджеттегі қаражатты білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет пен ғылымды дамыту, табиғат қорғау, қарулы күштерді дамыту тағы басқа салаларды қолдауға жұмсайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы, халықтың ұлттық санасының өсіп - өркендеуі құқық ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста болатын мемлекет функциясының маңызы артып келеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолын ұстанған, яғни бұдан мемлекеттің саяси - экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларды демократияландыру, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологияны сақтау, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету міндеттері туындайды.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған мақсат міндеттер бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттарыда да әр түрлі болады: стратегиялық бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күнгі мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т. б. міндеттер тұр.
Зерттеудің мақсат - міндеттері: Осы менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау, мемлекет функциясының түрлеріне тоқталу, соның ішінде Қазақстан Республикасының функцияларына ішкі (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқалар) және сыртқы (Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым - қатынас функциялары) функцияларына жан - жақты талдау жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті - мемлекеттің қоғамда атқаратын қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, мемлекет функциясының (әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуына байланысты) атқаратын қызметтеріне байланысты топтастыру, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері атқаратын негізгі қызмет аясының бағыттарын айқындау (ішкі және сыртқы функциялар бойынша) .
Зерттеудің теориялық барысы : Осы жұмысымды жазу барысында мемлекет функциясы тақырыбында А. Булгакованың, Е Баяновтың, С. Өзбекұлының, С. Алексеевтің И. Матузованың, С. Табановтың тағы басқа көптеген ірі мемлекеттанушы ғалымдардың еңбегін пайдаландым. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер Қазақтан Республикасының Конституциясын, Инновациялық қызмет туралы заңын, Экологиялық кодексін, Мәдениет туралы заңдарды қарастырып, баспасөз материалдарын жинақтап, зерттеп, салыстырып, талдау жүргіздім.
Жұмыстың құрылымы, көлемі: Дипломдық жұмысым кіріспеден, 8 тақырыпшаны құрайтын, 3 тарауға бөліп қарастырдым:
I - тарауын мемлекет функциясы ұғымы мен мазмұнына арнадым. Онда мынадай төмендегі мәселелер қарастырдым: мемлекет ұғымы, мәні, белгісі, мемлекет функциясы және оның түрлерге жіктелісі. II - тарауда Қазақстан Республикасының ішкі функциялары қарастырылды, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени мен ғылыми - техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функцияларына жеке - жеке тереңірек тоқталдым. Ал III- тарауды Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым - қатынас функцияларына арнадым. Бұл тарауда мынадай мәселелерге: Отанды және елді қорғау функциялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ресей, АҚШ, Германия, Қытай мемлекеттерімен қазіргі кездегі қарым - қатынастарына тоқталдым. Қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны.
1. 1. Мемлекет ұғымы және белгілері
Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілк - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік - саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болу, даму, себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту, қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Мемлекеттік аппарат қажет болды.
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс - әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды.
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппараты нығайту керек болды.
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден бір билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік актілерді қабылдай алады.
- мемлекеттің ішкі - сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы нәтижесінде алынған қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- Бұқаралық биліктің болуы.
- Аумақтық бөлініс.
- Салық.
- Егемендік.
- Құқық.
Мемлекет арнаулы өзара байланысты, бірігіп іс - қимыл жасайтын мемлекеттік аппаратты құрайтын мемлекеттік органдардан (әкімшілік, армия, соттар, трибуналдар, полиция және тағы басқалар) тұрады. Бұлар мемлекет атынан билік жүргізеді, басқаруды қамтамасыз етеді. Демек, бұл мемлекеттің бірінші белгісі - саяси билік ұйымы. Мұның мәнісі мынада:
- бұл билік қоғамның ішінен шыққан халықпен бірікпейді, ол әлеуметтік басқаруды жүзеге асыратын органдардың (соның ішінде құқыққорғау мен армия) ерекше жүйесі болып табылады;
- бүкіл қоғамның атынан ресми өкілдік етеді;
- оның мақсаты - өркениетті құқықтық тәртіпті, әрі адамдардың күнделікті өмірлік қызметін қолдауды қамтамасыз ету, ал керек болған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлік шараларын қолданады.
Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе «жария - биліктің» болуы тән. Қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы - рулық басқару ұйымы білген емес, ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады.
Кез келген мемлекеттің белгісі - жариялылық, мәжбүрлеу (күштеу) болып табылады. Ол мемлекеттің (оның органының) ғана өз аумағында барлық азаматтарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға мәжбүрлеу (күштеу) шараларын қолдануға құқықтығы.
Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Жария өкіметтің құрылуы барлық қауым мүшелері атынан жүргізілмейтін болады. Оның функциясы тек қана арнайы құрылған, ерекше пұрсатты жағдайдағы адамдардың топтары мен жасақтары іс жүзіне асырады және тек басқару, күштеу функцияларын атқарады. «Бұл жария өкімет әрбір мемлекетте бар. Ол тек қарулы адамдардан ғана емес, сонымен қатар заттық шылаулардан, түрмелер мен әр түрлі еріксіз көндіруші мекемелерден де құралып отыр, қоғамның рулық құрылымына бұлар белгісіз еді», 1 - деп атап көрсетті Ф. Энгельс.
Бұқаралық биліктің болуы міндетті түрде мемлекеттің басқару немесе мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі бұқаралық билік бұл шенеуніктер, әскер, полиция және тағы басқалар.
Мемлекеттің тағы бір белгісі - аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.
Аумақ бұл - яғни мемлекеттік биліктің оның аумағындағылардың барлығына тиесілі. Бұл жерде аумақ деп отырғанымыз мемлекеттің шекарасы шегіндегі кеңістікті айтады. Ол - белгілі бір мемлекеттің егемендігіне кіретін жершары қабатының бір бөлігі. Өзге мемлекеттерден шекара арқылы бөлектенеді. Демек, мемлекеттің ерекшелігі - нақтылы анық сыртқы шекарасының болуы және ұлттық немесе әкімшілк аумақтық бөліктерге бөлінуі. Мұндай құрылымдық бөліністерге бөлінуінің мақсаты - мемлекеттің аумақты басқаруы, салықтарды, алымдарды және өзге де төлемдерді жинау, халықты бағындырып ұстап тұру, әрі оларды қорғау. Мемлекет өзінің қарамағында адамдарды біріктіргіш күш, сондықтан да болар олар өздерінің құқықтары мен міндеттерін тұрғылықты жері бойынша іске асырады.
Мемлекеттің басқа да ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Таптық қоғамда пайда болған жариялық өкіметті қамтамасыз ету үшін халықтан салық жинап отырады. Қанаушы қоғамда салық жинау өндіріске қатысы жоқ, паразиттік элементтерді сақтау үшін пайдаланады. «Салық дегеніміз, - деп жазды К. Маркс, - бюрократияның, армияның, топтардың және сарайдың - қысқасы, атқарушы өкіметтің бүкіл аппаратының күнелту негізі». 2Салық - бұл мемлекеттің өмір сүруі, тіршілік етуінің экономикалық негізі. Мемлекет салықтан түскен қаржына басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, жол құрылысын салуға, мектептерді, ауруханалар мен емханаларды және өзге де қоғамдық жұмыстарды қамтамасыз етуге, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады.
Мемлекеттің қоғамдағы ұйымдардан тағы бір ерекше айырмашылығы бар - оның егеменді болуы. Мемлекеттің егемендігі оның ерекше қасиеті. Мемлекеттік егемендік мемлекеттік өкіметтің, биліктің ел ішінде, мемлекеттің сыртқы істерінде де жоғарлылығын, мемлекеттің өкіметтің тәуелсіздігін, өкіметтік биліктің бөлінбейтіндігін көрсетеді.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғарғы билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды, өздерін мұның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірден бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өзі ісіне ешкімді араластырмайды, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекетің ішінде жұмыс істейтін бірден бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым - қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекеттің егемендікке, тәуелсіздікке ие болуы - оның басты мақсаты басқа шет мемлекеттерге тәуелді болмауы, өз аумағында өзекті (ішкі және сыртқы) мәселелердің барлығын дербес шеше алатындығы, әрине өзге мемлекеттердің тәуелсіздігін бұзбауы тиіс.
Елдің ішінде мемлекеттің егемендігі мынадан байқалады:
- мемлекеттік биліктің бірлігінен және оның барлық халық пен басқа қоғамдық ұйымдарға таралатындығынан;
- мемлекет органдарының шешімдерінің оның аумағына және аумақтан тыс шегінде (мысалы, жат жердегі жүрген республика азаматтарына және ұйымдарға) жалпы міндеттілігінен;
- өзге қоғамдық биліктің кез келген көрінісін заңсыз деп тану және оны жою мүмкіншілігінің айрықша құзіреттілігінен;
- мемлекеттің ерекше өкілеттілігі шегінде жалпыға міндетті нормалары бар нормативтік актілерді (заңдар, жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар және тағы басқалар ), соттардың, басқару органдардың және өзге мемлекет ұйымдардың шешімдерін шығару, бекіту мен қолдануларынан.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің аса бір көрінісі - құқық. Құқық қоғамдағы қатынастарды реттейтін құрал ретінде тек мемлекетке ғана тән. Оның шығуы, қалыптасуы, өркендеуі мемлекетпен тығыз байланысты.
Мемлекет таптар тартысының, қайшыласқан күресінің негізінде туған саяси ұйым болғандықтан мемлекеттегі қатынастарды билеуші таптардың ырығына қарай реттеуге, белгілі жолға қоюға мәжбүр болды. Осыған байланысты билеуші таптардың заңға көтерілген еркі, қалауы ретінде құқық туды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде пайда болған күннен бастап, қоғамдағы өндірістік қатынастарды, экономикалық құрылысты қамтамасыз етеді.
Халық пен мемлекет өте тығыз байланысты. Ол мемлекет үшін адал қызмет жасаса, мемлекет халық үшін маңызды сыртқы, ішкі жағдайларын шешуге тырысады.
Мемлекеттің басты қызметі: өзінің аумағындағы халықты ырқына көңдіріп, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырып, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже - қағидаларды шығарып қабылдап, халықтан салық жинауға ерекше құқығы бар саяси ұйымның міндеттерін атқаруы тиіс.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты » қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
- Қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым - қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс- қимылына жағдай жасау жүктелген;
- Оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық - күшті құралдары бар;
- Тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік - мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет мәні оның қоғамды демократиялық қағидалар негізінде тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде, сонымен бірге қоғамдық келісімді қамтамасыз етуден көрінеді. Мемлекет тұрғын халықтың террриториалдық жария - құқықтық одағын көрсеткен, өз мақсаттарын жүзеге асыратын және өз функцияларын мемлекеттің биліктің арнайы орган көмегімен атқарып отырса, онда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке салу мемлекеттің негізгі міндеті болып табылады. Мемлекеттік билік адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде көрініс табады.
Мемлекет қызметі жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Қоғам істерін басқара отырып, мемлекет оның қалыпты күйде сақтауға және үйлесімді дамуға, әлеуметтік және құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге ынталы. Цицерон өзі «Мемлекет халық құндылығы, ал халық қандай да бір тәсілмен жиналған адамның кез келген тобыры емес, бір бірімен құқық пен мүдделердің ортақтастығы, көптеген адамдардың бірлескен бірлігі», - деді. 3
Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге және халықты басқару барысында өзіне тән бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз - оның мәні мен табиғатынан көрінетін іс - әрекеттердің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады.
Қазіргі мемлекет - бұл тәуелсіз, саяси биліктің әмбебап ұйымы, адамның күнделікті қызмет өмірін қамтамасыз етуші, өз аумағына иелі және өзінің ішкі және сыртқы функциясын іс жүзінде асырған кезде қажетті мәжбүрлеу аппаратын, құқықты құрушы, сонымен бірге салық салушы күш. Оның мәні - қоғамдағы саяси билікті ұйымдастыру.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағында халықты құқықтың жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
1. 2. Мемлекет функциясының ұғымы және олардың түрлерге жіктелуі.
Мемлекет қоғамдық істерді басқару органы бола отырып, көп түрлі қызметті жүзеге асырады. Онда экономикалық, саяси, әлеуметтік- мәдени және басқа қатынастар мен үрдістер жүзеге асырылады. Мемлекет айналысының бәрі қоғам және өзі үшін бірінші реттегі мәнге ие болмайды. Сондықтан қоғам істерін басқарудағы іс жүргізудегі рөлін, осындай басқарудың мақсаттарымен, сонымен бірге мемлекетпен қорғалатын әлеуметтік және өзге де құндылықтарды анықтау үшін мемлекет қызметінің басты негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz