Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы, негізгі құрылымдық элементтері


Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы,
негізгі құрылымдық элементтері
Несиенің қызметтері. Несиенің экономикалық орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегі қызметтерді атқарады:
- Қайта бөлу;
- Айналыс шығындарын үнемдеу;
- Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржылық қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыру несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қосымша ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асыру процесінде тек қана тауар айналысын ғана емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндіріс ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандарынан басқалары) жұмыс жасау қиынға соғады. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі ондай шығындарды бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімде банк несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несиенің формалары, олардың жіктелуі. Несиенің формалары оның құрылымы мен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Отандық және шет ел әдебиеттерінде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
- Коммерциялық несие;
- Банктік несие;
- Тұтыну несиесі;
- Мелекеттік несие;
- Халықаралық несие;
- Ипотекалық несие;
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өткізу процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу болып табылады.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы төмендегідей:
- Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кезкелген заңды тұлға бола алады;
- Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерін салыстырғанда төмен болады;
- Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің занды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады;
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Мемлекеттік несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің негізгі формалары: мемлекеттік облигациялық займдар, қысқа және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және басқа да мемлекеттің бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің шығарылу мерзімі: 6 ай, 12 ай және 3 жыл мерзімді құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттердің ролі қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз берушы - заңды және жеке тұлғалар. Сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен ірі жобаларды қаржыландыруға несие берген жағдайда ол, қарыз беруші ретінде несиелік қатынасқа түседі және мұндай қарыз алушыларға банктер және қаржыландырылатын заңды тұлғалар жатады.
Халықаралық несие - валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағында қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.
Мұнда қарыз берушілер мен алушылар ретінде: банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мекемелер, халықаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар бола алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізеді. Халықаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине, бұл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан да, халықаралық банктік несие бойынша төленетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында немесе еркін алмастырылатын валютада беріледі.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүлікті (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені айтады.
Несиелеуді ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізгі мынадай қағидаларға сүйенеді:
- Несиенің мақсаттылығы;
- Несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
- Несиенің ақылығы;
- Несиенің қамтамасыз етілуі;
- Несиенің сыйақылығы.
Несиенің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінің негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді.
Мерзімділік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражаттарының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланылады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды. Несиенің қайтарымдылық қағидасы оның экономикалық категория ретінде, басқа да ақшалай қатынастардың экономикалық категориясын ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан қайтарымдылық - бұл несиенің ажырамас бөлігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz