Телефонның пайдасы мен зияны


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Телефонның шығу тарихы
  2. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
  3. Телефонмен сөйлесу әдебі

Телефонның шығу тарихы

Бүгінгі өмірді телефонсыз елестету қиын-ақ. Телефон тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1861 жылы неміс физигі және өнертапқышы Иоганн Филипп Рейс музыкалық дыбыстар мен адам дауысын желі арқылы тарата алатын құрылғы жасады. Ал, 1876 жылы Филадельфиядағы электротехникалық көрмеде шотландтық тегі бар американдық Александр Белл алғаш рет “сөйлейтін телеграфын” таныстырды. Мінекей содан бері телефон көп өзгеріске ұшырады,

Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің

өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады.

Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1, 15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т. с. с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Жақында шетелде өткен конференцияда «ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасалды.

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Және «әр адам ұялы телефонды өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта қоюы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару тетіктері немесе құлаққап (наушник) арқылы пайдалануға көшіп жатыр.

Ал бізде телефонын басына жастап ұйықтап, таңертең соның шырылымен оянатындар аз емес. Бұл баста ісік тудыруға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екені айтылуда.

Ұялы телефондар денсаулыққа зиянды Телефон арқылы қысқа сөйлесу керек. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде былай делінген «Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті». Мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Анкара дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. Ұялы телефон және станцияларының бір-бірімен байланыста әуеден радио сигналдары жолдап, жұмыс істегені айтылған мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда

Ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек».

Аталмыш мәлімдемеде ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстарға орын берілді:

-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.

-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.

-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды. /

-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

-Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.

-Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.

-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез - телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.

-Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.

-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.

-Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. Өндірушілер телефондардың SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0, 1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.

-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек. "TRT телеканалы".

Технология күн сайын жаңарады, зияны қандай?

Әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. *

Телефонмен сөйлесу әдебі

Телефонға шақырған кісіңізбен әңгіме бастамас бұрын ол кісінің ісіне кедергі келтірген жоқсыз ба, сізбен сөйлесуге уақыты бар ма соны анықтап алыңыз.

Телефонмен сөйлесу мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Құрбыңызбен немесе сөйлесіп тұрған кісіңізбен асықпай әңгімелесіп тұрғаныңызда, сізге немесе ол кісіге аса маңызды мәселемен хабарласа алмай қалуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз. Оның үстіне ұзақ сөйлесу желінің жүгін арттырады. Мысалы өзіңіз біреуге хабарласқанда алғашқы 2-3 санды тергеннен-ақ жиі соғылған гуілді естіген кезіңіз болған болар. Міне бұл желінің жүгі артуының бірден-бір белгісі.

Телефонмен бос әңгімелесудің қажеті жоқ. Егер кеңірек отырып сыр бөліскіңіз келсе, ол кісімен кездесіп, көзбе-көз сөйлескеніңіз дұрыс.

Таныстарыңызға тым кеш немесе тым ерте телефон соғуға болмайды. Мысалы: жұмыс күндері таңертеңгі сағат 8-ге, демалыс күндері таңертеңгі 10-ға дейін не кешкі 22. 00-ден кейін телефон соғу әдепсіздік болып саналады (егер өте жақын туыстарыңыз болмаса) . Егер телефон соққаныңызда 5-6 рет қоңырау барғанда жауап бермесе телефонды қойыңыз және бұл нөмірге енді хабарласпаңыз.

Егер біреу қателесіп сіздің телефоныңызға хабарласса дөрекілік көрсетпей сыпайы ғана «кешіріңіз, сіз нөмірден қателесіп кеттіңіз» деп жауап берген дұрыс.

Кейде телефонды таныстарыңызға хабарласпай баруға болмайтыны үшін ойлап тапқанын да естен шығармау керек.

Телефон соқпастан бұрын ойланып алыңыз:

Телефон соққаныңыз ол кісіге жаға ма?

Телефон соққан кісіңізді мазаламайсыз ба?

Телефон соққалы тұрғалы мәселеңіз жұртты мазалауға тұра ма?

Телефон арқылы қайғылы жағдайға ұшыраған кісіге көңіл білдіру дұрыс емес. Мұндай жағдайда өзіңіз келіп, ол кісінің қайғысына ортақтығыңызды білдіріп, қолдауыңыз керек. Егер тек өзіңіз науқастанып жатсаңыз немесе өзіңізге көмек керек жағдайда ғана телефонмен көңіл білдіру сөкеттікке саналмайды.

Телефонмен сөйлескенде шектен тыс сыпайылық мына жағдайларда ерсі болып саналады:

Телефон арқылы анықтама алғанда немесе телефонистпен сөйлескенде. Мұндайда тек қана нақты қажетті ақпаратты ғана сұрау керек. Айталық анықтама алғанда «менің кішкентай өтінішімді орындаудан бас тартпайсыз ба», «хабарлап жіберсеңіз қайтеді» сияқты ұзақ сонар кіріспе жасау орынсыз. Әрине «өтінемін», «рахмет» сияқты сыпайылық қажет ақ.

Төтенше немесе шұғыл жағдайларда да телефонсыз болмайды, бұл кезде де басы артық орағытусыз істің барысын нақты баяндаңыз. Оның үстіне төтенше жағдайда кез келген телефоны бар кісі шұғыл сөйлесу үшін өз телефонын пайдалануға беруі тиіс.

Маңызсыз мәселемен көршіңіздің үйінен телефон соғудың қажеті жоқ. Олар сыпайы кісі болғандықтан сіздің қоңырау соғуыңызға рұқсат бергенімен, сіздің мезгілсіз мазалағаныңыз отбасына ыңғайсыздың туғызуы мүмкін. Оның үстіне сіздің әңгімеңізді қалған кісілердің естуі тіпті де дұрыс емес. Сондықтан үйіңізде телефон болмаса, телефон автоматтан немесе ұялы телефонмен хабарласқаныңыз дұрыс.

Телефонмен сөйлесуді қалай бастау керек:

Телефон соққан кісі жауап берген кісімен сәлемдесіп, өзінің кім екенін таныстыруы керек. Мысалы: «Сәлеметсіз бе, мен Әсемнің құрбысы Маржанмын. Әселді телефонға шақыруға бола ма екен?» егер сол нөмірге түскеніңе күмандансаң «бұл Мәулетовтердің пәтері (үйі) ме екен?» деп сұрап алған жөн.

Телефон соққан кісі өзіне керек кісіні шақыруын сұрайды. Бұл өтінішті сыпайы сөздермен жеткізгені дұрыс. Мысалы: «Меруерт Нұржанқызын шақыруға бола ма екен», «рақым етіңіз, Назымды телефонға шақыруға бола ма», «қиын болмаса Айманды шақырып жібересіз бе», «Жұлдызаймен сөйлесуге бола ма екен» т. б.

Егер нөмірден шатысып кеткен болсаңыз себебін анықтауға тырысыңыз. Бірақ телефонға жауап берген кісіден бұл қандай нөмір деп сұрау әбестік болады. Ол кісі сізге өзі туралы ақпарат беруге міндетті емес. Керісінше өзіңізге керек нөмірді айтып «бұл осы нөмір ме» деп сұраған жөн. Мысалы: «кешіріңіз, бұл 28-47-12 нөмір ме екен?» Егер сізге «жоқ» деп жауап берсе, онда өзіңіз нөмірді тергенде қате жібердіңіз немесе байланыс дұрыс болмағаны. Ал егер «иә» деп жауап берсе, онда өзіңіз нөмірді қате жазып алғансыз. Мұндай жағдайда ол нөмірге қайта телефон соғып жұртты мазаламағаныңыз дұрыс болады.

Телефонға жауап берген кісі:

Телефонға «тыңдап тұрмын!» немесе «алло!» деп жауап берген дұрыс.

Сәлемдесуге жауап берген соң, телефон соққан адамның өтінішін орындау керек. Мысалы: «сәлеметсіз бе, бір минут . . . ».

Егер сұраған адам үйде болмаса, телефон соққан кісіге жоқ екені айтып қана қоймай, ол кісінің шамамен қашан келетінін, қай уақытта телефон соққаны дұрыс болатиынын түсіндіргеніңіз жөн. Мысалы: «ол кісі қазір үйде жоқ, екі сағаттан кейін қайта телефон соқсаңыз болады».

Егер сұраған кісі үйде болғанымен телефонға жауап бере алмайтын болса, мысалы жуынып жатса не т. б. телефон соққан кісіге мұны айтудың қажеті жоқ. «Ол қазір сөйлесе алмайды, жарты сағаттан соң қоңырау шаларсыз» дегеніңіз орынды.

Сұраған кісінің үйде болмаған жағдайда телефонға жауап берген кісі телефон шалушыға өз көмегін ұсынғаны жөн. Мысалы: «оған бірдеңе айтасыз ба, ол өзі сізге хабарласса бола ма», т. б.

Егер телефон соққан кісі хабарлама қалдырғысы келсе оны жазып алып, ұмытпай жеткізу керек.

Мынадай әрекеттер әдепсіздік болып саналады:

Сізге жауап берген бала сияқты болып көрінсе де таныс емес кісіге телефоннан «сен» деп сөйлеу. Әсеріңіз алдамшы болуы мүмкін. Тек жақын достар ғана бір-біріне «сен» деп сөйлей алады.

«Апай», «ағай», «бикеш», «атай», «әжей» деген сияқты сөздерді қолданудан аулақ болыңыз, өйткені сіз телефонға кім жауап бергенін көріп тұрған жоқсыз, ал дауыстың алдамшы болуы мүмкін. Одан да бейтарап түрде «айтып жібермес пе екенсіз», «кешіріңіз», «айтып жіберіңізші» деген орынды болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны туралы
Ұялы телефон
Рентген сәулелерінің жұтылуы
Ұялы телефондардың тарихы
Телефонның шығу тарихы
Қашықтан оқыту жағдайында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдары
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz