Сотталған адамдарды бас бостандығынан айыруда тұрмыстық- материалдық және дәрігерлік-санитарлық қамтамасыз ету


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Сотталған адамдарды бас бостандығынан айыруда тұрмыстық- материалдық және дәрігерлік-санитарлық қамтамасыз ету.

2. Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың жазаны өтеу ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланылған әрекеттер

Кіріспе

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны ушін жазасы болмаған және
дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде алты айын өтегені бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Өзінің түзелгенін, дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзімінің үштен
екісін жеңілдетілген жағдайларда кемінде алты айын өтеген сотталғандар
жеңілдікті жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші
сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар-жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарында әдейі жасаған қылмысы үшін
сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшіру
жазаны етеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған кезде алты
айдан ерте жүргізілмейді.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы
жағдайларынан жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларына қайта көшіру қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабының 2, 3 және 6-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жалпы режимдегі басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

Жазасын жалпы режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға;

жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазасын жеңілдетілген жағдайларда етеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады.

1. Сотталған адамдарды бас бостандығынан айыруда тұрмыстық- материалдық және дәрігерлік-санитарлық қамтамасыз ету

Бір сотталушыға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу колонияларында - екі шаршы метрден, түрмелерде - екі жарым шаршы метрден, әйелдерді ұстауға арналған колонияларда - үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында - үш жарым шаршы метрден, мәжбүрлеп түзеуді жүзеге асы-ратын түзеу мекемелерінде үш шаршы метрден кем болмауы керек.

Сотталғандарға жеке жатын орындары мен төсектік керек-жарақтар
беріледі. Олар жынысы және климат жағдайлары ескеріліп, маусымдық
киіммен, іш киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.

Сотталғандарды тамақпен және материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Өзіне қатыссыз себептер бойынша жалақы алмайтын сотталғандар мемлекет есебінен тамақпен, киіммен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Сотталғандарды еңбекке тартушы кәсіпорындардың қаражаты есебінен оларға белгіленген нормадан тыс қосымша тамақгандыру ұйымдастырылуы мүмкін.

Жалақы алатын сотталғандар мен зейнетақы және жәрдемақы алатын
сотталғандар, арнаулы тамақ пен арнаулы киімнің құнын қоспағанда, тамақ-
тың, заттай мүліктің және коммуналдық-тұрмыстық қызметтің құнын өтейді. Жұмыстан қасақана жалтарушы сотталғандардан бұл шығындар олардың жеке шоттарындағы қаражатынан ұсталады. Тамақтың, заттай мүліктің құнын өтеусол айдан болған нақты шығындар шегінде ай сайын жүргізіледі.

Жүкті әйелдерге, бала емізуші аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ аурулар мен I және II топтағы мүгедектерге жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтың көтеріңкі нормасы белгіленеді.

Аурулығы бойынша жұмыстан босатылған сотталғандарға, жүкті әйелдерге және бала емізуші аналарға жұмыстан босатылған кезеңінде тамақ тегін беріледі. Кәмелетке толмаған сотталғандарға, сондай-ақ I және I! топтағы мүгедектерге тамақ пен киім тегін беріледі.

Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға
жұмсауға рұқсат етілетін, қылмыстық-атқару кодексінің 83, 117, 119, 121, 127, 129-баптарында белгіленген ақша сомасынан тыс сотталғандардың жеке шоттарындағы қаражатган түзеу мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілген аяқкиім мен киімді, оның ішінде спорттық киімді қосымша сатып алуына, қосымша емдеу-профилактикалық және өздерінің қалауы бойынша нормативтік құқықгық актілермен белгіленген өзге де қосымша қызметтерге ақы төлеп, медицйналық көрсету бойынша қажетті диеталық тамақ алуына болады.

Балалары бар сотталған әйелдер жазасын етеп жатқан түзеу
мекемелерінде балалар үйлері у. йымдастырылуы мүмкін. Түзеу мекемелерінің
балалар үйлерінде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сотталған әйелдер түзеу мекемелеріндегі бала
лар үйлеріне өздерінің үш жасқа дейінгі балаларын орналастырып, олармен
жұмыстан бос уақытында шек қоюсыз бірге бола алады. Оларға балаларымен
бірге тұруға рұқсат берілуі мүмкін.

Сотталған әйелдердің келісімімен олардың балалары туған-туыстарына
немесе қорғаншы және қамқоршы органдардың шешімі бойынша өзге адамдарға берілуі не балалары үш жасқа толған соң тиісті балалар мекемелеріне жіберілуі мүмкін.

Erep түзеу мекемесінің балалар үйіндегі бала үш жасқа толса, ал анасының жазасын етеу мерзімінің аякталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалса,
емдёу мекемесінің әкімшілігі баланың бапалар үйінде болу уақытын анасының жазасын өтеу мерзімі аяқгалған күнге дейін ұзарта алады.

Сотталған жұкті әйелдер мен бала емізуші сотталған аналардың саны
мен тур-түрі медицинапық қорытындыда айқындалған қосымша азық-түлік посылкалары мен сәлемдемелерін алуына болады. Сотталған жүкті әйелдер, сотгалган әйелдер тууы уақытында және туғаннан кейінгі кезеңде мамандандырылған көмек алуға құқылы.

Еңбекпен айналысушы басбостандығынан айыруға сотталғандар міндетті
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жатады, ал әйелдер жүктілігі мен тууы
бойынша жалпы негіздерде жәрдемақылармен қамтамасыз етіледі.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз етілуге құдығы бар.

Бас бостандығынан айыруға дейін зейнетақы тағайындалған, сондай-ақ
жазасын өтеу кезінде еңбек қабілетін жоғалтқан адамдарды әлеуметтік және
зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүргізіледі.

Сотталғандардың зейнетақылары мен жәрдемақыларынан ұсталынып
қалады. Зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалудың негізі, түрлері
мен тәртібі, сондай-ақ ұсталып қалғанның бәріне қарамастан сотталушының
жеқе шотына есептелетін зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгі
проценті қылмыстық-атқару кодексінің 103-бабымен белгіленеді.

Бас бостандығынан айыруды түзеу мекемелерінде өтеуші сотталғандар
жөнінде ерікті медицинапық сақтандырудың қолданылуы түзеу мекемелерінде
болу мерзімі аяқгалғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға Қазақстан Республикасының заңдары мен тұзеу мекемелерінің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес емдеу-
профилактикапық және санитариялық-профилактикалық кәмек ұйымдастырылады және беріледі.

Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактика мекемелері (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулез ауруханалары; медициналық бәлімдер), ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын сотталған адамдарды үстау және емханзда емдеу үшін мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын емдеу қүқығындағы түзеу мекемелері үйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақррлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлімінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотгалғандардың денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ететін, белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға
қарсы талаптардың орындалуы үшін жауапты болады.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жеке және жалпы гигиена
ережелерін, санитария талаптарын орындауға міндетті.

Сотталғандарға медициналық көмек көрсетудің, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізудің, денсаулық canjay органдарының емдеу-просрилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерін пайдаланудың және осы мақсаттар үшін олардың медицина қызметкерлерін тартуының тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

2. Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың жазаны өтеу ерекшеліктері

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу
мекемесіне келген сотталғандар, сондай-ақ жазасын өтеудің қатаң және
жеңілдетілген жағдайларынан көшірілген сотталғандар жазасын өтейді.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны ушін жазасы болмаған және
дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде алты айын өтегені бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Өзінің түзелгенін, дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзімінің үштен
екісін жеңілдетілген жағдайларда кемінде алты айын өтеген сотталғандар
жеңілдікті жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші
сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар-жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарында әдейі жасаған қылмысы үшін
сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшіру
жазаны етеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған кезде алты
айдан ерте жүргізілмейді.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы
жағдайларынан жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларына қайта көшіру қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабының 2, 3 және 6-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жалпы режимдегі басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

Жазасын жалпы режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға;

жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазасын жеңілдетілген жағдайларда етеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға әздерінің жеке шотгарындағы қаражаттан ай сайын сегіз есептік керсеткіш мөлшерінде жұмсауға;

жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде он екі посылка немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеуші сотталғандарға бостандықтағы
өмірге ойдағыдай бейімделуі мақсатында тузеу колониясы бастығының қаулы
сымен түзеу колониясы шегінен тыс қадағалауда арнаулы жатақханаларда
тұруға рұқсат етіледі. Олар түзеу мекемесі орналасқан ауданнын. шегінде еркін
жүріп-тұра алады, туған-туыстарымен кездесу құқыктары шектелмейді.

Жазасын қатаң жағдайларда өтеуші сотталғандар жабық үй-жайларда
тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде тапқан қаражатын ғана жұмсауға;

жыл ішінде екі қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

ұзақтығы бір жарым сағаттық күн сайынғы сейілдеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

Қатаң режимдегі түзеу колониялары

Қатаң режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы тузеу
мекемесіне келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны етеудің қатаң және
жеңілдетілген жағдайларынан көшірілген сотгалғандар жазасын өтейді.

Сотталғандар жазаны етеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде тоғыз айын өтеу бойынша еңбекке адал қараған жағдайда жеңілдетілген жағдайларға кешірілуі мүмкін.

Әзінің түзелгенін дәлелдеген және тағайындаған жаза мерзімінің үштен
екісі мен кемінде үш айын жеңілдетілген жағдайларда өтеген сотталғандар
жеңілдікті жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші
сотталған адамдар - жазаны етеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар
қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны етеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарында әдейі жасаған қылмыстары үшін
сотталған адамдар да бастапқы кезенде катаң жағдайларда ұсталады.

Ұстаудың қатаң жағдайларын дағдылы жағдайларға көіиіру жазаны
өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалары болмаған кезде тоғыз ай-
дан ерте жүргізілмейді.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе
дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларына көшіру
осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қатаң режимдегі басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар
жазаларын өздеріне көшірілгенге дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

Қатаң режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын
өтеуші сотгалғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға ездерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға;

жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде терт посылка немесе сәлемдеме және терт бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға; .

жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеуші сотталғандарға түзеу колония-
сы бастығының каулысымен тузеу колониясының шегінен тыс жерде қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етіледі. Олар түзеу мекемесі орналасқан ауданның шегінде еркін журіп-түра алады, туған-туысқандарымен кездесу құқығы шектелмейді.

Жазасын қатаң жағдайларда өтеуші сотталғандар жабылатын үй-жайларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімдері мен бірінші кезекте кажетті нәрселерді сатып алуға аи сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде еңбекпен тапқан қаражатын гана жұмсауға;

жыл ішінде екі қысқа мерзімді және бір ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде екі посылка немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;

ұзактығы бір жарым сағат күн сайынғы сейілдеуді пайдалануға рұқсат етіледі.

Айрықша режимдегі түзеу колониялары

Айрықша режимдегі түзеу колонияларындағы дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесіне келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан көшірілген сотталғандар жазасын өтейді.

Жазаны етеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған,
еңбекке адал қараған жағдайда дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде
бір жылын өтеуі бойынша сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі
мүмкін.

Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеуші сотталған
адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуші сотталған адамдар-жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға кешіріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарында әдейі жасаған қылмыстары үшін
сотталған адамдар мен аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар бастапқы
кезеңце қатаң жағдайларда ұсталады.

Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға көшіру жазаны өтеудің белгі-
ленген тәртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған жағдайда бір жылдан ерте
жүргізілмейді.

Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе
дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына қайта көшіру қылмыстық-атқару кодексінің 120-бабының 2 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жалпы режимдегі басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздеріне ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді.

Ерекше режимдегі түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жаза
сын етеуші сотталғандар жатақханаларда тұрады. Оларға:

тамақ өнімд ері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мелшерін-де жұмсауға;

жыл ішінде екі қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға рұқсат етіледі.

Ұстаудың жеңілдетілген жағдайларында жазасын өтеуші сотталғандар
жатақханаларда тұрады. Өларға:

тамақ енімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға ездерінің жеке шоттарындағы қаражаттан аи сайын бес айлықесептік керсеткіш мелшерінде жұмсауға;

жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ уақыт кездесуге;

жыл ішінде терт посылка немесе сәлемдеме жөне терт бандероль алуға рұқсат етіледі.

Ұстаудың қатаң жағдайларында жазасын етеуші сотталғандар камера-
лык, үлгідегі үй-жайларда тұрады. Оларға:

тамақ енімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға бас ботандығынан айыруды етеу кезеңінде тапқан қаражатын ай сайын жұмсауға; жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге;

жыл ішінде бір посылка немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға; ұзақтығы бір жарым сағаттық күн сайын сейілдеуге рұқсат етіледі.

Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі түзеу колониялары

Ерекше режимдегі түзеу колонияларында өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ кешірім жасау тәртібімен өлім жазасы әмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын басқа сотталғандардан бөлек өтейді.

Өмір бойьі бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларға екі адамнан артық орналастырылмайды. Сотталғандардың өтінішімен және
өзге де қажетті жағдайларда түзеу колониясы бастығының қаулысы бойынша
сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігіне қатер тәнген жағдайда олар
жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкін. Аталған сотталғандардың еңбегі сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескеріле отырып
ұйымдастырылады.

Сотталғандардың ұзақгығы бір жарым сағаттық күн сайынғы сейілдеуге
құқығы бар. Сотталушының мінез-құлқы үлгілі және мүмкіндік болған жағдайда сейілдеу уақыты, екі сағатқа дейін арттырылуы мүмкін.

Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудің
қатаң жағдайларында орналастырылады. Жазаны өтеудің қатаң жағдайлары-
нан жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына көшіру жазаны өтеудің қатаң жағ-
дайларында кемінде он жылын етеуі бойынша қылмыстық-атқару кодексінің 120-бабының 5-тармағында аталған негіздер бойынша жүргізіледі.

Сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында кемінде 10 жылын өтеуі бойынша қылмыстық-атқару кодексінің 120-бабының2-тармағында аталған негіздер бойынша жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған,
жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеуші сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына көшіріледі. Жазаны өтеудің дағдылы не жеңілдетілген жағдайларына қайта көшіру осы баптың 3 және 4-тармақгарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Сотталғандардың дағдылы, жеңілдетілген және қатаң жағдайларда жазаны өтеудің тамақ енімдері мен бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердің саны мен түріне, посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың санына қатысты бөлігіндегі тәртібі қылмыстық-атқару кодексінің 121-бабымен белгіленеді.

Колония-қоныстар

Абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталғандарға арналған колония-
қоныстарда бас бостандығынан айыруға жеті жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар жазасын өтейді; жақсы мінездемелі сотталғандарға арналған колония-қоныстарда қылмыстық-атқару кодексінің 73-бабында кезделген тәртіппен жалпы және қатаң режимдердегі колониялардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.

Колония-қоныстардың екі түрінде де дәл сол жағдайларда бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтейді.

Сотталған еркектер мен сотталған әйелдер бір колония-қоныста ұсталуы мүмкін. Қатысып қылмыс жасап сотталғандар бас бостандығынан айыруды, әдетте, бөлек өтейді.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар колония-қоныстарда: күзетсіз, бірақ колония-қоныс әкімшілігінің қадағалауында болады; мекеменің ішкі еңбек тәртібі ережелерімен ұйқыға бөлінген уақыттан басқа кезде колония-қоныс шегінде еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланады; колония-қоныс әкімшілігінің рұқсатымен колония-қоныстан тыс жерге қадағапаусьіз, бірақ олардың орын-дайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, таісті әкімшілік-аумақгық құрылым аумағының шегінде қадағалаусыз журіп-тұра алады; азаматтық киім киіп журе апады; өзінде ақша мен бағалы заттар ұстай апады; ақшаны шек қоюсыз пайдаланады; посылкалар, сәлемдемелер мен банде-рольдар алады; санына шек қойыдаай кездесе алады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Қылмыстық-атқару жүйесі
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Әкімшілік алдын алу шаралары: жалпы, арнайы және процессуалдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz