Мүлік салығы туралы



1 Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеушілер және оны төлеуден босатылатындар
2 Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртіб
3 Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер және оны төлеуден босатылатындар
4 Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
Салық төлеушiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.
4) салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi.
Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
Мыналар мүлiк салығын төлеуден босатылатындар:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) мемлекеттiк мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi Салық кодексiнің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 9. МҮЛІК САЛЫҒЫ

1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеушілер
және оны төлеуден босатылатындар
9.2 Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және
төлеу тәртіб
9.3 Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер және оны төлеуден
босатылатындар
4. Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және төлеу
тәртібі

9.1 Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеушілер
және оны төлеуден босатылатындар

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
Салық төлеушiлер: 
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу
немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды
тұлғалар;  
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу
объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық
салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер. 
4) салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның
құрылымдық бөлiмшелерi.
Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы
тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi. 
Мыналар мүлiк салығын төлеуден босатылатындар:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу
процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу
объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер. 
Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу
процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай
жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен
төлейдi; 
2) мемлекеттiк мекемелер;  
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару
саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; 
4) дiни бiрлестiктер. 
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде
салық төлеушi Салық кодексiнің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте сенiмгерлік басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi
салық салу объектiсi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн
орындауы болып табылады.
Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң
құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ
үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп
танылады.  
Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық
салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм
бойынша салық төлеушi бола алады. 
Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық
төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу
объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық
төлеушi болып табылады. 

9.2 Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және
төлеу тәртібі

Салық салу объектiсi - заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн
негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып
табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар,
тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге
де құрылыстар. 
Салық салу объектiсiне жатпайды:
1) Салық кодексiнің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу
объектiсi ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда
тұрған ғимараттар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол
құрылыстары: бұрылу белдеуi; жолдардың конструкциялық элементтерi; жол
жағдайы мен оны абаттандыру; көпiрлер; өткерме жолдар; виадуктар; жол
тарамдары; тоннельдер; қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауiпсiздiгiн
арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар; су бұрғыш және су өткiзгiш
құрылыстар; жол бойындағы орман алаптары; желiлiк тұрғын үйлер және жол
пайдалану қызметiнiң кешендерi; 
4) аяқталмаған құрылыс объектілері.
Салық базасы
Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу
объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара
кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады. 
Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық
кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының
бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде
алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шартқа сәйкес айқындалған
бағалау мiндеттемелерi (қайта монтаждаудың есептiк құны, активтi жою және
учаскенi қалпына келтiру) салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына
кiрмейдi. 
Салық кодексiнің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаcында аталған заңды
тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе
жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып
айқындалады.
Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы салық
режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің салық салу объектiлерi бойынша
салық базасы болып табылады. 
Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау
қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы
шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы
болып табылады.
Салық ставкалары
- Заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық
құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
- Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң
орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. 
- Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу
объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша
есептейдi: 
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, Салық кодексiнің 134-бабында
айқындалған заңды тұлғалар; 
2) Салық кодексiнің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы
жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; 
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар; 
5) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау
мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша
заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа
қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық
құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
7) ауыз сумен қамту объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар.
Салық кодексiнің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды
қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға
немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы
баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және
төлейдi.
Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдар мүлiк салығын Салық кодексiнің Салық кодексiнің 151-бабы 3-
тармағының 2) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып
есептейдi. 
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық
ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi. 
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну
кооперативтері үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер
салықты Салық кодексiнің 451-бабында белгiленген ерекшеліктерді ескере
отырып есептейді.
Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық
төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi. 
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді
қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша
ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы
бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу
объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы
айқындалады. 
Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша
жүргiзiледi.  
Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негізінде арнаулы салық
режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушi салық
кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан
кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. 
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға
немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 394-бабы 4-
тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен
заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып
табылады.  
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық
төлеушiлер мен Салық кодексiнің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында
аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн
салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын
ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде
төлейдi. 
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік
салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық кезеңінің соңына дейін салық салу
объектілері келіп түскен айдан кейінгі айдан бастап ағымдағы салық кезеңі
айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп
деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің
бастапқы құнының 113-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын
сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғаюға жататын сома осы баптың 5-
тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте
салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы
төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, мүлік
салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан
бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының
санына көбейтілген, салық кезеңінің басына бухгалтерлік есеп деректері
бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектілерінің бастапқы
құнының 113-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға
азайтылады.  Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді
төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.  
Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi
басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп
айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.  
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер
мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі
басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу
объектілері бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және
тәртiппен есептейдi және төлейді.
Салық кезеңi
Мүлiк салығын есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi – күнтізбелік жыл.
Салық кодексiнің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды
тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға
берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн
айқындалады.  
Салық есептілігi 
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді
қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi
бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және
декларацияны табыс етуге мiндеттi. 
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер
салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына
декларацияны табыс етуге мiндеттi.
Салық кодексiнің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды
тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша
салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.  
Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi
салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. 
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-
қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-
інен кешiктiрмей табыс етедi. 
394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар
пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы
төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға
берген айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi. 
Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген
кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1
ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша
тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан
және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi. 
Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей
табыс етiледi.

9.3 Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер және оны төлеуден
босатылатындар

Салық төлеушiлер - салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар. 
Салық төлеуден босатылатын тұлғалар:
- мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери
қызметшiлер; 
- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген
айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының
Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, Халық қаhарманы атағын алған, үш
дәрежелi Даңқ орденiмен және Отан орденiмен наградталған адамдар,
Ардақты ана атағын алған, Алтын алқа алқасымен наградталған көп балалы
аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;  
- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген
айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан
соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы
мүгедектер;
- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген
айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы
жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы
КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-
ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай
жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының
ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Жоғарыда аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу
объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi
және төлейдi;
- кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша
дара кәсiпкерлер.  
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде,
салық төлеушi  Салық кодексiнің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде
болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады. 
Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң
арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық
төлеушi бола алады.

9.4 Салық салу объектілері мен ставкалары. Салықты есептеу және төлеу
тәртібі
Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының
аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де
құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi
қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі
болып табылады.
Салық базасы
Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттік орган белгiлейтiн, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу
объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары
немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған
құрылыс объектісінің бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс
объектісінің шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймақтау коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс
объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қб) елді
мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:

№ Елді мекеннің түрі Базалық құн, теңгемен
1 2 3
Қалалар:
1. Алматы 30000
2. Астана                   30000
3. Ақтау                                 18000
    
4. Ақтөбе                                18000
           
5. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлік салығының қызметі
Қазақстан Республикасындағы мүлік салығы және оның жетілдірудің ерекшеліктері
Мүлік салығын классификациялау
Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері
Заңды тұлғалардың мүлік салығы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Меншік туралы салық
Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі
Пәндер