Жұмыссыздықты жою жолдары


Оңтүстік Қазақстан Облысында жұмыссыздықты
жою жолдары
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі болып отыр. Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері, қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасын зор жұмыстар атқарылды.
Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі, жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасынадағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.
Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасалуда, үлкен көлемдегі шет ел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.
Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеде біртіндеп ену жолында.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерде тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциялын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу зор проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
-1-
Қазақстан Республикасының Ата заңының бірінші бабында атап
көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы», - деп аталатын кезекті жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айқындайды.
Енді өзіміздің облысымызға келсек, жалпы облысымызда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және секторальдық бағдарламалар әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі және болашақ бағытында тікелей және жанама түрде халықтың әл - ауқатын жақсартуға дәлірек айтқанда кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған. Оны іске асыру үшін нақты жағдайлар туғызу қажет. Бұл бағытта Елбасының, облыс басшыларының және барлық деңгейдегі депутаттарымыздың қолдауының арқасында халықпен тығыз жұмыс жасып отырған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі аудандық, қалалық өкілетті оргындардың техникалық - материалдық базалары күшейтіліп, авто - көліктер, компьютер құралдары тағы басқа техникалық жабдықтар сатып алынуда. Әрбір ауылдық округке арнайы атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі мәселелермен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер штаттары ашылды. Бұл жағдай жергілікті жерде халықпен жұмыс жасауды күшейтіп, әлеуметтік көмекті қажет ететін осал топтарды анықтауға септігін тигізді.
Кедейшілікті жоюдың бірден - бір көзі - халықты жұмыспен қамту. Өткен жылғы болжамдалған көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр. Жалпы Республика бойынша 8, 7%, облысымызда 8-9 % деңгейін көрсетуде. Ал, экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық деңгейінің 6% аспауы қажет. Жалпы жұмыссыздық дегеніміз - еңбек биржасына жұмыссыз деп тіркелгендерді ғана айтамыз. Яғни, жоғарыдағы мәліметтердің болжамдалынып алуына осы жағдай себеп болуда.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында үстіміздегі жылдың басында облыс бойынша 337 кәсіпорын мен мекемелер арасында арнайы шарт жасалған. Осыған байланысты «Жол каратсы» бойынша 3163 адам жекелеген санаттағы азаматтарға арнап ашлыған әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.
-2-
Өткен жылы аудан, қала әкімдерінің ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі қаулысымен облыс бойынша 10195 адам жұмысқа орналасқан.
Жұмыс орны көптеп ашылып, бұрын бос жүргендердің еңбекке қамтылып жатқаны, әрине, жақсы. Ал енді олардың еңбекақысы қандай мөлшерде деген мәселеге келер болсақ, 2009 жылы облыс бойынша орташа жалақы 48551 теңгеден 2010 жылы 57542 теңгеге дейін немесе 18, 5 % - ға өскен. Бұл орайда шаруашылық субъектілеріндегі орташа жалақының өсімі жоғарылау, яғни, 106, 7 пайыздан 214, 1 пайызға дейін көтерілген. Бұған еңбек құқы мен кепілдігін сақтау туралы түзілген меморандумдар мен ұжымдық шарттар оң әсерін тигізуде. Мысалы, Сайрам ауданында 290 кәсіпорынмен меморундум түзілген. Нәтижесінде былтыр мұнда орташа жалақы 54008 теңгеге жетіп, арғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1, 4 есеге өскен. Бірақ жағдай барлық жерде бірдей емес. Халқының саны жағынан ірі аймақ саналатын Мақтаарал ауданында меморандумға тартылған кәсіпорындар саны 35, Қазығұрт ауданында небәрі 13 - ақ болған.
Облыс халқы 2010 жылдың соңына 2563, 1 мың адамға жетіп 2009 жылмен салыстырғанда 2, 1 % - ға өсті. Экономикалық белсенді халық 1159, 9 мың адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 1091, 1 мың адамға жетіп 4, 2 % - ға өссе, жұмыссыздардың саны 68, 5 мың адамға дейін төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 6, 6 % -дан, 5, 9 % - ға түсті.
Жұмыспен қамтылғандардың 577, 9 мың адамы экономикалық қызмет түрлеріне байланысты жалданып жұмыс істейтіндер, 514, 0 мың адам өздігінен жұмыспен қамтылған.
Жалданып жұмыс істеушілердің 19, 3 мың адамы ауыл шаруашылығы 53, 3 мың адамы өнеркәсіп, 28, 5 мың адам құрылыс, 21, 7 мың адамы сауда, 0, 5 мың адамы адамы қонақүйлер мен мейрамханалар, 18, 5 мың адамы көлік және байланыс, 436, 3 мың адамы басқа салаларда қызмет етуде.
Облыс бойынша жұмыс пен қамту органдарына 64186 адам жұмыс іздеп келді, олардың ішінде жұмыс пен қамту оргондары ықпалымен 61048 адам жұмыспен қамтылды, жұмыс іздеушілердің ішіндегі тұрақты жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 95, 1%. Өткен жылы 30288 адам жұмыс пен қамтылып, жұмыс іздеушілердің ішіндегі үлесі 83, 7 болған.
Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды жақсартуға арналған бос жұмыс оындары жәрмеңкелерін өткізу үшін барлық аудандар мен қалаларда арнайы кестелер жасалып бекітілді. Кестеге сәйкес облыс бойынша 47 жәрмеңке өткізілді. 1473 жұмыс берушіден 7407орын ұсынылып, 15740 жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздардың ішінен 4686 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. 372 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды, 33 адам кәсіби даярлауға, қайта даярлауға жіберілді. 9160 адам заңнамалар бойынша кеңес алды.
Тіркелген жұмыссыздар қатарынан ақылы қоғамдық жұмыстарға 10195 адам тартылып, әлеуметтік - маңызды жұмыстарға қатысты.
-3-
Осы жұмыстарға жергілікті бюджеттерден 214, 9 млн . теңге қаржы жұмсалды. Өткен жылы бұл жұмыстарға 9771 адам тартылды.
Еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес тіркелген жұмыссыздар қатарынан 1310 адам кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыру үшін кәсіби оқуға жіберілді, осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 61, 6 млн теңге жұмсалды.
Облыс бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарына 7069 адам жұмыссыздар қатарынан тұр. Жұмыс күшіне сұраныс 1163 бірлік немесе әрбір бос жұмыс орнына 6 тіркелген жұмыссыздан келуде.
Облыс бойынша 441 инвестициялық жобалар бойынша 20133 жұмыс орындары ашылды, оның 16594 орынға жұмыспен қамту уәкілетті оргондары арқылы жұмыссыздар орналасты.
Нысаналы топтағы азаматтарға арналып ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына 3113 жұммыссыздар орналасты, оған республикалық бюджет қаржысынан 306, 1 млн, теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Жоғары және орта арнаулы, кәсіптік оқу орындарын бітірушілерге арналған «Жастар практикасына » 6110 жұмыссыз жастар жіберілді, оларға республикалық бюджет қаржысынан 749, 8 млн, теңге игерілді. Олар өздерінің мамандығына сәйкес еңбек дағдысынан өтіп, алдағы уақытта жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар Жол картасы шеңберінде тіркелген жұмыссыздар қатарынан 100 жұмыссыз кәсіби даярлауға, қайта даярлауға инвестициялық жобаларға сәйкес мамандықтарға жіберілді, олар толығымен оқуын аяқтап, толығымен жүмыспен қамтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz